15-бап. Облыстық соттың сот алқасының төрағасы
1. Облыстық соттың сот алқасының төрағасы судья болып табылады және судья мiндеттерiн атқарумен қатар:
1) сот алқасында сот ісін жүргізуді ұйымдастыру мәселелерін шешеді;
2) сот алқасының отырыстарында төрағалық етедi;
3) сот практикасын зерделеу және жинақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
4) соттың жалпы отырысына сот алқасының қызметi туралы ақпаратты ұсынады;
5) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2015.31.07. № 340-V ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Сот алқасының төрағасы облыстық сот төрағасына сот алқасында мамандандырылған құрамдар қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді.
3. Сот алқасының төрағасы уақытша болмаған жағдайда сот төрағасы оның мiндетiн атқаруды алқа судьяларының бiрiне жүктейдi.
Облыстық соттың сот алқасы төрағасының өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған немесе өкілеттік мерзімі аяқталған жағдайда облыстық соттың төрағасы оның міндеттерін уақытша атқаруды облыстық соттың тиісті сот алқасының судьясына жүктейді.
2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 16-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара)
16-бап. Облыстық соттың жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстары
1. Облыстық сот қажетiне қарай, бiрақ жылына кемiнде екi рет жалпы отырыстар өткiзедi, оларда:
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) тиісті сот алқасының сандық және дербес құрамын белгілейді;
2) 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3) облыстық сот төрағасы мен сот алқалары төрағаларының ақпаратын тыңдайды;
4) сот практикасын талқылайды және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша облыс соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезіндегі заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды;
5) 2022.30.12. № 176-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда; 2018.28.12. № 209-VI ҚР Конституциялық Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) уәкілетті органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы аумақтық бөлімшесі басшысының қызметі туралы есепті тыңдайды;
2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 245-V ҚР Конституциялық Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 7) тармақша өзгертілді (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара); 2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7) аудандық және облыстық соттар судьяларының бос лауазымдарына кандидатураларды қарайды және Жоғары Сот Кеңесіне құжаттарды тапсыру мерзімі аяқталғанға дейін тиісті қорытындылар шығарады;
2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
7-1) аудандық сот төрағасының, облыстық сот судьясының лауазымдарына кадр резервіне алу үшін кандидатураларды қарайды;
8) 2022.30.12. № 176-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
9) судья қызметiне кандидаттардың тағылымдамадан өту қорытындыларын қарайды және тиiстi қорытынды бередi;
9-1) 2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9-2) 2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара)
2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 9-3) тармақшамен толықтырылды (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз); 2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен 9-3) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
9-3) лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік іс жүргізу шеңберінде аудандық сот төрағасының әрекеттерін тексеру үшін оған қатысты материалдарды Сот жюриіне беру туралы мәселені талқылайды және талқылау қорытындылары бойынша тиісті шешім шығарады;
2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен 9-4) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)
9-4) сот істерін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін аудандық сот судьясын, төрағасын немесе облыстық сот судьясын тәртіптік жауаптылыққа тарту немесе тартпау туралы ұсынымды Сот жюриіне беру туралы мәселені талқылайды;
10) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады;
2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара); 2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Жалпы отырыс облыстық сот судьяларының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде құқықтық күші бар болып табылады.
Кеңейтілген жалпы отырыс облыстық сот судьяларының және тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аудандық соттары судьяларының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде құқықтық күші бар болып табылады.
2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз); 2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 8 сәуірден, 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1. Облыстық сот кеңейтілген жалпы отырыстар өткізеді, оларда:
2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) жергілікті соттың бір судьясын Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысына жібереді;
2) Жоғары Сот Кеңесінің, Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің және Кадр резерві жөніндегі комиссияның, Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның құрамдарына судьялардың кандидатураларын қарайды және Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысына тиісті ұсынымдарды шығарады;
3) тармақша 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) Жоғары Сот Кеңесі кадр резервінен ұсынған адамдар және (немесе) өз кандидатурасын өзі дербес ұсынған адамдар қатарынан аудандық соттар төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларды баламалы негізде жасырын дауыс беру арқылы сайлайды және тиісті қорытындылар шығарады.
Облыстық соттың кеңейтілген жалпы отырыстарына облыстық соттың судьялары және тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аудандық соттарының судьялары қатысады.
2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ өзгертілді (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара)
3. Облыстық соттың жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстарының жұмыс тәртібі ол бекiткен регламентпен айқындалады.
2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз)
4. Жалпы отырыстың кадр мәселелеріне және судьялардың тәртіптік жауапкершілігі мәселелеріне қатысты шешімдері жасырын дауыс беру арқылы қабылданады.
16-1-бап. 2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара)
2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен 2-1-тараумен толықтырылды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
2-1-тарау. Кассациялық соттар
16-2-бап. Кассациялық соттарды құру
1. Кассациялық соттарды Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғары Сот Кеңесімен келісілген ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті құрады, қайта ұйымдастырады, атауын өзгертеді және таратады.
2. Кассациялық соттар судьяларының жалпы санын Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғары Сот Кеңесімен келісілген ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Жоғарғы Сот Төрағасы уәкілетті органның ұсынуы негізінде әрбір кассациялық сот үшін судьялардың санын Жоғары Сот Кеңесімен келісу бойынша белгілейді.
16-3-бап. Кассациялық соттың құрылымы мен құрамы
1. Кассациялық сот төрағадан және судьялардан тұрады.
2. Кассациялық сотта мамандандырылған құрамдар құрылуы мүмкін.
3. Мамандандырылған құрамдарды кассациялық соттың төрағасы жасақтайды.
4. Жалпы отырыс кассациялық сот органы болып табылады.
5. Судья лауазымына кандидаттардың моральдық-адамгершілік қасиеттерін бағалау үшін кассациялық сот жанынан консультативтік-кеңесші орган - Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес құрылады.
Кассациялық сот судьялары лауазымдарына кандидаттар бойынша қорытындыларды Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес Жоғары Сот Кеңесіне құжаттарды тапсыру мерзімі аяқталғанға дейін беруге тиіс.
Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің қорытындысы ұсынымдық сипатта болады.
16-4-бап. Кассациялық соттың өкілеттіктері
Кассациялық сот:
1) сот істері мен материалдарын кассациялық сатыдағы сот ретінде қарайды;
2) сот практикасын зерделейді және оны жинақтау қорытындылары бойынша төмен тұрған сот сатыларының сот төрелігін іске асыруы кезінде заңдылықтың сақталу мәселелерін қарайды;
3) заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
16-5-бап. Кассациялық сот төрағасы
1. Кассациялық сот төрағасы судья болып табылады және судья міндеттерін атқарумен қатар:
1) сотта сот ісін жүргізуді ұйымдастыру мәселелерін шешеді;
2) кассациялық соттың жалпы отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етеді;
3) сот істерін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін облыстық соттың сот алқасының төрағасын, облыстық сот төрағасын, кассациялық сот судьясын тәртіптік жауаптылыққа тарту немесе тартпау туралы ұсынымды Сот жюриіне беру туралы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде кассациялық соттың жалпы отырысының талқылауына шығаруды, сондай-ақ материалдарды Сот жюриіне жіберуді қамтамасыз етеді;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау және судья әдебі нормаларын сақтау жөніндегі жұмысты қамтамасыз етеді;
5) кассациялық соттың жұмыс жоспарын бекітеді;
6) сот практикасын зерделеуді ұйымдастырады;
7) өкімдер шығарады;
8) азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді;
9) заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Кассациялық сот төрағасының өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған немесе аяқталған жағдайда төрағаның міндеттерін уақытша атқаруды Жоғарғы Сот Төрағасы осы сот судьяларының біріне жүктейді.
3. Кассациялық сот төрағасы уақытша болмаған жағдайда міндеттерді атқару кассациялық сот төрағасының өкімімен осы кассациялық сот судьяларының біріне жүктеледі.
4. Жоғарғы Сот Төрағасы осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген міндеттерді атқаруды жүктеудің күшін жоюға және кассациялық сот төрағасының міндеттерін атқаруды осы кассациялық соттың басқа судьясына жүктеуге құқылы.
16-6-бап. Кассациялық соттың жалпы отырысы
1. Кассациялық сот қажетіне қарай, бірақ жылына екі реттен сиретпей жалпы отырыстар өткізеді, оларда:
1) кассациялық сот төрағасының ақпаратын тыңдайды;
2) сот практикасын талқылайды және оны жинақтау қорытындылары бойынша төмен тұрған соттардың сот төрелігін іске асыруы кезінде заңдылықтың сақталу мәселелерін қарайды;
3) сот істерін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін облыстық соттың сот алқасының төрағасын, облыстық сот төрағасын, кассациялық сот судьясын тәртіптік жауаптылыққа тарту немесе тартпау туралы ұсынымды Сот жюриіне беру туралы мәселені талқылайды;
4) кассациялық соттың бір судьясын Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысына жібереді;
5) Жоғары Сот Кеңесінің, Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің және Кадр резерві жөніндегі комиссияның, Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның құрамдарына судьялардың кандидатураларын қарайды және Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысына тиісті ұсынымдарды шығарады;
6) кассациялық сот судьясының бос лауазымдарына кандидатураларды қарайды және Жоғары Сот Кеңесіне құжаттарды тапсыру мерзімі аяқталғанға дейін тиісті қорытындылар шығарады;
7) заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Жалпы отырыс кассациялық сот судьяларының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде құқықты болады.
3. Кассациялық соттың жалпы отырысының жұмыс тәртібі ол бекіткен регламентте айқындалады.
4. Жалпы отырыстың кадр мәселелеріне және судьялардың тәртіптік жауаптылығы мәселелеріне қатысты шешімдері жасырын дауыс беру арқылы қабылданады.
3-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ СОТЫ
17-бап. Жоғарғы Соттың өкiлеттiгi
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Жоғарғы Сот жергілікті және басқа да соттардың соттылығына жататын азаматтық, қылмыстық, әкімшілік және өзге де істер бойынша жоғары сот органы болып табылады, заңда көзделген жағдайларда өзінің соттылығына жатқызылған сот істерін қарайды және сот практикасы мәселелері бойынша түсіндірмелер беріп отырады.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Жоғарғы Сот:
1) өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерi мен материалдарын қарайды;
2) сот практикасын зерделейдi және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша Республика соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезіндегі заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды;
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда; 2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша өзгертілді (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара)
3) нормативтік қаулылар, қаулылар қабылдайды;
3-1) 2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара)
3-2) 2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
3. 2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара)
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
18-бап. Жоғарғы Соттың құрылымы мен құрамы
1. Жоғарғы Сот Төрағадан және судьялардан тұрады.
Жоғарғы Сот судьяларының жалпы санын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді.
2. Жоғарғы Сотта сот алқалары құрылады және мамандандырылған құрамдар құрылуы мүмкін.
2015.31.07. № 340-V ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Мыналар:
2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша өзгертілді (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара)
1) жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстар;
2) 2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара)
3) азаматтық істер жөніндегі сот алқасы;
4) қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы;
2021.20.03. № 19-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5) әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы Жоғарғы Соттың органдары болып табылады.
Сот алқасын осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын төраға басқарады.
4. Сот алқасының сандық және дербес құрамын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Жоғарғы Соттың жалпы отырысы белгілейді.
5. Мамандандырылған құрамдарды Жоғарғы Соттың Төрағасы жасақтайды.
2015.31.07. № 340-V ҚР Конституциялық Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6. Жоғарғы Соттың жанынан ғылыми-консультативтік кеңес, халықаралық кеңес және баспасөз органы құрылады.
7. 2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен алып тасталды (2024 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
19-бап. 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
20-бап. Жоғарғы Сот Төрағасы
1. Жоғарғы Соттың Төрағасы судья болып табылады және судья мiндетiн атқарумен қатар:
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) жоғары сот органы ретінде Жоғарғы Сотты басқарады
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара);2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.31.07. № 340-V ҚР Конституциялық Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) сот алқаларының отырыстарында төрағалық етуге құқылы;
2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша өзгертілді (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара)
3) Жоғарғы Соттың жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстарын шақырады және оларда төрағалық етедi;
2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1) тармақшаның қолданысы 2025 ж. 1 шілдеге дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша 2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды (бұр. ред. қара)
3-1) лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік іс жүргізу шеңберінде облыстық соттың сот алқасы төрағасының, облыстық сот төрағасының, кассациялық сот төрағасының немесе Жоғарғы Соттың сот алқасы төрағасының әрекеттерін тексеру үшін оған қатысты материалдарды Сот жюриіне беру туралы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде Жоғарғы Соттың жалпы отырысының талқылауына шығаруды, сондай-ақ оны талқылау қорытындылары бойынша материалдарды Сот жюриіне жіберуді қамтамасыз етеді;
2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)
3-2) тармақшаның қолданысы 2025 ж. 1 шілдеге дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша 2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды (бұр. ред. қара)
3-2) сот істерін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін кассациялық сот төрағасын, Жоғарғы Соттың судьясын немесе сот алқасының төрағасын тәртіптік жауаптылыққа тарту немесе тартпау туралы ұсынымды Сот жюриіне беру туралы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде Жоғарғы Соттың жалпы отырысының талқылауына шығаруды, сондай-ақ материалдарды Сот жюриіне жіберуді қамтамасыз етеді;
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.07.11. № 245-V ҚР Конституциялық Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қарауына сот практикасы мәселелерi бойынша Жоғарғы Соттың нормативтiк қаулыларын қабылдау үшiн материалдар енгiзедi;
4-1) 2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2015.31.07. № 340-V ҚР Конституциялық Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының бекiтуiне Жоғарғы Соттың жалпы отырысы Хатшысының, ғылыми-консультативтік және халықаралық кеңестер мүшелерiнiң кандидатураларын енгiзедi.
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара);2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
6) қажет болған жағдайларда бір сот алқасының судьяларын басқа сот алқасының құрамында iс қарау үшiн тартады;
2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен 6-1) тармақшамен толықытырылды
6-1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жасау және судья әдебi нормаларын сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
7) Жоғарғы Соттың жұмыс жоспарын бекiтедi;
8) алқалардың жұмысын үйлестiредi;
2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) Жоғары Сот Кеңесімен келісім бойынша әрбір жергілікті және басқа да сот судьяларының санын бекітеді;
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) Уәкілетті орган туралы ережені Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне енгізеді;
2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды; 2022.30.12. № 176-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 9-1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9-1) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен штат саны лимитінің шегінде уәкілетті органның құрылымын және штат кестесін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келіседі;
2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен 9-2) тармақшамен толықтырылды; 2022.30.12. № 176-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 9-2) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9-2) Қазақстан Республикасының Президентіне уәкілетті органның басшысын тағайындау туралы ұсыну енгізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган басшысының орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
9-3) 2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9-4) 2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара)
10) азаматтарды жеке қабылдауды жүргiзедi;
2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) өкiмдер мен бұйрықтар шығарады.
2. Жоғарғы Соттың Төрағасы Республиканың өзге де мемлекеттік билiк тармақтары органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара қарым-қатынасы кезiнде Республика сот жүйесiнiң мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ:
1) 2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда; 2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша өзгертілді (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара)
2) облыстық соттар төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларды баламалы негізде Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қарауына енгізеді;
3) 2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды; 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара) 3-1) тармақша жаңа редакцияда
3-1) Жоғары Сот Кеңесіне облыстық соттардың төрағалары, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары лауазымдарына кандидатураларды Жоғарғы Соттың жалпы отырысында оларды талқылау нәтижелерімен бірге баламалы негізде ұсынады;