Ерекше мәртебесі бар мемлекеттік жоғары оқу орындары туралы үлгі ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 5 қарашадағы № 1398 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 8.07.01 ж. № 733 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 66 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы" 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған ерекше мәртебесі бар мемлекеттік жоғары оқу орындары туралы үлгі ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2001 жылғы 5 қарашадағы
№ 1398 қаулысымен
бекітілген
Ерекше мәртебесi бар мемлекеттік жоғары оқу орындары
туралы үлгі ереже
1. Жалпы ережелер
1. Ерекше мәртебесі бар мемлекеттік жоғары оқу орындары туралы үлгi ереже Қазақстан Республикасы Президентінің "Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы" 2001 жылғы 5 шiлдедегi № 648 Жарлығына сәйкес әзiрленген.
ҚР Үкіметінің 08.07.02 ж. № 733 қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Ерекше мәртебе білім беру саласындағы орталық атқарушы органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмiмен жеке адамды тәрбиелеуге, оқытуға, оның кәсiби қалыптасуына аса көрнекті үлес қосқаны үшін мемлекеттік жоғары оқу орындарына беріледі.
3. Жекелеген жағдайларда мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше мәртебенi Қазақстан Республикасының Президентi беруi мүмкiн.
4. Ерекше мәртебесi бар жоғары оқу орындарының ректорлары қызметке заңнамада белгiленген тәртiппен тағайындалады және қызметтен босатылады.
2. Ерекше мәртебесi бар мемлекеттік жоғары оқу
орындарының өкiлеттiгi
ҚР Үкіметінің 08.07.02 ж. № 733 қаулысымен 5-тармақ өзгерді
5. Ұйымдастыру-құқықтық нысаны шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорын - ерекше мәртебесi бар мемлекеттік жоғары оқу орындары бекітілген шығыстар сметасы шегiнде құрылымы мен штаттарын дербес анықтайды, жекелеген нормативтер бойынша еңбек ақы төлеу мөлшерi мен шарттарын белгілейдi.
ҚР Үкіметінің 08.07.02 ж. № 733 қаулысымен 6-тармақ өзгерді
6. Ерекше мәртебесi бар мемлекеттік жоғары оқу орындары ұйымдастыру-құқықтық нысанына тәуелсіз:
1) олардан алынатын кiрiстерге өздерiнiң Жарғыларына сәйкес дербес иелiк ететiн, білім беру, ғылыми-өндiрiстiк және заңнамамен тыйым салынбаған өзге де қызметтiң есебiнен қаржы және материалдық құралдардың қосымша көздерiн тартады;
1-1) кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білім беру жүйесiнде кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсіптік білімді мамандар даярлаудың тиісті бейіндері бойынша оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік орталықтар болып табылады;
2) орталық атқарушы органдармен келісім бойынша оқыту, ғылыми және әдiстемелiк қызметтер саласында өз нормативтерiн әзiрлейдi, сынақтан өткiзедi және iске асырады;
3) кәсiптiк жоғары білімдi кадрлар даярлаудың білімдiк, ғылыми және әдiстемелiк саласында негiзгi тұжырымдамалық ережелер әзiрлейдi, сынақтан өткiзедi және енгiзедi;
4) кәсiптiк жоғары білімнiң көп деңгейлi жүйесi бойынша мамандарды даярлаудың жаңа бағыттарын анықтайды, оларды оқыту мерзiмдерi мен нысандарын белгiлейдi;
5) ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлардың бейiнi бойынша біліктiлiгiн арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асырады;
6) негiзгi қызметiнiң барлық бағыттары бойынша шетелдiк ұйымдармен тiкелей шарттар мен келісім-шарттар жасаса, ғалымдар мен мамандардың уақытша ұжымдарын құра, халықаралық бiрлестiктер мен ұйымдардың қызметiне қатыса алады;
7) алып тасталды
3. Ерекше мәртебесi бар мемлекеттік жоғары оқу
орындарының мiндеттерi
7. Ерекше мәртебесi бар мемлекеттік жоғары оқу орны мiндеттi:
1) ғылыми-педагогикалық әлеуеттi, оқу-материалдық базаны және инновациялық білім беру технологияларын тиiмдi пайдаланудың негiзiнде әлемдiк стандарттарға сәйкес келетiн, кәсiптiк жоғары білімнiң ұдайы жоғары деңгейiне кепiлдiк беруге;
2) жоғары оқу орнының әрбiр студентiнiң, оқытушысының және қызметкерiнің жеке тұлғасын білім алу, рухани, мәдени және санаткерлiк дамуы үшін неғұрлым жоғары жағдайлармен қамтамасыз етуге;
3) білім беру және өзге де қызмет көрсетулерге ақы төлеуден алынатын қаражат пен кiрiстердi оқу-әдiстемелiк базаны дамытуға, кәсiптiк жоғары білім мазмұнының сапасын арттыруға, инновациялық білім беру технологияларын енгiзуге тиiмдi пайдалануды жүзеге асыруға;
4) әлемдiк ғылыми-білімдiк кеңiстiкте білімнiң, ғылымның, техника мен технологияның дамуына мониторингтi жүйелi жүргiзуге және оларды республиканың жоғары кәсiптiк білім беру жүйесiне ендiру үшiн білім беру саласының орталық атқарушы органына ұсыныстар енгiзуге.
4. Ерекше мәртебесi бар мемлекеттік
жоғары оқу орындарын қаржыландыру
8. Мемлекеттік тапсырыстың шеңберiнде республикалық мемлекеттік кәсiпорын нысанындағы ерекше мәртебесi бар жоғары оқу орындарында мамандар даярлау студенттердiң білім грантының немесе несиесінің мөлшерiн айқындаған кезде оқытуға арналған нақты шығындарды ескеретін жеке норматив бойынша республикалық бюджеттiң қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
9. Кәсiптiк жоғары білім беретiн және ерекше мәртебесi бар республикалық мемлекеттік мекемелер шығыстардың жеке сметалары бойынша республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылады.
ҚР Үкіметінің 08.07.02 ж. № 733 қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда
10. Ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан, ерекше мәртебесі бар мемлекеттік жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамына және басшылық ететiн қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жалақылар мен тарифтік ставкалардың белгіленген мөлшерлеріне 1,75 арттыру коэффициентімен жүзеге асырылады.
Осы тармақ 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді.