Мемлекеттік табиғи резерваттарда мынадай функционалдық аймақтар бөлiп көрсетiледi:
1) қорық ядросының аймағы дегенiмiз адамдардың араласуынан неғұрлым аз бұзылған қорық режимiнде қорғалатын, ландшафттық және биологиялық алуан түрлiлiгiн табиғи даму жағдайында сақтауға арналған аумақ бөлiгiн бiлдiредi;
2) буферлiк аймақ қорық ядросының айналасында құрылады, заказдық режимi болады және ядро аймағына шаруашылық және рекреациялық қызмет ықпалын төмендетуге арналған;
3) бұзылған ландшафттарды қалпына келтiру аймағы дегенiмiз табиғи қалпына келу әлеуетi төмен, қатты тозып кеткен полигон-учаскелердi бiлдiредi әрi олардың ландшафттық және биологиялық алуан түрлiлiгiн қайта жандандыру, сондай-ақ шаруашылық маңызын қалпына келтiру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға арналған. Қалпына келтiру аймағында қорық немесе заказдық қорғау режимi болады;
4) мемлекеттік табиғи резерваттың тұрақты даму аймағының ерекше қорғау режимi болмайды және ол жер пайдаланушылардың жерлерiн алмай құрылады. Сонымен қатар, ол аймақтың аумағында ядро аймағындағы және табиғи резерваттың буферлiк аймағындағы қоршаған ортаға жағымсыз өзгерістер әкелуі мүмкiн шаруашылық қызметтiк барлық түрiне тыйым салынады. Бұл аймақта табиғи ресурстарды теңгермелi пайдалану принциптерiне негiзделген ауыл және орман шаруашылығының, жергiлiктi кәсiпшiлiк пен туризмнiң ұтымды нысандарын дамытуға басымдық берiледi.
40-3-бап. Мемлекеттік табиғи резерваттарды ұйымдастыру және
басқару ерекшелiктерi
Мемлекеттік табиғи резерваттар жұмыс iстеп тұрған мемлекеттік табиғи қорықтар мен мемлекеттік ұлттық табиғи парктер негiзiнде құрылуы немесе олар бiртұтас басқарудағы кешендi ерекше қорғалатын табиғи аумақ болып бiрiктiрiлуi мүмкiн.";
33) мынадай мазмұндағы 46-1-баппен толықтырылсын:
"46-1-бап. Мемлекеттік қорық аймақтарын құру тәртібі
Республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын ұйымдастыру туралы шешiмдердi - Қазақстан Республикасының ?кіметi, жергiлiктi маңызы барларын ұйымдастыру туралы шешiмдердi қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның ұсыныстары бойынша барлық мүдделi мемлекеттік органдармен келісілген ғылыми негiздемелер негiзiнде жергiлiктi атқарушы органдар қабылдайды.";
34) 49-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік табиғи заказниктер республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар болып табылады.".
35) 50-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қарауында мемлекеттік табиғи заказниктер бар орталық атқарушы орган арнайы қызметтердiң күшiмен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметiн қаржыландыру үшiн белгiленген көздер есебiнен оларда орналасқан мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектiлерiн қорғау және қалпына келтiру iс-шараларын ұйымдастырады.";
36) 63-бапта:
екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттік табиғи резерваттардың, мемлекеттік табиғи парктердiң, мемлекеттік орман табиғат ескерткiштерiнiң, мемлекеттік қорық аймақтары мен мемлекеттік табиғи қорықтар-сепортерлерiнiң ормандары;";
37) 64-баптың 1-тармағы алып тасталсын;
38) 65-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
39) 66-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
40) 67-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар мемлекеттік табиғи қорықтарға, мемлекеттік ұлттық парктерге, мемлекеттік табиғи резерваттарға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өзге де түрлерiне кiредi.";
41) 68-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
42) 69-баптың 1, 3-тармақтары алып тасталсын;
43) 73-баптың бесiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"заңды тұлғалар болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қаражатының;";
44) 74 және 75-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"74-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға республикалық
бюджеттен бөлiнетiн қаражатты жұмсау
Республикалық бюджет қаражатынан мынадай iс-шаралар бойынша:
ерекше қорғалатын аумақтардың желiлерiн дамыту бағдарламаларын әзiрлеу, республикалық маңызы бар осы аумақтарды құруды негiздеу;
республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру кезiнде жер учаскесiн алып қоюға байланысты меншiк иесiне немесе пайдаланушыға келтiрiлген шығындарды жабу;
республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік есебiн жүргiзу;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын жүргiзу;
әкiмшiлiк-шаруашылық, рекреациялық және туристiк мақсаттағы объектiлердi салу;
республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда атқарылатын мемлекеттік табиғи-қорық қорын қорғау және қалпына келтiру, ғылыми, мәдени-ағарту және оқу iс-шаралары бойынша қаржыландыру қамтамасыз етiледi.
75-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жергiлiктi бюджеттерден бөлiнетiн қаражатты жұмсау
Жергiлiктi бюджеттен бөлiнетiн қаражаттан мынадай iс-шаралар бойынша:
жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын аумақтардың желiлерiн әзiрлеу, осы аумақтарды құруды негiздеу;
жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру кезiнде жер учаскесiн алып қоюға байланысты меншiк иесiне немесе пайдаланушыға келтiрiлген шығындарды жабу;
жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік есебiн жүргiзу;
жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұстау мен абаттандыру, мемлекеттік табиғи-қорық қорын қорғау мен қалпына келтiру, осы аумақтарда атқарылатын ғылыми, мәдени-ағарту және оқу iс-шаралары бойынша қаржыландыру қамтамасыз етiледi.";
45) 76-бап алып тасталсын;
46) 78-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"78-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қаражаты";
1-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Заңды тұлғалар болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қаражаты болуы мүмкiн, ол:";
1-тармақтың төртiншi абзацындағы "аумақтарды" деген сөз "аумақтарға кiргенi (көлiкпен кiргенi) және оларда болғаны, оларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші абзацтағы "есебiнен құралады" деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы сегiзiнші абзацпен толықтырылсын:
"шектеулi шаруашылық қызметiнен алынған қаражат есебiнен құралады;"; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Заңды тұлғалар болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қаражатының құралу және пайдаланылу тәртібін Қазақстан Республикасының ?кіметi анықтайды.";
3 және 4-тармақтар алып тасталсын;
47) 81-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"81-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы
мемлекеттік бақылау
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік бақылауды:
қоршаған ортаны қорғау, табиғатты пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органдар; жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар жүзеге асырады.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарда Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласының мемлекеттік инспекторларының құқығы болады.".
2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Жер туралы" 1995 жылғы 22 желтоқсандағы № 2717 заң күшi бар Жарлығы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 24, 159-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 12, 189-құжат, № 13-14, 209-құжат; 1998 ж., № 14, 201-құжат, № 17-18; 225-құжат; 1999 ж., № 11, 357-құжат):
1) 10-баптың 3) тармақшасындағы "қорықтар мен ұлттық парктердi" деген сөздер "республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 12-бап мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
4-1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың барлық түрiн құру үшiн жерлердi резервтеу;
4-2) жерлердiң барлық санатынан жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құруға және оларды кеңейтуге байланысты реттерде жер учаскелерiн беру және алып қою;";
3) 49-баптың 1-тармағындағы "осы учаскенi" деген сөздердiң алдынан "ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
4) 69-бап "объектiлер салуға" деген сөздерден кейiн ", ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге" деген сөздермен толықтырылсын;
5) 76-баптың 2-тармағындағы "бар ауылшаруашылық алқаптары мен жер" деген сөздер "бар жерлер мен ауылшаруашылық алқаптары, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер учаскелерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 86-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Өнеркәсiп, көлiк, байланыс жерлерiнiң және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлердің құрамындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер учаскелерi жеке бөлiнiп көрсетiледi және заңдарда белгiленген тәртiппен есепке алынады.";
7) 88-баптың 2-тармағы 6) тармақшасындағы "жатады" деген сөз алып тасталып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын;
"7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қорғаныш аймақтары жатады.";
8) 93-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Орман қоры жерлерiнiң құрамындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер учаскелерi жеке бөлiнiп көрсетiледi және заңдарда белгiленген тәртiппен есепке алынады. Р931235_ ";
9) 97-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Су қоры жерлерiнiң құрамындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер учаскелерi жеке бөлiнiп көрсетiледi және заңдарда белгiленген тәртiппен есепке алынады.";
10) мынадай мазмұндағы 17-1)-тараумен толықтырылсын:
"17-1 тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер
учаскелерiн бөлу, есепке алу және құқықтық
режимiнiң ерекшелiктерi;
108-1-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер
учаскелерiн пайдалану ерекшелiктерi
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер учаскелерiне мемлекеттік табиғи қорықтарды, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердi және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өзге де түрлерiн құру және кеңейту кезiнде барлық санаттағы жерлерден бөлiнетiн жер учаскелерi жатады.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер учаскелерi олар бөлiнетiн жер санаттарының құрамына есептеледi.
3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер учаскелерiн өзге қажеттiлiктерге алып қоюға тыйым салынады.
Табиғи кешендердi қорғау режимiн қамтамасыз ету үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың айналасында аймақ шегiнде сол аумақтағы табиғи-қорық қорлары объектiлерiнiң сақталуына терiс ықпал ететiн кез келген қызмет түрiне тыйым салына отырып, қорғаныш аймақтары құрылуы мүмкiн.".
3. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 23 қаңтардағы Орман кодексiнде (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 3, 45-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 11, 357-құжат):
1) 6-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгіндегі "қорықтарға" деген сөзден кейiн "мемлекеттік табиғи резерваттарға," деген сөздермен толықтырылсын;
2) 20-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік биосфералық қорықтардың, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттік табиғи резерваттардың және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өзге де түрлерiнiң ормандары, ерекше құнды орман алқаптары, ғылыми маңызы бар ормандар, жаңғақ кәсiпшiлiгi аймақтарының ормандары, жемiс-ағаш екпелерi, биiк таудағы ормандар.";
3) 41-бапта:
1-тармақтағы "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ормандарында" деген сөздер "Мемлекеттік табиғи қорықтарда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қорық және заказдық режимдегi ормандарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер және мемлекеттік табиғи парктер" деген сөздер "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер" деген сөздерден кейiн ", мемлекеттік табиғи резерваттар" деген сөздермен толықтырылсын.
4. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 31 наурыздағы Су кодексiнде (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 7, 149-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 22, 408-құжат; 1999 ж., № 11, 357-құжат):
82-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"82-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың сутоғандары
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың сутоғандарына мемлекеттік ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттік табиғи қорықтардың және өзге де ерекше қорғалатын табиғи аумақтар түрлерiнiң сутоғандары жатады.".
5. "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" 1993 жылғы 21 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 18, 439-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 11, 357-құжат):
19-баптың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру;".
Қазақстан Республикасының