Кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлем ставкаларын
бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7
желтоқсандағы N 1596 қаулысы
Осы редакция 2004 ж. 24 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiн (Салық кодексiн) iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемнiң жылдық ставкасы 1 жалпы тiркелiмдiк тонна үшiн 0,26 айлық есептiк көрсеткiш есебiнен бекiтiлсiн.
2. "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 8 қыркүйектегi N 1334 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 45, 413-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетi туралы ережеде:
11-тармақ мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
"15-1) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеме қатынайтын су жолдарын пайдалануына рұқсат берудi және оның мерзiмiне мемлекеттiк бақылау жасауды;".
3. "Кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлем алу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 25 тамыздағы N 1308 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 36-37, 441-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi бiр ай мерзiмде өзiнiң бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық кесiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
5. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі