3) нормативтiк қаулылар, қаулылар қабылдайды, сот практикасы мәселелерi бойынша түсiндiрулер береді және заңнаманы жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi.
Нормативтік қаулылар Жоғарғы Соттың жалпы отырысында Жоғарғы Соттың қатысып отырған судьялары санының кемінде үштен екі даусымен және Жоғарғы Соттың жұмыс істеп жүрген судьялары санының кемінде төрттен үш кворумы болған кезде қабылданады;
3-1) 2014.07.11. № 245-V ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2014.07.11. № 245-V ҚР Конституциялық Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 4) тармақша өзгертілді (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара)
4) Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының және уәкiлеттi орган басшысының ақпаратын тыңдайды;
5) Қазақстан Республикасы Конституциясының 47-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда қорытынды бередi;
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.07.11. № 245-V ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 6) тармақша жаңа редакцияда; 2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен (2024 ж. 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді
6) тармақшаның қолданысы 2025 ж. 1 шілдеге дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша 2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылады
6) облыстық соттардың төрағалары, сот алқаларының төрағалары, кассациялық соттардың төрағалары мен судьялары, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары және судьялары бос лауазымдарына кандидатураларды қарайды және тиісті қорытындылар шығарады;
6-1) 2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара)
6-2) 2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара)
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2015.31.07. № 340-V ҚР Конституциялық Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 7) тармақша өзгертілді (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара)
7) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша жалпы отырыстың хатшысын, ғылыми-консультативтік және халықаралық кеңестердiң құрамдарын бекiтедi;
7-1) 2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 7-2) тармақшамен толықтырылды (бұр. ред. қара)
7-2) судья мантиясының нысаны мен сипатын бекітеді;
7-3) 2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара)
2014.07.11. № 245-V ҚР Конституциялық Заңымен 7-4) тармақшамен толықтырылды, 2015.31.07. № 340-V ҚР Конституциялық Заңымен 7-4) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7-4) Жоғарғы Сот жанындағы ғылыми-консультативтік және халықаралық кеңестер туралы ережелерді бекітеді;
2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 7-5) тармақшамен толықтырылды (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз); 2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен 7-5) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7-5) тармақшаның қолданысы 2025 ж. 1 шілдеге дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша 2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылады
7-5) лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік іс жүргізу шеңберінде облыстық соттың сот алқасы төрағасының, облыстық сот төрағасының немесе Жоғарғы Соттың сот алқасы төрағасының әрекеттерін тексеру үшін оған қатысты материалдарды Сот жюриіне беру туралы мәселені талқылайды және талқылау қорытындылары бойынша тиісті шешім шығарады;
2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 7-6) тармақшамен толықтырылды (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз)
7-6) соттардағы істерді автоматтандырылған бөлу қағидаларын бекітеді;
2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 7-7) тармақшамен толықтырылды (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз)
7-7) облыстық соттың жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстарының үлгілік регламентін бекітеді;
2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен 7-8) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
7-8) облыстық сот төрағасының және сот алқасы төрағасының, Жоғарғы Сот судьясының, Жоғарғы Соттың сот алқасы төрағасының лауазымдарына кадр резервіне алу үшін кандидатураларды қарайды;
2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен 7-9) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)
7-9) тармақшаның қолданысы 2025 ж. 1 шілдеге дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша 2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылады
7-9) сот істерін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін облыстық соттың сот алқасының төрағасын, облыстық сот төрағасын, Жоғарғы Соттың судьясын немесе сот алқасының төрағасын тәртіптік жауаптылыққа тарту немесе тартпау туралы ұсынымды Сот жюриіне беру туралы мәселені талқылайды;
8) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2. Жалпы отырыс оған Жоғарғы Сот судьялары жалпы санының кем дегенде үштен екiсi қатысқан жағдайда заңды болып табылады.
2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз); 2021.20.12. № 82-VII ҚР Конституциялық Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2-1. Жоғарғы Соттың судьялары, сондай-ақ облыстық соттардың кеңейтілген жалпы отырыстары жіберетін жергілікті соттардың судьялары қатысатын Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысы:
1) сот жүйесінің бюджетін шығыстардың деңгейлері мен бағыттары бойынша бөлуді бекітеді;
2022.30.12. № 176-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) судьялардың еңбегіне ақы төлеу шарттарын бекітеді;
2) Жоғары Сот Кеңесінің, Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің және Кадр резерві жөніндегі комиссияның құрамдарына, сондай-ақ Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның құрамына кандидаттарды ұсынады.
Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысының құрамына жіберілетін судьялар алқалардың төрағалары, соттардың төрағалары болмауға тиіс.
2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ өзгертілді (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара)
3. Соттың жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстарының жұмыс тәртібі өзi бекiтетiн регламентпен айқындалады.
22-1-бап. 2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара)
3-бөлiм. СУДЬЯЛАР МӘРТЕБЕСI
1-тарау. СУДЬЯЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
23-бап. Судья мәртебесi
2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының барлық соттары судьяларының мәртебесi бiрдей болады және бiр-бiрiнен тек өкiлеттiктерiмен ерекшеленедi.
Судья Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Конституциялық заңда белгiленген тәртiппен сот төрелiгiн іске асыру жөнiндегi өкiлеттiктер берiлген, өз мiндеттерiн тұрақты негiзде орындайтын және сот билiгiн жүргiзушi болатын мемлекеттің лауазымды адамы болып табылады.
Судьялардың құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Конституциялық заңмен және өзге де заңдармен белгiленедi.
2. Судьяға заңда көзделмеген соттан тыс функциялар мен мiндеттердi жүктеуге болмайды. Судьяны қылмысқа қарсы күрес, заңдылық пен құқық тәртібін сақтау мәселелерi жөніндегі мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың құрамына енгізуге болмайды.
2014.07.11. № 245-V ҚР Конституциялық Заңымен 23-1-баппен толықтырылды
23-1-бап. Халықаралық соттардың Қазақстан Республикасынан жіберілген судьяларының мәртебесі
2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара); 2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Халықаралық соттардың Қазақстан Республикасынан жіберілген судьяларына соңғы лауазымына конкурссыз орналасу құқығы беріледі, ал, халықаралық соттың судьясы болып жұмыс істеген уақыты судьялық жұмыс өтіліне қосылады және орнынан түскен кезде ескеріледі.
Тиісті сотта судьялардың бос лауазымдары болмаған жағдайда осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған адамдар олардың келісімімен тең дәрежелі немесе төмен тұрған сот судьясының бос лауазымына конкурссыз тағайындалады.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайларда конкурссыз тағайындау осы Конституциялық заңның 31-бабының 10-тармағында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Халықаралық соттардың Қазақстан Республикасынан жіберілген судьяларына Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда реттелмеген бөлігінде осы Конституциялық заңда көзделген барлық материалдық және әлеуметтік кепілдіктер қолданылады.
24-бап. Судьялардың ауыстырылмайтындығы
2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Судьялар лауазымға Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Конституциялық заңға, «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сайланады немесе тағайындалады және оларға тұрақты негiзде өкiлеттiктер беріледі.
2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Судьялардың өкiлеттіктері тек қана осы Конституциялық заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен тоқтатылуы немесе тоқтатыла тұруы мүмкін.
25-бап. Судьяның тәуелсiздiгi
1. Судьяның тәуелсiздiгi Конституциямен және заңмен қорғалады.
Судьялар сот төрелiгiн жүзеге асыруы кезiнде тәуелсiз және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынады.
2. Ешкiмнiң сот төрелiгiн жүзеге асыру iсiне араласуға және судья мен алқа заседателiне қандай да болмасын ықпал етуге құқығы жоқ. Мұндай әрекеттер заңмен қудаланады.
3. Судья қаралған немесе қаралып жатқан сот iстерiнiң мәнi жөнiнде қандай да бiр түсiнiк беруге мiндеттi емес. Кеңесу бөлмесiнiң құпиясы барлық жағдайларда қамтамасыз етiлуге тиiс.
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 4 тармақ өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4. Соттарды қаржыландыру, судьяларды материалдық және әлеуметтік қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға тұрғын үй беру сот төрелiгiн толық әрi тәуелсiз жүзеге асыру үшiн жеткiлiктi мөлшерде республикалық бюджет қаражатының есебiнен жүргiзiледi.
