Қазақстан Республикасында ЖҚТБ-ның iндетiне қарсы iс-әрекет жөнiндегі
2001-2005 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 14 қыркүйектегі № 1207 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 02.08.02 ж. № 862 ;28.01.03 ж. № 98; 18.12.03 ж. № 1266
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 28.01.03 ж. № 98 қаулысымен осы қаулыға өзгерістер енгізілді (бұр. ред. қара)
Елдегi ЖҚТБ iндетiне қарсы iс-әрекет жөніндегі күрестi одан әрi күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының ЖҚТБ-ның iндетiне қарсы iс-әрекет жөніндегі 2001-2005 жылдарға арналған бағдарлама бекітілсiн.
2. Бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарында (бұдан әрi - Жоспар) белгiленген Орталық атқарушы органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Бағдарламаны iске асырудың барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне жарты жылда бiр рет есептi кезеңнен кейiнгi айдың 20-күнiнен кешiктiрмей ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Бағдарламаны iске асырудың барысы туралы жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне жылына екi рет 1 ақпанда және 1 тамызда ұсынсын.
4. Жоспарда көзделген iс-шаралардың жауапты орындаушылары болып табылатын орталық атқарушы органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Жоспарға өзгерістер мен толықтырулар туралы ұсыныстарын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне жылына бiр рет 5 желтоқсанда енгiзе алады.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Жоспарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы тиiстi шешiмнiң жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын 30 желтоқсанда енгізеді деп белгіленсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 1207 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында ЖҚТБ-ның індетіне қарсы іс-әрекет
жөніндегі 2001-2005 жылдарға арналған
бағдарлама
Қабылданған қысқартулар
ДСМ - Денсаулық сақтау министірлігі
АҚТҚ - Адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы
ДСҰ - Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы
ЖЖБИ - Жыныстық жолмен берiлетiн инфекциялар
IIМ - Iшкi iстер министрлігі
МАКМ - Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі
ҚорМ - Қорғаныс министрлігі
БҒМ - Бiлiм және ғылым министрлігі
ЕЖЕ - Еркектермен жыныстық қатынас жасайтын еркектер
ЕХҚМ - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ӘдМ - Әдiлет министрлігі
СҚ - салыстырмалы қатер
ИЕТ - Инъекциялық есiрткiлердi тұтынушылар
БҰҰ/ЖҚТБ - Бiрiккен Ұлттар Ұйымының ЖҚТБ/АҚТҚ
Бiрiктiрiлген жөніндегі бiрiктiрiлген бағдарламасы
Бағдарламасы
КЖҚҚ - коммерциялық жыныстық қатынас қызметкерлерi
БАҚ - бұқаралық ақпарат құралдары
ЖҚТБ - жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгiсi
ЮНЭЙДС - UNAIDS - United Nations Program on AIDS -
БҰҰ/ЖҚТБ бағдарламасының ағылшын әрiптiк қысқартуы
ЮНИСЕФ - UNICEF - United Nations Children s Fund -
БҰҰ Балалар қорының ағылшын әрiптiк қысқартуы
ЮНЕСКО - UNESCO - United Nations Educational Scientific and
Cultural Organization - БҰҰ-ның Бiлiм, ғылым мен
мәдениет жөніндегі ұйымы
БҰҰДБ - Бiрiккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасы
ТМД - Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы
Қазақстан Республикасында ЖҚТБ iндетiне қарсы iс-әрекет
жөніндегі 2001-2005 жылдарға арналған бағдарлама
1. Паспорт
ҚР Үкіметінің 02.08.02 ж. № 862; 28.01.03 № 98 (бұр. ред. қара); 18.12.03 ж. № 1266 қаулыларымен 1-бөлім өзгертілді
Бағдарламаның Қазақстан Республикасындағы
атауы ЖҚТБ/АҚТҚ iндетiне қарсы iс-әрекет жөніндегі
2001-2005 жылдарға арналған бағдарлама
Бағдарламаны "Қазақстан Республикасындағы ЖҚТБ-ның
әзірлеу үшiн iндетiне қарсы iс-әрекет жөніндегі
негiздеме мемлекеттік саясаттың тұжырымдамасы туралы"
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2000 жылғы 5 желтоқсандағы № 1808 қаулысы
Бағдарламаның Қазақстан Республикасының Денсаулық
негiзгi сақтау министірлігі
әзiрлеушiлерi
Бағдарламаның Оның жаппай таралуы кезеңiне ұласуына жол
мақсаты мен бермей АҚТҚ-ның таралуын шоғырлануы
мiндеттерi кезеңiнде тұрақтандыру
Халықтың АҚТҚ-ны жұқтыруға қатысты осал
жiктерiнiң жастар арасында жаңа адамдармен
толығуын азайту
АҚТҚ бар адамдардың кемiнде 80% олардың
контагиоздылығы деңгейiн төмендететiн
медициналық және әлеуметтiк бағдарламалармен
қамту
Бағдарламаның Қазақстан Республикасының Денсаулық
негiзгi сақтау министірлігі(ДСМ), Бiлiм
орындаушылары және ғылым министрлігі (БҒМ), Iшкi iстер
министрлігі (IIМ), Қорғаныс министрлігі (ҚорМ),
Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі
(ЕХҚМ), Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім
министрлігі (МАКМ), Қаржы министрлігі (ҚарМ),
Әдiлет министрлігі (ӘдМ), жергiлiктi атқарушы
органдар
Бағдарламаны 2001-2005 жылдар
iске асырудың
мерзiмi
Бағдарламаның Азаматтардың конституциялық кепiлдiк
негiзгi берiлген құқықтарын қолдау және халықтың
iс-шараларының АҚТҚ-ны жұқтыруға қатысты неғұрлым осал
тiзбесi жiктерiн әлеуметтiк қорғау жөніндегi шараларды
өмiрге енгізу. АҚТҚ-ны жұқтыруға қатысты қатерлi
топтардың осалдығын азайту. Қоғамдық бiрлестiктердi
ЖҚТБ/АҚТҚ проблемаларын шешуге тарту жөніндегі
мемлекеттік саясатты жетiлдiру. Салауатты өмiр
салтын қалыптастыру жөніндегі ақпаратты және білім
беру бағдарламаларын жетілдiру. АҚТҚ-ның бастапқы
инфекциясымен байланысты медициналық және
әлеуметтiк қызмет көрсетулердің сапасын арттыру.
ЖҚТБ/АҚТҚ бойынша алдын алу бағдарламаларының
орындалуын басқаруды және үйлестiрудi жетiлдiру
Қаржыландырудың Республикалық бюджеттiң қаражатынан -
көздерi мен көлемi 32,84 млн. теңге, соның iшiнде 2002 жылға -
5,4 млн. теңге; 2003 жылға - 8,405 млн. теңге;
2004 жылға - 10,63 млн. теңге; 2005 жылға - 8,405
млн. теңге. Денсаулық сақтау салалары бойынша -
15,115 млн. теңге, Әдiлет Министрлігі - 12,01
млн. теңге, Ішкi iстер министрлігі - 5,725 млн.
теңге
Жергiлiктi бюджеттердiң қаражатынан - 358,3
млн. теңге сомасында қаржыландыру көзделедi,
соның iшiнде 2002 жылға - 80,5 млн. теңге;
2003 жылға - 92,6 млн. теңге; 2004 жылға -
92,6 млн. теңге; 2005 жылға - 92,6 млн. теңге.
Қосымша тартылатын қаражат - 222441,908 млн. теңге
Бағдарламаны iске ЖҚТБ/АҚТҚ-ның тарауына қарсы iс-қимыл
асырудан күтiлетiн сектор аралық деңгейге көтерiледi. Елде, ең
нәтижелер алдымен адамдардың қауiптi мiнез-құлқына
байланысты жұқпалы ауруларды азайту жөніндегі
әртүрлi секторлардың iс-шараларына негiзделген
ЖҚТБ/АҚТҚ-ның алдын алудың икемдi әрi байыпты
жүйесi жасалады. Есiрткiмен және ЖЖБИ-мен
аурушылардың есебiн жүргiзу тәсiлдерi ЖҚТБ/АҚТҚ-ның
етек алуына қарсы iс-қимыл жасаудың басымдықтарына
құрылады. Iндеттi бақылау алдын алу жұмыстарының
талаптарына бағындырылатын болады. Мұның бәрi
АҚТҚ инфекциясының таралуына қарсы тиiмдi
iс-қимыл жасауға және оны дамуының шоғырланған
кезеңiнде ұстауға мүмкiндiк бередi
Бағдарламаның Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы
орындалуын және бюджет қаражатының пайдаланылуы
бақылауды туралы жарты жылда бiр рет мониторинг
ұйымдастыру жүйесi жүргiзу мен ?кіметке ақпарат ұсыну
2. Кіріспе
Осы Бағдарламаны әзiрлеу үшiн Қазақстан Республикасы Yкіметінiң Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігіне тапсырмасы ("Қазақстан Республикасында ЖҚТБ-ның iндетiне қарсы iс-әрекет жөніндегі мемлекеттік саясаттың тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 5 желтоқсандағы № 1808 қаулысы) негiз болып табылды.
Өткен жылы елде АҚТВ инфекциясына қарсы iс-қимыл жүйесiн дамытуда рөлін атқарған Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 13 ақпандағы № 193 қаулысымен бекітілген 1996-2000 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында СПИД-тiң алдын алу және онымен күрес жөніндегі шаралар жоспарының қолданылу мерзімі аяқталды. Iндет ахуалының нашарлауы, iндет процесiнiң сипатын айқындайтын бiрқатар жаңа факторлардың пайда болуы, оны жаңаша түсiнудiң туындауы iндетке қарсы iс-қимылдың бағыттарын, осы қызметке қатысушылар шеңберін және алдағы бесжылдыққа арналған тиiстi ресурстық қамтамасыз етудi айқындайтын құжат жасауды талап еттi.
1999 жылы БҰҰ/ЖҚТБ Бiрiктiрiлген Бағдарламасы БҰҰ-ның мүше елдерiне басшылық ретiнде ЖҚТБ/АҚТҚ-ның таралуына қарсы iс-әрекет жөніндегі iс-шараларды жоспарлауға жаңа стратегиялық көзқарас әзiрледi және ұсынды. Бұл көзқараста:
iндеттiң қозғаушы факторларын анықтап, ахуалға талдау жүргiзу, олардың сатылылығын айқындауды;
жауап iс-шаралардың тиiмдiлiгiн, олардың ахуалға сай болуын сыни талдауды жүзеге асыру, пайдаланылмаған мүмкiндiктердi анықтауды;
ресурстарды қайта бөлiп, осы уақыт бөлiгiнде АҚТҚ инфекциясының таралуы оларға тiкелей байланысты басым бағыттар бойынша араласу жоспарын жасау көзделедi.
Осы стратегиялық Бағдарламаны жасау кезiнде ЖҚТБ/АҚТҚ-ның таралуы проблемасы денсаулық сақтау секторы проблемаларының шеңберiнен әлдеқайда кең және барлық әлеуметтiк секторларға қатысты екенiн түсiну негiз болып табылды. Ұсынылып отырған АҚТҚ инфекциясына қарсы iс-әрекет бағдарламасы көптеген секторлардың күш-жiгерiн АҚТҚ-ның таралуына қарсы iс-әрекет жолына жұмсаудың бағыттарын айқындайды. Ол тек техникалық мәселелердi ғана емес, сондай-ақ қазiргi уақытта Қазақстанда ЖҚТБ/АҚТҚ-ның таралуында шектеулi маңызы бар факторларды қамтымайды.
Бағдарлама Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" 1997 жылғы 19 мамырдағы, "ЖҚТБ ауруының алдын алу туралы" 1994 жылғы 5 қазандағы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қарашадағы Жарлығымен бекітілген "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасының және "Қазақстан Республикасындағы ЖҚТБ iндетiне қарсы iс-әрекет жөніндегі мемлекеттік саясаттың тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 5 желтоқсандағы № 1808 қаулысының ережелерiне негiзделдi. Бағдарламада 2001 жылғы 4 мамырдағы ЖҚТБ/АҚТҚ бойынша Орталық Азия декларациясындағы және 2001 жылғы 27 маусымдағы ЖҚТБ/АҚТҚ бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясы арнайы сессиясының ЖҚТБ/АҚТҚ саласындағы мiндеттемелерi жөніндегі декларациясының ережелерi, соның iшiнде АҚТҚ бар адамдарға ден қоюдың негiзгi шарасы ретiнде алдын алу бөлiгiнде күтiмдi қамтамасыз ету, қолдау мен емдеудiң, адам құқықтарын сақтау, осалдығын азайту жөніндегі шараларды iске асыру ескерiлген. Жасалуы кезiнде халықаралық донорлардың ресурстарын жұмылдыру қажеттiлiгi назарға алынды.
