Бағдарламаның орта мерзiмдi кезеңi отандық ғылымның жетістіктері, шетелдiк техникалар мен технологияларды қарызға алу, патенттер мен лицензиялар сатып алу негiзiнде қалыптасатын болады.
Бағдарламаның орта мерзiмдi кезеңінің мiндеттерi:
экспортқа бағдарланған өнiмдердiң шығарылуын қамтамасыз ететiн технологияларды енгізу;
технологиялық жабдықтар, мұнай-газ, тау-кен өндiру, металлургия өнеркәсiбi, ауыл шаруашылығы, көлiк және байланыс үшiн дүниежүзiлiк рыноктың талаптарына жауап беретiн жинақталымды бұйымдар мен машиналар шығаруды ұйымдастыру;
iшкi және сыртқы рыноктарда тұрақты сұранымға ие болатын өнімдердi шығаруға бағдарланған ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстердi iске қосу;
инновациялық сала үшін кадрлар даярлау мен қайта даярлау.
Бағдарламаның ұзақ мерзiмдi кезеңi (2008-2015 жылдар) орта мерзiмдi бағдарламаның нәтижелеріне негiзделетiн болады. Ол ұзақ перспективаға есептелген және тұтыну мен өткізу рыногының жаңа салаларын қалыптастыруға қабiлеттi орта және ірi кәсiпорындар құруға, базистiк инновациялар әзiрлеуге, өндiрiстердi технологиялық қайта құрылымдауға және дүниежүзiлiк рыноктарға арналған жаңа тауарлар шығаруға бағытталатын болады. Осы кезеңде алдыңғы қатарлы шетелдiк технологияларды "көшiру" стратегиясы қолданылатын болады.
Бағдарламаның ұзақ мерзiмдi кезеңi шеңберiнде отандық ғылыми мекемелердi басым ғылыми-технологиялық бағыттарға қайта бағдарлау және республика үшiн жаңа технологиялық жағдайлар жасау жүргiзiлетiн болады.
Бағдарламаның ұзақ мерзiмдi кезеңiнiң мiндеттерi:
орта мерзiмдi бағдарламаның неғұрлым талап етiлген жобаларын iске асыру;
өнiмдi өткізудiң тұрақты рыноктарымен iрi өндiрiстердi қалыптастыру;
экономика салаларының технологиялық дамуын қамтамасыз ету.
Бағдарламаның орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi кезеңдерiн iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарлары Бағдарламаның бұрынғы кезеңдерiн iске асыруда алынған нәтижелерге сүйене отырып әзiрленетiн және Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жекелеген қаулыларымен бекітілетiн болады.
Бағдарлама нақты экономикалық көрсеткiштер бөлiгiнде ұлттық әлеуметтiк-экономикалық басымдықты сүйене отырып жыл сайын нақтыланатын және түзетiлетiн болады.
Барлық салаларды олардың әлеуметтiк-экономикалық мәнi мен даму ерекшелiгiн ескермей, бiрдей қолдау әрекетi республиканың инновациялық дамуын толық шамада іске асыруға мүмкiндiк бермейдi.
Осыған байланысты таяудағы және алыс перспективаға ғылым мен техниканы дамытудың басымдықты бағыттары, сондай-ақ бiрiншi кезекте қолдау қажет республикалық деңгейдегi сыни технологиялардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия анықтайтын болады. "Сыни технологияларды" iрiктеу кезiнде олардың өнiмдер мен қызмет көрсетулердiң бәсекелестiк қабiлетiне, өмiрдiң сапасына, экологиялық жағдайдың жақсаруына әсер етуi ескерiлетін болады.
Осы тiзбелерге сүйене отырып, конкурстық негiзде инновациялық бағдарламалар мен жобаларды қалыптастыру мен iске асыру тәртібін реттейтiн "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес көрсетiлген кезеңге арналған салалық және аймақтық мақсатты инновациялық бағдарламалар қалыптасатын болады.
5.3. Тiкелей және жанама қолдау әдiстерi
Мемлекет инновациялық процестердi реттеу мақсатында жаңалықтар енгізуде бастамашылық көрсете және осы қарым-қатынастарға байланысты қатысушы бола отырып, инновациялық қызметке тiкелей де, сол сияқты инновацияларды ынталандыра және тиiстi экономикалық тетiк құра отырып, жанама әдiстермен де қолдау көрсететiн болады.
Инновациялық қызметтi тiкелей реттеу:
ғылым мен техниканы дамытудың басымдықты бағыттарын таңдау және "сыни технологиялардың" тiзбесiн анықтау;
мемлекеттік бюджеттен мақсатқа бағытталған қаржыландыру;
инновациялық бағдарламалар мен жобаларды iске асыру үшiн жалпы ұлттық мәнi бар, бiрақ жеке инвесторлар үшiн тартымды емес тiкелей мемлекеттік инвестицияларды бөлу;
мемлекеттік емес құрылымдар iске асыратын инновациялық жобалар мен кішi бағдарламаларды мемлекеттiң бiрлесiп қаржыландыруы;
көрнектi жобаларды бастамалау және жүзеге асыру;
инновациялық жобаларды елдiң инновациялық даму басымдықтарына сәйкестiгiне мемлекеттік сараптау;
инновациялық қызметтiң инфрақұрылымын қалыптастыру (технологиялық парктер, бизнес-инкубаторлар және т.б.);
халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту негiзiнде жүзеге асырылатын болады.
Инновациялық қызметтi жанама реттеу:
жеңiлдiктi салық заңнамалар;
отандық және шетелдiк инвесторлар үшін жеңiлдіктi инвестициялық, лицензиялық және кедендiк заңнамалары негiзiнде жүзеге асырылатын болады.
5.4. Инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру
Инновациялық қызметтi мемлекеттік қолдаудың бiр тәсiлi республика аумағында инновациялық орталықтарды, инкубаторларды, технопарктердi, консалтингтiк және оқытатын фирмаларды, инновациялық кәсiпорындарды конструкторлық-технологиялық қолдау жөніндегі ұйымдарды қамтитын, аймақтық ерекшелiктердi ескере отырып, бiрыңғай үйлестiрiлген инновациялық инфрақұрылым қалыптастыру болмақ.
Инфрақұрылымды қалыптастыру кезiнде мемлекет аймақтардағы олар құратын ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет объектiлерi ғылым және техника саласымен байланысты барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін ортақ болуына сүйенетiн болады. Бұл инновациялық даму мiндеттерiн шешу кезiнде - ғылыми ұйымдардың, инновациялық кәсiпорындардың, жоғары оқу орындары мен шағын кәсiпкерлiк субъектiлердiң әлеуетiн бiр ортаға бiрiктiруге мүмкiндiк бередi.
Конструкторлық-технологиялық жаңалықтарды жетiлдiру мен өндiрiстердi дайындауға, бәсекелестiкке қабiлетті ғылымды қажетсiнетiн өнiмдердi және жоғары технологияларды әзiрлеу кезiнде инновациялық кәсiпорындарды өндiрiстiк-технологиялық қолдауға ерекше назар аударылатын болады. Бұл құрылымдардың ғылыми-техникалық әзiрленiмдердi және маркетингтi, жарнамалық және көрме қызметiн, патенттiк-лицензиялық жұмысты және интеллектуалдық меншiктi қорғауды қоса алғанда, жергiлiктi және шетелдiк рыноктарға ғылымды қажетсiнетiн өнiмдердi жылжытуда рөлi белсендi болмақ.
Аймақтардың экономикалық мамандануын, өнеркәсiптiк, ғылыми және оқу әлеуеттерiнiң бар болуын ескере отырып, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Павлодар, Шымкент, Өскемен және басқа да қалаларда бизнес-инкубаторлар және технопарктер жүйесi құрылатын болады.
Инновацияларды тұтынушылар мен жаңа енгiзiлiмдердiң авторлары арасында ақпараттық алмасуды қамтамасыз ету үшiн алдағы уақытта "Интернет" жүйесiнде арнайы сайтта ұсынылатын деректер базасы құрылатын болады.
5.5. Инновациялық қызметтi дамытудың құқықтық негiздерi
Инновациялық қызметтi дамытуды тиiстi нормативтiк құқықтық базаны құрусыз және тұрақты жетiлдiрусiз мүмкiн емес.
Қазақстандағы ғылыми-техникалық қызметті құқықтық реттеудiң негiзi "Қазақстан Республикасының ғылымы мен мемлекеттік ғылыми-техникалық саясаты туралы", "Авторлық құқық пен аралас құқықтар туралы" және "Қазақстан Республикасының патенттiк заңы" туралы Заңдар болып табылады.
Экономиканың инновациялық даму жолына өту кезiнде құқықтық қатынастарды қамтамасыз ету мақсатында "Инновациялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының базалық Заңы және инновациялық бағдарламалар мен жобаларды қалыптастыру мен iске асыру тәртібін регламенттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдердiң пакетi қабылданатын болады.
Өнiмдердiң сапасына, өнеркәсiптiк құқықтар мен интеллектуалдық меншiктi қорғауға ерекше назар аударылатын болады.
Өнімдердiң, тауарлардың және қызмет көрсетулердiң сапасына қойылатын талаптардан туындайтын ұлттық стандарттар қазiргi ғылымның, техниканың және технологиялардың жетiстiктерi, халықаралық стандарттар, басқа елдердiң озық мемлекеттік стандарттары негiзiнде әзiрленетiн болады.
Ел экономикасына ИСО 9000 сапасындағы Жүйесi және ИСО 14000 айнала қоршаған ортаны қорғау басқармасының Жүйесi тұрпатындағы стандарттарды кеңiнен енгізу Қазақстанда стандарттау жүйесiн iске асыру кезiнде кешендi тұрғыны қамтамасыз етедi, қазақстандық өнiмдердiң сапасы мен бәсекелестiк қабiлетiн арттырады, материалдық ресурстарды үнемдеу мен қоршаған ортаны қорғау үшiн қолайлы жағдайлар туғызады.
Инновациялық қызметтi дамытуға өзiне өнеркәсiптiк меншiктi (өнертабыстар, үлгiлер, өнеркәсiптiк үлгiлер), кәсiпорындар мен олардың өнiмдерiн саралау құралдарын (тауарлық белгiлер мен қызмет көрсету белгiлерi, фирмалық атаулары), ақпараттық өнiмдердi (бағдарламалық қамтамасыз ету, мәлiметтер базасы), өзге де материалдық емес ресурстарды (коммерциялық құпиялар, лицензиялар және басқалары) қамтитын интеллектуалдық меншiктi қорғаудың құқықтық аспектiлерi үлкен мән беретiн болады.
Осыған байланысты экономикалық, өндiрiстiк, инвестициялық және қаржылық нормалар мен нормативтер жиынтығы негiзiнде интеллектуалдық меншiктi тиiмдi басқару алғашқы дәрежедегi мәнге ие болады.
Мемлекеттік интеллектуалдық меншiктi түгендеудi өткізу, оның шын құнын және коммерциялық сату мүмкiндігiн анықтау, неғұрлым маңызды интеллектуалдық әзiрленiмдердi және басқаларын мемлекеттік қолдауды ұлғайту алда тұр.
5.6. Халықаралық ынтымақтастық
Дамыған елдерде iшкi рыноктар, әдетте, ендi кең ауқымды инновациялық жобаларды іске асыруға мүмкiндiк бермейдi, сондықтан да әзiрлеушiлер өздерiнiң жаңалықтарын шет елдерде таратуға барынша көңiл бөле бастады.
Алайда, дүниежүзiлiк экономикалық көш бастаушылар арасындағы кооперацияның тереңдеуiмен қатар ғылымды қажетсiнетiн және инновациялық өнiмдер рыноктардағы бәсеке шұғыл өршидi, ғылыми-техникалық және инновациялық ресурстар үшiн күрес күшейедi. Соңғы жылдары осы бәсекелестiкке жаңа индустриялы елдер мен дамушы мемлекеттер жиi қосылатын болып отыр.
Осы жағдайларда мемлекетке халықаралық инновациялық байланыстарды реттеуде, дүниежүзiлiк ғылыми-техникалық кеңiстiкте Қазақстанның жағдайын нығайтуда және сыртқы рыноктарға отандық тауарлармен шығуды қамтамасыз етуде белсендi рөл атқаруға тура келедi.
