АҚТҚ-сы бар адамдарды басқа адамдардан бөлетiн мемлекеттік актiлердiң тиімдiлiгiн талдау, соның iшiнде бас бостандығынан айыру орындарында да.
5.2 Мемлекеттік құрылымдар, азаматтық қоғамдар және халықтың
мiнез-құлқы қатерлi топтарының арасында түсiнушілiк пен қолдау
қатынастарын қалыптастыру
Қазақстанда осы сәтте орын алып отырған ЖҚТБ/АҚТҚ iндетiнiң сатысында АҚТҚ ауруының өсуiн, негiзiнен есiрткiнi инемен қабылдаушы және жыныстық өмiрдің тәртiпсiз түрiмен жүргiзушi адамдар айқындайды. Есiрткiнi тамырға қабылдайтын адамдардың секс-бизнеспен айналысуы неғұрлым кең тарауда. Дегенмен, жоғарыда көрсетiлген мiнез-құлқы ауытқыған нысандардағы адамдар олардың мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардан жасырынуына әкеп соғатын әлеуметтiк қысымға және стигматизацияға душар болады. Нәтижесiнде, халықтың басым топтарының өкiлдерi білім беру және ақпараттық бағдарламалар алмайды, ЖҚТБ/АҚТҚ және оның профилактикалық жолдары туралы сауатсыз боп қалады және мiнез-құлқын саналы түрде өзгерте алмайды.
Мiнез-құлқы қатерлi қоғамдастықтармен байланыс орнату, ЖҚТБ/АҚТҚ мәселелерi бойынша олардың құлағдарлығын арттыру және қауiпсiз мiнез-құлықты таңдауды ынталандыру кейiнге қалдырмайтын шара болып табылады.
Жергiлiктi жерлердегi мемлекеттік басқару органдарына:
басым топтардың өкілдерiнің қатерлi мiнез-құлықты азайту жөніндегі сындарлы бастамаларын мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды күшейту, АҚТҚ-сы бар адамдар төңiрегiнде төзiмдiлiк ортасын қалыптастыру, олардың iс жүзiнде кемсiтiлуiн жоюға және қоғамдық бiрлестiктер мен халықаралық ұйымдарды тартып, әлеуметтiк бейiмделу көмегiн көрсетуге бағытталған мемлекеттік органдардың басым топтардың өкiлдерiмен ынтымақтастығы;
мiнез-құлқы қатерлi адамдармен тiкелей қатынас жасауға арналған құрылымдарды халықтың тиiстi топтарына жақындату мақсатында, психологиялық-әлеуметтiк қолдау көрсету функцияларымен бiрге шприцтер алмасу, қорғау құралдарымен және қажеттi ақпараттармен жабдықталған сенiм пункттерiнiң жүйесiн дамытуы;
қолда бар өндiрiстiк алаңдар мен персоналды пайдалану есебiнен барлық мемлекеттік емдеу-профилактикалық ұйымдарда, сондай-ақ емдеу-профилактикалық ұйымдардан тыс ИЕТ үшiн сенiм пунктiлерiн ашуы;
жергілiктi әлеуметтiк қызметтер, сондай-ақ ЖҚТБ профилактикасы және есiрткiге қарсы күрес қызметтерiнiң қызмет басымдықтары ретiнде ИЕТ-пен дала жұмысын жүргiзу, iшкi еңбек ресурстарын қайта бөлу есебiнен осы қызмет түрiмен айналысатын қолда бар бөлiмшелердi нығайтуы;
жұртшылықты халықтың мiнез-құлқы қатерлi топтарына арналған профилактикалық бағдарламаларды қолдауын қамтамасыз етуге жұмылдыруы, ИЕТ пен КЖҚҚ-ны профилактикалық бағдарламаларға тартуға бағытталған олардың қызметiне үкiметтiк емес ұйымдардың қолдау көрсетуi;
ИЕТ, КЖҚҚ, халықтың басқа да осал топтарында ЖҚТБ/АҚТҚ профилактикасы саласында жұмыс iстейтiн үкiметтiк емес ұйымдармен, халықаралық ұйымдармен және жергiлiктi үкiметпен, сондай-ақ медицина қызметтерiмен тұрақты ынтымақтастық жасауы;
АҚТҚ-сы бар адамдармен байланыс орнату; оларды АҚТҚ iндетiнiң профилактикасы жөніндегі жұмыстарға тартуы;
көпшiлiк акциялар, соның iшiнде АҚТҚ жұқтырған және ЖҚТБ-мен ауыратындардың пайдасына қайырымдылық акцияларын жүргiзуге;
басымдық тәртiппен АҚТҚ жұқтырғандарды жұмысқа орналастыруға және тұрмыстық жайластыруға, өздерiнiң iстерiн бастау үшiн олардың отбасыларына шағын несиелер беруге көмек көрсетуi;
Сонымен бiр мезгiлде, КЖҚҚ болып табылатын, есiрткi пайдаланушы, қорғанышсыз жыныстық қатынасқа түсетiн АҚТҚ-сы бар адамдардың, олардың клиенттерiнiң iшіндегі жолбасшы топтардың құрылуына, мiнез-құлқы қатерлi өзге де адамдарға ерекше назар аудару қажет; профилактикалық бағдарламаларды беру есебiнен олардың мiнез-құлқын өзгертуге көмек көрсетуi қажет.
5.3 Бiлiм беру бағдарламаларын өмiрге енгізу және қатерлi өмiр салтын
жүргiзудiң қауiптi екендiгiн түсiнуге бара-бар ЖҚТБ/АҚТҚ
проблемаларын дұрыс қабылдауға әсер ететiн ақпараттық орта құру
АҚТҚ жұқтыруға әкелетiн халықтың мiнез-құлқына қарсы әрекет ету бүгiнгi күнi АҚТҚ-ға қарсы күрестің негiзгi құралы болып табылады (АҚТҚ-мен ластанған инъекциялық құралдарды және ерітiндiнi қолдану, қорғанышсыз жыныстық қатынас). Ақпараттық-білім беру қызметi АҚТҚ жұқтыруға кедергi болатын халықтың мiнез-құлқының стереотипiн қалыптастыруға жеткізуi тиiс. Оны iске асыру үшiн білім беру, ақпараттық және жастар секторлары:
жалпы білім беру мектептерiнiң, алғашқы, орта және жоғарғы кәсiби оқу орындарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi мен IIМ-нің жеке құрамын есiрткi тұтыну, ЖҚТБ/АҚТҚ және ЖЖБИ профилактикасы жөніндегі мәселелердi оқу жоспарына мiндеттi түрде енгізу;
ЖҚТБ/АҚТҚ (атап айтқанда, оқушылар сарайындағы, клубтардағы, жастар сарайындағы секцияларда) профилактикасы мәнiсiнде қауiпсiз өмiрдiң мәселелерiн мектептен тыс оқытуды дамыту;
АҚТҚ профилактикасының білім беру бағдарламаларының ондағы көрсетiлген тақырыпты терең пысықтап, толық көлемде орындалуын қамтамасыз ету. Оқыту нәтижелерiн нақты білім деңгейiнiң, ниетiнiң және мiнез-құлқының өзгеруi көрсеткiштерi бойынша ғана бағалау;
прогрессивтi жұмыс нысандарын енгізу жолымен ақпараттарды жеткізу сапасын жақсарту (сахналық қойылымдар, рөлдiк ойындар, "тең-теңiмен" қағидаты бойынша оқытудың интерактивтiк әдiстерi және басқалар);
елiмiздiң бүкіл халқы үшiн тиiстi ақпаратқа қол жететiндей, қазақ, орыс және Қазақстан халықтарының басқа тілдерiнде көпшiлiк оқырмандарға арналған ақпараттық материалдарды әзiрлеудi және басып шығаруды қамтамасыз ету;
жастар арасында презервативтi насихаттауды қамтамасыз ету, жастардың презервативке қол жеткізуiн арттыру;
жастардың назарын ЖҚТБ/АҚТҚ iндетiне қарсы тұру қажеттiлiгiне аудару. ЖҚТБ/АҚТҚ-ға қарсы тұру ұранымен мәдениет және спорт саласында жастар арасында көпшiлiк iс-шараларын жүргiзу;
"Есiрткiсiз өмiр" жастар науқанын өткізу. Жастар арасындағы беделдi адамдарды жұмылдыру, бәрiнен бұрын өнер қайраткерлерiн, спортшыларды есiрткiге қарсы үгiтке жұмылдыру;
