Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қаңтардағы № 54
қаулысына өзгеріс енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 10 мамырдағы № 617 қаулысының күші жойылды
деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 8 сәуірдегі № 393 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008.23.04. № 381 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Инновациялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қаңтардағы № 54 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Инновациялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі 2003-2004 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 7-жол алынып тасталсын.
2. "Қазақстан Республикасының инновациялық даму бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 10 мамырдағы № 617 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 17, 220-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |