Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінің 001
"Әкімшілiк шығындар" республикалық бюджеттік бағдарламасының 2002 жылға
арналған паспортын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 25 қаңтардағы № 102 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 09.12.02 ж. № 1291 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
"Бюджеттік жүйе туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңын орындау үшiн және "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгінің 001 "Әкiмшiлiк шығындар" республикалық бюджеттік бағдарламасының 2002 жылға арналған паспорты бекітілсiн.
2. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Тоқаев Қ. |
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2002 жылғы 25 қаңтардағы № 102 қаулысына
қосымша
ҚР Үкіметінің 09.12.02 ж. № 1291 қаулысымен қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгі
________________________________________________________________-
Бюджеттік бағдарламаның әкiмгерi
001 "Әкiмшiлік шығындар"
республикалық бюджеттік бағдарламаның 2002 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 650 364 мың теңге (алты жүз елу миллион үш жүз алпыс төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегi Заңының 8, 18, 21-24-баптары; "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 1-бабы; "Қызмет бабында пайдалану үшiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 25 наурыздағы № 575 Жарлығы; "Штат санының лимиттерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 39 қаулысы; "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1715 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінің мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 20 қарашадағы № 1756 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаттары.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жүктелген функциялар мен мiндеттердi барынша тиiмдi орындауы үшiн Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі орталық аппаратының, оның комитеттерiнiң және олардың аумақтық бөлiмшелерiнің қызметiн қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің орталық аппаратын, оның комитеттерін және олардың аумақтық бөлімшелерін ұстау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары:
N | Бағдар- коды | Кіші бағдар- коды | Бағдарламаның (кіші бағдар- ламаның) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 001 Әкімшілік шығындар 001 Орталық орган- Штат санының бек- жыл Қазақстан ның аппараты ітілген лимитіне бойы Республикасы- сәйкес 464 бірлік ның Көлік көлемінде Қазақстан және коммуни- Республикасы Көлік кациялар және коммуникация- министрлігі лар министрлігінің орталық аппаратын және оның комитет- терін ұстау 002 Аумақтық Штат санының бек- органдардың ітілген лимитіне аппараттары сәйкес 1035 бірлік көлемінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация- лар министрлігі Коми- теттерінің аумақтық органдарын ұстау |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Қазақстан
Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне жүктелген
функциялар мен міндеттерді сапалы және уақытылы орындау.