Қазақстан Республикасының Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
"Жұмыспен қамту, әлеуметтiк сақтандыру
және еңбек мәселелерi бойынша зерттеулер және
нормативтiк құжаттарды әзiрлеу"
036 республикалық бюджеттік бағдарламаның
2002 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 11418 мың теңге (он бiр миллион төрт жүз он сегiз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Еңбек туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 493-I Заңы, 70-бап, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңы, 12-бап, "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы № 692-XII Заңы, 35-бап, "Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау Тұжырымдамасын мақұлдау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 27 маусымдағы № 886 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мiндетi: халықты әлеуметтiк қорғау, жұмыспен қамту және еңбекке ақы төлеу жүйесiн жетiлдiру үшiн нормативтiк-құқықтық базамен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жұмыспен қамту, әлеуметтiк саясат, меминспекция және еңбектi қорғау бойынша зерттеулер жүргiзу және нормативтiк құжаттар әзiрлеу және Жұмыстар мен кәсiптердiң бiрыңғай тарифтiк-біліктiлiк анықтамалығын және Қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын сатып алу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
Р / с N | Бағдар- ламаның коды | Кіші бағ- дар- лама- ның коды | Бағдарламалардың (кіші бағдарлама- лардың) атауы | Бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру жөніндегі іс-шара | Іске асыру мерзі- мі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 036 | 00 | Жұмыспен қамту, әлеуметтік сақ- тандыру және ең- бек мәселелері бойынша зерт- теулер және нормативтік құ- жаттарды әзірлеу | Жұмыспен қамту, әлеу- меттік саясат, мемин- спекция және еңбекті қорғау бойынша зерт- теулер жүргізу және нормативтік құжаттар әзірлеу- Жүргізілетін зерттеу- лер мен әзірленетін құжаттар саны 10 шартты бірлік. 52 санындағы Жұмыстар мен кәсіптердің бірың- ғай тарифтік-білікті- лік анықтамалығын (БТБА) және Қызметші- лер лауазымдарының біліктілік анықтама- лығын (БА) сатып алу- Конкурс ұйымдастырумен байланысты іс-шаралар | 2002 жыл | Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: халықты
әлеуметтік қорғау, еңбекке ақы төлеу, еңбекті қорғау, халықты жұмыспен
қамту саласындағы нормативтік-құқықтық актілермен қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 26 қаңтардағы
№ 118 қаулысына
10-қосымша
ҚР Үкіметінің 20.08.02 ж. № 118a қаулысымен 10-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
"Еңбекке ақы төлеу жүйесi мен халықты әлеуметтiк қорғауды
жетiлдiру үшiн мемлекеттік мекемелердiң қызметкерлерiн
консультациялық қызметтермен қамтамасыз ету"
058 республикалық бюджеттік бағдарламаның
2002 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 16 720 мың теңге (он алты миллион жетi жүз жиырма мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Еңбек туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 493-I Заңы, "Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау тұжырымдамасын мақұлдау туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 27 маусымдағы № 886 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру мақсатындағы басқару шешiмдерiн қабылдау үшiн қажеттi ақпарат алу.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: еңбекке ақы төлеу жүйесi мен халықты әлеуметтiк қорғауды жетiлдiру мәселелерi бойынша консультациялық көмек алу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
Р / с N | Бағдар- ламаның коды | Кіші бағ- дар- лама- ның коды | Бағдарламалардың (кіші бағдарлама- лардың) атауы | Бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру жөніндегі іс-шара | Іске асыру мерзі- мі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 058 | 00 | Еңбекке ақы төлеу жүйесі мен халық- ты әлеуметтік қорғауды жетілді- ру үшін Мемле- кеттік мекеме- лердің қызмет- керлерін консул- тациялық қызмет- термен қамтамасыз ету | 1. Медициналық әлеу- меттік сараптама жүргізудің әдістеме- сі мен процедурала- рын жетілдіру- 2. Әлеуметтiк сақ- тандыру, еңбек мiн- деттерiн атқару кезiнде қызметкер- дiң өмiрi мен денсау- лығына келтiрiлген зиян үшiн жұмыс беру- шiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру үшiн актуарлық және болжамды есептер жүр- гiзу үшiн әдiстемелiк база даярлау- 3. "Азаматтық қызмет туралы" Қазақстан Рес- публикасы Заңының жобасын әзiрлеу шең- берiнде еңбекке ақы төлеу жүйесiн жетiлдiру Жоғарыда келтiрiлген iс-шараларды іске асыру үшiн келісімдi негiзде 2 шетелдiк және 4 жергi лiктi кеңесшiлердi тарту. Конкурс ұйымдастырумен байланысты іс-шаралар | 2002 жыл | |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
- Еңбек ету қабiлетiнен айрылу деңгейi мен мүгедектiк тобын белгiлеудiң әдiстемесi мен процедураларын әзiрлеу және жетілдiру;
- Әлеуметтiк сақтандыру, еңбек мiндеттерiн атқару кезiнде қызметкердiң өмiрi мен Денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жүйелерiн енгізу және зейнетақы жүйесiнiң параметрлерiн жетiлдiру кезiнде одан әрi пайдалану үшiн актуарлық және болжамды есептеулер жүргiзудiң әдiстемелiк негiздерiн әзiрлеу;
- "Азаматтық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасының еңбекке ақы төлеудi жетiлдiру бөлiгiнде әдiстемелiк негiздер әзiрлеу.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 26 қаңтардағы
№ 118 қаулысына
11-қосымша
ҚР Үкіметінің 20.08.02 ж. № 118a; 22.11.02 ж. № 1242 қаулыларымен 11-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
"Кадрлардың біліктiлiгiн арттыру және қайта даярлау"
010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
2002 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 16 393 мың теңге (он алты миллион үш жүз тоқсан үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегі № 453-1 Заңының 3, 6, 8, 9-баптары "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 21 желтоқсандағы № 1668 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік қызметшiлердiң еңбек, жұмыспен қамту, зейнетақымен қамсыздандыру, еңбектi қорғау мәселелерi жөніндегі және медициналық-әлеуметтiк сараптама саласындағы біліктiлiгiнiң кәсіптік деңгейiн арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: халықты әлеуметтiк қорғау саласы қызметкерлерінің еңбек, жұмыспен қамту, зейнетақымен қамсыздандыру, еңбектi қорғау, еңбек заңдарындағы жаңа өзгерістер, кедейлiкпен күрес жөніндегі мәселелер бойынша біліктiлiгiн арттыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
Р / с N | Бағдар- ламаның коды | Кіші бағ- дар- лама- ның коды | Бағдарламалардың (кіші бағдарлама- лардың) атауы | Бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру жөніндегі іс-шара | Іске асыру мерзі- мі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 010 | 005 030 | "Кадрлардың бі- ліктілігін артты- ру және қайта даярлау" "Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру" "Қазақстан Республикасы Еңбек және ха- лықты әлеумет- тік қорғау ми- нистрлігі мамандарын оқыту" | Аудандық, қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеу- меттік қорғау бөлім- дерінің, облыстық басқармаларының 480 қызметкерінің білік- тілігін арттыру Келісім негізінде жеке бағдарламалар бойынша 90 адамның біліктілігін арттыру Конкурс ұйымдастырумен байланысты іс-шаралар | 2002 жыл | |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Қазақстан
Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің,
министрліктің аумақтық органдары мамандарының кәсіптік деңгейін арттыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 26 қаңтардағы
№ 118 қаулысына
12-қосымша
Қазақстан Республикасының Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
"Лицензиарлар қызметiн атқару"
079 республикалық бюджеттік бағдарламаның
2002 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1000 мың теңге (бiр миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасында халықты зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136-I Заңы, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысы, "Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөніндегі лицензиялық қызметi туралы Ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 30 қыркүйектегi № 1396 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: iшкi еңбек рыногын қорғауды жүзеге асыру, жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметi саласында лицензиарлық қызметтi атқару.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөніндегі қызметке мемлекеттік бас лицензияның бланкiлерiн, жұмыс күшiн тартуға берiлетiн рұқсаттары мен бланкi өнiмдерiн дайындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
Р / с N | Бағдар- ламаның коды | Кіші бағ- дар- лама- ның коды | Бағдарламалардың (кіші бағдарлама- лардың) атауы | Бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру жөніндегі іс-шара | Іске асыру мерзі- мі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 079 | | Лицензиар қызметін атқару | 4000 дана лицензия бланкілерін дайын- дау. Шетелдік жұмыс кү- шін тартумен және жұмыс күшін Қазақ- стан Республикасының шетелге әкетумен байланысты қызметті инспекциялық зерттеу және қадағалау үшін 126 адам/күн есебінен іссапар шығындары- | жыл ішін- де | |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: қолда бар
жұмыс орындарын сақтаушы және жаңа жұмыс орындарын құрушы жұмыс
берушілерді ынталандыру. Шетелдік жұмыс үшін әкелуді квоталау арқылы ішкі
еңбек рыногын қорғау. Жинақтаушы зейнетақы қорларының, олардың филиалдары
мен өкілдіктерінің басшы қызметкерлерінің біліктілік талаптарына
лайықтылығын анықтау арқылы жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін
бақылау.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 26 қаңтардағы
№ 118 қаулысына
13-қосымша
Қазақстан Республикасының Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
"Аумақтық органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру"
200 республикалық бюджеттік бағдарламаның
2002 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 12780 мың теңге (он екi миллион жетi жүз сексен мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 7 мамырдағы № 194-II Заңымен ратификацияланған "Өнеркәсiптегi және саудадағы еңбек инспекциясы туралы" Халықаралық еңбек ұйымының 1947 жылғы № 81 Конвенциясының 11-бабы, "Еңбек туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 493-I Заңының, 102, 103, 104-баптары, "Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң аумақтық органдарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 28 желтоқсандағы № 1920 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: еңбек туралы және еңбектi қорғау туралы заңдардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Мемлекеттік еңбек инспекторлары зиянды өндiрiстiк факторларды жедел анықтау жөніндегі өлшеулердi жүргiзуi үшiн бақылау-өлшеу құралдарын сатып алу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
Р / с N | Бағдар- ламаның коды | Кіші бағ- дар- лама- ның коды | Бағдарламалардың (кіші бағдарлама- лардың) атауы | Бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру жөніндегі іс-шара | Іске асыру мерзі- мі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 200 | | Аумақтық орган- дарды материал- дық-техникалық жарақтандыру. | Мынадай бақылау-өл- шеу құралдарын: 32 бірлік электро- распиратор; 32 бірлік ауаны тексеру аппараты; 32 бірлік люксометр; 32 бірлік газоана- лизатор; 32 бірлік барометр; 32 бірлік спектрорадиометр; 32 бірлік шу өлшегіші; 32 бірлік вибрамометр; 32 бірлік аспирация- лық психрометр; 32 бірлік энергия ағы- мының тығыздығын өлшегіш сатып алу. | Жыл ішінде | |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Зиянды
өндірістік факторларды анықтау жөніндегі өлшеулерді жүргізу үшін аумақтық
органдарды бақылау-өлшеу құралдарымен қамтамасыз ету. Жұмыс жағдайы зиянды
жұмыстарда істейтін ұйымдардың, адамдардың консультациялық және еңбек
құқықтарын қорғау.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 26 қаңтардағы
№ 118 қаулысына
14-қосымша
Қазақстан Республикасының Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
"Жұмыспен қамтудың, кедейшiлiктiң ақпараттық базасын
қоса жiберу" 500 республикалық бюджеттік бағдарламаның
2002 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 38657 мың теңге (отыз сегiз миллион алты жүз елу жетi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы, "Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 20 шілдедегi № 983 қаулысы "Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі туралы ереже", Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 3 маусымдағы "2000-2002 жылдарға арналған кедейлiкпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі бағдарлама туралы" № 833 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 31 шiлдедегi "2000-2002 жылдарға арналған кедейлiкпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары туралы" № 1164 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 24 желтоқсандағы "Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөніндегі шаралары туралы" № 1685 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жұмыссыздық, кедейшiлiк деңгейiн төмендету, республикада аз қамтамасыз етiлген азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек көрсетiлуi туралы ақпаратты талдау және қорыту мақсатында еңбек рыногы бойынша мониторингты ұйымдастыруда мемлекеттік саясатты iске асыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласына ақпараттық технологиялар, ақпарат өңдеу жүйесін енгізу, еңбек рыногының сұранымы мен ұсынымының мониторингін құру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
Р / с N | Бағдар- ламаның коды | Кіші бағ- дар- лама- ның коды | Бағдарламалардың (кіші бағдарлама- лардың) атауы | Бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру жөніндегі іс-шара | Іске асыру мерзі- мі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 500 | 00 | "Жұмыспен қамту, кедейшілік ақпа- раттық базасын қоса жіберу" | Еңбек рыногының де- ректерін және халық- тың кедейшілігі жө- нінде ақпарат жинау, ақпараттық техноло- гияларды, халықты жұмыспен қамту сала- сындағы ақпаратты өңдеу жүйесін енгізу, еңбек рыногының сұра- нымы мен ұсынымының мониторингін құру, республикадағы аз қамтамасыз етілген азаматтар туралы, атаулы әлеуметтік көмекке жұмсалған шығыстар көлемі тура- лы ақпаратты қорытын- дылау және талдау- Шұғыл статистикалық көрсеткіштердің 126 мың бірлігі және еңбек рыногының ақпараттық базасының 604 мың бірлігі (жұмыс іздеп азаматтар кәртішкеле- рінің банкі) өңделеді және пайдаланылатын болады. Ақпарат алу жиынтығы 730 мың бірлік санында көзделіп отыр. | 2002 жыл | |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: азаматтар
мен жұмыс берушілер тарапынан түсетін ұсынымдар мен сұранымдардың жалпы
республикалық ақпарат рыногына кіруді қамтамасыз ету, еңбек рыногының
республикалық базасының негізінде аймақаралық еңбекке орналастыру
мүмкіндігін іске асыру. Республикада кедейшілік мониторингін қамтамасыз
ету.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 26 қаңтардағы
№ 118 қаулысына
15-қосымша
Қазақстан Республикасының Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
"Жұмыспен қамту, кедейшiлiк ақпараттық базасын дамыту"
600 республикалық бюджеттік бағдарламаның 2002 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3493 мың теңге (үш миллион төрт жүз тоқсан үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4, 6, 8, 12, 15-баптары, "Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек туралы" 2001 жылғы 17 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы, "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі туралы ереже" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 20 шiлдедегi № 983 қаулысы, "Кедейлiкпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі 2000-2002 жылдарға арналған бағдарлама туралы" 2000 жылғы 1 маусымдағы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң № 833 қаулысы, "Кедейлiкпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 31 шiлдедегi № 1164 қаулысы, "Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 1685 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: еңбек, жұмыспен қамту, кедейшiлiк саласына ақпараттық технологияларды, ақпаратты өңдеу жүйелерiн енгізу.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау саласын техникалық жабдықтау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
Р / с N | Бағдар- ламаның коды | Кіші бағ- дар- лама- ның коды | Бағдарламалардың (кіші бағдарлама- лардың) атауы | Бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру жөніндегі іс-шара | Іске асыру мерзі- мі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 600 | 00 | "Жұмыспен қамту, кедейшілік ақпа- раттық базасын дамыту" | Аймақтық еңбек ры- ногын дамыту үшін 9 компьютер мен 2 баса- тын құрылғы, 3 лицен- зиялық бағдарлама сатып алу, кедейшілік жөніндегі ақпаратты қорытындылау және өңдеу. | 2002 жыл | |