Табиғат пайдалануға рұқсат беру, рұқсат беруден бас тарту, оның
қолданылуын тоқтата тұру және жою ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 қыркүйектегі № 1154 қаулысы
(2006.27.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 29 қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2006.27.09. № 928 қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қоршаған ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі Заңының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2006.27.09. № 928 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Табиғат пайдалануға рұқсат беру, рұқсат беруден бас тарту, оның қолданылуын тоқтата тұру және жою ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | К. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 6 қыркүйектегі
№ 1154 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2006.27.09. № 928 қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Табиғат пайдалануға рұқсат беру, рұқсат беруден бас тарту,
оның қолданылуын тоқтата тұру және жою ережесі
ҚР Үкіметінің 2006.27.09. № 928 қаулысымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2006.27.09. № 928 қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Табиғат пайдалануға рұқсат беру, рұқсат беруден бас тарту, оның қолданылуын тоқтата тұру және жою ережесi "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңының ережелерiне сәйкес әзiрлендi.
ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1104 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара); ҚР Үкіметінің 2006.27.09. № 928 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Табиғат пайдалануға рұқсат беру, рұқсат беруден бас тарту, оның қолданылуын тоқтата тұру және жою ережесі (бұдан әрі - Ереже) табиғат пайдалануға рұқсаттар (бұдан әрі - рұқсат) беру жөніндегі, беруден бас тарту, тоқтата тұру және жою тәртібін анықтайды және арнайы табиғат пайдалану тәртібімен табиғат пайдалануды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға қойылатын жалпы талаптарды қамтиды.
ҚР Үкіметінің 2006.27.09. № 928 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Табиғат пайдаланудың нақты мерзімі және көлемі, нормалары, шарттары көрсетілген рұқсат бастапқы құжат болып табылады және табиғат пайдаланушылар тегiн алатын табиғат пайдалануға уақытша құқықтар берудi көздейдi.
Рұқсатта табиғат пайдалану шарттары тек ластағыш заттар көлемiн нормалау және қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемдер бөлiгiнде көрсетiледi.
ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1104 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
3. Рұқсат табиғат пайдаланушылардың ластағыш заттарды атмосфераға тұрақты және жылжымалы көздерден шығару, ластағыш заттарды ағын сумен төгу, уақытша сақталатын өнiмдер мен материалдарды қоса алғанда өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастыру құқығын куәландыратын құжат болып табылады.
Шаруашылық қызметтің экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыратын табиғат пайдаланушыларға рұқсат беру қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган берген шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыруға лицензия болған кезде беріледі.
4. Уақытша сақталатын өнiмдер мен материалдар қалдықтар тәрiздi қоршаған ортаға әсер ету көздерi ретiнде қаралады. Бұл ретте табиғи ортада ашық күйiнде бiр жылда 3 айдан аса орналасқан аршылған және сiңiмдi кен жыныстары, мұнай өнiмдерi, көмiр, күкiрт, улы химикаттар, асфальтбитумды қоспа және металл сынықтары сияқты өнiмдер мен материалдар ғана қаралады.
ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1104 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
5. Рұқсат мемлекеттік ресми құжат болып табылады, белгiленген үлгiде толтырылған бланк пен қосымшалардан тұрады. Белгiленген үлгiде толтырылған бланкте ластау түрлерiнiң (ластағыш заттардың шығарындылары, төгiндiлерi және қалдықтар) жалпы көлемi, қолдану мерзiмi және табиғат пайдалану шарттары көрсетiледi. Қосымшалар рұқсаттың ажырағысыз бөлiгi болып табылады. Қосымшаларда табиғат пайдаланушылар мәлiмдеген ластаудың барлық түрi, олардың мөлшері және ластағыш заттардың ингредиенттерінің шоғырлануы көрсетіледі.
6. Рұқсатты Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы (бұдан әрі - орталық орган) береді.
Рұқсатты ресімдеу орталық органда да, қоршаған ортаны қорғау саласындағы облыстық, Алматы және Астана қалалық, сондай-ақ басқа да аумақтық басқармаларда (бұдан әрi - аумақтық басқарма) жүргiзiледi.
7. Рұқсат табиғат пайдаланушыда ластану түрлерiнiң бiрi орын алып және ол мынадай мөлшерден жоғары болғанда орталық органда ресімделеді:
1) ластағыш заттардың шығарындылары 1000 т/жыл (мұнай-газ өнеркәсiбi үшiн 100 т/жыл) немесе қауiптiлiгі бiрiншi және екiншi санаттағы барлық кәсiпорын ластағыш заттардың массасы мен түрлерiнiң құрамына қарай;
2) ластағыш заттардың төгіндiлерi 1000 т/жыл;
3) орналастырылатын қалдықтар 10000 т/жыл (3 және 4-сыныпты уыттылық) немесе 1000 т/жыл (1 және 2 сыныпты уыттылық).
Орталық орган қызметi "Байқоңыр" ғарыш айлағы, Каспий теңiзi, Ертіс, Жайық, Iле, Тобыл және Сырдария шекарааралық өзендерi аймақтарын тiкелей ластауымен байланысты табиғат пайдаланушыларға да рұқсатты ресiмдейдi.
8. Қалған барлық жағдайда рұқсатты аумақтық басқарма ресiмдейдi.
ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1104 қаулысымен 9-тармақ жаңа редкацияда (бұр.ред. қара)
9. Ереженiң 16-тармағында көрсетiлген мерзiмдерде өтiнiштер берген табиғат пайдаланушылар үшiн рұқсаттың қолданылу мерзiмi рұқсат сұралатын жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 желтоқсаны аралығына белгiленеді.
Табиғат пайдаланушы өтiнiш материалдарын Ереженiң 16-тармағында көрсетiлген мерзімдерден кешiктiрiп берген жағдайда рұқсаттың қолданылу мерзiмi берiлген күннен бастап сұралатын жылдың 31 желтоқсанына дейiн белгiленедi
10. Өтiнiштер мен рұқсаттарда көрсетiлетiн ластағыш заттар шығарындыларының (төгіндiлерiнiң) және орналастырылатын қалдықтардың көлемi туралы ақпараттар көпшiлiкке мәлiм болуы тиiс.
11. Орталық орган қолда бар рұқсаттар бойынша деректер қорын жасайды және үнемi толықтырып отырады.
ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1104 қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
12. Рұқсаттың күшi мынадай жағдайларда жойылуы мүмкін:
табиғат пайдалану тәртібінiң, табиғат пайдаланушы кәсiпорын қызметі бағытының өзгеруi, технологияның алмастырылуы;
қолданыстағы табиғат пайдалану нормативтерiнiң ластағыш заттар шығарындылары мен төгіндiлерiне шектеулердi төмендетудi көздейтiн өзгеруi;
экологиялық сараптама қорытындысының жарамсыз деп танылуы;
табиғат пайдаланушылардың анық емес деректер беруi;
ластағыш заттар шығарындылары, төгінділері және орналастырылатын қалдықтар көлемін нормалау кезіндегі есептермен байланысты табиғат пайдаланушылардың қателіктері;
экологиялық талаптар мен нормаларды табиғат пайдаланушылардың жүйелi түрде бұзуы (2 реттен астам).
ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1104 қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
13. Рұқсаттың күшін жою туралы шешімді қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамада және рұқсаттарда белгіленген шарттар мен талаптарды табиғат пайдаланушы орындамағанын мемлекеттік бақылау органдары анықтаған жағдайларда рұқсат берген орган шығарады.
Рұқсаттың өзінің күшін жоймай-ақ рұқсатқа ластану түрлері (ластағыш заттар шығарындылары, төгінділері және қалдықтар) бойынша қосымшалар бұл қосымшаны (қосымшаларды) тиісінше алмастыру арқылы кері қайтарып алынуы мүмкін.
Рұқсаттың күшін жою туралы хабарламада күшін тоқтатудың себептері мен күні көрсетілуі тиіс.
Рұқсаттың күшін жою табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаға ластағыш заттар шығару мен төгу, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру құқығынан айырылуына, сондай-ақ арнайы табиғат пайдалану шартын бұзуына әкеп соғады.
14. Рұқсат мөрқағазы нөмiрi және берілу күнi көрсетілген қатаң есептегi құжат болып табылады. Рұқсаттың бiр данасы кәсiпорында, екiншi данасы оны ресiмдеген органда сақталады.
2. Өтінiш материалдарын ресiмдеудiң жалпы мәселелерi
15. Барлық табиғат пайдаланушы рұқсат алу үшiн аумақтық басқармаға жазбаша өтiнішті, сондай-ақ қосымшаға сәйкес оған керектi құжаттарды қосып тапсырады.
ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1104 (бұр.ред. қара); 2006.27.09. № 928 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 16-тармақ жаңа редкацияда
16. Келесі жылға рұқсаттар алуға өтінімдерді заңды және жеке тұлғалар жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар үшін ағымдағы жылғы 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейін береді.
17. Жаңадан ашылатын кәсiпорындар үшiн заңды және жеке тұлғалар аумақтық орган анықтайтын ластану туындаған кезге дейiн өтiнішті ресiмдеуi тиiс.
18. Барлық табиғат пайдаланушы өтiніштерiнiң материалдары олардың нормативтік және экологиялық талаптарға сәйкестігін тексеру үшiн алдын ала аумақтық басқармаларда 15 күн мерзiм ішiнде қаралады. Материалдар толық емес көлемде және ластағыш заттар көлемін нормалауда қателiктерiмен тапсырылған жағдайда өтінiш қарауға қабылданбайды.
19. Ластағыш заттар көлемiне және осы Ереже 1-бөлiмiнiң 7-тармағына сәйкес өтiнiш материалдары аумақтық басқарманың қорытындысымен бiрге орталық органға жiберiледi.
ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1104 қаулысымен 20-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
20. Орталық органға жiберiлетiн өтінiштер материалдары өтiнiш кестелерiнiң және ластағыш заттар шығарындыларының, төгiндiлерiнiң, орналастырылатын қалдықтар көлемінің және табиғат пайдалану шарттарының электрондық нұсқасының жазбасын қамтуы тиiс.
3. Рұқсатты орталық органда ресiмдеу тәртібі
21. Рұқсат алу үшiн материалдар орталық органда өтiнiш тiркелген күннен бастап 30 күн мерзiм ішiнде қаралады. Бұл мерзiмге аумақтық басқармалардың өтiнiштер материалдарын алдын ала қарау уақыты кiрмейдi.
ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1104 қаулысымен 21-1-тармақпен толықтырылды
21-1. Егер орталық органға ұсынылатын өтiнiштер материалдары Ереженiң талаптарына сәйкес келмеген кезде материалдар ескертулерді 30 күн мерзiмде жою үшiн табиғат пайдаланушыға қайтарылады.
Табиғат пайдаланушы өтiнiш материалдарын осы тармақтың бiрiншi абзацында көрсетілген мерзiмнен кешіктіріп қайта ұсынған жағдайда рұқсаттың қолданылу мерзiмi берiлген күннен бастап рұқсат сұралатын жылдың 31 желтоқсанына дейiн белгiленеді.
22. Рұқсат орталық орган белгiлеген нысан бойынша міндетті түрде реттiк нөмір берiле отырып, ресiмделедi.
4. Рұқсатты аумақтық басқармада ресімдеу тәртібі
23. Аумақтық басқармада ресімделетін рұқсатты алу үшін материалдар өтініш тіркелген күннен бастап 30 күннен аспайтын мерзімде қаралады.
24. Рұқсат орталық орган белгiлеген нысан бойынша аумақтық органда ресімделеді және орталық орган нөмір берген кезден бастап берілген болып есептеледі.
5. Тараптардың жауапкершілігі
25. Табиғат пайдаланушы өтініш материалдарында көрсетілген мәлiметтердiң шынайылығы үшін жауап бередi.
ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1104 қаулысымен 26-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
26. Аумақтық басқармалар орталық органға жiберiлетін өтінiш материалдарының жинақылығы , ластаудың сұралатын көлемi есебiнiң дұрыстығы әрi барлық талапқа сәйкес келуi және аумақтық басқармаларда рұқсаттардың уақтылы ресiмделуi үшiн жауапты.
27. Орталық орган осы Ереже 1-бөлімінiң 7-тармағы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рұқсаттың уақтылы берiлуi үшiн жауап бередi.
ҚР Үкіметінің 2006.27.09. № 928 қаулысымен 15-1-тараумен толықтырылды
5-1. Табиғат пайдалануға рұқсатты беруден бас тарту, оның қолданылуын
тоқтата тұру тәртібi
27-1. Рұқсат беретін органдар табиғат пайдалануға рұқсатты беруден рұқсат алу үшін ұсынылған материалдар толық емес және күмәнді болған жағдайда бас тартуы мүмкін.
27-2. Табиғат пайдалануға берілген рұқсаттың қолданылуын оны берген орган үш айға дейінгі мерзімге табиғат пайдаланушының рұқсатта көрсетілген табиғат пайдалану шарттарын, қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамада белгіленген экологиялық талаптар мен нормаларды бұзған жағдайда тоқтата тұруы мүмкін.
Рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру табиғат пайдаланушыға қабылданған шешімнің себептері мен табиғат пайдаланушының ластаушы заттардың қоршаған ортаға шығарындылары мен төгінділеріне, өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыруға құқығын тоқтата тұруға әкелетін, оны жою мерзімі туралы жазбаша түрде табиғат пайдаланушыға хабарлама беру арқылы жүзеге асырылады.
Табиғат пайдаланушы хабарламада көрсетілген бұзушылықтарды жойған жағдайда рұқсатты тоқтата тұру жөнінде шешім қабылдаған органның жазбаша түрдегі растауы негізінде рұқсаттың қолданылуы жаңартылады.
6. Рұқсаттың күшiн жою тәртібi
28. Рұқсаттың күшін жоюды рұқсат берген орган жүргізедi. Өзге мемлекеттік органдардың рұқсаттың күшiн жоюы жарамсыз деп есептеледi.
29. Мемлекеттік органдар орталық органға немесе аумақтық басқармаға рұқсаттың күшiн жою туралы себептерiн мiндеттi түрде көрсете отырып, өтінiш бередi. Орталық орган күшiн жою туралы өтiнiштi қарағаннан кейiн бұзушылықтарды жою немесе жаңа талаптарды орындау үшiн табиғат пайдаланушыға ұзақтығы 2 айға дейiн мерзiм белгiлейдi.
30. Аумақтық басқарма ресiмдеген рұқсаттың күшi жойылған ретте рұқсат орталық органдағы тіркеуден шығарылуы қажет. Орталық органнан рұқсаттың есептен шығарылғаны туралы растама алғаннан кейiн, рұқсатты ресiмдеген тұлға табиғат пайдаланушыны рұқсаттың күшi жойылғаны туралы хабарландырады. Орталық органнан есептен шығарылғаны туралы растама алмай тұрып рұқсаттың күшiн жоюға тыйым салынады.
31. Аумақтық басқарма ресiмдеген рұқсаттан өрескел қателер табылған жағдайда, орталық орган міндетті түрде күшiн жою себептерi мен фактісi туралы аумақтық басқармаға хабарлай отырып, ол рұқсаттың күшiн жоя алады. Қателер аумақтық басқармалардың кiнәсiнен болған жағдайларда табиғат пайдаланушыларға айыппұл салу жазалары қолданылмайды.
7. Бақылау
32. Аумақтық басқармалар кәсіпорындардың рұқсаттарда белгіленген шарттар мен талаптарды орындауын бақылауды жүзеге асырады.
33. Орталық орган аумақтық басқармалардың рұқсаттарды дұрыс ресімдеуін бақылауды жүзеге асырады.
Табиғат пайдалануға рұқсат беру
ережесіне қосымша
Табиғат пайдалануға рұқсат алу үшін қажетті
материалдар құрылымы (мазмұны)
1. Табиғат пайдаланушы туралы деректердi көрсете отырып, арнайы табиғат пайдалануды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаның қолы қойылған өтініш мынадай нысан бойынша:
1) ұйым атауы;
2) СТН - салық төлеушiнiң тiркелу нөмiрi;
3) заңды мекен-жайы: почта индексi, ел, облыс, аудан, елдi мекен, көше (мөлтек аудан), үй нөмiрi, пәтер (бөлме);
4) өнеркәсiп немесе ауыл шаруашылығы саласы (тiркеу куәлiгi бойынша негізгі қызметi);
5) меншік нысаны (мемлекеттік, жеке меншiк, қоғамдық ұйым және т.б.).
2. Ластау көздерiнiң орналасқан жерi туралы деректер мынадай нысан бойынша:
─────────────┬───────┬────────────┬────────────────────────┬───────────────
Өнеркәсiп │ Облыс │ Аудан, │ Координаттар, │ Алып жатқан
алаңының │ │ елдi мекен │ град., мин., сек. │ ауданы, га.
атауы │ │ ├───────────┬────────────┤
│ │ │ ендік │ бойлық │
─────────────┼───────┼────────────┼───────────┼────────────┼──────────────-
1 │ 2 │ 3 │ 4* │ 5* │ 6
─────────────┴───────┴────────────┴───────────┴────────────┴───────────────
* - 4 және 5-бағандар деректер болған жағдайда толтырылады.
ҚР Үкіметінің 2006.27.09. № 928 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Ластағыш заттар шығарындыларының (төгіндiлерiнiң) және орналастырылатын қалдықтардың сұралған көлемi мынадай нысан бойынша:
Шығарындылар*
───────────────────────┬─────────────────────────┬─────────────────────────
Заттардың атауы │ Ластағыш заттар │ өткен жылғы**
│ шығарындыларының │ iс жүзiндегі шығарынды
│ нормативтік көлемi │
───────────────────────┴─────────────────────────┴─────────────────────────
т/жыл т/жыл
Барлығы, оның ішінде:
1-алаң
2-алаң және т.б.
───────────────────────────────────────────────────────────────────────────
Төгiндiлер*
───────────────────────┬─────────────────────────┬─────────────────────────
Заттардың атауы │ Ластағыш заттар │ өткен жылғы**
│ төгінділерінің │ iс жүзiндегі төгінді
│ нормативтік көлемi │
───────────────────────┴─────────────────────────┴─────────────────────────
т/жыл т/жыл
Барлығы, оның ішінде:
1-төгінді
2-төгінді және т.б.
─────────────────────────────────────────────────────────────────────────────
Қалдықтар*
───────────────────────┬─────────────────────────┬─────────────────────────
│ Орналастырылатын │ өткен жылғы**
Қалдықтардың атауы │ қалдықтардың │ iс жүзiндегі қалдықтар
│ нормативтік көлемі │
├─────────────────────────┼────────────────────────-
│ т/жыл │ т/жыл
─────────────────────────┴─────────────────────────┴─────────────────────────
Барлығы, оның ішінде:
Өнеркәсіп қалдықтары
Мұнай
Қатты тұрмыстық
қалдықтар және т.б.
───────────────────────────────────────────────────────────────────────────