ЖҚТБ/АҚТҚ-ға қарсы күрестi насихаттау үшiн жастар ұйымдарын және жастардың жиналатын орындарын пайдалану;
отбасылық қатынастарды нығайтуға бағытталған моральдық және этикалық құндылықтарды насихаттауға көмек көрсету;
педагогтар мен ата-аналар үшiн оқыту семинарларын, тренингтер өткізу;
әскери қызметкерлердi білім беру бағдарламаларымен, қажеттi ақпараттармен және оқу құралдарымен қамтамасыз ету;
мiнез-құлығы қатерлi адамдар үшiн тазалық-ағарту әдебиеттерiн жеткiлiктi көлемде жеткізу, қоғамдық бiрлестiктер және мiнез-құлығы қатерлi топтар өкiлдерiнiң белсендiлерiмен бiрлесiп түсiндiру жұмысын жүргiзу. Осы топтар өкiлдерiнiң жиналуы орындарында көрнекi үгiт құралдарын орналастыруды ұйымдастыру.
5.4 Медициналық қызметтi, медициналық және тазалық мақсаттағы
бұйымдардың сапасын бақылауды, ЖҚТБ/АҚТҚ iндетiне байланысты
ахуалды бағалау мен мониторингiн ұйымдастыру
Денсаулық сақтау секторы:
АҚТҚ көзқарасынан алғанда, оларды қауiпсiз енгізу әдiстерiне, есiрткiнi инъекциялық қолданатын адамдарды оқыту жөніндегі шараларды қабылдауы. ИЕТ-тi тазартылған бiр жолғы шприцтермен, инелермен, презервативтермен, дезинфекциялау құралдарымен жарақтандыруды ұйымдастыруы;
халықты, соның iшiнде мiнез-құлығы қатерлi топтар өкiлдерiн iндеттiк ақталмаған АҚТА-ға мәжбүрлеп тестiлеудi толық алып тастауы;
Қазақстандағы нашақорлықты алмастырып емдеудi қолдану практикасы мәселесiн зерделеуi;
ИЕТ-пен дала жұмыстарын жүргiзуi және сенiм пункттерінің жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуi ЖҚТБ профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтар қызметiнiң аса маңызды аясы деп есептеу, оны осы медициналық ұйымдар қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерiн сипаттайтын есеп беру құжаттарында көрсетуi;
iшкi ресурстар есебiнен терi-венерологиялық диспансерлерiнiң жұмысын қайта құру, ИЕТ, КЖҚҚ және жыныстық мiнез-құлқының қатерi жоғары халықтың басқа да санаттарын одан гөрi қауiпсiз жыныстық мiнез-құлқына көмек көрсетуге бағытталған олардың эпидемиологиялық бөлiмшелерiнiң қызметін дала жұмысына қайта бағдарлауы. Оларды аурулардың өздерi хабарлайтын әдiске көшiп, терi-венерологиялық диспансерлердің олардың қатынасқа түскен адамдарды анықтау жөніндегі кез-келген мәжбүрлеу iс-әрекетінен бас тартуы;
халықтың осал топтарының өкiлдерiн ақпараттармен, ЖЖБИ және ЖҚТБ/АҚТҚ профилактикасы бойынша білім беру бағдарламаларымен, презервативтермен қамтамасыз ету жөніндегі профилактикалық жұмыстарға терi-венерологиялық диспансер қызметiнде иек артуы, осы қызметтi диспансердiң қызметiнде көрсетуi және осы ұйымдардың жұмысын бағалаған кезде олардың түйiндi көрсеткiштерiнiң бiрi ретiнде пайдалануы;
iшкi ресурстар есебiнен әрбiр терi-венерологиялық диспансерде КЖҚҚ, ИЕТ, ЕЕЖҚ және халықтың басқа да осал топтары үшiн осы контингенттер үшiн қолайлы шарттарда (жасырын, амбулаториялық, жедел ем тағайындау және ауруды қарауда синдромдық көзқарасты пайдалану) кепiлдi көлемде тегiн медициналық көмекпен қамтамасыз ете отырып, достық сипаттағы емханаларын (кабинеттерiн) ашуды қамтамасыз етуi;
