ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына конституциялық заңдарына өзгерістер енгізілсін:
1. «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына:
37-баптағы «мемлекеттік қызмет, еңбек және зейнетақы туралы заңдардың» деген сөздер «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының және Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнамасының» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына:
1) 35-бабы 2-1-тармағының бірінші бөлігінде «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздер «Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 35-1-баптың 1-тармағындағы «зейнетақымен қамсыздандыру» деген сөздер «әлеуметтік қорғау» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 54-баптың 3-тармағындағы «І топтағы мүгедекке», «II топтағы мүгедекке», «IIІ топтағы мүгедекке» деген сөздер тиісінше «бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға», «екінші топтағы мүгедектігі бар адамға», «үшінші топтағы мүгедектігі бар адамға» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» 2022 жылғы 5 қарашадағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына:
1) 14-баптың 8-тармағындағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында», «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында», «Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 16-баптағы «зейнетақымен қамсыздандыру» деген сөздер «әлеуметтік қорғау» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Конституциялық заң 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2023 жылғы 20 сәуір
№ 225-VІІ ҚРЗ