Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 5 қарашадағы № 1398 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 8 шілдедегі № 733 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 66 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Ерекше мәртебесi бар мемлекеттік жоғары оқу орындары туралы үлгi ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 5 қарашадағы № 1398 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ерекше мәртебесi бар мемлекеттік жоғары оқу орындары туралы үлгi ережеде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Ерекше мәртебе білім беру саласындағы орталық атқарушы органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмiмен жеке адамды тәрбиелеуге, оқытуға, оның кәсiби қалыптасуына аса көрнекті үлес қосқаны үшін мемлекеттік жоғары оқу орындарына беріледі.";
5-тармақта "нысаны" деген сөзден кейiн "шаруашылық жүргiзу құқығындағы" деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білім беру жүйесiнде кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсіптік білімді мамандар даярлаудың тиісті бейіндері бойынша оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік орталықтар болып табылады;";
7) тармақша алынып тасталсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан, ерекше мәртебесі бар мемлекеттік жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамына және басшылық ететiн қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жалақылар мен тарифтік ставкалардың белгіленген мөлшерлеріне 1,75 арттыру коэффициентімен жүзеге асырылады.
Осы тармақ 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |