"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан
Республикасының 2002 ж. 21 мамырдағы № 324-ІІ Заңы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
21-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) белгіленген заң тәртібімен тіркелген саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктердің депутаттық топтары түрінде депутаттық бірлестіктер құруға құқылы. Депутаттық топ мәслихаттың кемінде бес депутатын біріктіруге тиіс.
Депутаттық топтарды тіркеу мәслихат сессиясында жүзеге асырылады.
Депутаттық топтардың өкілеттігі, қызметін ұйымдастыру мәслихаттың регламентімен белгіленеді;".
Қазақстан Республикасының