5) осы судьяға қатысты айыптау үкiмiнiң заңды күшiне енуi, қылмыстық істің Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде сотқа дейінгі сатыда тоқтатылуы;
6) Қазақстан Республикасы азаматтығының тоқтатылуы;
7) судьяның қайтыс болуы немесе соттың оны қайтыс болды деп жариялау туралы шешiмiнің заңды күшiне енуі;
2017.22.12. № 119-VI ҚР Конституциялық Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
8) осы Конституциялық заңның 56-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, судьяның басқа лауазымға тағайындалуы, сайлануы және оның басқа жұмысқа ауысуы;
2017.13.03. № 52-VI ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) тармақша жаңа редакцияда
9) соттың таратылуы немесе соттың қайта ұйымдастырылуы, тиісті сот судьялары санының азайтылуы, егер судья басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісім бермесе, сондай-ақ осы Конституциялық заңның 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында, 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда судьяның басқа сотқа, басқа мамандануға ауысудан бас тартуы;
2017.13.03. № 52-VI ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10) тармақша жаңа редакцияда
10) соттың таратылуы немесе соттың қайта ұйымдастырылуы, тиісті сот судьялары санының азайтылуы, өкілеттік мерзімінің аяқталуы, егер соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісім бермесе, сондай-ақ осы Конституциялық заңның 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында, 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда сот төрағасының, сот алқасы төрағасының басқа сотқа, басқа мамандануға ауысудан бас тартуы;
2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 11) тармақша өзгертілді (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара)
11) кәсiби жарамсыздығына орай судьяның атқаратын лауазымына сай келмейтiнi туралы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешiмi;
2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 11-1) тармақша өзгертілді (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара)
11-1) судьяның тәртіптік теріс қылық жасағаны немесе осы Конституциялық заңның 28-бабында көрсетілген талаптарды орындамағаны үшін оны лауазымынан босату қажеттігі туралы Сот жюриінің шешімі;
12) зейнеткерлік жасқа немесе судья лауазымында болудың шекті жасына толуы.
2. Сот төрағасының, сот алқасы төрағасының өкiлеттiктерi оның өз тілегі бойынша, не олар осы Конституциялық заңның 9, 14, 15, 20, 21 және 28-баптарында көрсетiлген талаптарды орындамаған кезде мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.
2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Осы Конституциялық заңда көзделген негіздер туындаған кезде Жоғары Сот Кеңесі Республика соттары төрағаларының, сот алқалары төрағаларының және судьяларының өкілеттіктерін тоқтату мәселелерін қарайды.
2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
2-2. Осы баптың 1-тармағының 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда Жоғары Сот Кеңесі уәкілетті органның растайтын құжат қоса берілген хабарының негізінде судьяның өкілеттіктерін тоқтату мәселелерін қарайды.
3. Судья лауазымынан босату туралы шешiм:
1) Жоғарғы Соттың Төрағасына, судьяларына қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша - Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының қаулысымен;
2) Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларына, жергілікті және басқа соттардың төрағаларына, сот алқаларының төрағалары мен судьяларына қатысты - Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қабылданады.
2014.07.11. № 245-V ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4. Судья лауазымынан босату бiр мезгiлде тиiстi соттың төрағасы немесе сот алқасының төрағасы өкiлеттiктерiнiң тоқтатылуына әкеп соғады.
Осы Конституциялық заңның 31-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиiстi соттың төрағасы немесе сот алқасының төрағасы лауазымынан оның өз еркі бойынша не өкілеттік мерзiмiнiң аяқталуы бойынша босату оны осы соттың судьясы лауазымынан босатуға әкеп соқпайды.
Тиісті сотта судьяның бос лауазымы болмаған жағдайда төраға немесе сот алқасының төрағасы оның келісуімен осы Конституциялық заңның 31-бабының 10-тармағында көзделген тәртіппен тең дәрежелі немесе төмен тұрған сот судьясының бос лауазымына конкурссыз тағайындалады.
2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Судьялардың өкілеттіктерін тоқтатудың осы баптың 1-тармағының 5), 11) және 11-1) тармақшаларында көзделген негіздері теріс уәждер деп танылады.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2023 жылғы 14 шілдедегі № 22-НҚ нормативтік қаулысымен төмендегідей түсіндірмеде Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылсын:
кәсіби жарамсыздығына байланысты атқаратын лауазымына сай келмейді деген теріс себеппен өкілеттіктің тоқтатылуы лауазымынан босатылған судья үшін құқықтық салдарға әкеп соғу «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы шеңберінде ғана болуға тиіс; көрсетілген себеппен судья лауазымынан босатылған азамат өзге де салаларда, оның ішінде мемлекеттік қызметте еңбек ету бостандығына конституциялық құқығын іске асыра алады.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 34-1-баппен толықтырылды; 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 34-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
34-1-бап. Судья лауазымында болудың шекті жасы
2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Судья Қазақстан Республикасының заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған кезде оның шекті жасқа толғанға дейін судья лауазымында одан әрі болуына Жоғары Сот Кеңесі рұқсат етеді.