3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
3.1. ЖҚТБ/АҚТҚ-ның таралуымен байланысты ахуалды талдау
Қазақстан Республикасы - жалпы көлемi 2,7 миллион шаршы километр, экономикалық белсендi 7 миллион адамды қоса алғанда, халқының орташа жылдық мөлшерi 14,9 миллион адам Орта Азия мемлекетi. Адами даму туралы ұлттық есепке сәйкес (2001 ж.) ел әлемде Адами даму индексi бойынша 73 орын алып, жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнiмi жылына 1126 АҚШ долларын құрап, ересек халқының сауаттылығы 99,5% (20-24 жасқа дейiнгi адамдардың 86,8% орта білім бар) және өмiр сүру ұзақтығының көрсеткiшi 66 жыл құрайтын орташа дамыған елге жатады. Өндiрiс көлемi 1990 жылғы деңгейінің 2/3-нен аспайды. 2000 жылы жұмыссыздық деңгейi 12,8% құрады, халықтың 31,8% айына 4007 теңге болып белгiленген (28 АҚШ долларына жуық) ең төменгi күнкөрiстен аз табысы болды.
Ауғанстаннан Ресей мен Шығыс Еуропа елдерiне героиндi заңсыз тасымалдаудың жолы болып табылатын Қазақстанның географиялық жағдайы және күрделi әлеуметтiк-экономикалық ахуал ел халқының есiрткi саудасы мен инъекциялық есiрткiлердi тұтыну, сондай-ақ жыныстық қызмет көрсету саласына, яғни АҚТҚ-ның таралуымен байланысты қызметке тартылуы ықтималдығының жоғары болуына алғышарт жасайды.
3.1.1. ЖҚТБ/АҚТҚ-ның таралуы туралы деректер
1987 жылы алғашқы оқиғасы тiркелген сәттен бастап Қазақстан Республикасында 2001 жылғы 1 маусымда АҚТҚ инфекциясы анықталған адамдардың саны 1799 құрады. АҚТҚ инфекциясы анықталған адамдардың 37-де ЖҚТБ клиникасы дамыды және олардың 31 қазiргi уақытта қайтыс болды. АҚТҚ алғаш рет идентификациялануының көрсеткiшi 2000 жылы 100000 тексерiлген адамға 35 адамды құрады. 2001 жылдың алғашқы бес айында АҚТҚ инфекциясының таралуы 100000 тексерiлген адамға 99 адамды құрады, мұның өзi 2000 жылғы осындай кезеңдегi көрсеткiштен 5 есе жоғары. Бұл ретте, АҚТҚ-ның елде таралуы туралы қолда бар мәлiметтер iрiктеп алу жөнiнде де, қатысу жөнiнде де таңдамалы түрде алынған талдауға негiзделген, сондықтан, салыстырмалы сипатта. Аталған өзгерістер тексеру үшiн таңдап алынған жеке адамдар топтарының және тексерiлгендер қатарына енбеген топтардың, тексеруге қатысқанымен, оларға қатысуға қамтылмағандардың топтарының айырмашылық белгiлерi едәуiр болуына байланысты жүруде.
ЖҚТБ-ның алдын алу және онымен күрес жүргiзу жөніндегі республикалық орталықтың бағалауына сәйкес iндет солардың арасында шоғырланған есiрткеге тәуелдi және мiнез-құлқы қауiптi басқа да топтар өкiлдерi - адамдардың (төменде қараңыз) шынайы санының 10%-нан аспайтын мөлшерiн ғана тексеруге қол жеткiзiлдi. Яғни, Қазақстанда АҚТҚ инфекциясының шынайы таралуы тiркелгенiнен әлдеқайда жоғары екенiн топшылауға болады.
Қазақстанда АҚТҚ инфекциясының географиялық таралуында елеулi айырмашылық бар. АҚТҚ бар адамдардың жартысынан астамы Қарағанды облысында шоғырланған. Алайда, соңғы кезде Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарында мұндай жәйт көбiрек тiркеле бастады (2001 жылдың бiрiншi тоқсанында 2000 жылдың осындай кезеңiмен салыстырғанда АҚТҚ бары жаңадан анықталған адамдардың саны оларда тиiсiнше 0-ден 93-ке және 1-ден 38-ге дейiн өзгердi).
