─────────────────────
(15) "Қарағанды облысында және бүкiл республика бойынша ЖЖБИ, ЖҚТБ/АҚТВ-ның таралуына, сондай-ақ есiрткi қолдануға қарсы iс-қимыл жасау жөніндегі сектор аралық күш-жiгерге көмек көрсету" 97/018 АД Қаз 98/Д 40 жобасы бойынша қорытынды есеп. - Алматы, 2000.
3.2.1.3. АҚТҚ-сы бар адамдармен байланыс жасау деңгейiн төмендету жөніндегі шаралар
АҚТҚ инфекциясы жұққан адамдар, әдетте мемлекеттік бюджет есебiнен қоздырғышқа қарсы терапиямен қамтамасыз етiлмейдi. АҚТҚ-сы бар жүктi әйелдер жатырындағы ұрықтың анасынан АҚТҚ жұқтыруынан профилактикамен толық қамтылмауда. Сөйтiп, мәлiм болған АҚТҚ инфекциясы бар азаматтардың АҚТҚ жүктемесi жоғары деңгейде қалуда, мұның өзi олармен байланыс жасаудың жоғары деңгейде болуына алғышарт жасайды.
АҚТҚ-сы бар адамдар үшiн психологиялық қолдау бағдарламалары жасалған, олар презервативпен, шприцтермен және инелермен алмасуды тегiн қамтамасыз ету бағдарламаларына қатысуға шақырылады. Алайда, АҚТҚ-сы бар адамдардың мұндай бағдарламаларға қатысуы уәждену деңгейi төмен болуда. Мысалы, 2000 жылы сенiм пункттерiнiң клиенттерi арасында шолушы эпидемиологиялық қадағалау жүргiзу кезiнде 450-ге жуық АҚТҚ инфекциясы бар ИЕТ тұрып жатқан Темiртау қаласында үш күн iшiнде жиналған 420 шприцте жұғып қалған қанның 109-да ғана оң АҚТҚ болған. Мұның өзi, есiрткiге тәуелдi АҚТҚ-сы бар адамдардың 20% ғана профилактикалық бағдарламалармен жүйелi түрде қамтылғанын бiлдiредi.
АҚТҚ-сы бар адамдар стигмацияланған. Әдепкi сана соның iшiнде оған өздерi де жататын тәртібі қауiптi нақ сол топтардың басқа өкiлдерi де оларды оқшаулап, кемсiтедi. Заң АҚТҚ-сы бар адамдарды басқа халыққа қатысты қолданылмайтын мiндеттi бақылау шараларынан (атап айтқанда, медициналық бақылаудан) оларды қорғамайды. Қолданыстағы заңнамада өзi жұқтырып алған әрi басқа адамдарға да қауiп төндiрушi адамдарды қуғындауды көздейтiн арнайы баптар бар. Мұның бәрi АҚТҚ-сы бар адамдардың томаға тұйықталуына әкеп соғып, олар мен басқа халықтың арасында кедергi туғызады.
3.2.1.4. ЖЖБИ-дiң профилактикасы мен бақылау жөніндегі iс-шаралар
ЖЖБИ-дiң елдi шарпыған iндетiне қарсы Қазақстанның Yкіметі 1999 жылы осы iндеттерге қарсы күрестiң екi жылдық бағдарламасын қабылдап, iске асырды. Практикалық iс-әрекет элементiнiң бiрi ретiнде Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы қолдап отырған ЖЖБИ-ге бақылау жүргiзудiң синдромдық тәсiлiмен қаруланды. Синдромдық тәсiлдi қабылдау денсаулық сақтау реформасына қосылған үлес болып табылды. Алайда, мұның өзi ахуалдық талдауға сәйкес қауiптi мiнез-құлық топтары өкiлдерiнiң сұранысын қанағаттандыратын амбулаториялық жағдайда аурудың жасырын келетiн күнi қол жетiмдi тиiмдi ем берiлуiн қамтамасыз ететiн синдромдық тәсiлдi кеңiнен енгізу жүзеге асырылмады.
Синдромдық тәсiлдi қолдану ЖЖБИ кезiнде медициналық көмектi орталықтандыру, ЖЖБИ ауруларын стационарларға жатқызудан, байланыстары туралы жаза арқылы қорқытып мәжбүрлеуден бас тарту мүмкiндiгiн қарастырады, мұның өзi терi-венерологиялық диспансерлердiң қазiргi түрiнің негiзiн бұзады. Терi-венерологиялық ұйымдарын қаржыландырудың қазiргi жүйесi неғұрлым үнемшiл технологиялардың көмегiмен ЖЖБИ ауруларының неғұрлым көп санын емдеудi қамтамасыз етуге емес, оның негiздiлiгiне қарамастан, стационарлық және амбулаториялық пациенттердi емдеудi стационарлық емдеудiң пайдасына шешу көзделген сараланған ақы төлеуге негiзделген. Осы себептен терi-венерологиялық диспансерлердiң экономикалық мүдделерi осал топтардың қажеттiлiктерiне кереғар емдеудiң қымбат тұратын протоколдарын сатып алуға негiзделген. 1999 жылы Қазақстанда бастапқы сифилис жұққан аурулар стационарда 400000 күн жатып, ауруханаларға жатқызылды (16), мұның өзi нәтижесi жоқ көптеген миллион шығындарға әкеп соқты. Бастапқы сифилистiң халықаралық протоколдарына сәйкес осы аурулардың барлығы амбулаториялық жағдайда жүзеге асырылатын G бензаттинпенициллиннiң жалғыз инъекциясына мұқтаж едi.
ЖЖБИ-дi емдеудi орталықтандыру медициналық қызмет көрсету рыногындағы терi-венерологиялық диспансерлердiң тиiмдi монополиялық жағдайын қамтамасыз етуде. Осы себептен синдромдық тәсiлдi олар терi-венерологиялық диспансерлер (бөлiмшелер, кабинеттер) жоқ жерлерде, яғни ауылдарда ғана орынды деп таниды. Бiрақ, бұл ымыра АҚТҚ профилактикасы тұрғысынан алғанда, мүлде жетiспейдi, өйткенi осал топтардың өкiлдерiнiң басым көпшiлiгi қалаларда тұрады.
Пациенттердi оларға қолайлы жағдаймен қамтамасыз ету (атап айтқанда, жасырын сипатта) дәрiгерге ресми, ал кейде ресми емес қосымша ақы төлеу арқылы жүргiзiледi. Соңғы практика медициналық қызметтер көрсетудiң көлеңкелi рыногының құрамдас бөлiгi болып табылады. Алайда ахуалдық талдау көрсеткенiндей, табысы төмен мiнез-құлқы қауiптi топтар өкiлдерiнің көпшiлiгi үшiн ЖЖБИ кезiнде ақылы медициналық көмек алуға қолы жетпейдi. Терi-венерологиялық диспансерлеріндегі медициналық көмек жағдайларының қолайсыздығы халықтың оның көмегiне сирек жүгiнуiн туындатты. Мысалы, 1999 жылы осы медицина ұйымдарына сифилиске байланысты өз бетiмен барған адамдардың үлесi тұтас алғанда, елде 30%-дан кем болды. 2000 жылы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігі ДСҰ-мен, БҰҰ-ның ЖҚТБ Бiрiктiрiлген Бағдарламасымен, ЮСАИД-пен және Гейдельберг университетiмен (Германия) бiрлесiп сынау ретiнде отбасылық медицина практикасына ЖЖБИ-дiң профилактикасы мен емдеудi бiрiктiрудi енгiздi. Нәтижесiнде, ЖЖБИ-ге байланысты медициналық қызметтер көрсетуге халықтың жүгiнуi елеулi түрде өстi, оның iшiнде сифилис пен гонореяға шалдыққан пациенттер өз еркiмен терi-венерологиялық диспансерлерiнен гөрi отбасылық медицина амбулаториясына артықшылық бердi (17).
Қазақстанда Алматы қаласындағы Терi-венерологиялық ғылыми-зерттеу институты мен Шымкент қаласындағы терi-венерологиялық диспансердiң базасында халықтың мiнез-құлқы қатерлi топтары өкiлдерiне арналған достық сипаттағы емхананың шектеулi ғана жұмыс тәжiрибесi бар. Аталған клиникалардың ашылуы өзгеше жағдайларда медициналық көмектен бас тартқан КЖҚҚ, ЕЖЕ және халықтың басқа да топтарының оларға баруын қамтамасыз еттi. Алайда, бұл клиникалардың жұмыс iстеуi, көбiнесе донор ұйымдардың көмегiне негiзделген. ЖЖБИ кезiнде мiнез-құлқы қатерлi топтарының өкiлдерiне оларға қолайлы жағдаймен медициналық көмек көрсетудi мемлекеттік қаржыландырудың тетiгi жасалмаған.
─────────────────────
(16) Қазақстан Республикасындағы жыныстық жолмен таралатын инфекциялар. З.Б. Кешилева мен В.А. Козловскийдiң редакциясымен. - Алматы, 2000.
(17) Рейднер Г. Жезқазғанда ЖЖБИ-дi болдырмау жөніндегі бiрiгу және отбасыларға көмек көрсету қызметтерiн қолдау жобасының баяндамасы. Копенгаген, 2000.
3.2.2. Бiлiм беру секторының қарсы шаралары
Қазақстан Республикасында ЖҚТБ/АҚТҚ мәселелерi бойынша жастарды оқу-ағарту мақсатында оқушыларды оқытудың бiрқатар бағдарламасы ұсынылды, Салауатты өмiр салты проблемаларының ұлттық орталығы білім беру секторымен ынтымақтастық жасап, оқу құралдарын әзiрледi. Әдiстемелiк материалдарды денсаулық сақтаудың басқа да секторлары, сондай-ақ "Медициналық-педагогикалық қауымдастық" үкiметтiк емес ұйымы ұсынды. Тиiстi бейіндегі бiрқатар құралдар жергiлiктi деңгейде де басып шығарылды. 1997-1998 жылдары Сорос қорының есебiнен мектеп мұғалiмдерiн тиiсiнше даярлау жүзеге асырылды. Салауатты өмiр салты проблемаларының ұлттық орталығының белсендi түрде қатысуымен елдiң орта жоғары оқу орындарының оқу жоспарларына оның құрамдас бөлігi қауiпсiз мiнез-құлық болып табылатын валеология пәнi енгiзiлдi.
Әйтсе де, осы пәндi оқыту факультативтiк негiзде жүзеге асырылуда. Олардың жас ерекшелiгi сараланып ескерiлген оқушыларға арналған оқулықтар тестiден өткiзiлмеген. ЖҚТБ/АҚТҚ профилактикасы мәселелерiн нақты iске асыру елдiң тек кейбір аймақтарында ғана (мысалы, жоғарыда көрсетiлгенiндей Темiртау қаласындағы iндеттiк ахуал неғұрлым шиеленiстi сипатта) жүзеге асырылуда.
Педагогтар мен ата-аналар арасында, әлi күнге дейiн оқушыларға білім беру бағдарламаларын ұсыну практикасына қарсы шығушылар әлi де көп, мұның өзi инъекциялық есiрткi тұтыну мен жасөспiрiмдер мен жастар арасында ЖЖБИ-дiң жеткiлiктi түрде кең таралған субкультура қалыптасқанымен үйлеспейдi.
3.2.3. Презервативтермен жабдықтау саласындағы саясат
Халықты презервативтермен жабдықтау ресми түрде АҚТҚ инфекциясының таралуына қарсы iс-әрекеттің аса маңызды құралы болып танылуда. Қазiргi ережелер бойынша Қазақстан аумағында сатылатын презервативтердiң уәкiлеттi орган беретiн гигиеналық сертификаты болады.
Алайда, практикада, презервативтермен жабдықтау саласындағы мемлекеттік iс-шаралар шектеулi және осы мәселе жеке кәсiпкерлiк құрылымдардың қарауында қалдырылған, соның iшiнде рынокта КЖҚҚ-ны қоса алғанда, әйелдерге неғұрлым қауiпсiз қылық туралы өз бетiмен шешiм қабылдауға мүмкiндiк бермейдi.
Презервативтер сатып алуға, сондай-ақ жеңілдiктер алып, шығыстар жабуды кейiнге қалдырылатын оларды дотациялау саясаты жүргiзiлмейдi. Сапалы презервативтер құны бойынша халықтың көпшілiгiнің, соның iшiнде қылығы қатерлi топтар өкілдерiнiң де қолы жетпейдi. Батыс өндiрiсіндегі бiр сапалы презервативтiң нақты құны халықтың үштен бiрiнiң табысы одан төмен бiр күндiк тұтыну себетiнің (113 теңге) жартысының орташа құнынан асып түседi.
Қазақстанның рыногында Қытайдан және Yндiстаннан әкелiнетiн презервативтерге қол жетiмдi әрi арзан. Алайда, олар әрдайым дерлiк сертификаттала бермейдi. Шығу тегi белгiсiз әрi сапасы нашар сертификатталмаған көптеген презервативтердiң әкелiнуiне нақты тосқауыл қойылмаған. Презервативтердi насихаттауды, негiзiнен ЖЖБИ, ЖҚТБ/АҚТҚ, репродукциялық денсаулық және отбасын жоспарлау қызметтерi шектеулi ауқымда жүзеге асыруда. Алайда, осы насихаттың өзi, тiптi денсаулық сақтау секторы шеңберiнде де қарсылыққа ұшырауда.
3.2.4. Азаматтық қоғамның қарсы шаралары
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында өздерiнiң жарғылық мiндетi ЖҚТБ/АҚТҚ iндетiне қарсы тұру деп белгiлеген бiрқатар үкiметтiк емес ұйымдар тiркелдi. Алайда, бұл ұйымдар тұрақты жұмыс iстемеуде және олардың әлеуетi жақсартуға мұқтаж. Шымкент қаласындағы "Сенімдi тiрек", "Сенім", Алматы қаласындағы "Балама", Қарағанды қаласындағы "Iнжу", Темiртау қаласындағы "Аналар есiрткiге қарсы" сияқты бiрқатар үкiметтiк емес ұйымдар халықтың қылығы қатерлi топтары арасында (ИЕТ, КЖҚҚ, ЕЖЕ) тiкелей жұмыс iстеуде. Темiртау қаласында АҚТҚ-сы бар адамдардың мүдделерін қорғайтын "Шапағат" үкіметтік емес ұйымы жұмыс iстеуде. Соңғы жылдары жергiлiктi өкiмет орындары мен үкiметтiк емес ұйымдар арасындағы диалогқа жол ашылғанымен, бұл диалог шектеулi ауқымда қолдау табуда.
Бұқаралық ақпарат құралдары ЖҚТБ/АҚТҚ мәселелерiн аракiдiк жария етуде. Алайда, бұл мәселелердi жария ету деңгейi елеулi түрде көтеруге мұқтаж. Кейбiр бұқаралық ақпарат құралдары АҚТҚ инфекциясын терiске шығару көзқарасын ұстануда. 2000 жылы ЖҚТБ/АҚТҚ проблемалары атымен жоқ сияқты жауапсыз мәлiмдемелердi басқа басылымдардан алып жариялау орын алды. Басқа бұқаралық ақпарат құралдары бұл хабарламаларды жоққа шығарған жоқ.
3.2.5. Мiнез-құлқы қатерлi топтармен жұмыс iстеу кезіндегі сектор аралық араласу
ЖҚТБ/АҚТҚ iндетiне байланысты халықаралық ұйымдардың көмегiмен ИЕТ, КЖҚҚ, ЕЖЕ, бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың неғұрлым қауiпсiз қылықтарын қамтамасыз етуге бағытталған ЖҚТБ/АҚТҚ профилактикасы жөніндегі ел үшiн дәстүрден тыс тәсілдердi шектеулi ауқымда енгізу әрекеттерi жасалуда. Қазiргi уақытта, ИЕТ-тiң арасындағы жобалар Қазақстанның 15 қаласында, КЖҚҚ арасында - 7 қалада, ЕЖЕ арасында - 2 қалада, сотталғандар арасында - бiр облыстың пенитенциарлық жүйесi мекемелерiнде жұмыс iстеуде. Тиiстi интервенциялар мейлiнше шектеулi сипатта және жалпы алғанда, Қазақстандағы халықтың аталған топтарының бағаланған жалпы санының 1% қамтиды. Араласу, негiзiнен жалпы және ведомстволық денсаулық сақтау секторларының күштерiмен, азырақ мөлшерде iшкi iстер және үкiметтiк емес ұйымдардың, сондай-ақ жеке сектордың күштерiмен жүзеге асырылуда.
3.2.6. Құқықтық қатынастар саясатын өзгерту
Соңғы жылдары халықтың қылығы қауiптi топтарына қатысты жазалау практикасынан бас тарту байқалады, мұның өзi заңнама өзгерістерiнде де аңдалады. 1996 жылы қолданысқа енгiзiлген Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексiнде ер адамдар арасындағы ерiктi жыныстық қатынастар үшiн жаза көзделетiн баптар жоқ.
2001 жылы қолданысқа енгiзiлген Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодексте коммерциялық жыныстық қатынас жазаланатын iс-әрекет ретiнде қаралудан қалды. Алайда, жыныстық қатынастармен коммерциялық түрде айналысатындар әлеуметтiк бiрлiк ретiнде танылмайды, ал ұйымдасқан коммерциялық қатынас заң жүзiнде қуғындалуда. Тiркемесiз немесе ресми тiркелусiз тұру құжатының болмауы, ЖЖБИ жұқтыруы туралы жорамал полицияның КЖҚҚ-ны ұстауы үшiн негiз болып табылады және осы негiздер практикада жиi қолданылуда. КЖҚҚ-ға қатысты АҚТҚ мен ЖЖБИ-ге қатысты мәжбүрлеп тексеру және олар анықталған жағдайда ЖЖБИ-дi ықтиярсыз емдеу мәжбүрлеу сипатындағы шаралар болып табылады.
Есiрткi тұтыну заң бойынша қуғындалмайды. Әйтсе де, есiрткiнi көп мөлшерде заңсыз сатып алу мен сақтағаны үшiн қылмыстық жаза көзделген. Бұл ретте, нашақор заңды түрде есiрткi сатып ала алмайды. Ал, нашақордың бiр рет қолдануынан артық мөлшерi iрi болып саналады. Ол үшiн ешқандай негiзсiз ИЕТ-тi қамау, ұстау, тiнту әлеуеттi құрылымдар үшiн дәстүрге айналған. Атап айтқанда, ИЕТ-тi мәжбүрлеп емдеу, АҚТҚ мен ЖЖБИ-ге қатысты мәжбүрлеп тексеру сияқты, мәжбүрлеу сипатындағы шаралар қолданылуы мүмкiн.
Сөйтiп, қазiргi құқықтық қатынастар халықтың мiнез-құлқы ауытқулы топтары арасында ЖҚТБ/АҚТҚ профилактикасын жүргiзуге жәрдемдеспейдi және мiнез-құлқы қатерлi топтар өкiлдерiн мемлекеттік құрылымдармен байланысқа түсуден бас тартуға мәжбүр етуде.
3.2.7. Өндiрiстiк сектордың қарсы шаралары
Осы уақытқа дейiн ЖҚТВ/АҚТҚ iндетi өндiрiстiк секторға алаңдатушылық туғызған жоқ. ЖҚТБ/АҚТҚ-ның профилактикасы бойынша Темiртау қаласындағы халықтың осал топтарының арасында және "Испат-Кармет" металлургиялық комбинаты өзiнiң жекелеген жұмысшыларының арасында араласуды қолдау жалпы ережеден тыс шығу болып табылады. Жастар жұмыс iстейтiн кәсiпорын иелерi ақпараттық материалдарды, алдын алу бағдарламаларын басып шығаруды қаржыландыруға, өздерiнiң жұмысшыларын презервативтермен жабдықтауға қатыспайды.
