Қазақстан Республикасының Шаруашылық жүргiзушi және өзге субъектiлерiнiң
мемлекеттік регистрiн құру туралы Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетінің 1994 ж. 3 қазандағы № 1100 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы № 124 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 29 желтоқсандағы № 1098 қаулысымен бекітілген Халық шаруашылығында статистиканы, бастапқы есеп пен бухгалтерлiк есептi қайта құру жөніндегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитетi жанына Қазақстан Республикасы Шаруашылық жүргiзушi және өзге субъектiлерiнiң мемлекеттік регистрi құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Шаруашылық жүргiзушi және өзге субъектiлерiнiң мемлекеттік регистрi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекітілсiн.
3. Қазақстан Республикасы Шаруашылық жүргiзушi және өзге субъектiлерiнiң мемлекеттік регистрi бiрлестiктердiң, ұйымдардың, мекемелердiң, компаниялардың, кәсiпорындардың, оның iшiнде шетелдiк инвестициялары бар кәсiпорындардың, банк мекемелерiнiң, қоғамдық ұйымдар мен ведомстволық бағыныстылығына, меншiк және шаруашылық жүргiзу түрлерiне қарамастан басқа шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң бiртұтас мемлекеттік есебi негiзiнде құрылады және Қазақстан Республикасының Экономика министрлігімен, Қаржы министрлігімен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетiмен келiсе отырып, Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитетi бекiтетiн ақпараттық-анықтамалық және экономикалық көрсеткiштерi бар статистикалық карточка негiзiнде жүргiзiледi деп белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитетi Қазақстан Республикасының Шаруашылық жүргiзушi және өзге субъектiлерiнiң мемлекеттік регистрiн пайдалануға енгiзудi екi кезеңмен қамтамасыз ететiн болсын, ол үшiн:
- 1994 жылы:
ведомстволық бағыныстылығына, меншiк және шаруашылық жүргiзу нысандарына қарамастан белгiленген тәртiппен тiркеуден өткен Қазақстан Республикасының барлық Шаруашылық жүргiзушi және өзге субъектiлерiн қайта есептеу жүргiзiлсiн;
- Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргiзушi және өзге субъектiлерi туралы ақпараттық-анықтамалық сипаттағы деректердi тұжырымдап, пайдалануға енгiзсiн;
- Қазақстан Республикасының Шаруашылық жүргiзушi және өзге субъектiлерiнiң мемлекеттік регистрiнiң Қазақстан Республикасының басқа министрлiктерi мен ведомстволарының шаруашылық жүргiзушi және өзге субъектiлерiнiң тiзiмдерiмен және тiркеулерiмен бiрге олармен келісілген тәртiппен өзара ақпараттық қатынасын қамтамасыз етсiн;
- 1995 жылы Бiрiккен Ұлттар Ұйымының өнiмдер мен көрсетiлген қызметтi халықаралық сыныптаушы Статистикалық бюросынан алған бойда Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргiзушi және өзге субъектiлерi туралы экономикалық сипаттағы деректердi жинақтап, пайдалануға енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1994 жылғы 3 қазандағы
№ 1100 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Шаруашылық жүргiзушi
және өзге субъектiлерiнiң мемлекеттік регистрi
туралы
Ереже
1. Қазақстан Республикасы Шаруашылық жүргiзушi және өзге субъектiлерiнiң мемлекеттік регистрi (ШЖСМР) дегенiмiз автоматтандырылған ақпараттық жүйе болып табылады, оның деректерiнiң базасында Қазақстан Республикасы шаруашылық жүргiзушi және өзге субъектiлер туралы ақпараттық-анықтамалық мағлұматтар болады.
Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитетi шаруашылық жүргiзушi және өзге субъектiлердiң ұстаушысы болып табылады.
2. Шаруашылық жүргiзушi және өзге субъектiлердiң мемлекеттік регистрi мынадай мақсатта құрылады:
Қазақстан Республикасының барлық шаруашылық жүргiзушi және өзге субъектiлерiн бiртұтас мемлекеттік есепке алуды қамтамасыз етедi;
ақпараттық-анықтамалық және экономикалық көрсеткiштер негiзiнде субъектiлердiң қызметiне жаппай статистикалық бақылау жүргiзедi;
ШЖСМР негiзiнде бiр жолғы есеп, санақ жүргiзудi, iшiнара тексерудi ұйымдастырады;
мемлекеттік, аумақтық органдардың және шаруашылық басқармаларының ақпараттық жүйеде өзара iс-әрекетi кезiнде шаруашылық жүргiзушi және өзге субъектiлердiң теңесуiн және осы өзара iс-әрекет негiзiнде республиканың әлеуметтiк-экономикалық жағдайын талдау үшiн барынша толық ақпарат алуды қамтамасыз етедi;
автоматтандырылған жиынның, өңдеудiң, сақтаудың кешендерiнде пайдаланылатын нормативтiк-анықтамалық ақпаратты жинайды, статистикалық ақпараттардың маңызын арттырады және ұсынады.
3. Қазақстан Республикасының Шаруашылық жүргiзушi және өзге субъектiлерiнiң мемлекеттік регистр субъектiлерi кәсiпорындарды, ұйымдарды, мекемелердi және шетелдiк инвестициялары бар кәсiпорындарды, банк мекемелерiн, қоғамдық ұйымдарды және олардың ведомстволарына бағынбайтын өзге де тәуелсiз шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi, меншiк және белгiленген тәртiпте мемлекеттік тiркеуден өткен құқығы бар және құқығы жоқ заңды тұлғалардың шаруашылық жүргiзушi нысандарын қамтитын бiрлестiктер болып табылады.
4. Қазақстан Республикасы Шаруашылық жүргiзушi және өзге субъектiлерiнiң мемлекеттік регистрiнiң негiзгi құрылысы банкiлердiң мемлекеттік статистика органдары шеңберiнде таралған деректерi болып табылады, оның деректерiнiң негiзiне қосылған субъектiлер туралы ақпараттық-анықтамалық және экономикалық сипаттағы ауық-ауық жаңартылған мағлұматтар болады.
ШЖСМР-дi жүргiзетiн автоматтандырылған ақпараттық жүйе:
оған енгiзiлген ақпараттың қалыптасуын, сақталуын, жаңартылуын, iрiктелуi мен ұсынылуын жүзеге асырады, сондай-ақ бағдарламалық-технологиялық, компьютерлiк және телекоммуникациялық құралдар кешенiмен қамтамасыз етiледi;
Қазақстан Республикасының және өзге елдердiң министрлiктерi мен ведомстволарының тiркеулерiмен және тiзiмдерiмен өзара iс-әрекет жасайды.
5. Қазақстан Республикасы Шаруашылық жүргiзушi және өзге субъектiлерiнiң мемлекеттік регистрiнiң ақпараттық қорын мынадай тәртiпте қалыптастырып, жүргiзу белгiленедi:
- ШЖСМР субъектiлерiнiң есебiн алу үшiн құрылтайшы құжаттар жиынтығы, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес тiркелуiн жүзеге асыратын органдардағы мемлекеттік регистр туралы деректерi бастапқы ақпарат болып табылады;
- ШЖСМР-дiң ақпараттық қорында мыналар болады:
субъектiнiң барлық қызмет атқару мерзiмiне теңестiрiлген коды;
субъектiнiң салалық және ақпараттық тиесiлiлiгi туралы мағлұматтар, оған бағыныстылық, меншiк нысаны, ұйымдастыру-құқықтық нысаны, үлгiсi;
субъектiнiң мекен-жайы, телефондардың, факстардың, телекстердiң, телетайптардың нөмiрлерi;
субъектiнiң құрылтайшылары туралы мағлұмат;
субъектiнiң негiзгi экономикалық көрсеткiштерi;
- ШЖСМР субъектiлерiн теңестiру мақсатында оларға кәсiпорындар мен ұйымдардың жалпы республикалық жүйеленуiнде теңестiрiлген коды, сондай-ақ олардың сапалық және аумақтық тиесiлiлiгiн, типiн, меншiктiк нысанын, ұйымдастыру-құқықтық нысанын белгiлейтiн кодтар берiледi.
Субъектi бұл үшiн мемлекеттік регистр кезiнде тiркейтiн ұйымның жөнелтпе хаты бойынша статистикалық органға өзi тұратын органнан субъектiнiң статистикалық карточкасын ресiмдеу үшiн қажеттi құрылтайшы құжаттар (жарғы немесе ереже, құрылтайшы шарт немесе хаттама), ақпараттық-анықтамалық және экономикалық көрсеткiштер ұсынады;
- аталған кодтар берiлген соң субъектiге статистикалық орган бастықтарының қолы қойылып, оның мөрiмен бекітілген субъектiге арналған статистикалық карточка берiледi. Сонымен бiр мезгiлде субъектiнiң теңестiрiлген коды мемлекеттік регистр туралы куәлiкке жазылады.
Субъектiнiң мемлекеттік статистика органдары берген статистикалық карточкасы регистр туралы куәлiкпен тең дәрежеде банкiлерде есеп-шот ашқан кезде заңды тұлғалардың барлығы ұсынатын негiзгi құжат болып табылады;
- субъектiлер ШЖСМР-дiң енгiзiлуге жататын өзгерістер туралы мағлұматтарды қайтадан мемлекеттік регистр кезiнде тiркейтiн органдардың жөнелтпе хаты бойынша статистика органдарына ұсынуға мiндеттi.
ШЖСМР субъектiсiн таратқан кезде тарату комиссиясы немесе өзге өкiлеттi орган он күн iшiнде бұл туралы таратылатын субъектiнiң тұрған жеріндегі мемлекеттік статистика органын хабардар етедi;
- ШЖСМР-ге енгiзiлуге жататын мәлiметтердi тапсырмау, дер кезiнде тапсырмау немесе бұрмалау Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауапкершiлiкке апарып соғады.
6. ШЖСМР-дi пайдаланушылар заңды да, жеке де тұлға бола алады. ШЖСМР-дiң ақпараттық негiзiн көруге рұқсат ету және оны қолданушыларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету "Қазақ ССР-iнiң Статистика және талдау жөніндегі, облыстық және Алматы қалалық басқармасының мәселелерi" туралы Қазақ ССР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 28 ақпандағы № 141 қаулысында белгiленген тәртiпте қамтамасыз етiледi.
7. ШЖСМР-дi құру мен жүргiзудi мемлекеттік статистиканың аумақтық органдарының қатысуымен бiртұтас нұсқаулар және бағдарламалық-технологиялық құралдар негiзiнде Қазақстан Республикасының Мемстаткомы қамтамасыз етедi.
ШЖСМР-дi құру және жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының Мемстаткомы:
ақпараттық қорды толықтырудың бiртұтас әдiстемелiгi мен бағдарламалық-технологиялық қамтамасыз етiлуiн бекiтедi, ШЖСМР субъектiлерiнiң есебiн ұйымдастырады;
техникалық-экономикалық және әлеуметтiк ақпаратты ШЖСМР-дiң ақпараттық негiзi ретiнде жалпы республикалық жүйелеу мемлекеттік эталондарын автоматтандырып жүргiзудi қамтамасыз етедi;
ШЖСМР-дiң экономикалық көрсеткiштер жөніндегі ақпараттарды автоматтандырылған өңдеу кешендерiнiң деректiк негiздерiмен, басқа министрлiктердiң тiзiмдерiмен, тiркеулерiмен және олармен келісілген тәртiппен ведомстволармен өзара iс-әрекеттерiн қамтамасыз етедi;
ақпараттық негiздердiң және ШЖСМР субъектiлерiнiң коммерциялық құпияларын сақтауға жауап бередi.
8. ШЖСМР-дi құру мен жүргiзу жөніндегі жұмысты қаржыландыру мемлекеттік бюджеттен бөлiнген қаражат есебiнен жүзеге асырылады.
9. ШЖСМР-дi тарату Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.