3.1.2. АҚТҚ-ның таралу жолдары, мiнез-құлқы қатерлi әртүрлi топтардың үлесi
АҚТҚ анықталған жағдайлардың 85%-да қоздырғыш есiрткi инъекцияларымен берiлген; АҚТҚ инфекциясының жыныстық қатынаспен таралуының үлесiне тағы да 7% тиедi. 7%-да инфекцияның таралуы жолын анықтаудың сәтi түспедi. Сөйтiп, зерттелген жағдайлардың құрылымын ескерсек, күнi бүгiнге дейiн елде АҚТҚ инфекциясы таралуының 90%-нан астамы инъекциялық есiрткi тұтынудың қауiпсiздiгi мен жыныстық қатынастардың қаншалықты қауіпсiз болуына байланысты. Осы тұжырым, ең алдымен АҚТҚ таралуының мүмкiндiгiн болдырмайтын немесе тым болмаса, азайтатын мiнез-құлықтың неғұрлым қауiпсiз нысандарын қамтамасыз ететiн алдын алу басымдықтарын айқындайды.
АҚТҚ таралуының құрылымын ескере отырып, нысаналы түрде алдын алу үшiн араласуда АҚТҚ жұғуы тұрғысынан алғанда, мiнез-құлықтың қауiптi нысандарын жүргiзетiн халық топтары неғұрлым қызықты болып табылады.
Инъекциялық есiрткi тұтынушылар (ИЕТ) АҚТҚ жұғуының салыстырмалы түрде неғұрлым қатерлi тобы (СҚ) болып табылады. Халықтың осы тобындағы АҚТҚ таралу көрсеткішi 2000 жылдың аяғында 10 000 адамға 425-тi құрады. Кейбiр елдi мекендерде, атап айтқанда, Қарағанды облысының Темiртау қаласында сенiм пункттерiнiң клиенттерi арасында жүргiзiлген эпидемиологиялық қадағалау мәліметтерi бойынша (төменде қараңыз) ИЕТ арасында АҚТҚ таралуы 2000 жылы 26% құрады. Есiрткi тұтынбайтын халық өкiлдерiнiң жалпы жиынтығымен салыстырғанда осы қауымдастық өкiлдерi үшiн АҚТҚ жұғуының салыстырмалы қатерi 500 есеге жуық жоғары. 15-23 жастағы жасөспiрiмдер мен жастар арасында АҚТҚ-ның таралуы 10 000 адамға 1,8 құрады. 18-23 жастағы жастар арасында АҚТҚ жұғуының салыстырмалы қатерi жастардан тыс халық арасындағы жұғуы қатерiнен 2,5 есе асып түседi. Елде 2000 жылғы тамыз-қараша айлары iшiнде тексерiлген жыныстық қатынаспен коммерциялық түрде айналысатын 1476 әйелдің iшiнен бiреуiнiң ғана АҚТҚ-сы оң нәтиже бердi.
Ұсынылып отырған мәлiметтер Қазақстан Республикасында iндет бастапқы кезеңiнен инфекция, негiзiнен ИЕТ арасында таралатын оның шоғырлануы кезеңiне көшуi байқалатынын айғақтайды.
3.1.3. Инъекциялық есiрткi тұтыну және ИЕТ арасында АҚТҚ таралуының себепшiлерi
Республиканың есiрткi қызметi тiркеген ИЕТ саны 2000 жылдың аяғында 26 000 адамнан астамды құрады. Бiрақ, сарапшылардың бағалауына сәйкес ИЕТ-тiң жалпы саны Қазақстанда 250 000-ға жуықтап келедi. Атап айтқанда, Алматы қаласында ИЕТ саны 12 мың (1) деп анықталды, Астана және Павлодар қалаларының әрқайсысында 8 мың, Петропавл, Тараз және Өскемен қалаларының әрқайсысында - 6-6,5 мың (2), Темiртау қаласында - 8 мың (3), Шымкент қаласында - 20 мың (4). Бұл ретте есiрткi қызметi тiркеген инъекциялық нашақорлық жағдайлары жылдан жылға өсуде (1996 жылғы 100 000 ересек адам мен жасөспiрiмге 90-нан 2000 жылғы 250-ге дейiн) мұның өзi жалпы халық арасында нақты санының сөзсiз өскенiн көрсетедi.