26-бап. Судья тәуелсiздiгiнiң кепiлдiктерi
1. Судьяның тәуелсiздiгi:
1) сот төрелiгiн жүзеге асырудың заңда көзделген рәсiмiмен;
2) судьяның сот төрелiгiн iске асыру жөніндегі қызметiне араласқаны үшiн, сондай-ақ сотты және судьяларды сыйламағандық үшiн заңда жауаптылық белгiлеумен;
3) судьяға ешкiмнiң тиiспеуiмен;
2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Конституциялық заңда және «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген судьяны лауазымға сайлау, тағайындау, оның өкiлеттiктерiн тоқтату және тоқтата тұру тәртiбiмен, судьяның отставкаға құқығымен;
5) судьяларға мемлекет есебiнен олардың мәртебесiне сәйкес материалдық жағдай жасау және әлеуметтiк қамсыздандыру, сондай-ақ оны нашарлатуға тыйым салу арқылы қамтамасыз етiледi.
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 2 тармақ өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Судьялар, олардың отбасы мүшелері мен мүлкі мемлекеттің қорғауында болады.
Егер судьядан тиісті өтініш түссе, ішкі істер органдары судья мен оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін, оларға тиесілі мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге уақтылы және түпкілікті шаралар қабылдауға міндетті.
Судьяға және оның мүлкiне кәсiптiк қызметiне байланысты келтiрiлген зиян республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен өтеледi.
27-бап. Судьяларға ешкiмнiң тиiспеуi
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.04.07. № 232-V ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Қылмыс үстінде ұстап алынған не ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған жағдайлардан басқа кезде, судьяны Жоғары Сот Кеңесінің қорытындысына негізделген Қазақстан Республикасы Президентінің келісімінсіз, ал Конституцияның 55-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының келісімінсіз ұстап алуға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.04.07. № 232-V ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2017.22.12. № 119-VI ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертілді; 2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуына себеп Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелгеннен кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісімімен ғана жалғастырылуы мүмкін. Судья қылмыс үстінде ұстап алынған не ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасауға дайындалу немесе оқталу фактісі анықталған не ол ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған жағдайларда, оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісімін алғанға дейін, бірақ бір тәулік ішінде оны міндетті түрде хабардар ете отырып, жалғастырылуы мүмкін. Судьяға қатысты арнаулы жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен жүргізілуі мүмкін.
Судьяға қатысты арнаулы жедел-іздестіру іс-шаралары Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының санкциясымен ғана жүргізілуі мүмкін.
2017.03.07. № 85-VI ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3. Судьяға Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі белгiлеген тәртiппен куәлiк берiледi.
28-бап. Судьяға қойылатын талаптар
1. Судья:
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын бұлжытпай сақтауға, судьяның антына адал болуға;
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) сот төрелiгiн iске асыру жөніндегі өзiнiң конституциялық мiндетiн орындаған кезде, сондай-ақ қызметтен тыс қарым-қатынаста судья әдебi талаптарын сақтауға және судьяның беделi мен қадiр-қасиетiн түсiретiн немесе оның адалдығына, әділдігіне, объективтілігі мен алаламаушылығына күмән туғызатын барлық нәрседен аулақ болуға;
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне және сот төрелiгiн iске асыру жөніндегі қызметке заңсыз араласу әрекеттерiне қарсы тұруға;
4) судьялар кеңесiнiң құпиясын сақтауға мiндеттi.
2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара)
1-1. Судьялар осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларда Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияда (бұдан әрі - Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия) кәсіптік қызметін бағалаудан өтеді.
2. Судьяның лауазымы депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтердi қоспағанда, өзге де ақы төленетiн жұмысты атқарумен, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiрумен сыйыспайды.
Судьялар партияларға, кәсiптiк одақтарға кiре алмайды, қандай да бiр саяси партияны қолдап немесе оған қарсы сөз сөйлеуiне болмайды.
2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 29-бап жаңа редакцияда (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара)
29-бап. Судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптар
1. Аудандық соттың судьясы болып:
1) отыз жасқа толған;
2) жоғары заң бiлiмi, жоғары моральдық-адамгершілік қасиеттері, мiнсiз беделі және заңгерлік кәсібі бойынша кемiнде бес жыл жұмыс өтілі бар;
2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2024 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) біліктілік емтиханын тапсырған (Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында оқу бітірген және біліктілік емтиханын тапсырған адам оқуын бітірген күннен бастап төрт жыл бойы емтихан тапсырудан босатылады);
4) медициналық куәландырудан өткен және судьяның кәсіптік мiндеттерiн атқаруға кедергi келтiретiн ауруларының жоқ екендігін растаған;
2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2024 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5) негізгі жұмыс орнынан қол үзіп, сотта ақы төленетін тағылымдамадан ойдағыдай өткен және тағылымдама қорытындысы бойынша соттың жалпы отырысының оң қорытындысын алған (Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында оқу бiтiрген және біліктілік емтиханын тапсырған адам оқуын бітірген күннен бастап төрт жыл бойы тағылымдамадан өтуден босатылады);
6) «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда полиграфологиялық зерттеуден өткен Қазақстан Республикасының азаматы тағайындала алады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) және 6) тармақшаларында көзделген талаптар жұмыс істеп жүрген судьялар болып табылатын кандидаттарға қолданылмайды.
