Инъекция үшiн барлық жерде пайдаланылатын басымдықты есiрткi героин болып табылады. Қолдан жасалатын апиын шикiзаты препараттарын инъекциялық енгізу онша таралмаған. Героин мен апиын шикiзатын тұтынудың қатынасы Алматы қаласында 9:1 болса, Темiртау қаласында 6:4. ИЕТ-тке сұрау салу мәлiметтерi бойынша осы топта белгiлi бiр дәрежеде жер-жерлерде қолданылатын мынадай тәжiрибелер:
Есiрткi инъекциясы үшiн ортақ иненi пайдалану, соның ішінде бiр компанияда бiр иненi қолдануды енгізу; мұндай тәжiрибенi аракiдiк болса да, ИЕТ-тiң 60% қолданады;
қайта пайдаланылатын инелердің санынан есiрткiлердiң ерiтiндiлерiн жинау;
есiрткiнi дайындау процесiнде адам қанын пайдалану АҚТҚ жұғуының көзқарасы тұрғысынан алғанда, қауiптi болып табылады.
Астана, Павлодар, Тараз қалаларындағы негiзгi ақпарат берушiлермен сұхбаттардың нәтижесiнде, iс жүзiнде бiр де бiр есiрткi тұтынушы оларды қайтадан қолдану кезiнде пайдаланылған инелердi тиiмдi тазалауды қамтамасыз ете алмайтыны анықталды. Есiрткi енгізудiң қазiргi тәжiрибелерiн ескере отырып, таяудағы 2-3 жыл iшiнде Астана, Павлодар, Петропавл, Өскемен және Тараз қалаларында ИЕТ-тiң өз инфекциясы ошақтары пайда болған жағдайда инъекция арқылы 18 мыңға жуық адамға АҚТҚ жұғуы жөнiнде болжам жасалды.
БРИФ агенттiгi 1998-2000 жылдары орындаған сенiм пункттерiнiң клиенттерi арасында Темiртау қаласында (1997 ж.) (5) ЖҚТБ-ның алдын алу және күресу жөніндегі орталықтар есiрткi қызметi ұйымдарында есепте тұратын нашақорлар арасында (2000 ж.) (6) жүргiзiлген есiрткi тұтынушыларға әлеуметтiк сауал салулардың көптеген мәлiметтерi инъекциялық есiрткiнi қолдану кезiнде АҚТҚ-ны болдырмаудың жолдары туралы ИЕТ-тiң өте аз білетiнiн айғақтады. Мысалы, есiрткi диспансерлерiнде есепте тұратын ИЕТ-тiң 7% ортақ иненi пайдалану кезiнде АҚТҚ жұғатыны туралы тұжырымға мүлде келiспедi (740 адамға сұрау салынды). ИЕТ-тiң 11% ғана инъекциялық құралдарды тиiмдi тазалау туралы дұрыс түсiнiгi бар.
ИЕТ-тiң басым көпшiлiгi ретсiз жыныстық қатынасқа түседi. Мысалы, Павлодар және Тараз қалаларында сұрау салынған ИЕТ-тiң 65% соңғы үш ай iшiнде кездейсоқ танысқан бiрнеше немесе одан да көп адаммен жыныстық қатынасқа түскен. Бұл ретте ИЕТ-тің презервативтi пайдалану деңгейi 20%-дан аспаған. ИЕТ-тiң 20%-ға жуығы жыныстық жолмен берiлетiн инфекциялардың белгiлерiн өздерiнде байқаған. Соның өзiнде, сауал салулардың көрсеткенiндей, олардың жартысынан азы ғана терi-венерологиялық қызметтер ұйымдарынан медициналық көмек алуға дайын. Темiртау қаласында ЖЖБИ белгiлерi бар, ЖҚТБ-ның алдын алу және күресу жөніндегі орталығы терi-венерологиялық диспансерлерiне жолдамамен жіберген 120 ИЕТ-тің iшінен 60 ғана осы ұйымға барған (7). 2000 жылы Шымкент қаласында жүргiзiлген ИЕТ-тке сұрау салу АҚТҚ жыныстық трансмиссиясының алдын алу саласындағы хабардарлығы мейлiнше төмен екенiн айғақтады. Сұрау салынған 80 адамның бiр де бiреуi АҚТҚ инфекциясының алдын алу үшiн презервативтi пайдалану мәселесiне толық жауап бере алмады.
Өзiнiң мүлiктiк жағдайы бойынша ИЕТ-тiң көпшiлiгi халықтың кедей жiктерiне жатады, мұның өзi олардың қызметтерге, соның iшiнде медициналық ақпаратқа қол жетiмділігiн шектейдi.
2000 жылы Қазақстанның 5 аймағында (Астанада, Павлодарда, Петропавлда, Таразда және Өскеменде) орындалған ахуалды бағалауға сәйкес ИЕТ-тiң 90% есiрткi қолдануды жалғастыру ниетiнде тек әрбiр оныншысы ғана тиiстi тиiмдi медициналық жәрдем берiлген жағдайда оны қолдануды тоқтауға дайын.
──────────────────────────
(1) Де Джоун В., Лазоренко Б., Киунов В., және т.б. Қазақстан, Алматы қаласында инъекциялық нашақорлықтың таралуы. - Алматы, 1998.
(2) Бусель А. Астана, Павлодар, Петропавл, Тараз, Өскемен қалаларында инъекциялық нашақорлық пен АҚТВ инфекциясының таралуы. - Астана-Өскемен, 2000.
(3) Бусель А. Қазақстан, Темiртау қаласында инъекциялық нашақорлық пен АҚТВ инфекциясының таралуы. Темiртау, 1999.
(4) Суреш К., Бусель А., Савченко И. және басқалар. Қазақстан Республикасы, Шымкентте есiрткiнi iшкi қолдану ахуалын жедел бағалаудың нәтижелерi туралы есеп. - Шымкент, 1998.
(5) Қарағанды облысының Темiртау қаласында ЖЖБИ, ЖҚТБ/АҚТВ, алкоголь мен есiрткiге қатысты білімдi, көзқарасты, нанымды, тәртібін зерттеу жөніндегі есеп. - Темiртау, 1999.
(6) Қазақстан Республикасының нашақорлық қызметiнде есепте тұратын аурулар арасында әлеуметтiк сұрау салу жүргiзудiң нәтижелерi. - Алматы, 2000.
(7) "Қарағанды облысында және бүкiл республика бойынша ЖЖБИ, ЖҚТБ/АҚТВ-ның таралуына, сондай-ақ есiрткі қолдануға қарсы iс-қимыл жасау жөніндегі сектор аралық күш-жігерге көмек көрсету" 97/018 АД Қаз 98/Д 40 жобасы бойынша қорытынды есеп. - Алматы, 2000.
3.1.4. Коммерциялық жыныстық қатынас және халықтың жыныстық мiнез-құлқы қауiптi топтарында АҚТҚ таралуының себепшілерi
ИЕТ қауымдастығында АҚТҚ инфекциясы өсуiне қарай АҚТҚ-ның жыныстық жолмен таралуы неғұрлым артады. АҚТҚ-ны осылай таратуда коммерциялық жыныстық қатынас қызметкерлерi (КЖҚҚ) рөлi, сөзсiз арта түседi. Қазақстан Республикасы Терi-венерологиялық ғылыми-зерттеу институтының бағалауы бойынша көше кезетiн КЖҚҚ-ның жалпы саны 2000-ға жуықты құрайды. Жедел бағалау мәлiметтерi бойынша жаз кезiнде Алматыда жұмыс iстейтiн КЖҚҚ-ның жалпы саны 2000-ға жуық адамды құрайды. Орташа есеппен жылына орташа 240 -қа (8) жуық жұмыс күнiнде көшедегi КЖҚҚ клиенттерiнің саны күнiне 1-3 адам. Өзгеше айтқанда, жыл бойы Алматы қаласында КЖҚҚ 1 миллионнан астам жыныстық қатынасқа түседi. Шымкент қаласында 1999 жылдың қысында КЖҚҚ-ның саны 2000-ға жуық адамды құрады, соның iшiнде 250 (9) көшеде жұмыс iстедi. Астана қаласында 2001 жылдың ақпанында бiр мезгілде күнiне 600 -ге (10) жуық КЖҚҚ жұмыс iстедi.
Көшедегi КЖҚҚ, әдетте, клиенттерi белгiлейтiн жерлерде жыныстық қатынасқа түседi, мұның өзі, әйелдердiң жағдайды, соның iшiнде қауiпсiз жыныстық қатынас шарттарының сақталуын бақылауға алу мүмкiндiгiн төмендетедi. Қылмыстық топтардың өкілдерi, жыныстық ауытқулары бар, алкогольдiк немесе нашақорлық масаңдығы салдарынан өзiн өзi билей алмайтын адамдар көшедегi КЖҚҚ-ның клиенттерi болуы жиi кездеседi. Көшедегi КЖҚҚ клиенттерi тарапынан зорлық көрсетiлуiне жиi ұшырайды. Көшедегi КЖҚҚ өздерiнiң материалдық жағдайы бойынша халықтың ең кедей жiгiне жатады, мұның өзi ақпарат пен медициналық қызмет алу мүмкiндiгiн шектейдi.
2000 жылы Алматы қаласында 70 КЖҚҚ-ға жүргiзiлген зерттеулердің нәтижесiнде олардың 27-де (39%) сифилис анықталды, мұның өзi қауiптi жыныстық мiнез-құлық практикасын көрсетедi. Алматы қаласы көшелеріндегі сұрау салынған КЖҚҚ-ның 2% инъекциялық есiрткi тұтынатындары туралы хабарлады (барлығы 100 адамға сұрау салынды). Негiзгi ақпарат берушiлердiң мәлiметтерi бойынша КЖҚҚ-ның арасында инъекциялық есiрткi тұтыну 30%-ға жеткен. Әйел жынысты КЖҚҚ-ның көпшiлiгi есiрткi сатып алуға қаражат табу мақсатында жыныстық қызмет көрсетедi. 2000 жылы КЖҚҚ-ның алдын алу және күресу жөніндегі республикалық орталық Қазақстанның әртүрлi қалаларында орындалған КЖҚҚ-ға сұрау салудың нәтижесiне сәйкес сұрау салынғандардың 44,5% ғана презервативтердi тұрақты пайдаланған. КЖҚҚ-ның ЖҚТБ/АҚТҚ мен ЖЖБИ туралы хабардарлығы жеткiлiксiз. Алматы (11) қаласында жүргiзiлген әйел жынысты КЖҚҚ-ға сұрау салу кезiнде олардың бiрде бiрi ЖҚТБ/АҚТҚ мен ЖЖБИ-дiң алдын алуды жеке басындағы басымдықтардың бестiгiне енгiзбеген. КЖҚҚ-ның бiрен-сараңы ғана ЖЖБИ нышандары байқалған жағдайда ғана терi-венерологиялық диспансерге барады, мұның өзiн олар медициналық қызмет көрсету шарттарының қолайсыздығымен түсіндiредi.
Әйелдермен бiрге еркектердiң де коммерциялық жыныстық қатынастары орын алуда. 1999 жылы Алматыда әйелдермен бiрге еркектерге де жыныстық қызмет көрсетудi ұсынатын еркектердiң саны мыңға жуық адамды құрады. Еркектермен жыныстық қатынасқа түсетiн еркектер, жалпы алғанда, халықтың мiнез-құлқы қауiптi топтардың бiрi болып табылады (12). Алматы қаласында жүргiзiлген 100 ЕЖЕ-ге сұрау салу, олардың 35% есiрткiнi немесе басқа да психоактивтi құралдарды тұтынатынын көрсеттi. Сұрау салынғандардың 52%-да соңғы 12 ай iшiнде ЖЖБИ не сифилис, гонорея немесе урогениталдық хламидиоздың нышандары байқалған. Бұл ретте, сұрау салынғандардың 21 жастан жасы төмендердің 70% және 21 жастан ересектердiң 53% кездейсоқ әрiптестермен жыныстық қатынас жасау кезiнде презервативтi пайдаланбайды немесе тұрақты пайдаланбайды. Алайда, ЖЖБИ кезіндегі мемлекеттік медициналық қызмет көрсетудiң шарттары сұрау салынғандардың көпшiлiгi үшiн қолайсыз. Осы себептен олар көлеңкедегi сектордың қызметiне жүгiнедi немесе өз бетiнше емделедi, мұның өзi ЖЖБИ-ден сауығу мүмкiндігiн төмендетедi және АҚТҚ жұғуы қатерiн арттырады. ЕЖЕ-нiң АҚТҚ жыныстық трансмиссиясының профилактика жолдары туралы білім деңгейi шектеулi. Соның салдарынан, 70% ғана алдын алуды презервативпен байланыстырады.
Бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдар ИЕТ пен КЖҚҚ мiнез-құлық қатерінің деңгейi бойынша халықтың айрықша топтарына жатады. Алматы және Шымкент қалаларында ИЕТ-ке арналған сенiм пункттерiне жасырын келушілердің арасында жүргiзiлген сұрау салу пенитенциарлық мекемелердегi адамдардың 30% -ға дейiнi не бiр шаралар қолданылғанымен, есiрткiге қол жеткiзетiн нашақорлар екенiн айғақтады. Бұл ретте, инъекциялық құралдар тазаланбайды және әбден жарамсызданғанға дейiн пайдаланылады. 2001 жылы Қаз 99/02 жобасы шеңберiнде Қарағанды облысының пенитенциарлық мекемелерiнде жүргiзiлген эпидемиологиялық қадағалаудың нәтижесi сотталғандардың арасында (400-ден астам - адам тексерiлдi, қадамдық iрiктеу) С гепатитiнiң қоздырғышын 42% жұқтырғанын көрсеттi.
Нақ осы сұрау салудың мәлiметтерiне сәйкес бас бостандығынан айырылған адамдардың жартысынан астамы бiртектес жыныстық қатынастарға түседi және бұл ретте презерватив пайдаланылмайды. Пенитенциарлық мекемелердiң халқы арасында ЖЖБИ-дің кеңiнен таралуы қауiптi жыныстық мiнез-құлықты көрсетедi. Мысалы, 200 адамды қамтитын Терi-венерологиялық ғылыми-зерттеу институты жүргiзген Алматы облысы қылмыстық атқару жүйесi мекемелерiнiң бiрiн зерттеудiң нәтижесiнде (1998 ж.) 10% -да сифилис анықталды.
Сонымен бiрге, 2000 жылдың аяғында пенитенциарлық мекемелердегi АҚТҚ бар адамдардың саны 300 адам құрады немесе бас бостандығынан айырылған 10 000 адамның 38-i, мұның өзi жалпы санындағы олардың бағалау үлесiнен 5 есе жоғары. Қабылданған рәсiмдерге сәйкес бас бостандығынан айырылған адамдар мiндеттi түрде АҚТҚ-ға тестiден өткізiледi және оң нәтиже берген адамдар оқшауландырылады. Алайда, АҚТҚ жұғуы мен қоздырғыш көрiнуi кезеңiнiң ұзақтығына байланысты аталған сүзгiнiң сенiмдiлiгi кеми түседi. Тесттiң жалған терiс нәтижесінiң саны күрт көбейедi.
Қаз 99/02 жобасы шеңберiнде Қарағанды облысының үш түзеу мекемесiнде жүргiзiлген социологиялық зерттеулер сотталғандар арасында ЖҚТБ/АҚТҚ профилактикасы мәселелерiн бiлу деңгейi төмен екенiн айғақтады. АҚТҚ таралу жолдары, құралдарды пайдалану ережесi мен презервативтердi пайдаланудың ережелерi туралы сұрақтар кешенiне сұрау салынғандардың небәрi 4% ғана дұрыс жауап бердi (120 адамға сұрау салынды).
────────────────────
(8) Морган Р. Қазақстан, Алматыдағы коммерциялық жыныстық қатынасты бағалау. - Алматы, 1997.
(9) Құрманова Г. Қазақстан, Шымкент қаласындағы коммерциялық түрде жыныстық қатынаспен айналысатындар арасында ЖЖБИ/ЖҚТБ/АҚТВ таралуын шектеу саласындағы ахуалды бағалау жөнiндегі есеп. - Шымкент, 1999.
(10) Құрманова Г. Астана қаласындағы коммерциялық түрде жыныстық қатынаспен айналысатындар арасында жыныстық жолмен таралатын инфекциялардың таралуы саласындағы ахуалды бағалаудың нәтижелерi туралы есеп. - Астана, 2001.
(11) Құрманова Г. Қазақстан, Шымкент қаласындағы коммерциялық түрде жыныстық қатынаспен айналысатындар мен олардың клиенттерi арасында ЖЖБИ/ЖҚТБ/АҚТВ таралуын шектеуге бағытталған алдын алу бағдарламаларын дамытуға техникалық көмек көрсетудi қамтамасыз ету туралы есеп. - Алматы, 1999.
(12) Жүсiпов Б. Алматы қаласындағы еркектермен жыныстық қатынасқа түсетiн еркектердiң мiнез-құлқын бағалаудың нәтижелерi туралы есеп. - Алматы, 2001.
3.1.5. Жастар және АҚТҚ
КЖҚҚ мен ИЕТ-тiң қатарын жастар толықтыратыны күмәнсiз. Қазақстан Республикасында 15-23 жастағы адамдардың жалпы саны 2,9 миллион адам немесе ел халқының 20% жуығын құрайды. Әлбетте, нақ осы жаста жетiлу процестерiмен бiрге дүниетанымы, адамдармен қатынастары және жыныстық қатынастарының да қалыптасуы қатар жүредi. Осыған байланысты, ЖҚТБ/АҚТҚ-ның таралуы олармен байланыстырылатын өздерi үшiн жаңа әлеуметтiк құбылыстарға жастардың дайындығы маңызды көрсеткiш болып табылады. 1997 жылы Терi-венерологиялық ғылыми-зерттеу институты жүргiзген Алматы қаласы мектеп оқушылары - жасөспiрiмдерге сұрау салудың мәлiметтерi бойынша 400 жауап берушiнiң 13% 15 жасқа дейiн-ақ жыныстық қатынасқа түсiп үлгерген. 4% есiрткiнiң дәмiн татқан, 23% алкогольдің дәмiн татқан жыныстық қатынасқа белсендi жастардың 9% ЖЖБИ-ге шалдыққаны туралы хабарлады. 2000 жылы жасөспiрiмдердiң инъекциялық нашақорлықтың тiркелген жағдайларының таралуы 10 000 адамға 107, 1997 жылмен салыстырғанда 1,3 есе өскен. 1800 жасөспiрiмнiң 2000 жылы әрбiреуiнде алғаш рет сифилис анықталған (13). 1997 жылдан берi Қазақстан Республикасында жасөспiрiмдердің сифилиспен тiркелген ауыруы ұдайы төмендеп отырғанымен, осы құбылыстың табиғаты келушiлер санының азаюымен байланысты болуы мүмкiн. Жоғарыда аталған сұрау салудың мәлiметтерi 1997 жылы ЖЖБИ кезiнде медициналық көмек көрсетудiң жағдайлары сұрау салынғандардың 64% үшiн қолайсыз екенiн айғақтады.
Социологиялық зерттеулерге қатысқан жауап берушiлердiң пiкiрiнше, есiрткi тұтыну жастар мәдениетiнiң құрамдас бөлiгiне айналды. Қазақстанның 5 аймағындағы есiрткiнi тұтыну ахуалы туралы мәлiметтер бойынша жоғары оқу орындары студенттерiнiң үштен бiрiне жуығының есiрткi тұтыну тәжiрибесi бар.
Қазақстандағы демография және денсаулықты қадағалау жөніндегі есептiң мәлiметтерiне сәйкес (14) 15-19 жастағы ерлердiң 16,9% және әйелдердің 33% АҚТҚ инфекциясын қалай болдырмау керек екенiн бiлмейдi (барлығы 226 ер адам мен 791 адамға сұрау салынды). Сұрау салынған ер адамдардың 27,4% және әйелдердің 65% кездейсоқ әрiптесiмен жыныстық қатынас жасау кезiнде презервативтi пайдаланбайды.
────────────────────
(13) Кешилева З.Б., Косухин А.Б., Мурзанова Р.С. және т.б. Жасөспiрiмдер: жыныстық жолмен берiлетiн аурулар, олардың біліммен және мiнез-құлық ерекшелiктерiмен байланысы//Қазақстандағы денсаулық сақтау, 1997, № 9, 71-73б.
(14) Шарман А., Құрманғалиева Е. ЖҚТБ/АҚТВ және жыныстық жолмен берілетiн басқа да инфекциялар//Қазақстан: демография мен денсаулыққа шолу, 1999.
3.1.6. Қорыту
Сөйтiп, қазiргi уақытта, Қазақстанда АҚТҚ-ның инъекциялық және жыныстық жолмен таралу жолдары неғұрлым маңызды болып табылады. Қазiргi таңда, инфекция таралуының негiзгi жолы - есiрткi енгiзiлетiн инъекция. АҚТҚ-ның басым таралуындағы осы жолдың маңыздылығы АҚТҚ-ның таралуының анықталған басқа жолдарының бәрiн қоса алғанда, 5,5 есе жоғары. АҚТҚ-ның таралуының маңыздылығы бойынша екiншi жолы - жыныстық жолмен таралуы. 250000 адамға дейiн жететiн инъекциялық есiрткi тұтынуды практикаға енгiзген халықтың тобы АҚТҚ-ның таралуы тұрғысынан алғанда, оларды енгізуi қауiптi және жұқтырмау жолдары туралы түсiнiктерi тайыз, мұның өзi олардың өкiлдерiне саналы таңдау жасауға мүмкiндiк бермейдi. Бұдан басқа, ИЕТ-тiң қауiптi жыныстық мiнез-құлқын практикаға енгiзген және өздерiн неғұрлым мiнез-құлықпен ұстауға баламалы білімi жоқ.
Көптеген кездейсоқ әрiптестермен жыныстық қатынастарға жиi түсетiн халықтың тобы - коммерциялық түрде жыныстық қатынаспен айналысушылар да АҚТҚ-ның жұғуы мен таралуы ықтималдығын арттыратын презервативтi пайдаланусыз әрi ЖЖБИ-дi емдемеуi сияқты АҚТҚ-ның жұғуы тұрғысынан алғанда, қауiптi мiнез-құлық ұстануда. Халықтың осы тобының АҚТҚ инфекциясының практикасы туралы мағлұматтануы қанағаттанғысыз. Соның салдарынан, бiрқатар коммерциялық түрде жыныстық қатынаспен айналысушылардың ИЕТ тобында да болуына, көшеде айналысушылардың ғана құрамының көп - 20 000 адам, болуына және жыныстық қызметке сұраныстың жоғары болуына таяу болашақта байланысты АҚТҚ-ның таралуында осы топтың маңызы артатынын нық сенiммен болжауға болады.
Жастар алдыңғы екi топты толықтыратын халық тобын құрайды. Ахуалды талдау, күнi бүгiн жастар мен жасөспiрiмдер арасында инъекциялық есiрткiнi тұтыну мен қауiптi жыныстық қатынастан бас тарту үшiн санаға жетерлiк уәж жоқ екенiн көрсеттi. Мұның өзi, АҚТҚ-ның таралуы ықтималдығын арттырады.
3.2. ЖҚТБ/АҚТҚ iндетiне қарсы iс-шараларды шолу
Қазақстан Республикасында ЖҚТБ-мен күрестiң бағыттарын айқындайтын бiрқатар заңи және нормативтiк кесiмдер қолданылуда. Бұл кесiмдердiң iшiнде "ЖҚТБ ауруының алдын алу туралы" 1994 жылы қабылданған Заң бар. ЖҚТБ/АҚТҚ-мен күресу мәселелерi "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Заңда, Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қарашадағы № 4153 Жарлығымен бекітілген "Халықтың денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасында, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында Нашақорлықпен және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2000 жылғы 16 мамырдағы № 395 Жарлығында көрсетiлген. Елде денсаулық сақтау саласы шеңберiнде ерекше үлгiдегi мамандандырылған мемлекеттік мекемелердiң құрылымы - ЖҚТБ-ның профилактикасы және онымен күресу жөніндегі орталықтар құрылды. Бұл орталықтар наркологиялық, венерологиялық қызметтермен, ана мен баланың денсаулығын сақтау, қан құю қызметтерiмен өзара iс-әрекет жасап, салауатты өмiр салтын қалыптастыру және т.б. жөніндегі өз қызметiн үйлестіредi.
3.2.1. ЖҚТБ/АҚТҚ iндетiне байланысты денсаулық сақтауда қабылданған практика
Ахуалдық талдаудың мәлiметтерiн ескере отырып, Қазақстанда АҚТҚ таралуының негiзгi себепшiсi ИЕТ>>КЖҚҚ>> жастар тiзбегiнде АҚТҚ-ның таралу мәнi азаятын белгiлi бiр қауымдастықтардағы адамдардың қауiптi мiнез-құлқы болып табылады. АҚТҚ инфекциясының таралуына қисынды жауап осы себепшiнiң әсерiн әлсiретуге бағытталған iс-шаралар болуы тиiс. Алайда, халықтың осал топтары арасындағы профилактикалық шаралар осы қауымдастықтар өкiлдерiнiң 1% азын қамтыған шектеулi ауқымда жүргiзiлдi.
3.2.1.1. АҚТҚ таралуын болдырмау үшiн дәстүрлi қарсы шаралардың тиiмдiлiгiн талдау
Күнi бүгiнге дейiн пайдаланылып келген АҚТҚ инфекциясының профилактикасының тактикасы басқа инфекциялық ауруларға қатысты қабылданған тактикадан елеулi түрде ерекшеленген жоқ. Ол АҚТҚ бар адамдарды неғұрлым көбiрек анықтау, эпидемиологиялық тiзбектi табу, олардың байланыстарын анықтау және эпидемиологиялық процеске араласу арқылы инфекцияны тоқтату әрекетiмен тұйықталды. Бұл ретте, халықтың осал топтарының неғұрлым қауiпсiз мiнез-құлықты ұстануы арқылы ЖҚТБ/АҚТҚ-ның тиiмдi профилактикасының халықаралық тәжiрибесi назарға алынбауда. Өзiнiң оң АҚТҚ-сы бар екенi туралы ақпарат алған сәттен бастап адам басқа адамдарға жұқтыруы мүмкiн әрекеттерi үшiн қылмыстық жауапкершiлiкке тартылуы ықтимал. Пенитенциарлық мекемелерде АҚТҚ-сы бар адамдар бас бостандығынан айырылған адамдардан қатаң оқшауландырылады.
Сөйтiп, оң АҚТҚ-сы болуы адамға қосымша жауапкершiлiк жүктейдi. Сондықтан, адамдар өзiнiң АҚТҚ-сы туралы ақпарат алуға мүдделi емес. 2000 жылы АҚТҚ-ға тексерiлу мақсатында өз еркiмен ниет бiлдiрген адамдардың үлесi осындай келушiлердің 0,008%-де АҚТҚ анықталуы кезiнде жалпы келушiлердiң 1,5% ғана құрады. Мұның өзi, ИЕТ қауымдастығында АҚТҚ анықталуынан шамамен 60 есе кем.
Қазақстанда АҚТҚ инфекциясы бар адамдарды анықтау жасырын емес, мiндеттеу әрi мәжбүрлеп тестiден өткiзiлiп жүргiзiлуде. Мұндай практикадан бас тартылған жағдайда АҚТҚ инфекциясы анықталған адамдардың саны екi есе дерлiк аз болар едi. ЖҚТБ-ның профилактикасы және онымен күресу қызметiнiң мүдделерi инфекция таралуының ауқымын қоғамдық сананың түйсiнуiн талап етедi. Сонымен бiрге, халықтың осал топтарына, ең алдымен ИЕТ топтарына ену проблемасы елде шешiлмеуде. Сонымен бiр мезгiлде, инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында АҚТҚ-сы бар адамдардың жеке тәртібіне бақылау орнатудың тиiмдi екенiне ешқандай дәлел жоқ, табиғаты бойынша шектеу сипатында болғандықтан, мәжбүрлеп тестіден өткізу ИЕТ-тi одан әрi оқшаулауға әкеп соғады. Нәтижесiнде, АҚТҚ таралуын болдырмау тәсiлдерi туралы мағлұматтануы (3.1.-бөлiмдi қараңыз) мейлiнше нашар болғандықтан, ИЕТ профилактикалық бағдарлама ала алмайды әрi өзi үшiн тиiмдi тәртіпті саналы түрде таңдай алмайды.
Эпидемиологиялық қадағалау теориясы тұрғысынан алғанда, АҚТҚ-ға тестiден өткізу практикасы, оның үстiне таңдап алынуы мен қатысуы бойынша тексерiлетiн топтағы жүйесiз өзгерістерден туындайтын бағалау мен мониторингтегi өрескел қателерге әкеп соғады. Бұл жүйе профилактикалық бағдарламаларға бағытталған ЖҚТБ-ның профилактикасы және онымен күресу қызметiнiң ресурстарын жұтып қоятын нәтижесiз шығындарға әкеп соғады.
3.2.1.2. ИЕТ-тiң қатерлi тәртібін төмендетуге бағытталған тәсiлдердi iске асыру
1997 жылдан бастап елде БҰҰ/ЖҚТБ-ның бiрiктiрiлген бағдарламасының әрi БҰҰ-ның басқа да агенттiктерiнiң, сондай-ақ Сорос қорының қолдауымен ИЕТ-тiң неғұрлым қауiпсiз тәртібіне көмек көрсетуге, оларды ақпаратпен қамтамасыз етуге, неғұрлым қауiпсiз өмiр сүруге үйретуге, консультация беруге, шприцтер мен инелер, презервативтер, дезинфекциялау құралдарын, ЖЖБИ-дi емдеудi алмасу бағдарламаларымен қамтамасыз етуге бағытталған тәсiлдер iске асырылуда. Осы жобаны сынақ ретiнде Темiртау қаласында енгізу наркологиялық диспансерге есепке алғаш рет алынған ИЕТ-тiң арасында АҚТҚ-сы бар адамдардың үлесiнің алты есе кемiгенiн және НЭҚ-нiң нұсқамасы бойынша 1999 жылы тексерiлген топтардың арасында АҚТҚ-сы бар адамдардың үлесiнің 1998 (15) жылмен салыстырғанда бiр жарым есе кемiгенiн көрсеттi. 2000 жылы жүргiзiлген эпидемиологиялық қадағалаудың мәлiметтерi инъекциялық есiрткiнi 3 жылдан артық тұтынатын әрi бiр жылдан астам уақыт сенiм пункттерiнiң клиенттерi болып табылатын адамдар арасында есiрткiнi 3 жыл бойы тұтынатын, бiрақ осы пункттердiң клиентiне айналғанына 3 ай толмаған адамдарға қарағанда АҚТҚ-сы болуы деңгейi төмен екенiн көрсеттi. Сонымен бiр мезгiлде, тұтас алғанда Қазақстанда 2001 жылдың алғашқы 5 айында 2000 жылдың осындай кезеңiмен салыстырғанда, АҚТҚ инфекциясының бiр сәттiк таралуы 5 есе өстi, ал Темiртау қаласында 1,5 есе кемiдi. ИЕТ-тің профилактикалық бағдарламалармен жүйелi түрде қамтылу деңгейi өте төмен және олардың бағалау санының 5%-нан аспайтынын атап өту қажет.
Мысалға келтiрiлген тәжiрибенiң тиiмдiлiгіне қарамастан, оны жалпы ұлттық ауқымда қолданудың тетiгi күнi бүгiнге дейiн әзiрленген жоқ. Донорлар Алматы және Шымкент қалаларында қолдап отырған жобалардың практикасы оларды iске асыру ашылатын сенiм пункттерiн үй-жайлармен және кадрлармен қамтамасыз ету жөніндегі денсаулық сақтау ұйымдарының iшкi ресурстарын жұмылдыру арқылы қамтамасыз етiлуi мүмкiн екенiн көрсеттi, мұның өзi қосымша қаржы шығындарын талап етпейдi.
ИЕТ-тiң оннан бiр бөлiгi ғана оның болжамды нәтижелiлiгi жоғары болмай отырған кезде қолайлы медициналық оңалту көрсетiлген жағдайда есiрткi тұтынудан бас тартып отырғанына қарамастан, нашақорлықты алмастыру терапиясын қолдану туралы мәселе шешiлген жоқ. Оң халықаралық тәжiрибе мен Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының ұсыным бергенiне қарамастан, АҚТҚ жұғуы тұрғысында қауiптi инъекциялық есiрткi тұтынуды пероральдық есiрткi енгізумен ауыстыру стратегиясы сынап байқалмауда.