2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Судья лауазымында болуға оның шекті жасқа - алпыс бес жасқа толуына дейін жол беріледі, бұл айрықша жағдайларда осы баптың 1-тармағында көзделген тәртіппен бес жылдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 35-бап жаңа редакцияда (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
35-бап. Судьяның орнынан түсуi
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 245-V ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Мiнсiз беделi, кемiнде жиырма жыл судьялық жұмыс өтiлi бар судьяның судья атағын, судьялар қоғамдастығына жататынын, жеке басына тиiспеушiлiк кепiлдiгiн және осы Конституциялық заңда көзделген өзге де материалдық және әлеуметтiк кепiлдiктерiн сақтай отырып, лауазымынан құрметпен кету нысанында судья өкiлеттiктерінің тоқтатылуы отставка болып табылады.
Судьяны орнынан түсу нысанында лауазымынан босату судьяның Жоғары Сот Кеңесіне орнынан түсу туралы жазбаша өтініші бойынша жүзеге асырылады. Судьяның орнынан түсу туралы өтінішін қарау тәртібін Жоғары Сот Кеңесі айқындайды.
2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз)
1-1. Қазақстан Республикасының Президенті басқа лауазымдарға тағайындауға байланысты өз өкілеттігін тоқтатқан судьялардың осы бапта белгіленген талаптарға сай келген жағдайда отставкаға және осы бапта көзделген төлемдер мен кепілдіктерге құқығы бар.
2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Отставкаға шыққан кезде судьяға жиырма төрт айлық лауазымдық айлықақы мөлшерiнде бiржолғы шығу жәрдемақысы төленедi.
2015.31.07. № 341-V ҚР Конституциялық Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2023.20.04. № 225-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1. Отставка тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған жағдайлардан басқа кезде, кемінде он бес жыл судьялық жұмыс өтілі бар, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған отставкадағы, оның ішінде 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін отставкаға шыққан судьяға судьяның соңғы атқарған лауазымы бойынша лауазымдық айлықақысының елу пайызы мөлшерінде салық салынбайтын өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төленеді.
Жиырма жылдан асатын судьялық жұмыс өтілінің әрбір жылы үшін, ал 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін отставкаға шыққан судьяларға - он бес жылдан асатын судьялық жұмыс өтілінің әрбір жылы үшін отставкадағы судьяның өмір бойғы ай сайынғы қамтылымының мөлшері судьяның соңғы атқарған лауазымы бойынша лауазымдық айлықақысының бір пайызына ұлғайтылады.
Отставкадағы судьяның өмір бойғы ай сайынғы қамтылымының ең жоғары мөлшері судьяның соңғы атқарған лауазымы бойынша лауазымдық айлықақысының алпыс бес пайызынан және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз тоғыз еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
Отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылымның мөлшері көрсетілген қамтылымды төлеуге өтініш берілген күнге қолданыста болатын, судьялар үшін еңбекке ақы төлеу жүйесіне сәйкес соңғы атқарған лауазымы бойынша есептеледі.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен судьялардың еңбегіне ақы төлеу мөлшері арттырылған кезде тиісінше өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды қайта есептеу жүргізіледі.
Отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Отставкадағы судьяның өз жеке зейнетақы шотында қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.
2-2. 2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді; 2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Судьяның отставкасы:
1) ол қылмыс жасаған немесе сот билігінің беделіне нұқсан келтіретін теріс қылық жасаған;
2) саяси партияға кірген;
3) өз тілегі бойынша;
4) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған;
5) ол қайтыс болған немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайларда тоқтатылады.
Жоғары Сот Кеңесі:
1) егер отставкадағы судья «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген тәртіппен кандидат ретінде тіркелсе;
2) судья лауазымына қайта тағайындалған жағдайда;
3) осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген судьяның отставкасын тоқтату негіздері қаралғанға дейін;
4) егер отставкадағы судья «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес сайланса, судьяның отставкасын тоқтата тұруды жүзеге асырады.
Егер судьяның отставкасын тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға негіз болған мән-жайлар жойылса, судьяның отставкасы қалпына келтіріледі.
