Қазақстан Республикасының инновациялық даму бағдарламасын бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы
10 мамырдағы № 617 қаулысы
ҚР Үкіметінің 08.04.04 ж. № 393 қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 наурыздағы № 367 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының инновациялық даму бағдарламасы бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 10 мамырдағы
№ 617 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының
Инновациялық даму Бағдарламасы
Астана - 2001 ж.
1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ
Атауы Қазақстан Республикасының инновациялық даму бағдарламасы.
Бағдарламаны "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000-2002 жылдарға
әзiрлеу үшін арналған iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөніндегі
негіздеме iс-шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң 2000 жылғы 7 наурыздағы № 367 қаулысы.
Қазақстан Республикасы инновациялық қызметiнiң
тұжырымдамасы (Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
мәжілісiнде мақұлданған, 1999 жылғы 20 шiлдедегi № 19
хаттама, Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия
және сауда министрінің 2000 жылғы 28 наурыздағы
№ 117 бұйрығымен бекітілген).
Әзiрлеушi Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық
ресурстар министрлігі.
Бағдарламаның Ғылым мен техника жетiстiктерiн пайдалану негiзiнде ел
мақсаты экономикасын дамыту үшiн қажеттi шарттар мен қолайлы
ортаны құру, теңгерiлген өндiрiстiк инфрақұрылымды
қалыптастыру және елдiң жалпы ұлттық өнiмiнде
шикiзатты құрайтын бөлiктi кезең-кезеңiмен жоғары
технологиялық экспорттық өнiммен алмастыру.
Бағдарламаның Бағдарламаның негiзгi мақсатына сәйкес мынадай:
мiндеттерi экономиканың басымды ғылыми-техникалық және технологиялық
дамуын қамтамасыз ету;
экономиканың шикiзаттық емес секторларын қалыптастыру;
инновациялық қызметтi мемлекеттік қолдау және өндiрiстiк
кәсiпкерлiк қызметтi артықшылықпен дамыту жүйесiн
қалыптастыру;
өнеркәсiптiң технологиялық жаңғыртылуын жүргiзу және
экспортқа бағдарланған ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстердi
құру;
инновациялық қызметтiң инфрақұрылымын қалыптастыру;
инновациялық салаға шағын бизнес субъектiлерiн тарту;
инновациялық қызметтi кадрлық қамтамасыз ету;
экономиканың инновациялық даму басымдықтарын қамтамасыз
ететiн инновациялық қызметтiң нормативтiк құқықтық базасын
қалыптастыру;
халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту
міндеттерiн шешу көзделеді.
Қаржыландыру Мемлекеттік бюджет, несие ресурстары, инновациялық
көздерi қызмет субъектiлерiнiң меншiктi қаражаты, шетел капиталы.
Iске асыру Бағдарламаны iске асыру 2001-2015 жылдар кезеңiне
мерзiмдерi белгiленген.
Күтiлетiн Елдiң тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуын
нәтижелер қамтамасыз ету, дүниежүзiлiк сұранымның рыногының
конъюнктурасына экономиканың тәуелдiлiгiн төмендету.
Жаңа жұмыс орындарын құру.
2. КIРIСПЕ
Бағдарлама Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2000 жылғы 7 наурыздағы № 367 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000-2002 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарына сәйкес әзiрлендi.
Бағдарлама ғылым мен техника жетістіктерін пайдалану негізінде елдің ұзақ мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық дамуының бiрыңғай мемлекеттік саясатын қалыптастыру мен жүргiзуге бағытталған.
"Қазақстан-2030" стратегиясының ең тұтқалы басымдықтарының бiрi экономиканың теңгерiмдi дамуының, жалпы ұлттық өнiмiн құрайтын шикiзатты жоғары технологиялы, оның iшiнде экспорттық өнімге кезең-кезеңмен алмастыру және елдің ғылыми-техникалық әлеуетін тиiмді пайдалану негiзiнде экономикалық өсу болып табылады.
Қазақстанда бұл үшiн барлық алғышарттар бар. Бұл - бай табиғи ресурстар, бос өндiрiстiк қуаттардың болуы, жеткiлiктi біліктi ғылыми-техникалық қызметкерлер және жоғары жалпы білімдiлiк деңгейiмен ұштасқан арзан жұмыс күшi, бiрқатар технологиялық тұрпаттар бойынша дайындықтардың болуы.
Сонымен бiрге, бiрқатар бөгеушi факторлар да бар. Атап айтқанда, соңғы жылдары Қазақстанның технологиялық тез мешеуленуiнiң деңдеген кезеңi болды. Қазiргi өндiрiстiң тұқыртылуы, өндiргiш күштердiң индустриясыздануы, өндiрiстiң абсолюттiк көрсеткiштерiнiң күрт қысқаруы және жанбасылық, тұтыну мен қордаланудың төмендеуi тегеурiндi экономикалық даму үшiн республиканың аттаныс жағдайын едәуiр күрделендiредi.
Бұдан басқа, технологиялық даму мен инновациялық әлеует деңгейi бойынша салалар арасындағы едәуiр алшақтық отандық экономикаға тән сипат болып табылады. Оның үстiне, кадрлар даярлау жүйесiнiң өзi де негiзiнен экономиканың шикiзат секторын кадрлық қолдауға бейiмделген.
Экономикалық қарым-қатынастардың жалпы жүйесiнде инновациялық қызметке негiзгi орын берiледi, өйткені елдiң экономикалық қуаты оның ақырғы нәтижелерiмен - өндiрiс тиiмдiлiгiн көтерумен, ғылымды қажетсiнетiн өнiм көлемiн өсiрумен айқындалады.
Бағдарлама республиканың инновациялық дамуының ұзақ мерзiмдi кезеңге арналған мақсаты мен міндеттерін айқындайды, және жыл сайын ұлттық әлеуметтiк-экономикалық басымдықтарға сүйене отырып, нақтыланатын және түзетiлетiн болады.
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ
ЖАЙ-КҮЙІНІҢ ТАЛДАУЫ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ
ҚАЖЕТТІЛІГІНІҢ НЕГІЗДЕМЕСІ
Қазақстанда соңғы он жылдықта республиканың нарықтық тетіктерге негiзделген экономикалық қарым-қатынастарға көшуiмен байланысты түбегейлi өзгерістер болды. Алайда, жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшyдiң және реформаларды тездетiп жүргiзудiң ғылыми және экономикалық негiзделген моделiнiң жоқтығынан өткiзiлген шаралар елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуында күткен нәтижелер берген жоқ.
Шикiзатқа деген бағаның ауытқу кезеңдеріндегі экономиканың шикiзатқа тәуелдiлiгi шикiзат экспортынан түсетін қатты валютаның едәуiр түсiмдерi ұлттық валюта құнының өсуiне әкелген кезде танымал макроэкономикалық әсерде көрiнiс бердi және iшкi өндiрушiлер деңдеп бара жатқан импортпен бәсекелесуге қабiлетсiз болып қалды.
Қайта өңдеу салаларының (машина жасау, жеңiл, тамақ, электрондық, қорғаныс және басқа салалар) тұралауы Қазақстан жағдайында жеткiлiктi ғылыми-техникалық, маркетингтiк және басқарушылық қолдаудың жоқтығынан шиеленiскен болатын.
Осылайша өнеркәсiпте 1990-1999 жылдарда шикiзаттық емес салалардың үлесi 3-6 есе қысқарды, сонымен бiрге, орны толмас табиғи ресурстарды - мұнайды, газды және түстi және қара металл рудаларын өндiру артты.
1999 жылы қол жеткен (1998 жылға 102,2 %) өнеркәсiптiк өндiрiстiң өсуi негiзiнен қазақстандық экспорттың негiзгi тауарларына әлемдiк бағаның көтерiлуi және мұнай мен газды өндiрудi арттыру және қара және түстi металдарды өндiру есебiнен қамтамасыз етiлген едi.
2000 жылдың iшiнде өткен жылдың тиiстi кезеңдерiмен салыстырғанда өнеркәсiптiк өнiм өндiрудi арттыру үрдiсi сақталып отыр. Алайда, мұндай өсу, сол сияқты едәуiр дәрежеде шикiзат бағасының өсуiмен байланысты әлемдiк рыноктың конъюнктурасына қолайлы ықпал еткен сыртқы жағдайларға негiзделген болатын.
Елдiң инвестициялық саясатының шикiзаттық бағыты өнеркәсiпте орын алған сәйкессiздiктi одан әрi тереңдете түстi. Осылайша, мұнай-газ саласының негiзгi капиталына берiлетiн инвестицияның көлемi 1991 жылы 31 %-дан 1998 жылы 63 %-ға дейiн өстi. 1999 жылы тiкелей шетелдiк инвестициялардың түсуi 1998 жылмен салыстырғанда екi есеге жуық көтерiлдi және 1799 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл ретте олардың жалпы көлемiнiң 87 %-на жуығы мұнай-газ секторының үлесiне (1524 млн. АҚШ доллары) тидi.
Ауыр жағдай ауыл шаруашылығында қалыптасты. Өткен жылдары ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру 2,3 есеге, егiс алаңдары 1,9 есеге, мал басы 2,7 есеге жуық қысқарды, шаруашылықтарды сапалы тұқыммен және тұқымдық материалдармен, техникамен және оларға қосалқы бөлшектермен жабдықтау нашарлап кеттi. 1999 жылдан бастап көрiнiс берген экономиканың аграрлық секторындағы белгiлi бiр оң алға жылжушылықтар байқалғанмен, саладағы дағдарыстық жағдай еңсерiлген жоқ.
Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы өндірістің құлдырауы, кәсiпорындар мен тұрғындардың төлемге қабiлеттi сұранысының төмендеуi көлiктiк-коммуникациялық кешеннiң жұмыс iстеуіне теріс әсер етті.
1990-1999 жылдар кезеңiнде жүктердi барлық көлiк түрлерiмен тасымалдау көлемi 60%-ға қысқарды. Бұл ретте жүктердi автомобиль көлiгiмен тасымалдау көлемiнiң құлдырауы 64%-ды, темiржолмен - 55%-ды және теңізбен - 96%-ды құрады. Сол кезде мұнай және газды өндiру мен айдауды арттырудың нәтижесiнде құбыр көлiгiмен жүк тасымалдау өстi (127,8 %).
Елдiң экспортында, алдыңғы жылдардағы сияқты, шикiзаттық бағытталу басым болып отыр. 1999 жылы экспорттың 6,6 млрд. АҚШ долларына (ІЖӨ-нiң 29 %-ы), жуық қосынды көлемi жағдайында 60 %-дан астамын орны толмайтын шикiзат ресурстары, оның ішiнде түстi және қара металдар - 23,9 %-ды, отын және мұнай өнiмдерi - 35,4 %-ды, сондай-ақ органикалық емес химия өнiмдерi - 6,4 %-ды құрады.
Экономикасының шикiзаттық бағытталуы елдi дүниежүзiлiк рыноктардың минералдық шикiзатына, металдар мен мұнайға сұранысына толық тәуелдi еттi. Бұл ретте өнеркәсiптiң қайта өңдеушi салаларының дамымай қалғандығынан экспортталатын өнiмнiң номенклатурасын кеңейту үшiн мүмкiндiк мүлдем болмай отыр.
Проблемалар қара металдардың өнiмдi кен қорларының тозуынан, Қазақстанның тиiмсiз географиялық жағдайы (көмiрсутегi шикiзатын өндiретін орынның негiзгi тұтынушылардан алшақтығы) мен ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң жоғары тәуекелдiлiгiнен едәуiр дәрежеде күрделенiп отыр.
Әлемдiк қоғамдастықтың даму үрдiсi инновациялық қызметтің экономикалық өсу қарқынына әсерi өсiп отырғандығын көрсетедi. Әлемдiк рынокта интеллектуалдық еңбек өнiмдерi экономикалық қызметтiң басқа салаларымен салыстырғанда неғұрлым жоғары бағаға ие. Рыноктың талаптары жаңалықтарды енгізудi кеңiнен пайдалану, инновациялық белсендiлiктi күшейту үшiн жағдайлар туғызу қажеттiлiгiн мойындатады.
Тәжiрибе жоғары технологиялық салаларында жаңалықтар енгізуге деген көтерiңкi бейiмдiлiк байқалып отырғандығын көрсеттi. Сондықтан, экономиканың құрылымында ғылымды қажетсiнетiн салалар неғұрлым көп болса, онда инновациялық қызметте соғұрлым дамиды. Керiсiнше заңдылық та бар: Қазақстанның қазiргi экономикалық жағдайына тән бастапқы қайта өңдеудiң өндiрушi салаларының басымдығы бар экономиканың салалық құрылымы ғылыми-техникалық инновацияларды тежейдi.
Қазiргi уақытта еңбекке қабiлеттi тұрғындарды еңбекпен қамтуды арттыру және жаңа табиғи ресурстарды айналымға тарту есебiнен өнiм өндiрудi өсiру және қызмет көрсетудi дамыту үшiн мүмкiндiктер неғұрлым шектеулi болып барады. Осыған байланысты экономикалық даму үшін шешушi мәнге қарқынды факторлар ие болуда. Өз кезегінде, кадрлар біліктiлігi мен еңбек өнімділігінің өсуi, материалдар мен жабдықтардан қайтарым экономика салаларында ғылым мен техника жетiстiктерiнiң пайдаланылу дәрежесiмен анықталады.
Инновациялық қызмет жаңа шаруашылық-аумақтық құрылымдарды (технопарктердi, бизнес-инкубаторларды, аймақтық инновациялық қорларды, венчурлық фирмаларды) дамытуға, бұрын құрылған шаруашылық субъектiлер арасындағы өзара байланыстарды трансформациялауға, басқару технологияларын дамытуға көмектеседi. Бұл ретте экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесiнiң мазмұны да өзгерiске ұшырайды.
Инновациялық процестер тек өндiрiске ғана емес, шынтуайтында қоғамдық өмiрдiң барлық жақтарына ықпал етедi. Осының нәтижесiнде материалдық және материалдық емес жағдайларды пайдалану құрылымы жетiлдiріледі, адамдардың өмiр сүру қызметiнiң жаңа салалары құрылады. Мысалы, жоғары технологиялар саласындағы бiр жұмыс орны өнеркәсiп саласында бестен онға дейiнгi жұмыс орнын құрады.
Жоғары технологиялық өндiрiстер мемлекеттік бюджеттi толтырудың негiзгi көздерiнiң бiрi болып табылады. Қазiргi уақытта ғылыми-техникалық прогрестiң IЖӨ-ге қосатын үлесi неғұрлым дамыған елдерде, әртүрлi бағалау бойынша 75-тен 100%-ға дейiнiн құрайды. Инновациялық қызметтiң әлеуеттiк мүмкiндiктерi индикативтiк және бюджеттік жоспарлау жүйесiнде ескерiлуi тиiс.
4. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Бағдарламаның негiзгi мақсаты ғылым мен техниканың жетiстiктерiн пайдалану, теңгерiмдi өндiрiстiк инфрақұрылымды қалыптастыру және жалпы ұлттық өнімдегi шикiзат құрамының бөлiгiн жоғары технологиялық экспорттық өнiмге кезең-кезеңмен алмастыру негiзiнде елдiң экономикасын дамыту үшiн қажеттi жағдайлар мен қолайлы орта жасау болып табылады.
Қойылған мақсатқа сәйкес Бағдарлама мынадай мiндеттерді шешуге бағытталған:
экономиканың жоғары технологиялық шикiзаттық емес секторларын қалыптастыру;
инновациялық қызметтi мемлекеттік ресурстық қолдау;
өнеркәсiптi технологиялық жаңғыртуды жүргiзу және экспортқа бағытталған ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстерді құру:
ғылыми-инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру;
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерін инновациялық қызметке тарту;
салалық және аймақтық инновациялық бағдарламаларды қалыптастыру және іске асыру;
инновациялық қызметтi дамыту үшiн қолайлы жағдайды қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық базаны қалыптастыру;
неғұрлым перспективалы ғылыми бағыттарды сақтау және дамыту;
инновациялық кәсiпорындар үшiн мамандарды даярлау;
халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту.
5. БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ НЕГIЗГІ
БАҒЫТТАРЫ МЕН ТЕТIКТЕРI
5.1. Инновациялық даму стратегиясы мен басымдықтары
Дамыған елдермен салыстырғанда Қазақстанда мемлекеттік ғылыми-техникалық саясатының принциптiк ерекшелiктерi бар. Дамыған елдер үшiн iргелi және қолданбалы зерттеулердi қаржыландыру көлемiн арттыру, ғылымды жеке сектормен өзара байланыстыруды ынталандыру есебiнен жаңалықтарды жедел игеру, ғылымның корпоративтiк секторын құру мен дамытуға барынша ықпал ету, ғылыми-техникалық әлеуеттiң экономикалық және әлеуметтiк мiндеттердi шешуге тiкелей бейiмделуi тән.
Қазақстанда ғылымды қаржыландыру жеткiлiктi емес. Шаруашылық субъектiлердiң ғылым мен инновациялық қызметке жұмсайтын шығындарын мемлекеттік ынталандыру жүйесi дамымаған, ғылыми-техникалық әзiрленiмдердi өндiрiске енгізу маңыздылығын бағаламау сақталып отыр.
Мұндай жағдайда Қазақстан мен дамыған елдердiң ғылыми-техникалық дамуындағы алшақтық бұдан әрi өсе түсетiн болады.
Осыған байланысты негiзi жоғары және ғылымды қажетсiнетiн технологияларға көшу және елдiң экспортындағы шикiзаттық құрамының үлесiн қауiпсiз деңгейге дейiн азайту болуы тиiс мемлекеттiң қоғамның өндiргiш күштерiн дамыту жөніндегі ұзақ мерзiмдi бағдарламасына түзету енгізу қажет.
Қазақстанда экономиканы дамытудың инновациялық жолына көшуiне бiрқатар экономикалық, демографиялық, ғылыми-технологиялық, ұйымдастырушылық және басқа да факторлар (кесте) ықпал етедi.
Өндiрiстi кең ауқымды жаңарту үшiн қазiргi уақытта республикада жеткiлiктi мөлшерде жоқ едәуiр капиталдық қаражат талап етiледi. Осыған байланысты, қойылған мiндеттердi іске асыру үшiн мемлекеттік қаржыландырумен қатар несие ресурстарын, инновациялық қызмет субъектiлерiнiң жеке қаражатын, шетелдiк капиталды және басқаларды тарту алда тұр. Бұдан басқа, лизинг бойынша жабдықтар мен технологияларды сатып алуды тәжiрибеге енгізу қажет, өйткенi бұл бюджетке түсетiн күштi едәуір азайта алады.
Шетелдiк технологиялар мен техниканың бақылаусыз ағылуы отандық қолданбалы ғылымды тұншықтырып тастауы, қазақстандық экономиканың шетелдiк әзiрленімдерден технологиялық тәуелдiлiгiнiң нақты пайда болу қаупiн туғызуы мүмкiн екендiгiн есте ұстау қажет. Осының нәтижесiнде ондаған жылдар бойына жинақталған отандық ғылыми әлеуеттiң жоғалып кету қаупi туып отыр. Осының салдарынан республика жоғары технологиялық өнiмнiң импортын кеңейтуге мәжбүр болады.
Кесте
Қазақстандағы инновациялық қызметтің дамуына ықпал ететін
факторлардың салыстырмалы сипаттамасы
---------------------------------------------------------------------------
Оң факторлар ! Теріс факторлар
---------------------------------------------------------------------------
бай табиғи ресурстар; экономиканың шикiзаттық бағытталуы;
бос өндiргiш қуаттардың болуы; дүниежүзілiк деңгейдегі меншікті
технологиялар салаларының шектелуi;
салыстырмалы түрде дамыған iшкi қаржы ресурстарының тапшылығы;
ғылыми-техникалық әлеует;
технологиялық жағдайлардың инновациялық қызметтiң
қатарында технологиялық инфрақұрылымының дамымағандығы;
баяндамалардың болуы;
жеткiлiктi біліктi инженерлiк- өндiргiш күштердi керi
техникалық қызметшi; индустриялансыздандыру
жеткiлiктi жоғары жалпы білімдiк материалдық-техникалық базаның
деңгейiмен үйлескен арзан жұмыс күші; техникалық жағынан әлсiз жарақтануы;
елдiң екi құрлықтықтың тоғысында өндiргiш күштердi бөлудегi
географиялық орналасуы; теңсiздiк;
инженерлiк-техникалық кадрларды ғылыми-техникалық қызметтi
даярлаудың қалыптасқан жүйесi. коммерциялау үшiн тетiктер мен
нақты экономикалық ынталандырудың
жоқтығы;
инновациялық қызметтi жеткiлiксiз
нормативтiк құқықтық реттеу;
өндiрiстiң жоғары технологиялық
салаларының қатарында ғылыми-
техникалық және өндiрiстiк
кадрлардың жоқтығы;
жаңа формациядағы басқарушылық
кадрлардың болмауы;
ішкi рыноктың мардымсыз
сыйымдылығы.
---------------------------------------------------------------------------
Осыған байланысты Қазақстан үшiн, жоғары дамыған шет елдердiң тәжiрибелерiне сүйенсек, инновацияның мынадай түрлерi неғұрлым тиiмдi.
"Yстемелеу" инновациясы - жаңа өнімдер мен отандық ғылыми-техникалық әлеуеттiң технологияларын жасауда шетелдiк ғалымдар мен конструкторлардың тәжiрибесін пайдалану. Бұл инновация елдiң мемлекеттік мүдделері мен экономикалық қауiпсiздiгіне толық көлемде сәйкес келедi, оны экономиканың барлық салаларында дерлiк қолдануға болады.
"Қарыз алу" инновациясы - бұрын Қазақстанда шығарылмаған және түпкi тұтыну өнiмiн шығаруға бағдарланған өнiмдi игеру. Бұл инновация бiрлескен кәсiпорындар құру мен франчайзингті дамыту жағдайында неғұрлым тиiмдi болуы мүмкiн.
"Көшiру" инновациясы - шетелдiк ғылыми-техникалық әлеует пен жаңа енгiзiлiмдердi отандық экономикаға тарту. Бұл инновация лицензиялар сатып алу мен оларды өндiрiске енгізуге жұмсалатын едәуiр қаржылық шығындармен байланысты.
Қазақстан үшiн жақын болашақтағы неғұрлым қолайлы стратегия "үстемелеу" және "қарыз алу" инновациялары, сондай-ақ олардың ұштастырылуы болып табылады, өйткенi бұл ғылым мен техниканың жетiстiктерiн пайдаланумен бiрге, ғылым мен техниканың аралас және жаңа салаларында отандық ғылыми-техникалық әлеуеттiң өсуiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
Отандық экономиканың даму шамасына қарай дүниежүзiлiк рыноктарда республика үшiн жаңа инновациялық әзiрленiмдердi экспорттық өнiм тауашасында өнiмдемелеу және сатуға негiзделген инновациялық дамудың белсендi (генерациялайтын) тұрпатын, сондай-ақ шетелдiк жаңа енгiзiлiмдердiң игерiлуi мен бейiмделуiне, олардың бiртiндеп өзiмiздiң инновациялық жүйемiзге (мысалы, көлiктiк машина жасау) кiрiгуiне негiзделген елiктемелiк тұрпатының ұштасуы мүмкiн болады.
Инновациялық дамудың маңыздылығын ескере отырып, қазiргі жағдайда ауыл шаруашылығы өнiмдерiн бастапқы қайта өңдеу мен сақтау, отын-энергетикалық кешен, химия мен мұнай химиясы, жаңа материалдар өндiрiсi, коммуникациялар, көлiк және байланыс жүйелерi, биотехнология сияқты салалардағы инновациялық жобалар айрықша рөлге ие болып отыр.
Басымдықтарды таңдап алу кезiнде экономиканы әлеуметтiк қайта бағыттауға, тиiмсiз өндiрiстердi әртараптандыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға, бiрiншi кезекте тұтыну рыногына жоғары сапалы өнеркәсiптiк тауарлар, азық-түлiк шығаруға, олармен өзiн-өзi қамтамасыз ету дәрежесiн көтеруге қабiлеттi салалар мен өндiрiстерде жүргiзiлуi қажет неғұрлым жоғары технологиялық жағдайларды игеру мен ресурсты үнемдеуге анықтаушы мән беру керек.
Бұл бағыт үшiн өсу нүктелерi - тұрмыс техникасын, күнделiктi сұраным тауарлары мен экологиялық таза өнiмдердi өндiрудi озық дамыту.
Дамыған елдер, энергетикалық және экологиялық дағдарыстардың қысымымен, энергия шығынды технологиядан бас тарту және қалдықсызына көшу есебiнен қайта өндiрудiң ресурсты үнемдеушi тұрпатына көштi. Өнеркәсiптiң шикiзат саласының төмен технологиялық тұрпатын ескере отырып Қазақстанда ресурсты үнемдеушi инновациялық жобалар жоғары экономикалық тиiмдiлiкке ие бола алады.
Бұл бағыт үшiн өсу нүктелерi - минералдық, көмiрсутегiлiк және ауыл шаруашылық шикізатты қайта өңдеу тереңділігін арттыру, металлургиядағы ақырғы қайта өңдеудi игеру, техногендiк және қайталанған шикiзатты, ұқсату.
Неғұрлым жоғары технологиялық жағдайларды айқындау кезiнде елдiң экономикасы бесiншi технологиялық жағдайды қалыптастыру кезiнде дүниежүзiлiк техникалық-технологиялық дамудың талаптарына қаншалықты бейiмделе алатындығын ескеру қажет.
Бұл бағыт үшiн өсу нүктелерi - информатика мен микроэлектроника, биотехнология және жаңа материалдар.
5.2. Бағдарламаны қалыптастыру тәртібі
Республиканың инновациялық дамуының базалық принципi Бағдарламаның бiрiнен соң бiрi өзара байланысты үш кезеңiн іске асыру болып табылады.
Бағдарламаның қысқа мерзiмдi кезеңi (2001-2003 жылдар) екi кiшi кезеңнен тұрады:
Дайындық (2001-2002 жылдар) - инновациялық қорларды, технопарктердi, бизнес-инкубаторларды ұйымдастыру, сынамалы өндiрiстердi іске қосу, бақылау және реттеу жүйесiн өңдеу, басқарушы құрылымдарды қалыптастыру жөніндегі iс-шаралар кешенiн қамтиды.
Негiзгi (2003 жыл) - өнеркәсiптiң, ауыл шаруашылығының, көлiк пен байланыстың базалық салаларында шағын және орташа инновациялық кәсiпорындарды құру және дамыту, тауарлардың сыртқы рыноктарға шығуын байқап көру, кадрлар құрылымын қалыптастыру, лицензияларды, патенттер мен технологияларды сатып алу тетiктерiн өңдеу жөніндегі iс-шаралар кешенiн қамтиды.
Бағдарламаның қысқа мерзiмдi кезеңiнiң мiндеттерi:
инновациялық қызметтiң инфрақұрылымын дамыту (өндiрiстiк-технологиялық және ақпараттық қамтамасыз ету, мемлекеттік сараптау, сертификаттау, кадрлар даярлау мен қайта даярлау жүйесiн құру);
ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтi ақпараттық қамтамасыз ету жүйесiн құру;
заңнамалық және нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу;
ақталу мерзiмi 2 жылға дейiнгi аймақтық және салалық инновациялық кiшi бағдарламалар мен жобаларды iске асыру.
Бағдарламаның орта мерзiмдi кезеңi (2003-2008 жылдар) перспективалы ғылыми-техникалық әзiрленiмдердi iске асыру, сыртқы рыноктарда бәсекеге қабiлеттi өнiм шығаруға бағдарланған жоғары технологияларды және ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстердi құру жөніндегі iс-шаралар кешенiн қамтиды. Негiзгi жұмыстар технологияларды өнеркәсiптiк игеруге дайындаудың базалық ғылыми-технологиялық орталықтарында - технопарктер мен бизнес-инкубаторларда жүзеге асырылатын болады.