3.2.8. Қорыту
Қазiргi уақытта, ЖҚТБ/АҚТҚ iндетiне қарсы шара қабылдау iндеттiң таралуын тежеу мiндеттерiн шешуге барабар емес. Негiзгi ресурстар осы уақытқа дейiн алдын алу iс-шараларын жүргiзуге емес, АҚТҚ-сы бар адамдарды анықтауға бағытталған.
Бұл ретте, АҚТҚ-ға мәжбүрлеп тестiлеу және АҚТҚ-ның оң нәтижесi бар жеке адамдардың құқығын нақты шектеу адамдардың өзiнiң АҚТҚ мәртебесi туралы бiлмеуi, керiсiнше оларға заң алдындағы жауаптылықтың қосымша ауыртпалығы жүктелетiн мәлiметтер алудан жалтаруға әкеледi. АҚТҚ-ның оң нәтижесi бар жағдайда осындай адамдар басқа адамдарға аңдаусыз жұқтыруы мүмкiн.
Профилактика және ЖҚТБ-ға қарсы күрес қызметтерiнiң мақсатты топтардағы жұмысы олардың өкілдерiнің мiнез-құлқын қауiпсiз түрiне елеулi өзгертуiн әлi де болса қамтамасыз еткен жоқ. Наркологиялық және терi-венерологиялық аурулары қызметтерiнiң саясаты АҚТҚ-ның таратылу профилактикасының проблемаларына жеткiлiктi түрде байланыстырылмаған. Бiлiм беру секторының салауатты өмiр салтын қалыптастыруға қатысуы жастар арасындағы АҚТҚ-ның таралуын болдырмау аспектiсiнде шектелiп қалып отыр. Алдын алуға араласудың негiзiне нашақорлықтан немесе тұрақты жыныстық қатынастардан толық бас тарту болмасын, қоғамдық моральға қайшы келедi деп танылған тәртiп нысандарынан толық бас тарту доктринасы қаланады. Осындай доктриналар ұсынылып отырған шаралар олар үшiн ыңғайсыз халықтың осал топтарына АҚТҚ-ның шоғырлануымен сипатталатын iндеттiк жағдайларды ескермейдi. Олар АҚТҚ-ның одан әрi таралуына жанама әсер ететiн алдын алу бағдарламаларын қамтудан мақсатты топ өкiлдерiн терiс қаратады. Зиянды азайту стратегиясы АҚТҚ-ның экспансиясына ең аз мөлшерде әсер етуге ғана мүмкiншiлiгi бар мейлiнше шектелген көлемде iске асырылады.
Мiнез-құлқы қатерлi халық топтарына қатысты заңдардың жалпы ырықтандырылуына қарамастан, қабылданған практика ең жақсы күйiнде оларға шыдамдылық көрсетуге бағытталған, бiрақ олардың құқықтарын қорғау жөніндегі шараларға емес. Қолданыстағы құқықтық қатынастар, тұтас алғанда халықтың мiнез-құлқы қатерлi топтары өкiлдерiнің мемлекеттік құрылымдардан жасырынуына мәжбүр етуде.
Қолданыстағы заңнамалық және нормативтiк құқықтық актiлерге негiзделген шектеу практикалары АҚТҚ жұқтыруға қатысты халықтың мiнез-құлқы қатерлi топтардың осалдығын арттырады. Олар осал топтар өкiлдерiнiң қауiпсiз өмiр салтын жүргiзуге әсер ету мақсаты бар білім беру бағдарламаларына, ақпараттарға, консультацияларға қол жеткізуiн шектейдi. ЖЖБИ-мен ауыратындарды қудалау, жасырын дәрiгерлiк қызмет көрсетулердiң жеткiлiксiз деңгейi; жеке басын куәландыратын құжаттарды беруiн, жауапкершiлiкке тарту қаупiмен әрiптесi туралы ақпарат беруiн талап ету; мәжбүрлеп емханаға жатқызу персоналдың дұрыс қарамауы; таныстарын кездестiрiп қалудан қорқып мамандандырылған мекемелерге баруға психологиялық дайын еместігi; медициналық қызмет көрсетудiң және дәрілердiң қымбаттығы ЖҚТБ/АҚТҚ-ның биологиялық қабылдануын арттыратын аурулардың жоғары деңгейде таралуына және аз көрiнуiне қолдау көрсетедi.
ЖҚТБ/АҚТҚ iндетiне тиiмдi шара қолдануға қажет түрде жұмылдырылмаған әртүрлi қоғамдық қызметтердiң нашар үйлестiрiлуi және ресурстардың жетiспеушілігi кедергi болып отыр. ЖҚТБ/АҚТҚ проблемасы денсаулық сақтау проблемасы секiлдi қаралуын жалғасуда, дегенмен, ЖҚТБ/АҚТҚ-ға қарсы тұру қазiргi уақытта медицина қызметiнiң мүмкiншiлiгi шектелгендiктен, адамдардың мiнез-құлқын өзгертуге құрылуда.
4. Бағдарламаны іске асырудың мақсаты және
оның міндеттері
Бағдарлама елiмiздегi ЖҚТБ/АҚТҚ профилактикасының пәрмендi жүйесiн құруға бағытталған. Талдау көрсеткендей, елiмiздегi АҚТҚ-ның таралуын тұрақтандыруға қол жеткiзе аларлық мынадай мақсаттарды (басымдығын кемiту тәртібімен) қойып, қол жеткізуге болады:
1 мақсат. АҚТҚ-ның бас сатыға көшуiн болдырмай оның шоғырлануы сатысында таралуын тұрақтандыру: 2005 жылдың соңында ИЕТ арасындағы АҚТҚ-ның таратылуы елiмiз бойынша тұтас алғанда, 5%-дан аспауы керек; бұл ретте, АҚТҚ-ны жыныстық жолмен жұқтырған адамдардың үлесi жұқтыру жолдарының құрылымында 20%-дан аспауы тиiс.
Шешiлуге тиiстi мiндеттер:
профилактикалық бағдарламаға тұрақты тартылған ИЕТ-тiң үлесiн олардың бағаланатын санының 50%-не дейiн арттыру;
профилактикалық бағдарламаға тұрақты тартылған КЖҚҚ-ның үлесiн олардың бағаланатын санының 50%-не дейiн арттыру;
iндет шоғырланған (екi жыныстың да ИЕТ және КЖҚҚ) топ өкiлдерiнiң өз еркiмен жасырын негiзде консультация және тестiлеу алуы үшiн қаралуын олардың бағаланатын санынан 50%-ға дейiн арттыру;
халықтың осал топтарына профилактикалық бағдарламаларды iске асыру үшiн қолдаушы қоғамдық орта құру;
мiнез-құлқы қатерлі қоғамдастық өкiлдерiнiң қан және тiн өткізуге рұқсатын шектеу.
2 мақсат. Халықтың ИЕТ және КЖҚҚ топтарының АҚТҚ-мен жұқтыруына қатысты осал топтардың жастар арасындағы жаңа адамдармен толығуын азайту, жастардың қауiптi жыныстық тәртібін кемiту.
Шешiлуге тиiстi мiндеттер:
ұйымдастырылған ұжымдарда жергiлiктi жерлерде есiрткiнiң және ретсiз жыныстық қатынастардың зиян екендiгiн, сондай-ақ АҚТҚ-ны жұқтырудан қорғану шараларын түсiндiрiп, білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру;
қауiпсiз жыныс қатынасы мен есiрткiсiз өмiр сүрудi көпшiлiкке түсiндiруге бағытталған жастар саясатын әзiрлеу және жүзеге асыру.
3 мақсат. АҚТҚ-сы бар адамдардың кемiнде 80%-ын олардың ықтимал байланысы деңгейiн төмендететiн медициналық және әлеуметтiк бағдарламалармен қамтамасыз ету.
Шешiлуге тиiстi мiндеттер:
АҚТҚ-сы бар адамдарды ақпараттармен, психологиялық қолдаумен, презервативтермен, отбасы құруды жоспарлау бағдарламаларымен қамтамасыз ету;
АҚТҚ-сы бар адамдардың әлеуметтiк бейiмделу мәселелерiн шешудi профилактика және ЖҚТБ-ға қарсы күрес жөніндегі орталықтардың қызметiне негiзгi бағыттардың бiрi ретiнде енгізу және ЖҚТБ/АҚТҚ салдарынан ауыртпалығын азайту жөніндегі iс-шаралар әзiрлеу;
АҚТҚ-сы бар адамдарға қоздырғышқа қарсы ем беру жолымен қоздырғыш жүктемесінің азаюын қамтамасыз ету.
Жоғарыда көрсетiлген мiндеттердiң шешiлуi ЖҚТБ/АҚТҚ iндетiне қарсы iс-әрекет жөніндегі мемлекеттік саясат тұжырымдамасында айқындалған стратегиялық бағыттар шеңберiнде жүруi тиiс.
5. Негізгі бағыт және бағдарламаны іске асырудың тетігі
5.1 ЖҚТБ/АҚТҚ-ның проблемасына және құқық қолдану практикасына
байланысты құқықтық қатынастар бойынша заңнамалық базаны
жетiлдiру, мiнез-құлқы қатерлi және АҚТҚ-сы бар адамдардың
конституциялық кепiлдік берiлген құқықтары мен бостандықтарын
қорғау
Профилактикалық бағдарламалар үшiн олардың неғұрлым ашықтығына қол жеткізу мақсатында тәртiптiң девианттық нысандарындағы адамдардың - ИЕТ, КЖҚҚ, МСМ және басқалары, сондай-ақ ЖҚТБ/АҚТҚ-сы бар адамдардың конституциялық құқықтарын және бостандықтарын қамтамасыз ету ЖҚТБ/АҚТҚ iндетiне қарсы күрес саясатын жүзеге асыру кезіндегі ең басты мiндеттердің бiрi болып табылады. Заңнамалық база және құқықтық қолдану практикасы жоғары қатерлi топ өкiлдерiне өздерiнің тәртібін одан гөрi қауiпсiз тәртiпке өзгертуге тиiмдi көмек көрсету мүмкiншiлiгiне қайшы келмеуi тиiс, яғни, олардың мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардан тұйықталуына түрткi болмауы тиiс. АҚТҚ инфекциясының олардың ортасында төмендеуi, яғни АҚТҚ-ның осы топтардан халықтың қалған бөлiгiне берiлу мүмкiншiлiгiнiң кемуi мiнез-құлқының қатерi жоғары топтар өкілдерiнiң одан гөрi қауiпсiз тәртiптi саналы таңдауының салдары болады.
АҚТҚ-сы бар және мiнез-құлқы қатерлi адамдардың әлеуметтiк бейiмделуiне қолдау көрсету, мемлекет және қоғам тарапынан оларға қажеттi көмек көрсету үшiн жағдайлармен қамтамасыз етiлуi тиiс. Мемлекеттік құрылымдар мен мiнез-құлқы қатерлi адамдар арасында өзара төзiмдiлiк қатынасын қамтамасыз ететiн құқықтық шаралар әзiрлеу, медициналық және әлеуметтiк қызметкерлердiң АҚТҚ-сы бар адамдар туралы мәлiметтердi таратқаны үшiн жауапкершіліктi күшейту қажет.
Құқықтық және құқық қорғау секторларының басымдықты iс-шаралары мыналар болуы тиiс:
жауапкершiлiк туған сәттен бастап нақты бiржолғы дозаларды назарға ала отырып, шағын, iрi және өте iрi ретiнде сақталатын есiрткiлердiң мөлшерiн айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлердi қайта қарау;
мiнез-құлқының қатерi жоғары топтарға қатысты полиция қызметiн тек шектеушi практикада ғана емес олардың заңды құқықтарын қорғауға бағыттау; олардың мiнез-құлқының ықтимал қатерiн ескере отырып, бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдарды ЖҚТБ/АҚТҚ-ге профилактикалық бағдарламалармен қамтамасыз ету;