7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер:
ақпараттарды өңдеудiң мерзiмiн қысқарту және оны жеткiзіп берудің
жеделдігін арттыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 1 ақпандағы
№ 150 қаулысына
6 қосымша
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі
Бюджеттік бағдарлама әкiмшiсі
2002 жылға арналған "Жоғары оқу орындарында кадрларды республикалық
деңгейде даярлау" 009 республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 110191 мың теңге (жүз он миллион жүз тоқсан бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" № 273 Заңы, Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 7 маусымдағы "Білім туралы" № 389 Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 25 наурыздағы "Мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бірыңғай жүйесi туралы" № 575 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" № 1715 қаулысы, Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 15 ақпандағы "Көкшетау техникалық институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорынын қайта құру туралы" № 243 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1997 жылғы 6 ақпандағы "Қазақстан Республикасында еңбекақы төлеудi ұйымдастыруды жетiлдiру туралы" № 170 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаржысы.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жоғары кәсiптiк білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес 17.01 "Өрт қауiпсiздiгi" мамандығы бойынша біліктi кадрлар даярлау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: 17.01 "Өрт қауiпсiздiгi" мамандығы бойынша инженерлер даярлау.
6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асырудың iс-шаралар жоспары:
N | Бағ- дар- лама ның коды | Кіші бағ- дар- лама ның коды | Бағдарлама- лардың (кіші бағдарлама- лардың) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) жүзеге асыру жөніндегi iс-шаралар | Жүзеге асыру мерзiмi | Жауапты орындаушы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 009 | 030 | Жоғары оқу орындарында кадрлар даярлау Көкшетау техникалық институты | | Жыл бойы | |
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер:
тыңдаушылардың орташа жылдық санын оқыту - 499, "Өрт қауiпсiздiгi"
мамандығы бойынша жоғары білімдi мамандар даярлау - 75.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 1 ақпандағы
№ 150 қаулысына
7 қосымша
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі
Бюджеттік бағдарлама әкiмшiсі
2002 жылға арналған "Кадрлардың біліктiлiгiн арттыру және қайта
даярлау" 010 республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 7549 мың теңге (жетi миллион бес жүз қырық тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" № 273 Заңы, Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегi "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" № 19-1 Заңының 11-бабы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегi "Мемлекеттік сатып алулар туралы" № 163 Заңы, Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңын iске асыру туралы" № 1715 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 6 ақпандағы "Қазақстан Республикасында еңбекке ақы төлеудi ұйымдастыруды жетiлдiру туралы" № 170 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 27 сәуірдегі "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiне бағынысты жекелеген ұйымдар туралы" № 482 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 6 қазандағы "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнің органдары мен ведомстволық ұйымдарының және жергiлiктi атқарушы органдарының штат санын бекіту туралы" № 1006 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаржысы.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласында мамандар мен қызметкерлердің кәсiби деңгейiн көтеру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: елiмiздің төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою, азаматтық қорғаныс салаларындағы қызметтi жүзеге асыратын орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының, басқа ұйымдар басшы құрамының, сондай-ақ мамандарының біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлау, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгінің аумақтық органдарына, республиканың басқа да ұйымдарына әдiстемелiк көмек көрсету.
6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асырудың iс-шаралар жоспары:
N | Бағ- дар- лама ның коды | Кіші бағ- дар- лама ның коды | Бағдарлама- лардың (кіші бағдарлама- лардың) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) жүзеге асыру жөніндегi iс-шаралар | Жүзеге асыру мерзiмi | Жауапты орындаушы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 010 | 006 | Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта дайындау "Мемлекеттік мекемелер кадрларының білiктілiк. терiн арттыру және қайта даярлау" | Аталған оқу бағдарламасы бойынша 2002 жылы 47 са- нат бойынша 1450 тыңдау- шыны оқыту жөнiнде қызмет (жұмыс) көрсетіледi, оқы- ту бағдарламасы төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс жөнiнде 62 тақырыпты қарастырады, оқыту курсы бір аптада 42 оқу сағатын құрайды. | 2002 жылы | |
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер: төтенше
жағдайлар мен азаматтық қорғаныс саласында 1450 тыңдаушының білімi мен
дағдысының деңгейiн көтеру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 1 ақпандағы
№ 150 қаулысына
8 қосымша
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі
Бюджеттік бағдарлама әкiмшiсі
2002 жылға арналған "Арнайы мақсаттағы объектiлердi салу" 033
республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 43000 мың теңге (қырық үш миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы "Азаматтық қорғаныс туралы"
Заңының 29-бабы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" № 273 Заңы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi "Мемлекеттік сатып алулар туралы" № 163 Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңын iске асыру туралы" № 1715 қаулысы, Қазақстан Республикасы ?кіметінің 1999 жылғы 6 желтоқсандағы "Жобалық-сметалық құжаттамаларға қаржы бөлу туралы" № 6864-113 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаржысы.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: "Метеостанса-3" объектiсiн пайдалануға беру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: "Метеостанса-3" объектiсiн пайдалануға беру үшiн құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзу.
6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асырудың iс-шаралар жоспары:
N | Бағ. дар. лама ның коды | Кіші бағ. дар. лама ның коды | Бағдарлама. лардың (кіші бағдарлама. лардың) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) жүзеге асыру жөніндегi iс-шаралар | Жүзеге асыру мерзiмi | Жауапты орындаушы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 033 | 000 | Арнайы мақсаттағы объектiлердi салу | "Метеостансаның" тереңде орналасқан № 2 үйiн және 2002 объектiсiн, 4 қабатты ғимараттың қосымша корпусын реконструкциялау, телекоммуникация, байланыс және хабарлау жүйелерi мен жұмыс жайларын жарақтандыру, тiршiлiк қамтамасыз ету жүйелерiн монтаждау, жерүсті құрылғыларын: қазандық трансформаторлық кіші стансаларды, тұраққа және арнайы техникалар мен тасымалдау құралдарын сақтауға арналған гараждарды, кiрме жолдарды, ЖЖМ құю пункттерiн, сумен жеке жабдықтау скважиналарын, сыртқы қоршауларды және күзет сигналдары жүйесiн реконструкциялау, ағымдағы құрылыс жұмыстарын жүргiзу, "Метеостанса-3" объектiсiнің құрылысына техникалық қадағалауды жүзеге асыру жұмыстарына ақы төлеу | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі |
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер:
"Метеостанса-3" объектiсiн пайдалануға беру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 1 ақпандағы
№ 150 қаулысына
9 қосымша
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі
Бюджеттік бағдарлама әкiмшiсі
2002 жылға арналған "Тiкұшақтарды пайдалану" 034 республикалық
бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 72273,0 мың теңге (жетпiс екi миллион екi жүз жетпiс үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" № 273 Заңы, Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы "Өрт қауiпсiздiгi туралы" № 48-1 Заңының 6-бабы, Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шiлдедегi "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" № 19-1 Заңының 27-бабы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегi "Мемлекеттік сатып алулар туралы" № 163 Заңы, Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңын iске асыру туралы" № 1715 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 25 маусымдағы "Қорғаныс министрлігінің мүлкiн беру туралы жекелеген мәселелер" № 863 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2000 жылғы 13 қаңтардағы "Қорғаныс министрлігінiң мүлкiн беру туралы жекелеген мәселелер" № 45 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда халыққа жедел көмек көрсету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде дер уақытында жедел қимылдау үшiн тiкұшақтарды тиiмдi, ұтымды пайдалану.
6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асырудың iс-шаралар жоспары:
N | Бағ- дар- лама ның коды | Кіші бағ- дар- лама ның коды | Бағдарлама- лардың (кіші бағдарлама- лардың) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) жүзеге асыру жөніндегi iс-шаралар | Жүзеге асыру мерзiмi | Жауапты орындаушы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 034 | | Тiкұшақтарды пайдалану | Ағымдағы жөндеу және 6 тiкұшаққа арнап қосалқы бөлшектер жинағын және МИ-8Т N4492/44 МИ-8ТВ N9775323/11 МИ-8ТВ N976130/54 МИ-8ТВ N9775303 МИ-8ТВ N9765131 МИ-8ТВ N9775319 ЖЖМ сатып алу | 2002 жыл | ҚР ТЖА |
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтілетін нәтижелер: төтенше
жағдайлар кезінде зардап шеккендердiң санын азайту.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 1 ақпандағы
№ 150 қаулысына
10 қосымша
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі
Бюджеттік бағдарлама әкiмшiсі
2002 жылға арналған "Селден қорғау объектілерін дамыту" 035
республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 600000 мың теңге (алты жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" № 273 Заңы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегi "Мемлекеттік сатып алулар туралы" № 163 Заңы, Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңын iске асыру туралы" № 1715 қаулысы, Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шiлдедегi "Табиғи және техногендiк төтенше жағдайлар туралы" № 19-1 Заңының 18-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: Республикалық бюджеттің қаржысы.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Талғар қаласы мен Талғар және Еңбекшiқазақ аудандарының ауыл шаруашылығы, көлiк, су жолдары объектілерін селден қорғау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: халықты селден қорғау үшiн Талғар өзенiнде селдi ұстайтын бөгет объектiсiнiң, Талғар қаласындағы өнеркәсiп объектiлерінің, Талғар және Еңбекшiқазақ аудандарының ауыл шаруашылығы, көлiк, су жолдары объектілерінiң күрделi құрылысы және табиғат көрiнiстерiн сақтау.
6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асырудың iс-шаралар жоспары:
N | Бағ- дар- лама ның коды | Кіші бағ- дар- лама ның коды | Бағдарлама- лардың (кіші бағдарлама- лардың) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) жүзеге асыру жөніндегi iс-шаралар | Жүзеге асыру мерзiмi | Жауапты орындаушы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 035 | 000 | Селден қорғау объектілерiн дамыту | Құрылыс-монтаждау жұмыстарына: бөгеттiң аумағы 200 мың текше метрлiк жер қабатын аршуға, аумағы 30 мың текше метр монолитті темiрбетон төсеуге ақы төлеу | 2002 жыл | "Қазселден. қорғау" мемлекеттік мекемесi |
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер: 2002
жылы селден қорғаудың күрделi құрылысы жөніндегі жұмыстың орындалуы
жобаның сметалық құнының 16,7%-ын құрайды. 2002 жылдың 1 қаңтарына
44,7%-дың жұмыстары орындалды, орындалған жұмыстардың жалпы көлемi жобаның
сметалық құнның 61,4%-ын құрайды.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 1 ақпандағы
№ 150 қаулысына
11 қосымша
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі
Бюджеттік бағдарлама әкiмшiсі
2002 жылға арналған "Лицензиялаушылар мiндеттерінің орындалуы" 079
республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3000 мың теңге (үш миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі "Лицензиялау туралы" № 2200
Заңының 9-бабы 1-тармағының 16 және 49-тармақшалары, № 15, 17, 19, 22, 25-баптары, Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегi "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" № 19-1 Заңының 11-бабы, Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы "Өрт қауiпсiздiгi туралы" № 48-1 Заңының 6-бабы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" № 273 Заңы, Қазақстан Республикасы ?кіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасы Президентiнің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын iске асыру туралы" № 1894 қаулысы 1-қосымшасының 32-тармақшасы, Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2001 жылғы 12 маусымдағы "Авариялық-құтқару қызметтерiн, құрамалары мен құтқарушыларын аттестаттаудың кейбір мәселелерi" № 808
қаулысы, Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы "2002 жылға арналған мемлекеттік бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" № 1715 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаржысы.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: адамдардың, материалдық құндылықтардың, ұлттық байлықтың және қоршаған ортаның өрт қауiпсiздiгiн, өте қауiптi өндiрiстерге авариялық-құтқарушылық қызмет көрсетудiң тиiстi деңгейiн қамтамасыз ету үшiн лицензиялар беру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: лицензиаттардың қызметiн бақылау жөніндегі лицензиарлардың мiндеттерiн жүзеге асыру, лицензиялық қызметтiң тапсырыс берiлген түрi бойынша лицензия алуға талаптанушылардың кәсіптiк даярлығына баға беру, шығарылатын және сатылатын өрт-техникалық өнiмдердiң сапасына бақылауды жүзеге асыру, өрт сигналдары мен өртке қарсы автоматтық жүйелердің жобалық жұмыстарын орындау кезiнде құрылыс нормалары мен ережелерi өрттен қорғау талаптарының сақталуын және орындалуын бақылау, лицензиаттардың авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу дайындығының деңгейiне баға беру, тиiстi техникалардың, мүлiктердiң және жарақтардың лицензиатта болуын және оның жағдайын тексеру, лицензиат-құтқарушыларының кәсіптік дағдысы, медициналық дайындығы, дене, психологиялық және адамгершiлiк дайындықтарының сәйкестiгiне баға беру.
