* - кестелер бүкiл кәсiпорынның орынның жиынтық деректерi түрiнде толтырылып, оның құрамында шығарындыларға арналған әрбiр өнеркәсiптік алаң және шығарындылар көздерi, ағын су төгіндiлерiне арналған су шығарғыштар және қалдықтарға арналған жинақтауыштар көрсетiледi.
(**) Ластаушы заттардың шығарындыларының, төгінділерінің көлемі және қалдықтарды орналастыру жөніндегі нақты деректерді 9 айға, ал күтілетін деректерді 4-тоқсанға беру қажет.
ҚР Үкіметінің 2006.27.09. № 928 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ластағыш заттар шығарындыларының (төгіндiлерiнiң) және орналастырылатын қалдықтардың қоршаған ортаға әсерлерiне өндiрiстiк мониторинг бойынша жылдық есептер. Шығарындылардың, төгiндiлердiң және орналастырылатын қалдықтардың нормативтік мөлшерiнiң есептерi. Есептердiң ресiмделуi қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сай болуы тиiс.
5. Сұралып отырған ластағыш заттар нормативтiк көлемiн өткен жылғы iс жүзiндегiге қарағанда көбейтудi негіздеу жөнiндегі түсiндiрме жазба.
6. Рұқсат алуға өтiнiштiң (қосымшаның 1 - 3-тармақтары), сондай-ақ шығындыларға, төгiндiлерге және орналастыратын қалдықтарға лимиттердiң (рұқсатқа қосымшалар) магниттік жазылған дискеттерi.
7. Апат болу жағдайларының туындау қауіпінен сақтандыру.
8. Шығарындылар бойынша өтiнiштердiң қосымша материалдары:
Пайдалануға алғаш рет енгізіліп отырған немесе технологиялық жағдайлары өзгерген кәсiпорындар үшiн шектеулi рауалды шығарындыларға (ШРШ) берiлген ластағыш заттардың жылдар мен негiзгi ингредиенттер бойынша нормативтік көлемi көрсетiлген мемлекеттік экологиялық сараптама.
9. Төгiндi бойынша өтініштердің қосымша материалдары:
1) мыналар көрсетiлген ағын су қабылдағышының көрсеткіштерi:
қабылдағыш атауы (өзен, су қоймасы, тоған, сүзгi алаңы және басқалар);
қабылдағыштың сипаттамасы (орналасқан жерi, көлемi, карталар саны және т.б.);
2) бөлiнетiн ағын су санаты (нормативтi-тазартылған, өнеркәсiптiк, шаруашылық-тұрмыстық, тоспа-қашыртқылық, шахталық және басқалар);
3) ағын суды төгу режимi;
4) ағын су мөлшерiн бақылау (қабылданған есепке алу және жабдықтар);
5) төгiлетін ағын су сапасын бақылау (талдау зертханасын аттестаттау немесе лицензиялау);
6) басқа да су пайдаланушылардан қабылданатын ағын су көлемi (м3/сағат, мың. м3/жыл) және алдын ала тазартылуы;
7) 2 ТП - су шаруашылығы есебi бойынша өткен жылдағы ағын су төгiндiлерiнiң нақты көлемi (м3/сағат, мың. м3/жыл);
8) белгiленген шектеулi рауалды төгіндi (ШРТ) үшiн ағын судың бекітiлген жұмсалу көлемi (м3/сағат, мың. м3/жыл);
9) ағын су төгіндiсiнiң мәлiмделген көлемi (м3/сағат, мың. м3/жыл);
10) әрбiр су жiберу бойынша ағын судың сапалық сипаттамасы.
10. Қалдықтарды орналастыруға өтiнiштердiң қосымша материалдары:
1) қалдықтардың мыналар көрсетiлген сипаттамасы:
қалдықтар пайда болатын технологиялық процесс немесе өндiрiс атауы;
қалдықтардың жылдық пайда болу, пайдалану, зарарсыздандыру және сақталу көлемi (жиналуға және орналастыруға рауалды көлем есебiн келтіру);
қалдықтарды жинау, тасымалдау және сақтау жүйесiнiң сипаттамасы; қалдықтың толық химиялық құрамы, қауiптiлiк сыныбы көрсетілген уытты қосындыларының құрамы.
2) қалдықтардың, сақталу орнының мыналар көрсетiлген сипаттамасы:
сақталу орнының атауы, оның ведомстволық тиiстiлігі;
нормалау жылының басындағы жағдай бойынша жиналған қалдықтардың толық көлемi, объектiні пайдалану мерзiмi (басы-соңы);
қалдықтардың қоршаған табиғи орта мен халықтың денсаулығына зиянды әсерiн болдырмау шарттары (қарсысүзгiлiк экран, шаңбасу жүйесi, суды жинау мен тазалау және т.б.).