Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы
Қазақстан Республикасының 2000 ж. 25 желтоқсандағы № 132-II Конституциялық Заңы
(2024.01.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы Конституциялық Заңға өзгерістер енгізу туралы:
2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңын қараңыз (2025 ж. 1 қаңтардан, 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бөлiм. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Сот билiгi
2-бап. Мемлекеттiк билiктiң нышандары
3-бап. Сот жүйесi
4-бап. Сот жүйесiнiң бiрлiгi
5-бап. Қазақстан Республикасындағы соттар қызметiнiң тәртiбiн және судьялардың мәртебесiн белгiлейтiн заңдар
2-бөлiм. СОТ ЖҮЙЕСI
1-тарау. АУДАНДЫҚ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ТЕҢЕСТIРIЛГЕН СОТТАР
6-бап. Аудандық және оларға теңестiрiлген соттарды құру
7-бап. Аудандық соттың құрамы
8-бап. Аудандық соттың өкiлеттiгi
9-бап. Аудандық соттың төрағасы
2-тарау. ОБЛЫСТЫҚ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ТЕҢЕСТIРIЛГЕН СОТТАР
10-бап. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттарды құру
11-бап. Облыстық соттың құрылымы мен құрамы
12-бап. Облыстық соттың өкiлеттiгi
13-бап. Алынып тасталды
14-бап. Облыстық соттың төрағасы
15-бап. Облыстық соттың сот алқасының төрағасы
16-бап. Облыстық соттың жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстары
16-1-бап. Алып тасталды
3-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ СОТЫ
17-бап. Жоғарғы Соттың өкiлеттiгi
18-бап. Жоғарғы Соттың құрылымы мен құрамы
19-бап. Алынып тасталды
20-бап. Жоғарғы Сот Төрағасы
21-бап. Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасы
22-бап. Жоғарғы Соттың жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстары
22-1-бап. Алып тасталды
3-бөлiм. СУДЬЯЛАР МӘРТЕБЕСI
1-тарау. СУДЬЯЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
23-бап. Судья мәртебесi
23-1-бап. Халықаралық соттардың Қазақстан Республикасынан жіберілген судьяларының мәртебесі
24-бап. Судьялардың ауыстырылмайтындығы
25-бап. Судьяның тәуелсiздiгi
26-бап. Судья тәуелсiздiгiнiң кепiлдiктерi
27-бап. Судьяларға ешкiмнiң тиiспеуi
28-бап. Судьяға қойылатын талаптар
29-бап. Судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптар
29-1-бап. Судья лауазымына кандидатты медициналық куәландыру
30-бап. Сот судьясының, төрағасының, сот алқасы төрағасының лауазымына кандидаттарды іріктеу
30-1-бап. Судьяның кәсіби қызметін бағалау
31-бап. Судьяға өкiлеттiктер беру тәртiбi
32-бап. Судьяның ант беруi
33-бап. Судьяның өкiлеттiгiн тоқтата тұру
34-бап. Соттың төрағасын, сот алқасының төрағасын және судьяны қызметінен босату және олардың өкiлеттiктерiн тоқтату
34-1-бап. Судья лауазымында болудың шекті жасы
35-бап. Судьяның орнынан түсуi
35-1-бап. Судьяны зейнетақымен қамсыздандыру
36-бап. Жоғары Сот Кеңесi
37-бап. Судьялар қоғамдастығы мен оның органдары
38-бап. Алып тасталды
38-1-бап. Сот жюриi
38-2-бап. Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы
38-3-бап. Аудандық сот төрағасы, облыстық сот төрағасы, сот алқаларының төрағалары және судьясы, Жоғарғы Сот судьясы және сот алқаларының төрағалары лауазымдарына кадр резерві
2-тарау. СУДЬЯЛАРДЫҢ ТӘРТIПТIК ЖАУАПКЕРШIЛIГI
39-бап. Судьялардың тәртiптiк жауапкершiлiгiнiң негiздерi
40-бап. Судьяларға қатысты қолданылатын жазалардың түрлерi
41-бап. Алып тасталды
42-бап. Тәртiптiк iсті қарау мерзiмдерi
42-1-бап. Судьяны тәртіптік жауаптылыққа тарту кезіндегі оның құқықтарының кепілдіктері
43-бап. Алып тасталды
44-бап. Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешiмдері
44-1-бап. Сот жюриінің шешімдері
45-бап. Тәртiптiк жазаның қолданылу мерзiмi