Осыған байланысты мемлекет халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты ынталандыру мақсатында екiжақты және көпжақты инновациялық бағдарламалар мен жобалардың қазақстандық бөлiгiн, бiрлескен технологиялық орталықтарды, мамандандырылған қорлар мен инновациялық инфрақұрылымдарды қаржыландыруды, шет елдерде кадрларды даярлау мен олардың біліктiлiктерiн арттыруды, шетелдiк ғылыми-техникалық әдебиеттердi сатып алуды өзiне алады.
Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерiмен өзінің ынтымақтастығын 1998 жылғы 11 қыркүйекте Мәскеуде жасалған Ғылыми-техникалық салада мемлекетаралық инновациялық бағдарламалар мен жобалар қалыптастыру және олардың мәртебесi туралы келісімнің негiзiнде жүзеге асыратын болады.
Республикада инновациялық белсендiлiктiң өсуiне TACIS, ЮНИДО, МАГАТЭ, ЮНКТАД және басқалары сияқты халықаралық ұйымдардың аясында технологиялық даму және iрi ауқымды мақсатты жобалар салаларындағы ынтымақтастықтың шектелмелi және бiрiктiрiлген бағдарламаларын әзiрлеу мен iске асыру жәрдемдесетiн болады.
Шетелдiк мамандар мен сарапшыларды республика үшiн маңызды халықшаруашылық мәнi бар бағдарламалар мен жобаларды әзiрлеу мен бағалауға тарту iс-тәжiрибеге енгiзiлетiн болады.
Елден инновациялық әзiрленiмдердiң, бiрiншi кезекте олардың пайдаланылуы дүниежүзiлiк қоғамдастыққа залал келтiретін екiұдай мақсаттағы технологиялардың елден жылыстауына тосқауыл қою мақсатында экспорты мiндеттi үкiметтiк бақылауға жататын технологиялар мен тауарлар тiзбесi тұрақты негiзде жаңаланып отыратын болады.
6. ҚАЖЕТТI РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРI
6.1. Қаржылық қамтамасыз ету
Нарықтық экономика жағдайында инновациялық қызметтi қаржыландыру жүйесiнiң өзiндiк ерекшелiгi бар және мемлекеттiң қаржылық саясатының құрамдас элементi ретiнде жүредi.
Бұл жүйе, бiрiншi кезекте, техникалық жаңалықтарды ел экономикасына тез және тиiмдi енгізу, оның құрылымдық-технологиялық қайта құрылуын қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық және кадр әлеуетiн сақтау және дамыту, жоғары сыныпты мамандардың шет елге кетуiнiң алдын алу үшiн қажеттi жағдайлар жасауға бағытталған.
Осы жүйенiң элементтерi:
қаржылық қаражаттардың түсу көздерiнiң жиынтығы;
ақшалай қаражатты шоғырландыру және оларды инновациялық бағдарламалар мен жобаларға салудың тетiгi;
қайтарымдылық жүйесiн және оларды пайдалану тиiмдiлiгiне баға берудi қоса алғанда, қаржы қаражаттарын бақылау тетiгi.
Инновациялық қызметтi дамытуға арналған қаражат республикаiшiлiк көздерден iздестiрiлуi және негiзiнен мыналарға бағытталуы тиiс:
инновациялық инфрақұрылымды дамыту - бизнес инкубаторлар, арнайы конструкторлық бюролар, инновациялық қорлар, кадрларды дайындау және қайта дайындау жүйесiн құру.
Мыналарды:
қаржы ресурстарына қажеттiлiк пен оларды алудың нақты мүмкiндiктерi арасындағы теңгерiмдiлiктi;
кәсiпорындардың мемлекеттік бюджеттер алдындағы алған қаржылық мiндеттемелерiнiң уақытылы және толық орындалуын;
материалдық және қаржылық ресурстардың ұтымды пайдаланылуын;
тапсырыс берушiлермен, контрагенттермен және жеткізушiлермен экономикалық қарым-қатынастар iс-тәжiрибесiнен туындайтын өзге де мiндеттердi шешудi қамтамасыз ететiн қаржылық бақылау жүйесi қалыптастырылатын болады.
Осыған байланысты мемлекет инновациялық қызметтi қаржыландыру жүйесiн мынадай бастапқы қағидаттарға сүйене отырып қалыптастыратын болады:
жүйенiң ғылыми-техникалық жетiстiктердi тез және тиiмдi енгізуге бағдарлануы;
қаржыландыру көздерiнiң көптiгi;
инновациялық қаржыландырудың барлық жүйесiнде де, сол сияқты оның құрамдаушыларында да барынша тиiмдiлiктi қамтамасыз ету үшiн тез қайта құрылу мүмкiндiгi;
іс жүзiнде қолдану үшiн техникалық және технологиялық жаңалықтар мен бағыттардың барынша кең ауқымын қамту;
қолданылатын тетiктердiң негiздiлiгi және заңдық қорғалуы.
Жалпы салалық, салааралық және аймақтық ғылыми-техникалық бағдарламаларды, сондай-ақ өнеркәсiптiк өнiмдердiң жаңа түрлерiн игеру жөнiндегі iс-шараларды қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында, жергiлiктi жерлерде инновацияларды қолдаудың мемлекеттік емес қорлар жүйесi құрылатын болады. Мұндай қорлар аймақтық деңгейлерде де, сол сияқты ұлттық компаниялар, концерндер мен холдингтердiң шеңберлерiнде де құрылатын болады.
Инновациялық қызметтi мемлекеттік емес қаржыландыру көздерi:
инновациялық кәсiпорындардың меншiктi қаражаты;
бағалы қағаздар эмиссиясының есебiнен жұмылдырылатын қаражат;
коммерциялық банктердiң несиелерi;
мамандандырылған және қайырымдылық қорлар;
жаңа өнімнiң тез шығарылуына мүдделi инвестициялық компаниялардың басқа да инновациялық кәсiпорындардың қаражаты болмақ.
Қымбат бағалы станоктар, жабдықтар, бiрегей бақылау-өлшеу техникаларын сатып алуды талап ететiн iрi технологиялық инновациялардың тез өнеркәсiптiк игерiлуi мәселелерiн шешу кезiнде қаржылық лизинг дамуға ие болады.
6.2. Ғылыми-техникалық қамтамасыз ету
Ғылыми-техникалық қамтамасыз ету инновациялық дамудың айқындаушы шарты болып табылады және өнiмдердi жаңа рынокқа жылжытуға бағытталған.
Технологиялар мен жабдықтар экологиялық, техникалық қауiпсiздiк және санитарлық нормалардың талаптарын қанағаттандыруы, техникалық қайта жарақтандыруды тез жүргiзу мен дүниежүзiлiк деңгейдегi немесе оған ұқсас өнiмнен сапасы бойынша асып түсетiн өнiмдi шығаруды қамтамасыз етуi тиiс.
Мемлекет ғылыми-техникалық қамтамасыз ету функцияларына, жабдықтар мен технологияларға қойылатын талаптарға сүйене отырып:
инновациялық бағдарламалар мен жобаларды қалыптастыруды;
кешендi ғылыми-техникалық сараптама жүргiзудi;
іргелi ғылыми зерттеулер жүргізудi;
инновациялық бағдарламалар мен жобаларды ғылыми-техникалық алып жүруді;
дүниежүзiлiк ғылыми-техникалық дамудың болжамын;
тендерлiк негiзде мiндеттi түрде кешендi ғылыми-техникалық, технологиялық және экологиялық сараптама өткiзе отырып, шетел технологиялар мен жабдықтарды сатып алуды және олардың лизингін жүргiзудi жүзеге асыратын болады.
6.3. Кадрлық қамтамасыз ету
Қазақстан дамудың инновациялық жолына өту кезiнде қазiргi менеджмент саласында кең білімi бар мамандарға зәру болады. Меншiктiң барлық түрлерiндегі кәсiпорындар мен ұйымдарға, салыстырмалы қысқа мерзiмде инновациялардың жоғары тиiмдiлiгi мен бәсекелестiк қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ететiн басқару жүйесiн құруға қабiлеттi мамандар қажет болады.
Инновациялық саланың кадрлары - бұл, ең алдымен, жаңа технологияларды құру мен игеру процесiнiң белсендi қатысушылары. Кадр құрылымының күрделiлiгі инновациялар мiндеттерiнiң ерекшелiктерiмен, сондай-ақ ғылыми және ғылыми-техникалық еңбектiң өзiндiк ерекшелiктерiне негiзделедi. Осы құрылымды құраушылар ғылыми және инженерлiк қызметкер кадрлар, басқару қызметшiлерi, тәжiрибелiк өндiрiстiң қызметкерлерi, көмекші және қызмет көрсету қызметшiлерi болып табылады.
Инновациялық кәсiпорындар алғашқы кезеңде дербес қаражатының есебiнен кадрларды дайындауға ақы төлей алмайтын жағдайда болады. Сондықтан мұндай кәсiпорындарды мемлекеттік қолдау мақсатында инновациялық процестердi басқару саласындағы кадрларды мемлекеттік тапсырыс шеңберiнде дайындау бағдарламасы әзiрленетін болады. Тапсырыс берушiлердiң базалық кәсiпорындарында мамандардың тағылымдамадан өту мүмкiндiгi көзделетiн болады.
Нақты кәсiпкерлiк жобаларды басқару және iске асыру үшiн мақсатты "менеджерлiк-командаларды" оқытуды қоса алғанда, ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет үшiн кадрлар даярлау және қайта даярлау нысандарының бiрi инновациялық орталықтар мен технопарктер болады.
Қазақстанның қазiргi кадр әлеуетiнiң жағдайы дүниежүзiлiк деңгейдегі технологияларды әзiрлеудi толық түрде жүзеге асыруға және жоғары сапалы экспорт және импорт алмастырушы өнiм өндiруге мүмкiндiк бермейдi. Осыған байланысты қазақстандық мамандардың жетекшi шетелдiк компаниялар мен ғылыми-зерттеу ұйымдарында тағылымдамадан өтуi тәжiрибеленетiн болады.
Кадрлық қамтамасыз етудiң басымдықты және неғұрлым тиiмдi бағыттарының бiрi - отандық мамандарды қайта даярлау үшiн шетелдiк жоғары біліктi мамандарды Қазақстанға тарту болмақ.
7. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУДАН КYТIЛЕТIН НӘТИЖЕЛЕР
Бағдарламаны iске асырудың басты нәтижесi республикада сыртқы рыноктарда сату көлемi бойынша соңғы кезеңде экспорттың шикiзат құрамасымен салыстырмалы бәсекелестiкке қабiлетi жоғары технологиялық өнiмдердi өндiруге қабiлетi бар шикiзаттық емес, экспортқа бағытталған экономика секторын құру болып табылады.
Интеллектуалдық меншiк рыногын құрудың есебiнен шаруашылық қызметке отандық ғалымдар мен мамандардың ғылыми-техникалық жетiстiктерi тартылатын болады, бұл ғылыми еңбектiң дүниежүзiлiк бөлiнiсiне Қазақстанның тең құқықты әрiптес ретiнде енуiн қамтамасыз етедi.
Бағдарламаны iске асыру:
ғылым және техника жетiстiктерi негiзiнде ең бiрiншi кезекте елдiң тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге;
өнеркәсiптiң базалық салаларының жаңа технологиялық тәртiпке және қайта жасауға көшуiн жүзеге асыруға;
экономиканың шикiзат секторына экономикалық қысымды төмендетуге;
шағын және орта кәсiпорындарды қарқынды дамыту есебiнен ЖIӨ-нiң құрылымындағы iрi кәсiпорындардың үлесiн төмендету жолымен экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге;
шағын инновациялық бизнестi дамыту үшiн жағдай жасауға;
меншiк иелерiнiң экономикалық белсендi қабатын қалыптастыруға;
халықтың арасында әлеуметтiк шиеленiсудi азайтуға мүмкiндiк бередi.
Ғылымды қажетсiнетiн өнiмдердiң қағидатты жаңа түрлерiн өндiруді игеру және жоғары технологияларды енгізу, экономиканың шикiзаттық емес секторын дамыту есебiнен елiмiздiң жалпы iшкi өнiмдерiнiң жыл сайын 5-6 %-ға, соның iшiнде өнеркәсiптiк өндiрiсте 5-7 %-ға дейiн, ауыл шаруашылығында - 2-3 %-ға, көлiк және байланыста - 10-12 %-ға жыл сайын тұрақты өсу қамтамасыз етiлетiн болады.
Экономиканың басымдықты салаларында - энергетикада, химия және мұнай-химия өнеркәсiбiнде, машина жасауда, көлiк және байланыста агроөнеркәсiп кешенiнде және басқа да салаларда ғылыми әзiрленiмдер нәтижелерiн жедел игеру үшiн қажеттi жағдайлар жасалатын болады.
Бағдарлама отандық ғылыми-техникалық әлеуеттi барынша тартуға, ғылым мен инженерлiк-техникалық қызметкерлердiң талап етушiлiгiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
Елдiң инновациялық дамуы экономиканың бiрыңғай құрылымды қайта құруды жүргiзудi, шикiзаттық емес секторға инвестициялар мен дүниежүзiлік деңгейдегi технологияларды тартуды, өндiрiстi жаңғырту мен техникалық қайта жарақтандыруды, жаңа жұмыс орындарын құруды және рыноктың бәсекеге жарамды өнiмдермен толтырылуын қамтамасыз етедi.
Мемлекет инновациялық даму үшiн қажеттi жағдайлар жасай, халықтың инновациялық белсендiлiгiн ынталандыра отырып, инновациялық қызмет саласында өндiрiстiк кәсiпкерлiктiң қалыптасуы мен дамуына ықпал ететiн болады.
Республикада қолайлы инновациялық ахуал жасау Қазақстанның әлеуметтiк бағдарланған және нарықтық экономикасы дамыған жоғары индустриялы қоғамға айналуының базалық факторы болады.
8. Қазақстан Республикасының 2001-2003 жылдарға арналған
инновациялық даму бағдарламасын iске асыру жөніндегі іс-шаралар
жоспары
---------------------------------------------------------------------------
N ! Іс-шаралар ! Аяқтау ! Орындауға !Орындау
р/р! ! нысаны ! жауапты !мерзімі
---------------------------------------------------------------------------
Нормативтiк құқықтық қамтамасыз етулер
1 "Инновациялық қызмет туралы" Қазақстан Экономика және сауда 2001
Қазақстан Республикасының Республикасы министрлігі, жыл
Заңын әзiрлеу Заңының Энергетика және
жобасы минералдық ресурстар
министрлігі, Білім
және ғылым
министрлігі
2 Инновациялық жобаларды Министрлердің Білім және ғылым 2001
iрiктеу және қаржыландыру бұйрықтары министрлігі, жылғы
үшiн құжаттардың Энергетика және қыркүй.
бiрдейлендiрiлген ережелерi минералдық ресурстар ек
мен нысандарын дайындау министрлігі, Қаржы
және бекіту министрлігі,
Экономика және сауда
министрлігі
---------------------------------------------------------------------------
Инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру
3 Технопарктер мен бизнес- Бірлескен Экономика және сауда 2001
инкубаторларды бұйрық министрлігі, жылғы
қалыптастыру және ресурстық Энергетика және қыркүй.
қамтамасыз етудiң тәртібі минералдық ресурстар ек
туралы ереже әзiрлеу министрлігі, Білім
және ғылым
министрлігі, Табиғи
монополияларды
реттеу, бәсекелестікті
қорғау және шағын
бизнесті қолдау
агенттігі
4 Iрi өнеркәсiптiк Облыстар мен Облыстардың, Астана, 2001-
орталықтарда бизнес- Астана және Алматы қалаларының 2003
инкубаторлар мен Алматы әкімдері, Энергетика жылдар
технопарктер жүйесін және қалалары және минералдық
аймақтық инновациялық әкімдерінің ресурстар министрлігі,
қорлар құру шешімі Білім және ғылым
министрлігі, Экономика
және сауда министрлігі
5 Отандық ғылыми Экономика Білім және ғылым 2001-
әзiрлемелердiң технология. салалары министрлігі, 2003
лар, менеджмент, жаңа бойынша Энергетика және мине. жылдар
тауарлар мен қызмет деректер ралдық ресурстар
көрсетулер салаларында банкілері министрлігі, Көлік
деректер банктерiн құру және коммуникациялар
министрлігі, Ауыл
шаруашылығы министрлігі,
Табиғи монополияларды
реттеу, бәсекелестікті