ЖЖБИ ауруларына медициналық көмектiң кепiлдi көлемi шегiнде барған орны бойынша кез келген ұйымның емдеу желісінде ем белгiлеу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуi;
халықты бұдан әрi отандық өндiрiсте жасалған презервативтермен және дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз ету мәселесiн шешудi негiзгi бағыт ретiнде қабылдауы. Оларды тұтынушыларға әкелу және жеткізу кезiнде презервативтердi сапасы мен сатудың шарттарына қатаң бақылау енгізу. Сертификатталмаған өнiмдердi рыноктан ығыстыру жөніндегі шараларды қабылдау;
қан құю қызметiнде ерiктi тегiн донорлық салымды арттыру. Мiнез-құлқы қатерлi топ өкiлдерiн трансплантациялау мақсаты үшiн қанды, органды және тiндi қате алу мүмкiндігiн кең көлемде шектеу мақсатында ақы төленетiн донорларға қойылатын талаптарды қайта қарау;
қан құю үшiн оларды шектеу жағына қарай көрсеткiштердi қайта қарау, жасанды қан алмастырғыштарды пайдалануды кеңейту;
медициналық ұйымдарға баруы кезiнде өзiнiң АҚТҚ мәртебесi туралы денсаулық сақтау мамандарын, АҚТҚ-сы бар адамдардың тараптарынан мiндеттi түрде хабардар ету практикасын жою. Барлық медициналық ұйымдарда АҚТҚ-сы бар адамдарға кедергiсiз медициналық көмек көрсетудi қамтамасыз ету;
ЖҚТБ профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтар мен емдеу мекемелерiнде АҚТҚ жұқтырғандарға психологиялық-әлеуметтiк қолдау көрсету жүйесiн дамыту, медицина қызметкерлерiн оны өткізу әдiстемесiне және техникасына дайындау;
жасырын тестiлеу және консультациялау беретiн кабинеттер желісін кеңейту. ЖҚТБ профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі барлық орталықтарда, терi-венерологиялық және наркологиялық диспансерлерде, психикалық денсаулық орталықтарында мiндеттi түрде тиiстi бейіндегі мамандар жұмыс iстеуi тиiс;
құпиялық және жасырындық негiзде АҚТҚ iндетiне және ЖҚТБ ауруына халықты тегiн диагностикалауды қамтамасыз ету;
мамандарды, соның iшiнде мiнез-құлқы қатерлi халық топтарының өкiлдерiнiң өздерiн және АҚТҚ-сы бар адамдарды тестiлеуге дейiнгi және одан кейiнгi консультациялауға дайындау;
оны жұқтыру көзқарасымен алғанда, қауiптi мiнез-құлықтың өзгеруiне қадағалау жасап, АҚТҚ жұқтырылуына iндеттiк бақылаудың ұлттық хаттамасын әзiрлеу және енгізу;
АҚТҚ iндетiнiң қоздырғышқа қарсы терапиясының ұлттық хаттамасын әзiрлеу. Экономикалық есептеулер жүргiзу және АҚТҚ-сы бар адамдарды қолдағы ресурстарға сәйкес қоздырғышқа қарсы препараттармен қамтамасыз ету тұжырымдамасын әзiрлеу. Қоздырғышқа қарсы емдеумен қамтамасыз ету үшiн басым контингенттердi айқындау;
жергiлiктi атқарушы органдармен ынтымақтастықта АҚТҚ жұқтырған жүктi әйелдер мен балаларды этиотроптық емдеу үшiн (ретровир, ламивудин, криксиван және т.б.) емдеу-профилактикалық мекемелерiн дәрiлiк препараттармен қамтамасыз етуi қажет.
5.5 ЖҚТБ/АҚТҚ жөніндегі алдын алу бағдарламаларын басқаруды,
үйлестiрудi және орындауды ұйымдастыру
Дүниежүзілік практика ЖҚТБ/АҚТҚ таралуына қарсы тұрудың тиiмдi бағдарламалары көпсекторлы сипатта болуы тиiс екендiгiн көрсеттi. Мұндай көзқарасты қамтамасыз ету үшiн денсаулық сақтаудың орталық атқарушы органы мынадай басым бағыттарда хатшылық рөлiне шығуы тиiс.
Әртүрлi деңгейдегi мiнез-құлқы қатерлi топтар арасында ЖҚТБ/АҚТҚ профилактикасының бағдарламасын өмiрге енгізу жөніндегі үйлестiру комитеттерiнiң практикалық қызметiн қалыптастыру және қамтамасыз ету.
Оларды тек қана медициналық емес және басқа да әлеуметтiк мiндеттердi шешуге қосуды қамтамасыз етiп, ЖҚТБ профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтар туралы ережеге толықтырулар енгізу. Орталықтардың штаттық нормативтерiн оларға заңгер консультант, психолог, социолог, жоспарлау және болжау жөніндегі экономист, педагог, БАҚ және көпшiлiкпен байланыстар жөніндегі маман (журналист) лауазымдарын енгiзiп, қайта қарау және бекіту. Кәсiби құзыреттерiне сәйкес алдын алу бағдарламаларына олардың белсендi қатысуын қамтамасыз ететiн қызметкерлердiң тиiстi санаттарына үлгi лауазымдық мiндеттерiн әзiрлеу және бекіту.
ЖҚТБ профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтарға келісім-шарттық негізде ерікті түрде жалданушылардың жұмыс iстеуi мүмкiншiлiгiн қарастыру.
Елдiң Үкіметінде саяси мемлекеттік қызметкерлердiң, сондай-ақ үкiметтiк емес ұйымдардың қатысуымен денсаулық сақтау, білім беру, бұқаралық ақпарат, жастар iстерi бойынша, әдiлет, есiрткiнi бақылау, iшкi iстер, қорғаныс, экономика, стратегиялық жоспарлау, әлеуметтiк қорғаудың, атқарушы органдардың өкiлдерi құрамында бар үйлестiру комитетi құрылады. Ұйымдастыру комитетiнiң құрамына парламентшiлер, елдегi танымал қайраткерлер, сондай-ақ БҰҰ, соның iшiнде БҰҰ/ЖҚТБ Бiрiккен Бағдарламасы, Қазақстанда жұмыс iстейтiн басқа да халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық өкiлдiктердiң өкiлдерi шақырылады.
Жергiлiктi деңгейдегi үйлестiру комитеттерi әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдағы әкiмдердiң жанында құрылады. Жергiлiктi үйлестiру комитеттерiнiң құрамына мүдделi ведомостволардың өкілдерi кiредi, билiктiң өкiлдi органдарының депутаттары, үкіметтiк емес ұйымдардың белсендiлерi, АҚТҚ-сы бар адамдар, шығармашылық зиялылар, осы аумақта жұмыс iстейтiн халықаралық ұйымдардың өкiлдерi тартылады.
Орталық және жергiлiктi деңгейлердегi әрбiр сектордың атқарушы органдарында жиынтығы төрт техникалық топ құрайтын ЖҚТБ/АҚТҚ профилактикасы мәселелерi бойынша жұмыс жөніндегі жауапты адамдар бөлiнуi тиiс: құқықтық қатынас және құқықты қолдану практикасын талдау және жетiлдiру жөніндегі топ әдiлет секторын, құқық қорғау секторын бiрiктiруi тиiс; ақпарат және білім беру мәселелерi жөніндегі топ бұқаралық ақпарат, білім беру, қорғаныс, жастар iстерi жөніндегі секторлардың өкiлдерiн бiрiктiруi тиiс; экономикалық мәселелер жөніндегі топ экономика және әлеуметтiк қорғау секторларын бiрiктiруi тиiс; денсаулық сақтау мәселелерi жөніндегі топ жалпы медициналық желi мен ЖҚТБ/АҚТҚ-ға қарсы күрес жөніндегі әртүрлi ведомостволардың медициналық қызметкерлерiнiң күш-жiгерiн бiрiктiруi тиiс.
Үйлестiру комитеттерiнiң функциялары орталық және жергiлiктi деңгейлерде саяси сипаттағы ұсынымдар әзiрлеуден тұрады. Тиiстi аумақтарда ЖҚТБ/АҚТҚ iндетiнiң таралуы мен салдарын бағалау әрi болжау жүргiзуге және техникалық ұсыным әзiрлеуге жауапкершiлiк техникалық топтарға жүктеледi.
Үйлестiру комитеттерi мен техникалық топтар мәжілісiнiң кезеңдiлiгi ахуалдың ерекшелiгiне қарай айқындалады.
Стратегиялық бағдарламаның икемдiлiгi, жұмыс жоспарларын iндет процестерiнiң өрiстеуi ерекшелiктерiне сәйкес келтiру үйлестiру комитеттерi мен салааралық техникалық топтар жүзеге асыратын бағдарламаға үздiксiз мониторинг және қайта бағалау жүргiзудi қамтамасыз етедi.
Мақсатқа жету индикаторы ретiнде көзделетiндер:
бағдарламаның жекелеген нақты тапсырмаларын орындау (бейнефильмдер жасау, бағдарламалар әзiрлеу, тазалық-ағартушы әдебиеттер басып шығару және т.б.);
сұрау салу деректерi, iндет ахуалының көрсеткiштерi бойынша бағдарламалық көрсеткiштерге (оқушылардың, жұмыс iстейтiн, жұмыс iстемейтiн жастардың, есiрткiнi тамырға жiберiп пайдаланушы адамдардың, КЖҚҚ және т.б. білімдеріндегі, ниеттеріндегі және мiнез-құлқындағы өзгерістер) қол жеткізу;
ұзақ мерзiмдi iс-шараларды орындау (сенiм пункттерiнiң жұмысы, АҚТҚ жұқтырғандарды және ЖЖБИ емдеудi қамтамасыз ету, презервативтердi таратып беру және т.б.).
6. Қаржыландырудың қажетті ресурстары және көздері
ҚР Үкіметінің 02.08.02 ж. № 862; 28.01.03 ж. № 98 (бұр. ред. қара) 18.12.03 ж. № 1266 қаулыларымен 6-бөлім өзгертілді
Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету осы Бағдарламаны iске асыруға бөлiнетiн республикалық бюджет, сондай-ақ бюджеттердi құрау кезiнде көзделетiн жергiлiктi бюджеттер есебiнен жүзеге асырылады. Бағдарламаның жекелеген iс-шараларын iске асыру барысында халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ жеке сектордың донорлық ресурстарын жұмылдыру қажет.
"Қазақстан Республикасында ЖҚТБ-ның iндетiне қарсы iс-әрекет жөніндегі 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламаны" iске асыруға мемлекеттік бюджеттiң болжамды қаржылық шығындары (млн. теңге).
| 2002 жыл | 2003 жыл | 2004 жыл | 2005 жыл | Барлығы |
Республикалық бюджет Жергiлiктi бюджеттер | 5,4 80,5 | 8,405 92,6 | 10,63 92,6 | 8,405 92,6 | 32,84 358,3 |
Бағдарламаны мемлекеттік бюджеттен iске асыру республикалық және
жергiлiктi бюджеттер шектерiнде бекітілген қаражаттар есебiнен жүзеге
асырылады.
2002-2005 жылдардағы шараларды iске асыру үшiн қажеттi жергiлiктi
бюджет қаражатының көлемiн тиiстi қаржы жылына жергiлiктi бюджеттi
әзiрлеу кезiнде жергілiктi атқарушы органдар айқындайды.
2002-2005 жылдарға арналған болжамды қаржылық шығындарға тиiстi
жылға мемлекеттік бюджеттi қалыптастыру кезiнде түзету енгiзiледi.
5 жылға арналған басым мiндеттердi шешу үшiн қажеттi қаржы
шығындарының көлемi 22808,096 млн. теңге құрайды. Бағдарламаның басым
мiндеттерiн шешудiң индикативтi көлемдерi мынадай:
Шешiлуге тиiстi мiндеттер | | Қаржыландыру көлемі, млн. теңге | Қосымша жұмылдыру қажет қаржы- ландыру көлемі млн. теңге |
республикалық бюджет | жергілікті бюджет |
1 міндет Профилактикалық бағдарламаларға тұрақты тартылған ИЕТ үлесін олардың бағаланатын санының 50%-на дейiн арттыру | 1397,21 | 30,406 | 164,3 | 1202,504 |
2 мiндет Профилактикалық бағдарламаларға тұрақты тартылған КЖҚҚ үлесiн олардың бағаланатын санының 50%-на дейiн арттыру | 410,625 | 5,002 | 15,0 | 390,623 |
3 мiндет iндет шоғырланған (екi жыныстың да ИЕТ және КЖҚҚ) топтары өкiлдерiнiң өз еркiмен жасырын негізде консультация және тестiлеу алуы үшiн қаралуын олардың бағаланатын санынан 50%-на дейiн арттыру | 23,205 | - | - | 23,205 |
4 мiндет Халықтың осал топта. рына арналған профи. лактикалық бағдарлама. ларды iске асыру үшiн қолдаушы қоғамдық орта құру | 16,0 | - | 10,0 | 6,0 |
5 мiндет Мiнез-құлқы қатерлi қоғамдастықтар өкiлде- рiнiң қан және тiн өткізуге рұқсатын шектеу | Денсаулық сақтау басқарма- ларын базалық қаржыландыру | - | - | - |
6 мiндет Жер-жерлерде ұйымдас- тырылған ұжымдарда есiрткiнiң және ретсiз жыныстық қатынастардың зиян екендiгiн, сондай-ақ АҚТҚ-ны жұқтырудан қорғану шараларын түсiндiрiп, білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру | 1250,656 | 3,2 | 34,0 | 1213,456 |
| 500,0 | 8,0 | 25,0 | 467,0 |
8 мiндет АҚТҚ-сы бар адамдарды ақпаратпен, психология- лық қолдаумен, презервативтермен, отбасы құруды жоспарлау бағдарламаларымен қамтамасыз ету | 10,4 | - | 5,0 | 5,4 |
9 мiндет АҚТҚ-сы бар адамдардың әлеуметтiк бейiмделу мәселелерiн шешудi ЖҚТБ профилакти- касы және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтардың қызме- тiнде негiзгi бағыт- тардың бiрi ретiнде қосу және ЖҚТБ/АҚТҚ салдарының ауыртпалығын азайту жөнiндегі iс- шаралар әзiрлеу | Денсаулық сақтау басқарма- ларын базалық қаржыландыру | - | - | - |
10 мiндет АҚТҚ-сы бар адамдарға қоздырғышқа қарсы ем беру жолымен қоздырғыш жүктемесiнiң азаюын қамтамасыз ету | 19200,0 | - | 66,280 | 19133,72 |
Барлығы: | 22808,096 | 46,608 | 319,58 | 22441,908 |