46-бап. Алып тасталды
3-тарау. СУДЬЯЛАРДЫ МАТЕРИАЛДЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТIК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ
47-бап. Судьяларды материалдық қамтамасыз ету
48-бап. Алып тасталды
49-бап. Судьялардың жыл сайынғы демалыстары
50-бап. Көшкен кездегi өтемақы
51-бап. Тұрғын үймен қамтамасыз ету
52-бап. Судьяларды мантиямен қамтамасыз ету
53-бап. Судьяларға медициналық қызмет көрсету
54-бап. Судья мертiккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған, кәсiби ауруға шалдыққан) немесе қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайдағы өтемақы
55-бап. Жерлеуге жұмсалатын шығыстардың өтемақысы
55-1-бап. Судьяны материалдық және әлеуметтiк қамсыздандыру кепiлдiктерінен айыру
4-бөлім. СОТ ӘКІМШІЛІГІ
56-бап. Сот әкімшілігі
57-бап. Соттарды қаржыландыру
5-бөлiм. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛI ЕРЕЖЕЛЕР
58-бап. Күшi жойылды деп танылған заң актiлерi
59-бап. Осы Конституциялық заңды қолданысқа енгiзу және судьялар қызметiнiң онымен байланысты ерекшелiктерi
1-бөлiм. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Сот билiгi
1. Қазақстан Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған алқа заседательдерi арқылы соттарға ғана тиесiлi.
Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады. Соттың ерекше өкiлеттiгiн басқа органдарға берудi көздейтiн заң актілерін шығаруға тыйым салады.
Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкiлеттiгiн немесе сот билiгi функцияларын иеленуге құқығы жоқ.
Сот iсiн қарау тәртібімен қаралуға тиiс өтiнiштердi, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды.
2. Сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясының, заңдарының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етедi.
Әркiмге мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды және өзге де адамдардың Республиканың Конституциясында және заңдарында көзделген құқықтарға, бостандықтар мен заңды мүдделерге нұқсан келтiретiн немесе оларды шектейтiн кез келген заңсыз шешiмдерi мен iс-қимылдарынан сот арқылы қорғалуға кепiлдiк берiледi.
Ешкiмдi де оның iсiн заңның барлық талаптары мен әдiлеттiлiктi сақтай отырып құзыреттi, тәуелсiз және алаламайтын соттың қарау құқығынан айыруға болмайды.
Сот билiгi азаматтық, қылмыстық және заңда белгiленген өзге де сот iсiн жүргiзу нысандары арқылы жүзеге асырылады.
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 3 -тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді)
3. Судьялар сот төрелiгiн iске асыру кезiнде тәуелсiз және тек Конституция мен заңға ғана бағынады. Судьялардың мәртебесi мен тәуелсiздiгiне нұқсан келтiретiн заңдарды немесе өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдауға жол берiлмейдi.
Соттың сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметіне қандай да бір араласуға жол берілмейді және заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Судьялар нақты істер бойынша есеп бермейді. Сот ісін жүргізудің белгіленген тәртібіне қарамастан берілген сот істері бойынша, сондай-ақ соттың құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша өтініштерді сот қараусыз қалдырады немесе тиісті органдарға жібереді.
Сотқа немесе судьяға құрметтемеушілік білдіру заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Сот актілері мен судьялардың өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезіндегі талаптарын барлық мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары, жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi. Сот актілері мен судьяның талаптарын орындамау заңмен белгiленген жауапкершiлiкке әкеп соғады.
2-бап. Мемлекеттік билiктiң нышандары
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Соттар ғимараттарына және сот отырысы залдарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы орнатылады және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы орналастырылады.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Судьялар сот төрелiгiн судья мантиясын киiп жүзеге асырады, оның нысаны мен сипаттамасын Жоғарғы Соттың жалпы отырысы бекiтедi.
3-бап. Сот жүйесi
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасының сот жүйесiн Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Конституциясына және осы Конституциялық заңға сәйкес құрылатын жергілікті және басқа соттар құрайды.
Қандай да болмасын атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол берiлмейдi.
2. Жергiлiктi соттарға мыналар жатады:
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді); 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 1) тармақша өзгертілді
1) облыстық және оларға теңестiрiлген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары);
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2) аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық сот, ауданаралық сот).
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді); 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Қазақстан Республикасында басқа соттар, оның ішінде кассациялық, мамандандырылған (әскери, қаржылық, экономикалық, әкімшілік, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және басқа) соттар құрылуы мүмкін.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Мамандандырылған соттарды облыстық немесе аудандық сот мәртебесімен Қазақстан Республикасының Президенті құрады.
2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)
3-2. Кассациялық соттарды өңіраралық сот мәртебесімен Қазақстан Республикасының Президенті құрады.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 4 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа соттардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы мен өзiнiң атауы бейнеленген мөрi болады.
2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5. Қазақстан Республикасының сот жүйесіне кірмейтін «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының ерекше мәртебесі болады.
2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен 4-бап өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-бап. Сот жүйесiнiң бiрлiгi
Қазақстан Республикасы сот жүйесiнiң бiрлiгi:
1) Конституцияда, осы Конституциялық заңда, iс жүргiзу және өзге де заңдарда белгiленген, барлық соттар мен судьялар үшiн ортақ және бiрыңғай сот төрелiгi принциптерiмен;
2) сот билiгiн барлық соттар үшiн сот iсiн жүргiзудiң заңдарда белгiленген бiрыңғай нысандары арқылы жүзеге асырумен;
3) Қазақстан Республикасының барлық соттарының қолданыстағы құқықты қолдануымен;
4) заңдарда судьялардың бiрыңғай мәртебесiн баянды етумен;
5) заңды күшiне енген сот актілерін Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында орындаудың мiндеттiлiгiмен;
6) барлық соттарды тек қана Республикалық бюджет есебiнен қаржыландырумен қамтамасыз етiледi.
Осы бапта көзделген талаптар «Астана» халықаралық қаржы орталығының сотына қолданылмайды.
5-бап. Қазақстан Республикасындағы соттар қызметiнiң тәртібін және судьялардың мәртебесiн белгiлейтiн заңдар
Қазақстан Республикасындағы сот құрылысы мен судьялар мәртебесi, сондай-ақ сот төрелiгiн iске асыру тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Конституциялық заңмен және басқа да заң актілерімен белгiленедi.
2-бөлiм. СОТ ЖҮЙЕСI
1-тарау. АУДАНДЫҚ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ТЕҢЕСТIРIЛГЕН СОТТАР
2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-бап. Аудандық және оларға теңестiрiлген соттарды құру
2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Аудандық және оларға теңестірілген соттарды (бұдан әрі - аудандық соттар) сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) басшысының Жоғарғы Сот Төрағасымен және Жоғары Сот Кеңесімен келісілген ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті құрады, қайта ұйымдастырады, атауын өзгертеді және таратады.
Қазақстан Республикасының Президенті бірнеше әкімшілік-аумақтық бірлікте ауданаралық сот немесе бір әкімшілік-аумақтық бірлікте бірнеше аудандық сот құруы мүмкін.
2. Аудандық соттар үшiн судьялардың жалпы санын Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғары Сот Кеңесімен келісілген ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
2022.30.12. № 176-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Жоғарғы Сот Төрағасы уәкілетті органның ұсынуы негізінде Жоғары Сот Кеңесімен келісу бойынша әрбір аудандық сот үшін судьялардың санын белгілейді.
7-бап. Аудандық соттың құрамы
1. Аудандық сот Конституцияда және осы Конституциялық заңда белгiленген тәртiппен тағайындалатын төрағадан және судьялардан тұрады.
Егер аудандық сотта штат бойынша бiр судья (бiрқұрамды сот) көзделсе, ол осы соттың төрағасы өкiлеттiгiн атқарады.
2. 2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
8-бап. Аудандық соттың өкiлеттiгi
1. Аудандық сот бiрiншi инстанциядағы сот болып табылады.
2. Аудандық сот:
1) өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерiн және материалдарын қарайды;
2) 2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
9-бап. Аудандық соттың төрағасы
1. Аудандық соттың төрағасы судья болып табылады және судья мiндеттерiн атқарумен қатар:
2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) сотта сот ісін жүргізуді ұйымдастыру мәселелерін шешеді;
2) 2022.30.12. № 176-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) азаматтарды жеке қабылдауды жүргiзедi;
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1 тармақ 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) аудандық соттың жұмыс жоспарын бекітеді;
4) судья лауазымына кандидаттардың тағылымдамадан өтуiн ұйымдастырады;
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау және судья әдебі нормаларын сақтау жөніндегі жұмысты қамтамасыз етеді;
6) өкiмдер шығарады;
7) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Аудандық соттың төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда осы сот төрағасының өкімі бойынша төраға мiндеттерiн атқару осы сот судьяларының бiрiне жүктеледi.
Аудандық сотта төраға, судьялар болмаған жағдайда, олардың міндеттерін атқару Жоғарғы Соттың Төрағасымен келісу бойынша облыстық сот төрағасының өкімімен басқа соттың судьяларына жүктеледі.
Аудандық сот төрағасының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған немесе өкілеттік мерзімі аяқталған жағдайда төрағаның міндетін уақытша атқару облыстық сот төрағасының өкімімен осы сот судьяларының біріне жүктеледі.
2-тарау. ОБЛЫСТЫҚ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ТЕҢЕСТIРIЛГЕН СОТТАР
2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10-бап. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттарды құру
1. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттарды (бұдан әрi - облыстық соттар) Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғары Сот Кеңесімен келісілген ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi құрады, қайта ұйымдастырады, қайта атайды және таратады.
2. Облыстық соттар судьяларының жалпы санын Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғары Сот Кеңесімен келісілген ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
Әрбір облыстық сот үшiн судьялардың санын уәкiлеттi органның ұсынуы негізінде Жоғары Сот Кеңесімен келісім бойынша Жоғарғы Соттың Төрағасы белгiлейдi.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
11-бап. Облыстық соттың құрылымы мен құрамы
1. Облыстық сот төрағадан және судьялардан тұрады.
2. Облыстық сотта сот алқалары құрылады және мамандандырылған құрамдар құрылуы мүмкін.
2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (2012 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.31.07. № 340-V ҚР Конституциялық Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Мыналар:
2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара)
1) жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстар;
2) 2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара)
3) азаматтық істер жөніндегі сот алқасы;
2021.20.03. № 19-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4) қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы;
2021.20.03. № 19-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
5) әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы (Қазақстан Республикасының Әскери сотын қоспағанда) облыстық соттың органдары болып табылады.
Сот алқасын осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын төраға басқарады.
4. Сот алқасының сандық және дербес құрамын облыстық сот төрағасының ұсынуы бойынша облыстық соттың жалпы отырысы белгілейді.
5. Мамандандырылған құрамдарды облыстық соттың төрағасы жасақтайды.
2014.07.11. № 245-V ҚР Конституциялық Заңымен 6-тармақпен толықтырылды; 2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Судья лауазымына кандидаттардың моральдық-адамгершілік қасиеттерін бағалау үшін облыстық сот жанынан консультативтік-кеңесші орган - Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес құрылады.
Судья лауазымдарына кандидаттар бойынша қорытындыларды Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес Жоғары Сот Кеңесіне құжаттарды тапсыру мерзімі аяқталғанға дейін беруге тиіс.
Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің қорытындысы ұсынымдық сипатта болады.
12-бап. Облыстық соттың өкiлеттiгi
Облыстық сот:
1) өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерiн және материалдарын қарайды;
2) 2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) сот тәжiрибесiн зерделейдi және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша облыс соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезіндегі заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды;
4) 2022.30.12. № 176-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
13-бап. 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
14-бап. Облыстық соттың төрағасы
1. Облыстық соттың төрағасы судья болып табылады және судья міндеттерін атқарумен қатар:
1) сотта сот ісін жүргізуді ұйымдастыру мәселелерін шешеді;
2015.31.07. № 340-V ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) сот алқаларының отырыстарында төрағалық етуге құқылы;
2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша өзгертілді (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара)
3) облыстық соттың жалпы отырыстарын, кеңейтілген жалпы отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етеді;
2021.20.12. № 82-VII ҚР Конституциялық Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды; 2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен 3-1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3-1) лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік іс жүргізу шеңберінде аудандық сот төрағасының әрекеттерін тексеру үшін оған қатысты материалдарды Сот жюриіне беру туралы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде облыстық соттың жалпы отырысының талқылауына шығаруды, сондай-ақ оны талқылау қорытындылары бойын ша материалдарды Сот жюриіне жіберуді қамтамасыз етеді;
2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)
3-2) сот істерін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін аудандық сот судьясын, төрағасын немесе облыстық сот судьясын тәртіптік жауаптылыққа тарту немесе тартпау туралы ұсынымды Сот жюриіне беру туралы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде облыстық соттың жалпы отырысының талқылауына шығаруды, сондай-ақ материалдарды Сот жюриіне жіберуді қамтамасыз етеді;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау және судья әдебі нормаларын сақтау жөніндегі жұмысты қамтамасыз етеді;
5) 2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара)
6) облыстық соттың жұмыс жоспарын бекітеді;
7) сот практикасын зерделеуді ұйымдастырады;
8) өкімдер шығарады;
9) 2022.30.12. № 176-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді;
11) заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2014.07.11. № 245-V ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.31.07. № 340-V ҚР Конституциялық Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Облыстық сот төрағасының өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған немесе өкілеттік мерзімі аяқталған жағдайда төрағаның міндеттерін уақытша атқаруды Жоғарғы Сот Төрағасы облыстық соттың сот алқалары төрағаларының біріне жүктейді, ал сот алқаларының төрағалары болмаған жағдайда облыстық сот төрағасының міндеттерін уақытша атқару облыстық соттың судьясына жүктеледі.
2014.07.11. № 245-V ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.31.07. № 340-V ҚР Конституциялық Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Облыстық соттың төрағасы уақытша болмаған жағдайда мiндеттердiң атқарылуын облыстық соттың төрағасы облыстық соттың сот алқалары төрағаларының бiрiне жүктеудi жүзеге асырады, ал сот алқаларының төрағалары болмаған жағдайда облыстық сот төрағасының мiндеттерiн уақытша атқару облыстық соттың судьясына жүктеледі.
2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз)
4. Жоғарғы Соттың Төрағасы осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген міндеттер атқаруды жүктеудің күшін жоюға және облыстық сот төрағасының міндеттерін атқаруды осы облыстық соттың сот алқасының басқа төрағасына немесе судьясына жүктеуге құқылы.
2006.11.12. № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 15-бап өзгертілді; 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15-бап. Облыстық соттың сот алқасының төрағасы