6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асырудың iс-шаралар жоспары:
N | Бағ- дар- лама ның коды | Кіші бағ- дар- лама ның коды | Бағдарлама- лардың (кіші бағдарлама- лардың) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) жүзеге асыру жөніндегi iс-шаралар | Жүзеге асыру мерзiмi | Жауапты орындаушы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 079 | 000 | Лицензиялау- шылар мiндет- терінің орындалуы | Лицензиялық қызметтiң тапсырыс берiлген түрi бойынша лицензия алуға талаптанушылардың кәсіптiк даярлығына баға беру, лицензиат- тардың өндiрiстік және нормативтік базасына баға беру, қызметтің лицензияланатын түрле- рiн орындау кезiнде азаматтардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiз- дігін қамтамасыз ету жағдайларына өндiрiс- тердiң сәйкестiгiн тексеру, 300 лицензия, 300 лицензияны ресiмдеу, сондай-ақ лицензия беру бланкілерiне тапсырыс беру, лицензиялау мiндеттерiн орындау үшiн ел iшіндегі iссапарларға шығу - 45 рет 3 адамнан 670 адам/күн, лицензиат- тардың және лицензия беретiн мемлекеттік өрт қадағалау қызметтерi аумақтық органдарының қызметтерiне бақылауды жүзеге асыру, шығарылатын және сатылатын өрт- техникалық өнiмдердiң сапасына бақылауды жүзеге асыру, өрт сигналдары мен өртке қарсы автоматтық жүйелердi жобалау кезiнде құрылыс нормалары мен ережелерi өрттен қорғау талаптарының сақталуын және орындалуын бақылау, шығарылатын және сатылатын өрт-техникалық өнiмдердiң техникалық шарттарын қарау және келiсу, өрт орнын анықтау, сөндiру жүйелерi- рiнiң, өрт техникалары мен жабдықтардың жұмысты орындау қабілет- тілігiн талдау, лицензиат- тардың оқу-жаттығу, өндi- рiстiк және нормативтiк базасының жағдайына баға беру, қызметтің лицензия- ланатын түрлерiн орындау кезiнде азаматтардың өмiрi мен денсаулығының қауіпсiздігін қамтамасыз ету шарттарына әскери кезекшілiктің сәйкес ұйымдастырылуына тексеру жүргiзу, өте қауіпті өндiрiстерге авариялық- құтқарушылық қызмет көрсетудiң тиiстi деңгейiн қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құжат- тарының талаптарына сәйкес өрт техникаларын, өрттен қорғану жабдықтары мен құралдарын пайдалану және қолдану мүмкiндiгі туралы мәселелердi қарау. | Жыл бойы | |
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер:
адамдардың және материалдық құндылықтардың өрт қауіпсiздiгiн қамтамасыз
ету, өрттен қорғану үшiн өрттен келетiн материалдық шығындарды азайту
және адам өмiрiн сақтауға мүмкiндiк беретiн Қазақстан Республикасы
стандарттары талаптарына жауап беретiн аспаптар мен жабдықтарды
пайдалану, қауіптілігі жоғары өндірiстердің көпшілігіне қызмет
көрсетудің, авариялық-құтқару бөлімшелерін техникалық жарақтандырудың