2) сақтандыру портфелін сақтандырудың берілетін сыныптары (түрлері) бойынша лицензиясы (лицензиялары) бар және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушысы (қатысушылары) болып табылатын басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына), Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқа филиалына (филиалдарына) беруге міндетті.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру не көрсетілген рұқсатты беруден бас тарту тәртібі, сондай-ақ сақтандыру портфелін беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Сақтандыру портфелі осы Заңның 37-1-бабында және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен берілгеннен кейін, сондай-ақ барлық міндеттемелер өтелгеннен кейін Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы уәкілетті органға Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру туралы өтінішхатпен жүгінуге міндетті.
3. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату туралы Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бұрын қабылдаған шешімінің күшін жою туралы шешім қабылдаған кезде Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының хаттамасы жасалған және оған қол қойылған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде уәкілетті органға осы Заңның 37-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және 3-тармағына сәйкес бизнес-жоспарды ұсынуға міндетті.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының бизнес-жоспарын уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде қарайды.
Бұл ретте осы баптың 2-тармағы 1) тармақшасының екінші бөлігініңде көрсетілген тыйым салу уәкілетті орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген бизнес-жоспарды мақұлдағанға дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуды жүргізуге рұқсат беру туралы өтінішхатқа тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленетін құжаттар қоса берілуге тиіс.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуды жүргізуге рұқсат алуға өтінішхатты уәкілетті орган барлық қажетті құжаттар келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде қарауға тиіс.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат алғаннан кейін Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы он жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны уәкілетті органға қайтаруға міндетті.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының резерв ретінде қабылданған активтері Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға уәкілетті органның рұқсатын алғаннан және лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны уәкілетті органға қайтарғаннан кейін Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қайтарылады.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға уәкілетті органның рұқсатын алғаннан кейін қызметті тоқтатуды Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде айқындалған тәртіппен олар (ол) уәкілеттік берген адамдар жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беруден бас тартуды уәкілетті орган мынадай негіздер бойынша жүргізеді:
1) осы Заңның 68-бабы 1-тармағының 2), 3) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер;
2) болжанып отырған Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату нәтижесінде сақтанушылардың және өзге де кредиторлардың заңды мүдделерінің бұзылуы;
3) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қаражатының жеткіліксіз болуы.
5. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату уәкілетті органның Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген негіздер бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясынан айыруына байланысты, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті органының Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясынан айыру және (немесе) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату (оның қызметін тоқтату) туралы шешіміне байланысты жүргізіледі.
Сот Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы шешімді уәкілетті органның оны лицензиясынан айыруына байланысты емес негіз бойынша қабылдаған жағдайда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны лицензиясынан айыру туралы мәселені қарайды.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметі мәжбүрлеп тоқтатылған кезде уәкілетті орган сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымды хабардар етеді және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы шешім шығарылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оған осындай шешімнің көшірмесін жібереді.
6. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясынан айырылған күннен бастап уәкілетті орган уақытша әкімшілікті тағайындайды, ол осы Заңның 55-2-бабында белгіленген функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асырады және осы баптың ерекшеліктерін ескере отырып, осы Заңның 54-1-бабында көзделген тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру портфелін береді.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын лицензиясынан айыру туралы шешім қабылданған күннен бастап Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын филиалымен жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген кепілдік берілетін сақтандыру түрлері (сыныптары) бойынша шарттарды қоспағанда, қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатады.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын филиалының сақтандыру портфелін беру Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының резерв ретінде қабылданған активтері және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін жүзеге асыру үшін ашылған банктік шоттардағы ақша есебінен ғана жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының резерв ретінде қабылданған активтері және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін жүзеге асыру үшін ашылған банктік шоттардағы ақша жеткіліксіз болған кезде кепілдік берілетін сақтандыру түрлері (сыныптары) бойынша сақтандыру портфелін беру сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Уақытша әкімшілік сақтандыру портфелін беру рәсімін аяқтағаннан кейін және сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бұзылғаннан кейін уақытша әкімшілік өз өкілеттігін тоқтатады және сақтандыру портфелін беруге және сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын бұзуға байланысты құжаттарды Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшыларына (қатысушыларына) және (немесе) органына және (немесе) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын филиалының басшы қызметкерлеріне береді. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшылары (қатысушылары), органдары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын филиалы кредиторларының талаптарын қанағаттандыруды қоса алғанда, филиалдың қызметін мәжбүрлеп тоқтату процесін аяқтауға міндетті.
Уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы арасында Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату рәсімінің барысы және нәтижелері туралы ақпарат алмасу осы Заңның 30-1-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген келісімде көзделген негізде және тәртіппен жүзеге асырылады.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 73-бап жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
73-бап. Уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату процесіндегі бақылау өкілеттігі
1. Мәжбүрлеп, оның ішінде банкроттық негіз бойынша таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының қызметіне бақылауды жүзеге асыру мақсатында уәкілетті орган:
1) тарату комиссиясынан атқарылған жұмыс туралы есептерді, ал қажет болған кезде қосымша ақпаратты да алуға;
2) тарату комиссиясының есептер мен қосымша ақпаратты беру нысанын, мерзімдерін және кезеңділігін белгілеуге;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тарату комиссиясының қызметіне тексеру жүргізуге;
4) тарату комиссиясының қызметінде сақтанушылардың (пайда алушылардың) және (немесе) өзге кредиторлардың мүдделеріне қатер төндіретін жағдайдың туындауына алып келуі мүмкін кемшіліктер және (немесе) тәуекелдер, Қазақстан Республикасының заңнамасын, кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтар анықталған кезде анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгіленген мерзімде жою және (немесе) белгіленген мерзімде іс-шаралар жоспарын ұсыну туралы тарату комиссиясы орындауға міндетті жазбаша нұсқамалар шығаруға құқылы.
Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралар тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.
Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына сотқа шағым жасау оны орындауды тоқтата тұрмайды;
5) тарату комиссиясы жазбаша нұсқаманы белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда тарату комиссиясының мүшелерін ауыстыруға, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шараларды қолдануға, сондай-ақ кредиторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа не прокуратура органдарына жүгінуге;
6) тарату шығыстарының сметасын қалыптастыру мен бекіту ерекшеліктерін және тәртібін белгілеуге;
7) тарату комиссиясының кассадағы қолма-қол ақшаны сақтау, қолма-қол ақшамен кіріс және шығыс операцияларын жасау, кассалық құжаттарды жүргізу қағидаларын орындауы, қолма-қол ақшаның жұмсалуын, касса қалдықтарының лимиттерін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды, сондай-ақ тарату комиссиясының ағымдағы шотына қолма-қол ақшаны тапсыру мерзімдерін айқындауға құқылы.
2. Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда тарату комиссиясының төрағасы, бөлімше басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
13-тарау. Есеп беру және өзге де мәселелер
11.06.04 ж. № 562-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 69-III; 2006.20.02. № 128-III (бұр. ред. қара); 2006.05.05 № 139-III (бұр. ред. қара); 2007.28.02. № 235-III (бұр. ред. қара); 2010.19.03. № 258-ІV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 74-бап өзгертілді
74-бап. Қаржылық және өзге де есеп беру
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокерi өздерi жүргiзген операциялардың есебiн қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-1-тармақ өзгертілді
1-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру брокері Ұлттық Банкке анық және толық қаржылық және өзге де есептілікті уақтылы ұсынуға міндетті.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы Ұлттық Банкке бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша анық әрі толық есептілікті және өзге де есептілікті уақтылы ұсынуға міндетті.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2-тармақ жаңа редакцияда; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Шоғырландырылған негiздегі қаржылық және өзге де есептіліктi қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокерiнiң қаржылық және өзге де есептiлігінің тiзбесі, нысандары, оны Ұлттық Банкке ұсыну мерзiмдерi мен тәртiбi уәкілетті органмен келісу бойынша Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленедi
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша есептілігінің және өзге де есептiлігінің тiзбесі, нысандары, оны Ұлттық Банкке ұсыну мерзiмдерi мен тәртiбi уәкілетті органмен келісу бойынша Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленедi.
2-1. 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру брокері уәкiлеттi органның сұратуы бойынша оған өзiнiң мүлкi туралы, оның iшiнде Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлердегi мүлкi туралы, қабылданған тәуекелдердiң мөлшерi, берiлген кепiлдiктер мен кепiлгерлiктер туралы, жасалған және жасалатын сақтандыру және қайта сақтандыру мәмiлелерi туралы мәлiметтердi, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу туралы мәлiметтердi, өзiнiң бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсатында сақтандыру құпиясы бар мәлiметтердi табыс етуге мiндеттi.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы анық емес (толық емес) есептілікті ұсынған жағдайда, олардың бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша есептілігін және өзге де есептiлігін түзетуді талап етуге құқылы.
4. 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2005.23.12 № 107-III ҚР Заңымен 74-1-баппен толықтырылды; 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 74-1-бап өзгертілді; 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 74-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
74-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының және сақтандыру холдингтерінің есептілігі
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мен сақтандыру холдингтерінің қаржылық және өзге де есептілігінің тізбесі, нысандары, оны Ұлттық Банкке ұсыну мерзімдері мен тәртібі уәкілетті органмен келісу бойынша Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2015.18.11. № 412-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғасы болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы осы баптың 1-тармағында көзделген есептіліктен басқа салық органына кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсынған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде салық органына декларацияны ұсынғаны туралы растаумен бірге уәкілетті органға оның көшірмесін ұсынуға тиіс.
75-бап. Мiндеттi актуарий қорытындысы
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Сақтандыру резервтерi бойынша мiндеттi актуарий қорытындысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жылдық қаржылық есептілігiнiң, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша жылдық есептілігінің ажырамас бөлiгi болып табылады және уәкiлеттi органға ұсынылуға жатады.
2. Мiндеттi актуарий қорытындысының мазмұнына және табыс етiлу тәртібіне қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 75-1-баппен толықтырлды; 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 75-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
75-1-бап. Шығындылықты сипаттайтын коэффициенттер
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сақтандырудың барлық не жекелеген сыныптарын (түрлерін) жүргізу кезінде өз қызметіне талдау жасау мақсатында шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерді (шығындылық коэффициентін, жұмсалған қаражат коэффициентін, аралас коэффициентті) есептейді.
2. Шығындылықты сипаттайтын коэффициенттер (шығындылық коэффициенті, жұмсалған қаражат коэффициенті, аралас коэффициент) - сақтандырудың барлық не жекелеген сыныптарын (түрлерін) жүзеге асыру кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметінің шығындылығын көрсететін салыстырмалы көрсеткіштер.
Шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерді (шығындылық коэффициентін, жұмсалған қаражат коэффициентін, аралас коэффициентті) есептеу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); ҚР 11.06.04 ж. № 562-II (бұр. ред. қара); 2007.28.02. № 235-III (бұр. ред. қара); 2007.07.05. № 244-III (бұр.ред.қара) Заңдарымен 76-бап өзгертілді; 2009.11.07. № 185-IV ҚР Заңымен 76-бап жаңа редакцияда (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 76-бап жаңа редакцияда
76-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері және сақтандыру холдингі қызметінің негізгі көрсеткіштерін жариялау
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру брокері жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда - жылдық шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті және аудиторлық есепті оларда ұсынылған мәліметтердің анықтығы тәуелсіз аудиторлық расталғаннан кейін және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жылдық жиналысы жылдық қаржылық есептілікті бекіткеннен кейін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгілеген тәртіппен және мерзімдерде жариялайды.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін бухгалтерлік балансты, пайдалар мен шығындар туралы есепті аудиторлық растаусыз уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгілеген тәртіппен және мерзімдерде тоқсан сайын жариялайды.
Сақтандыру холдингтері жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда - шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті, сондай-ақ аудиторлық есепті уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгілеген тәртіппен және мерзімдерде жариялайды.
Осы тармақтың талаптары сақтандыру холдингтері болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне қолданылмайды.
2. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы:
бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша жылдық есептілікті;
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігін, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда - Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілігін және онда ұсынылған мәліметтердің анықтығы аудиторлық расталғаннан және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері бекіткеннен кейін аудиторлық есепті уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жариялайды.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін активтер мен міндеттемелер туралы есепті, кірістер мен шығыстар туралы есепті аудиторлық растаусыз, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тоқсан сайын жариялайды.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 77-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 77-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
77-бап. Құжаттарды сақтау тәртібі мен мерзiмi
1. Кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру нарығының кәсiби қатысушылары, сақтандыру агенттерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сақтандыру (қайта сақтандыру), сақтандыру делдалдығы жөніндегі деректердi қалыптастыруға және өз қызметiне байланысты құжаттардың есебiн жүргiзу мен сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының тізілімін жүргізуге міндетті. Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты ол жасалған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының тізіліміне енгізілуге тиіс.
Сақтандыру шарттарының тізілімінде және дерекқорда қамтылатын сақтанушы (сақтандырылушы) туралы ақпарат (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе заңды тұлғаның атауы, сақтандыру шартының нөмірі, оның жасалған, сақтандыру шартының күшіне енген және қолданылуы аяқталған күндері, жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі) бір-біріне сәйкес келуге тиіс.