2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Судья орнынан түсуі тоқтатылған жағдайда жеке басына тиіспеушілік кепілдігінен және осы Конституциялық заңның 51, 53 және 55-баптарында көзделген кепілдіктерден айырылады.
Судьяның орнынан түсуі тоқтатыла тұрған жағдайда жеке басына тиіспеушілік кепілдігі мен осы Конституциялық заңның 51, 53 және 55-баптарында көзделген кепілдіктердің қолданылуы да тоқтатыла тұрады.
2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Орнынан түсуді тоқтату судьяны орнынан түсуіне байланысты лауазымнан босатудың сол тәртібімен жүзеге асырылады.
2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6. Отставкадағы және судья лауазымында болудың шекті жасына толмаған судьялар, олардың келісімі болған кезде судьяның уақытша болмауы кезеңінде, бірақ алты айдан аспайтын мерзімге сот төрелігін іске асыруға тартылуы мүмкін.
2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз); 2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Орнынан түсуге құқықты растауды және оны тоқтатуды Жоғары Сот Кеңесі жіберген материалдардың негізінде Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия қарайды.
Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешімі Жоғары Сот Кеңесіне қарау үшін жіберіледі.
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 35-1-баппен толықтырылды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді)
35-1-бап. Судьяны зейнетақымен қамсыздандыру
2023.20.04. № 225-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Судьяны әлеуметтік қорғау Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады.
2015.31.07. № 341-V ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Судья теріс себептер бойынша лауаымынан босатылған кезде 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған қосымша міндетті зейнетақы жарналары республикалық бюджетке алынады.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 36-бап жаңа редакцияда
36-бап. Жоғары Сот Кеңесі
Жоғары Сот Кеңесінің мәртебесі, құрамын қалыптастыру тәртібі және жұмысын ұйымдастыру «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
37-бап. Судьялар қоғамдастығы мен оның органдары
1. Судьялар қоғамдастығының ортақ мүдделерiн iске асыру мен қорғау мақсатында судьялардың қоғамдық бiрлестiктер құруға құқығы бар.
2. Судьялық бiрлестiктер қажет болған жағдайларда заңдарда белгiленген тәртiппен өз мүшелерiнiң мүдделерiн бiлдiредi, қорғайды және сот төрелiгiнiң iске асырылуына ықпал етуге құқылы емес, сондай-ақ саяси мақсаттарды көздемеуге тиiс.
38-бап. 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 38-1-бап жаңа редакцияда (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара)
38-1-бап. Сот жюриi
2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1-тармақтың екінші абзацының қолданысы 2025 ж. 1 шілдеге дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац 2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылады
1. Судьяларға қатысты тәртіптік істерді қарау үшін Жоғары Сот Кеңесінің жанынан Сот жюриі құрылады.
Сот жюриі он үш судьядан - аудандық соттардың төрт судьясынан, облыстық соттардың бес судьясынан және Жоғарғы Соттың төрт судьясынан тұрады. Сот жюриіне кеңесші дауыс беру құқығы бар заңгерлер қауымының екі өкілі де кіреді.
Судьялар Сот жюриінің құрамына осы Конституциялық заңның 22-бабының 2-1-тармағына сәйкес Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысының ұсынымы бойынша тағайындалады, ал судьялардың қатарынан Жоғары Сот Кеңесінің мүшесін және жұртшылық өкілдерін Жоғары Сот Кеңесі тағайындайды.
Жоғары Сот Кеңесі Сот жюриінің құрамына Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысы ұсыным жасаған кандидатураларды уәжді шешімімен қабылдамауға құқылы.
Сот жюриінің төрағасын Сот жюриі құрамының өзі өз арасынан сайлайды.
2. Сот жюриінің судьяға қатысты материалдарды қарауына мыналар негіз болып табылады:
1) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы;
2) облыстық соттардың және Жоғарғы Соттың жалпы отырыстарының шешімдері;
3) тексерулердің қорытындысы бойынша расталған, бұқаралық ақпарат құралдарының жарияланымдарында қамтылған мәліметтер мен фактілер, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
4) судья әдебі жөніндегі комиссиялардың шешімдері.
3. Сот жюриінің қызметін қамтамасыз етуді Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты жүзеге асырады.
4. Сот жюриiн қалыптастыру және оның жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ Сот жюриінің материалдарды, тәртiптiк iстердi қарау тәртiбi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Ережеде айқындалады.
2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен 38-2-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 38-2-бап өзгертілді (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара); 2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен (2024 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен (2024 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 38-2-бап жаңа редакцияда
38-2-бап. Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы
Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы (бұдан әрі - Академия) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырады, сот жүйесі кадрларын қайта даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды және ғылыми қызметті жүзеге асырады.
Академияда мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша осы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сай келетін азаматтар оқи алады.
Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде магистратурада оқу үшін Жоғары Сот Кеңесі тиісті жылға аудандық соттардың судьялары бос лауазымдарын ескере отырып, өңірлер бойынша квота белгілеуге құқылы.
Жоғары Сот Кеңесі Академияны жалпы басқаруды жүзеге асыратын уәкілетті орган болып табылады.
Академияны құруды, оның мәртебесін және жұмысын ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 38-3-баппен толықтырылды (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз)
38-3-бап. Аудандық сот төрағасы, облыстық сот төрағасы, сот алқаларының төрағалары және судьясы, Жоғарғы Сот судьясы және сот алқаларының төрағалары лауазымдарына кадр резерві
Аудандық сот төрағасы, облыстық сот төрағасы, сот алқаларының төрағалары және судьясы, Жоғарғы Сот судьясы және сот алқаларының төрағалары лауазымдарына кадр резервін (бұдан әрі - кадр резерві) Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Кадр резерві жөніндегі комиссия қалыптастырады.
Кадр резерві жөніндегі комиссияны қалыптастыру және кадр резервімен жұмысты ұйымдастыру тәртібін Жоғары Сот Кеңесі айқындайды.
2-тарау. СУДЬЯЛАРДЫҢ ТӘРТIПТIК ЖАУАПКЕРШIЛIГI
39-бап. Судьялардың тәртiптiк жауапкершiлiгiнiң негiздерi
2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Судья тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылуы мүмкін.
Қызметтік міндеттерін атқару не қызметтен тыс кездегі кінәлі әрекет (әрекетсіздік) салдарынан осы Конституциялық заңның және (немесе) Судья әдебі кодексінің ережелері бұзылып, бұл сот билігі беделін түсіруге және судьяның беделіне нұқсан келтіруге алып келген тәртіптік теріс қылық болып табылады.
Судья тәртiптiк жауаптылыққа:
2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) сот істері мен материалдарын қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін тартылуы мүмкін.
Заңдылықты өрескел бұзу деп судья өзінің адал болмауы немесе ұқыпсыздығы салдарынан жол берген, заңды анық және елеулі түрде бұзуы түсініледі.
Заңдылықтың өрескел бұзылу фактісін осы негіз бойынша сот актісінің күшін жойған немесе өзгерткен жоғары тұрған сот сатысы анықтайды және істі қараған судьялардың алқа құрамы қол қойған, судьяны заңдылықты өрескел бұзғаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тарту мәселесі жөніндегі ұсынуда көрсетіледі.
Дәлелдемелерді бағалауға байланысты сот актісінің күшін жою немесе оны өзгерту заңдылықты өрескел бұзу болып табылмайды;
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 39-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 36-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз
2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша өзгертілді (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара)
2) судья әдебіне қайшы келетiн, атына кір келтіретін терiс қылық жасағаны үшiн тартылуы мүмкін.
3) 2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара)
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Сот төрағалары және соттардың сот алқаларының төрағалары осы Конституциялық заңда көзделген лауазымдық мiндеттерiн тиiсiнше орындамағаны үшін тәртiптiк жауаптылыққа тартылуы мүмкiн.
2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Судьялық қате, сондай-ақ сот актісінің күшін жою немесе оны өзгерту, егер заңдылықтың өрескел бұзылу фактісі анықталмаса, судьяның жауаптылығына алып келмейді.
Судьяның кінәлі әрекеттеріне байланысты емес, материалдық немесе процестік құқық нормаларын дұрыс түсіндірмеуге және қолданбауға алып келген іс-әрекет судьялық қате деп танылады.
40-бап. Судьяларға қатысты қолданылатын жазалардың түрлерi
1. Судьяларға тәртiптiк жазаның мына түрлерi қолданылуы мүмкiн:
1) ескерту;
2) сөгiс;
3) 2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) қызметтiк мiндеттерiн тиiсiнше атқармағаны үшiн сот төрағасы немесе сот алқасының төрағасы қызметiнен босату;
5) осы Конституциялық заңда көзделген негiздер бойынша судья қызметiнен босату.
2. Әрбiр тәртiп бұзушылық үшiн тәртiптiк терiс қылықтың сипаты, судьяның жеке басы туралы деректер және оның кiнәсiнiң дәрежесi ескерiле отырып, тек бiр тәртiптiк жаза қолданылады.
41-бап. 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 42-бап жаңа редакцияда (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара)