5) комиссияның жұмысына мәслихаттың басқа да депутаттарын, сондай-ақ мемлекеттік органдар, ұйымдар, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары өкiлдерiн және азаматтарды тартуға құқылы.
2. Әкімдік, орталық мемлекеттік органдардың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық бөлімшелерінің, атқарушы органдардың лауазымды адамдары, ұйымдар белгiленген тәртiпте тұрақты комиссияларға олардың құзыретіндегі мәселелер бойынша қажеттi ақпарат беруге мiндеттi.
3. Мәслихаттың тұрақты комиссиялары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды.
15-бап. Мәслихаттың тұрақты комиссиялары жұмысының және қаулылар қабылдауының тәртібі
2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Тұрақты комиссиялардың отырысы қажеттiлiгiне қарай шақырылады және мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы болған кезде заңды болып есептеледi.
2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Тұрақты комиссиялардың қаулысы комиссия мүшелерi жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады.
3. Тұрақты комиссияның қаулысы мен отырыстың хаттамасына оның төрағасы қол қояды, ал бiрнеше тұрақты комиссияның бiрлескен отырысы өткiзiлген жағдайда, тиiстi комиссиялардың төрағалары қол қояды.
16-бап. 2011.21.07. № 465-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
17-бап. Мәслихаттың уақытша комиссиялары
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мәслихаттың құзырына жатқызылған мәселелердi сессияларда қарауға әзiрлеу мақсатында мәслихат не мәслихат төрағасы уақытша комиссиялар құруға құқылы. Уақытша комиссиялардың құрамын, мiндеттерiн, өкiлеттiк мерзiмдерiн және құқықтарын мәслихат оларды құру кезiнде белгiлейдi.
2. Мәслихаттың уақытша комиссиялары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қорытындылар қабылдайды.
3. Уақытша комиссия жұмысына қатысқаны үшiн ақы төленбейдi.
18-бап. 2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 11.05.04 ж. № 552-II Заңымен (бұр. ред. қара) (күшіне енетін мерзімін қара); 2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 19-бап өзгертілді; 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 19-баптың тақырыбы өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19-бап. Мәслихаттың төрағасы
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мәслихаттың төрағасы тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн лауазымды адам болып табылады. Оны мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сайлайды және қызметтен босатады. Мәслихаттың төрағасы мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiне сайланады.
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Мәслихат төрағасы лауазымына кандидатураларды мәслихат депутаттары мәслихат сессиясында ұсынады.
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Мәслихат төрағасы:
2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi дайындауды ұйымдастырады, сессияның күн тәртiбiн қалыптастырады, хаттаманың жасалуын қамтамасыз етедi, мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) мәслихат сессиясын шақыру туралы шешiм қабылдайды;
2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды
1-2) мәслихат сессиясының отырысын жүргiзедi, мәслихат регламентiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;
2) мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегі жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;
3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;
4) мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) мәслихаттың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;
2021.24.05. № 42-VII ҚР Заңымен 6-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6-1) осы Заңның 24-бабының 1-тармағына сәйкес әкiмге сенiмсiздiк бiлдiру туралы мәселеге бастамашылық еткен мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;
7) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;
8) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестiреді;
9) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкiл болады;
10) мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі iс-шараларды белгiлейдi;
2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңнамасында, мәслихат регламенті мен шешімінде көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды.
2011.21.07. № 465-ІV ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды; 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 3-1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-1. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының төрағасы тиісті мәслихаттың қарауына облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының төрағасы қызметіне тағайындауға кандидатураларды, сондай-ақ оны қызметтен босату туралы ұсыныс енгізеді.
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Мәслихат төрағасының мәслихаттың тұрақты комиссияларында болуға құқығы жоқ.
2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-тармақтың бірінші бөлігінің қолданысы 2022 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік 2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды (бұр.ред.қара)
5. Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана мәслихатының төрағасы болмаған кезде оның өкілеттігін мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірінің тұрақты негізде жұмыс істейтін төрағасы уақытша жүзеге асырады.
Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының төрағасы болмаған кезде оның өкілеттігін мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.
2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды; 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Егер мәслихат сессиясында дауыс беру кезiнде мәслихат депутаттарының дауысы тең бөлiнген жағдайда, мәслихат төрағасы шешушi дауыс құқығын пайдаланады.
2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңымен 19-1-баппен толықтырылды
19-1-бап. Мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы
1. Мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасын мәслихат сессиясында депутаттар арасынан ашық дауыс беру арқылы депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен мәслихат сайлайды және лауазымынан босатады.
Егер мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында дауыс беру кезінде депутаттардың дауысы тең бөлінген жағдайда, мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
Мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы лауазымына кандидатураларды мәслихат депутаттары мәслихат сессиясында ұсынады.
2. Мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы:
1) тұрақты комиссияның отырысын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауды ұйымдастырады, хаттаманың жасалуын қамтамасыз етеді және тұрақты комиссия отырысында қабылданған қаулыларға, өзге де құжаттарға қол қояды;
2) мәслихат депутаттарына өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды тұрақты комиссия қызметінің мәселелері жөніндегі қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді;
3) тұрақты комиссия депутаттарының сауалдары мен тұрақты комиссияның атына келіп түскен депутаттық жолданымдардың қаралуын бақылайды;
4) мәслихаттың тұрақты комиссиясының қаулыларын мәслихаттың интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етеді, олардың орындалуын бақылау жөніндегі шараларды айқындайды;
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңнамасында, мәслихат регламенті мен шешімінде көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды.
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Егер осы баптың 5-тармағында өзгеше көзделмесе, мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы болмаған кезде мәслихат төрағасының шешімі бойынша оның өкілеттігін мәслихаттың басқа тұрақты комиссиясының төрағасы немесе мәслихаттың осы тұрақты комиссиясының мүшесі болып табылатын депутат уақытша жүзеге асырады.
2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңымен 4,5-тармақтар 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының тұрақты комиссиясының төрағасы тұрақты негізде жұмыс істейтін лауазымды адам болуы мүмкін.
Тұрақты комиссиялардың тұрақты негізде жұмыс істейтін төрағаларының санын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихаты айқындайды және ол екіден аспауға тиіс.
Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының тұрақты комиссиясының тұрақты негізде жұмыс істейтін төрағасы мәслихаттың өкілеттігі мерзіміне сайланады және қатарынан екі реттен артық сайлана алмайды.
Бір саяси партияның мүшелері болып табылатын депутаттар облыс, республикалық маңызы бар қала және астана мәслихатының тұрақты комиссияларының тұрақты негізде жұмыс істейтін төрағалары бола алмайды.
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана мәслихатының тұрақты комиссияларының бірінің тұрақты негізде жұмыс істейтін төрағасы болмаған кезде оның өкілеттігін облыс, республикалық маңызы бар қала және астана мәслихатының тұрақты комиссиясының тұрақты негізде жұмыс істейтін басқа төрағасы немесе мәслихат төрағасының шешімі бойынша мәслихаттың осы тұрақты комиссиясының мүшесі болып табылатын депутат уақытша жүзеге асырады.
ҚР 11.05.04 ж. № 552-II Заңымен (бұр. ред. қара) (күшіне енетін мерзімін қара); 2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 20-бап өзгертілді
20-бап. Мәслихат депутаты
1. Мәслихат депутаты жалпы мемлекеттік мүдделердi ескере отырып, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстегi халықтың еркiн бiлдiредi.
2. Мәслихат депутатының өкiлеттiгi тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы оны депутат ретiнде тiркеген кезден басталып, мәслихат өкiлеттiгi тоқтатылған кезден бастап тоқтайды.
3-тармақтың қолданысы 2019 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде осы Заңның 41-баптың 3-тармағының редакциясында қолданылды, 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданылатын редакцияны қараңыз (бұр.ред.қара)
3. Мәслихат депутатының өкілеттіктері мынадай:
1) ол заңға сәйкес депутаттық міндеттерді орындаумен сыйыспайтын лауазымға сайланған немесе тағайындалған;
2) соттың оны әрекетке қабілетсіз немесе әрекет ету қабілеті шектеулі деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген;
3) мәслихаттың өкілеттіктері тоқтатылған;
2018.29.06. № 163-VІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1) депутат «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес өзі сайланған саяси партиядан шықса немесе шығарылса;
2018.29.06. № 163-VІ ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-2) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес депутат сайланған саяси партия қызметін тоқтатса;
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 3-3) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-3) партиялық тізім бойынша сайланған мәслихат депутаты саяси партия филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органының шешімі бойынша кері шақырып алынса;
4) ол қайтыс болған, соттың оны хабарсыз кетті деп тану не қайтыс болды деп жариялау туралы шешімі заңды күшіне енген;
5) ол Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатқан;
6) қылмыс не қасақана қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың оған қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енген;
7) ол тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктен тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен;
8) оның отставка туралы жеке өтінішіне байланысты;
9) ол өз міндеттерін жүйелі түрде орындамаған, оның ішінде мәслихат сессиясының жалпы отырыстарында немесе құрамына өзі сайланған мәслихат органдарының отырыстарында дәлелсіз себептермен қатарынан үш реттен артық болмаған;
10) ол облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының төрағасы немесе тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалған жағдайларда, мерзімінен бұрын тоқтатылады.
2018.29.06. № 163-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Мәслихат депутатының өкілеттіктері осы баптың 3-тармағының 1), 2), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған кезде тиісті аумақтық сайлау комиссиясы мәслихат депутатының өкілеттіктерін тоқтатуға әкеп соғатын негіздердің басталу фактісі көрсетілетін шешім қабылдайды және тиісті мәслихатқа мәслихат депутатының өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыну енгізу туралы шешім қабылдайды.
Мәслихат аумақтық сайлау комиссиясының осы тармаққа сәйкес енгізілген ұсынуы негізінде мәслихат сессиясына қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен мәслихаттың тиісті депутатының өкілеттіктерін тоқтатады.
2018.29.06. № 163-VІ ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 4-1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-1. Өкілеттіктер осы баптың 3-тармағының 3-1), 3-2) және 3-3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған кезде тиісті аумақтық сайлау комиссиясы адамның мәслихат депутатының өкілеттіктерін жоғалту фактісін көрсететін шешім қабылдайды және бұл туралы тиісті мәслихатқа хабарлайды.
5. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6. Өз қызметін мемлекеттік бюджет есебінен ақы төленетін тұрақты немесе басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутаттарының кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, шаруашылық субъектісін басқаруға дербес қатысуға, педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, ақы төленетін басқа қызметпен айналысуға құқығы жоқ.
21.05.02 ж. № 324-II ҚР Заңымен; 11.05.04 ж. № 552-II ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара); 2006.04.11. № 186-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.21.07. № 465-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 21-бап өзгертілді
21-бап. Мәслихат депутатының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезіндегі құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі
1. Депутат:
2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) сайлауға және мәслихат төрағасы, тұрақты комиссияның төрағасы немесе мүшесi болып сайлануға, мәслихаттың өзге де органдарына сайлануға;
2) мәслихат сессиясы мен оның тұрақты комиссияларында және өзге де органдарда қарау үшiн мәселелер ұсынуға, оларды қарауға және шешiмдер қабылдауға қатысуға;
3) алынып тасталды
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) өз округiнiң сайлаушыларымен, сондай-ақ өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және ұйымдармен кездесулер мен жиналыстар өткізуге;
5) сессияда тиiстi мәслихат аумағында орналасқан жергiлiктi атқарушы орган мен ұйымдардың лауазымды адамдарының мәслихаттың құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша есептерiн тыңдау туралы ұсыныстар енгізуге;
2023.02.10. № 31-VIII ҚР Заңымен 5-1), 5-2) және 5-3) тармақшалармен толықтырылды (2024 ж. 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
5-1) өзі мәслихатының депутаты болып табылатын тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікке қатысты мәселелер бойынша петициялар жазу жөнінде ұсынымдар мен консультациялар беруге;
5-2) өзі мәслихатының депутаты болып табылатын тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде мемлекеттік органдардың, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың петицияларды қарауы бойынша мониторинг жүргізуге;
5-3) петицияларды мәслихат сессиясының қарауына шығаруға;
6) тиiстi Әкімдік отырыстарының жұмысына қатысуға;
7) мәслихат пен оның органдары отырыстарының стенограммаларымен және хаттамаларымен танысуға;
8) фракциялар мен депутаттық топтар түрінде депутаттық бірлестіктер құруға құқылы.
2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) жергілікті қоғамдастық жиындары мен жиналыстарына қатысуға;
2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңымен 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17) және 18) тармақшалармен толықтырылды
10) мәслихат сессиясында азаматтардың қоғамдық маңызы бар өтініштерін жария етуге;
11) мәслихаттардың құрылатын тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының құрамына кандидатураларды, оның ішінде өзінің жеке кандидатурасын ұсынуға;
12) мәслихат сайлайтын немесе тағайындайтын лауазымды адамдардың кандидатуралары бойынша өз пікірін білдіруге;
13) жарыссөздерге қатысуға, баяндамашыларға, сондай-ақ мәслихат сессиясы мен отырысына төрағалық етушіге сұрақтар қоюға;
14) мәслихаттардың өзі құрамына сайланған тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары сессиясының және отырысының күн тәртібі бойынша, сондай-ақ олар талқылайтын мәселелерді қарау және олардың мәні бойынша ұсыныстар мен ескертулер енгізуге;
15) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында орналасқан мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және өзге де ұйымдардың Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасының заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін орындауын тексеру қажеттілігі туралы мәслихатқа ұсыныстар енгізуге;
16) мәслихат қабылдайтын актілердің жобаларына түзетулер енгізуге;
17) мәслихат құрған, сайлаған немесе бекіткен органдардың құрамына, сондай-ақ мәслихат сайлаған немесе бекіткен лауазымды адамдарға сенім білдіру туралы мәселе көтеруге;
18) осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңнамасына және мәслихат регламентіне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
2. Депутат:
1) мәслихаттың және өзi құрамына сайланған оның органының жұмысына қатысуға;
2023.02.10. № 31-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) өз округінің сайлаушыларымен тұрақты байланыс жасауға, оларға мәслихаттың жұмысы, оның тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының қызметі, мәслихат шешімдерінің орындалуы, петициялардың қаралуы туралы, сондай-ақ өзінің депутаттық қызметінің барысы туралы жылына кемінде бір рет хабарлап отыруға, мәслихат шешімдерінің орындалуын ұйымдастыруға және бақылау жасауға қатысуға;
3) сайлаушылардың өзiне келiп түскен өтiнiштерiн қарауға, азаматтарды жеке қабылдауды ұдайы жүргiзуге;
2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте тұруға;
2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) қоғамдық пікірді, азаматтардың, қоғамдық және өзге де ұйымдардың қажеттіліктері мен сұраныстарын зерделеуге, олар туралы мәслихат пен оның органдарына хабарлауға, оларды қанағаттандыру үшін ұсыныстар енгізуге және өзге де шаралар қабылдауға;
2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды; 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) мәслихат төрағасына не өзі мүшесі болып табылатын тұрақты комиссияның төрағасына отырысқа келе алмайтыны туралы алдын ала хабарлауға міндетті.
2-1. 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Мәслихаттың әрбір депутатына оның құқықтарының, ар-намысы мен абыройының қорғалуына кепілдік беріледі.
Мәслихат депутаты, қызметі мемлекеттік құпиялармен байланысты ұйымдарды қоспағанда, депутаттық қызмет мәселелері бойынша тиісті мәслихат аумағында орналасқан мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттік ұйымдарға кедергісіз кіруге құқылы.
Мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және мемлекеттік ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдары мәслихат депутаттарын кідіріссіз қабылдауға және оларға жүктелген өкілеттіктерді жүзеге асыруда қажетті жәрдем беруге міндетті.
Мәслихат депутаты азаматтардың құқықтарының бұзылуы немесе заңдылықты өзге де бұзушылықтар анықталған кезде бұзушылықты тоқтатуды талап етуге, ал қажет болған жағдайларда тиісті органдарға және лауазымды адамдарға бұзушылықтың жолын кесу талабымен жүгінуге құқылы.
4. Мәслихат депутатына осы баптың 2-тармағында көзделген өз міндеттерін орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны, сондай-ақ мәслихат регламентінде белгіленген депутаттық әдеп қағидаларын бұзғаны үшін мынадай жазалау шаралары қолданылуы мүмкін:
1) мінеу;
2) көпшiлiк алдында кешiрiм сұрауға мәжбүр ету.
5. Жазалар тиісті аумақта таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында олардың қолданылуы туралы ақпарат жариялана отырып, тиісті аумақтық сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен мәслихат сессиясында қолданылады.
Жазалардың нақ сол бір теріс қылық үшін қайтадан қолданылуы мүмкін емес.
ҚР 11.05.04 ж. № 552-II Заңымен 21-1-баппен толықтырылды (күшіне енетін мерзімін қара);2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 21-1-бап өзгертілді
21-1-бап. Депутаттық сауалдар
Мәслихат депутаты ресми жазбаша сауалмен әкімге, тиісті аумақтық сайлау комиссиясының төрағасына және мүшесіне, прокурорға және орталық мемлекеттік органдар аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың лауазымды адамдарына мәслихат құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жүгінуге құқылы.
Депутаттық сауалдың жауабы жазбаша түрде, бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде берілуге тиіс. Депутат сауалға берілген жауап бойынша өз пікірін білдіруге құқылы.
Депутаттық сауалға берілетін жауапқа осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамдар немесе атына сауал жіберілген мемлекеттік органның бірінші басшысы не оның орынбасары қол қоюға тиіс.
Прокурордың атына берілген сауалдар қылмыстық қудалауды жүзеге асырумен байланысты болмауға тиіс.
ҚР 2006.04.11. № 186-III Заңымен 21-2-баппен толықтырылды
21-2-бап. Мәслихаттардағы депутаттық бірлестіктер
2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)