Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін
қолданысқа енгізу туралы
ҚР 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек Кодексімен 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды
1-бап. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 122-бабының 2-тармағын, 204-бабын, 239-бабының 1-тармағын, 276-бабы 5-тармағының 5) тармақшасын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілсін.
2-бап. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі қолданысқа енгізілген кезден бастап Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілерінің күші жойылды деп танылсын:
1) «Ұжымдық шарттар туралы» 1992 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 16, 442-құжат);
2) «Ұжымдық еңбек даулары мен ереуілдер туралы» 1996 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 13, 264-құжат);
3) «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 24, 1068-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 24, 149-құжат; 2005 ж., № 24, 121-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат);
4) «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Қазақстан Республикасының Заңын күшіне енгізу туралы» 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 24, 1069-құжат);
5) «Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестік туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 409-құжат);
6) «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» 2004 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 3-4, 17-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 15, 92-құжат);
7) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің «Ұжымдық шарттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңын күшіне енгізу туралы» 1992 жылғы 4 шілдедегі қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 16, 423-құжат).
3-бап. Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес келтірілуге тиіс.
Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес келтірілгенге дейін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2007 жылғы мамырдың 15-сі.
№ 252-III ҚРЗ