2. Мынадай:
1) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған;
2) судья лауазымына конкурсқа қатысар алдындағы үш жыл ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылығы үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған адам судья болмайды. Бұл ретте мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылығы үшін қызметтен шығарылған адам судья болып тағайындалмайды;
3) судья лауазымына конкурсқа қатысар алдындағы үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған;
4) судья лауазымына конкурсқа қатысар алдындағы үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін өзіне қатысты соттың айыптау үкімі шығарылған немесе қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;
5) бұрын сотталған;
6) қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;
7) судья лауазымынан, құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан және соттардан, әскери қызметтен теріс себептер бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда қызметтен шығарылған адам судья бола алмайды.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген мәліметтерді ұсынбау немесе қасақана бұрмалау судья лауазымына тағайындаудан немесе судьяның бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысудан бас тартуға негіз болып табылады.
2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Осы баптың 1-тармағының талаптарына сай келетін, заңгерлік кәсібі бойынша кемінде он бес жыл жұмыс өтілі немесе кемінде бес жыл судьялық жұмыс өтілі бар азамат облыстық соттың судьясы бола алады.
2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1. Осы баптың 1-тармағының талаптарына сай келетін, заңгерлік кәсібі бойынша кемінде он сегіз жыл жұмыс өтілі немесе кемінде сегіз жыл судьялық жұмыс өтілі, оның ішінде облыстық сотта кемінде үш жыл судьялық жұмыс өтілі бар азамат кассациялық сот судьясы бола алады.
2021.20.03. № 19-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Осы баптың 1-тармағының талаптарына сай келетiн, заңгерлік кәсібі бойынша кемінде жиырма жыл жұмыс өтілі бар, оның кемінде он жылы судьялық жұмыс өтілі болатын, оның ішінде бес жыл облыстық соттағы судьялық жұмыс өтілі бар, сондай-ақ Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қорытындысын алған азамат Жоғарғы Соттың судьясы бола алады.
Жалпы отырыстың қорытындысы ұсынымдық сипатта болады.
Өтілдің болуы, тағылымдамадан өту, біліктілік емтиханын тапсыру, Жоғарғы Соттың жалпы отырысы қорытындысының қажеттігі туралы талаптар Жоғарғы Сот Төрағасының лауазымына кандидатқа, сондай-ақ осы Конституциялық заңның 30-бабы 4-тармағының тоғызыншы бөлігінде көзделген жағдайларда қолданылмайды.
2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара, 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді бұр. ред. қара); 2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен (2024 ж. 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Аудандық сот судьясының лауазымына конкурсқа қатысушылар жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің және облыстық соттың жалпы отырысының қорытындыларын алуға тиіс.
Екінші бөліктің қолданысы 2025 ж. 1 шілдеге дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік 2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылады
Облыстық соттың сот алқасының төрағасы және судьясы лауазымына конкурсқа қатысушылар Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің және жұмыс орны бойынша тиісінше Жоғарғы Соттың немесе облыстық соттың жалпы отырысының қорытындыларын алуға тиіс. Кассациялық сот судьясы лауазымына конкурсқа қатысушылар Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қорытындысын алуға тиіс.
Осы тармақтың облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысын алу қажеттігі туралы талабы жұмыс істеп жүрген судьялар болып табылатын кандидаттарға, сондай-ақ бұрын судья лауазымын атқарған адамдарға ғана қолданылады.
Жоғарғы Сот судьясы лауазымына конкурсқа қатысушылар жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің де қорытындысын алуға тиіс.
Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің және жалпы отырыстың қорытындылары ұсынымдық сипатта болады.
2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Бос судьялық лауазымға орналасуға арналған конкурсқа: