"Қазақстан аймақтары бойынша 2001-2005 жылдары ауыл шаруашылығы
өнімдерін өндіруді, қайта өңдеуді және сақтауды ғылыми қамтамасыз
ету" салалық ғылыми-техникалық бағдарламасын бекіту
туралы " Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы
11 қыркүйек № 1378
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 наурыздағы № 288 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Ауыл шаруашылығын дамытуды ғылыми қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан аймақтары бойынша 2001-2005 жылдары ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді, қайта өңдеуді және сақтауды ғылыми қамтамасыз ету" салалық ғылыми-техникалық бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) мен оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық бюджетте іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді қаржыландыру үшін көзделген қаражат есебінен Бағдарламаны мақсатты қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 26 мамырдағы "республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар туралы" № 434 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
2-тармақтағы "екі ай мерзімде" деген сөздер алып тасталсын;
аталған қаулымен бекітілген Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар тізбесі мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
"10-1. "Қазақстан аймақтары бойынша 2001-2005 жылдары ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді, қайта өңдеуді және сақтауды ғылыми қамтамасыз ету".
4. Осы қаулы 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулысымен
бекітілген
2000 ж. 11 қыркүйектегі № 1378
"Қазақстан аймақтары бойынша 2001-2005 жылдары
ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді, қайта өңдеуді және
сақтауды ғылыми қамтамасыз ету" салалық
ғылыми-техникалық бағдарламасы
"Қазақстан аймақтары бойынша 2001-2005 жылдары ауыл шаруашылығы
өнімдерін өндіруді, қайта өңдеуді және сақтауды ғылыми қамтамасыз
ету" салалық ғылыми-техникалық бағдарламасының
Паспорты
Бағдарлама Қазақстан аймақтары бойынша 2001-2005
атауы жылдары ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрудi,
қайта өңдеудi және сақтауды ғылыми қамтамасыз
ету
Бағдарламаны ҚР Yкіметінiң 1996 жылғы 9 желтоқсандағы
әзірлеу үшін негіз № 1502 қаулысымен бекітілген "Агроөнеркәсiп
кешенiн ғылыми қамтамасыз ету" республикалық
мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламасын iске
асыру мерзiмiнiң 2000 жылы аяқталуына орай және
ҚР Үкіметінiң 2000-2002 жылдарға арналған
Іс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөніндегі
iс-шаралар жоспарының негiзiнде 3-басымдық
3.9.1.3-тармақтары
Бағдарламаны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
негізгі әзірлеуші министрлігінiң Ұлттық академиялық аграрлық
зерттеулер орталығы
Іске асырылу 2001-2005 жылдар
мерзімі
Бағдарлама Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және
мақсаты сақтау жөнiнде ғылыми негiзделген ұсынымдар
мен ұсыныстар әзiрлеп, өндiрiске енгізу негiзiнде
республика халқын тамақ өнiмдерiмен және елдiң
азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету,
сондай-ақ ауылда әлеуметтiк-экономикалық
реформаларды ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету
Бағдарлама - Қазақстан Республикасының азық-түлiк
міндеттері тәуелсiздiгiн және ауыл халқының тұрмыс
жағдайын жақсартуды қамтамасыз ететiн
агроөнеркәсiп өндiрiсiн дамытудың
экономикалық тетiгiн әзiрлеу
- Сапасы мен құны жөнiнен бәсекеге қабiлеттi
өнiмнiң барынша мол мөлшерiн, сондай-ақ
топырақ құнарлылығын сақтау мен қоршаған
ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн сорттық
технологиялардың, машиналармен
жабдықтардың қолда барын жетiлдiру және
аймақтардың табиғи-климаттық жағдайларына
бейiмделген жаңаларын жасау негiзiнде өсiмдiк
шаруашылығын аймақтар бойынша диверси-
фикациялау жөнiнде ғылыми негiзделген
ұсыныстар әзiрлеу
- Мал тұқымын аудандастыру жоспарын
нақтылау, оларды құнарлы жемшөппен
қамтамасыз ету, малды күтiп-бағуға арналған
технологияларды, машиналар мен жабдықтарды
жетiлдiру және жаңаларын жасау,
ветеринариялық қамтамасыз ету негiзiнде мал
шаруашылығы өнiмдерiн өндiрудi ұлғайту
жөнiнде аймақтар үшiн ғылыми негiзделген
ұсыныстар әзiрлеу
- Өсiмдiк шаруашылығы және мал шаруашылығы
өнiмдерiн пайдалана отырып, көпшiлiк
пайдаланатын және емдеу-алдын алу
мақсатындағы тамақ өнiмдерiн өндiруге
арналған жаңа технологиялар мен жабдықтар
әзiрлеу
Негізгі іс- Қазақстан Республикасының Үкіметі, Білім және
шараларды ғылым, Ауыл шаруашылығы, Табиғи ресурстар
орындаушылар және қоршаған ортаны қорғау министрлiктерi,
Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер
орталығы, мамандандарылған және аймақтық
ғылыми зерттеу ұйымдары, аграрлық бейіндегі
жоғары оқу орындары және жергiлiктi атқарушы
органдар
Қаржыландыру Бағдарламаны қаржыландыру республикалық
көлемі мен көзі бюджетте тиiстi жылға iргелi және қолданбалы
ғылыми зерттеулердi қаржыландыруға арнап
көзделген қаражат шеңберiнде, сондай-ақ
Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына
енгiзiлген заемдар қаражаты есебiнен жүзеге
асырылады. 2001-2005 жылдарға арналған
Бағдарламаны iске асыру үшiн бюджет қаражатына
деген ең төменгi есептiк қажеттiлiк 2650,29 млн.
теңгенi құрайды. Қаражаттың жыл сайынғы көлемi
тиiстi жылға арналған республикалық бюджет
туралы Қазақстан Республикасының Заңымен
нақтыланатын болады. Халықаралық ұйымдардың
қаржылық, техникалық және гранттық көмегiн
тарту көзделедi
Күтілетін ақырғы Бағдарлама iс-шараларын орындау:
нәтижелер - көлденең және тiгiнен кооперациялануды, ауыл
шаруашылығы тауарларының рыногын
қалыптастыру, жер қатынастарын, ауыл
шаруашылығының әлеуметтiк-экономикалық
құрылымын жетiлдiру мәселелерiн шешудi;
- аграрлық экономиканың баға, салық, кредит,
сақтандыру және тағы басқа да реттеушiлерiмен
ауылды әлеуметтiк тұрғыда қайта құрудың
жұмыс iстеу тетiктерiн әзiрлеудi;
- Қазақстан аймақтары үшiн тұрақты өнiм алуды,
егiстiктердiң фитосанитариялық қолайлы
жай-күйi мен өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң
жоғары сапасын қамтамасыз ететiн жер
ресурстарын ұтымды пайдалану, топырақты
жел, су және ирригациялық эрозиядан қорғау,
топырақ құнарлылығын сақтау және арттыру
жөніндегі ғылыми негiзделген ұсыныстар
әзiрлеудi;
- Қазақстан аймақтары үшiн табиғи жайылымдар
мен суармалы жепшөп өндiру жүйесiнiң
жемшөптiк өсiмдiктер егiлген алқаптарын
ұтымды пайдаланудың ғылыми негiздерiн
әзiрлеудi;
- қуаң жайылымдардың шөлейттену дәрежесiне
экологиялық баға беру мен картаға түсiрудi;
- жемшөп өсiруге, жинау мен дайындауға
арналған машиналар кешенiн әзiрлеудi;
- астықты және басқа өсiмдiк шаруашылығы
өнiмдерiн өндiруге шығатын шығынды 1,3-1,5
есе кемiтуге мүмкiндiк беретiн, ауыл
шаруашылығы дақылдарын (дәндi, техникалық,
майлы, жемiс-жидек дақылдары, бiржылдық және
көпжылдық шөптер және т.б.) өсiруге арналған
аймақтық технологиялар, машиналар мен
жабдықтар әзiрлеудi;
- Қазақстанның түрлi табиғи аймақтарында
орман шаруашылығын жүргiзудiң және
ландшафты негiзде ағаш өсiрудiң ғылыми
негiзделген жүйесiн әзiрлеудi;
- су ресурстары мен гидроқұрылыстарды ұтымды
пайдаланудың техника-технологиялық құралдарын
әзiрлеудi;
- ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер
үшiн сарқынды суларды пайдалану сапасын
жақсарту тәсiлдерiн әзiрлеудi;
- майлы, жарма және тағы басқа да дақылдарды
егiп, жинауға арналған қазiр қолданылып
жүрген техникаға баға берiп, жаңасын жасауды;
- топырақ өңдейтiн, егiс егетiн және жинайтын
көпфункциялы машиналар, көкөнiс дақылдарын
өсiруге арналған құрама агрегаттар, фермерлiк
шаруашылықтарға арналған шағын механизация
құралдарын әзiрлеудi, жасап шығарып,
сынақтан өткізудi;
- мал шаруашылығы өнiмдерi өндiрiсiн ұтымды
күтiп-ұстау, өндiру және қайта өңдеу
ветеринариялық қамтамасыз ету негiзiнде
ұлғайту жөнiнде республика аймақтары үшiн
ғылыми негiзделген ұсыныстар әзiрлеудi;
- қой, ешкi, түйе, жылқы, құс шаруашылықтары
өнiмдерiн өндiретiн интенсивтi ресурс сақтаушы
технологияларды әзiрлеудi;
- Қазақстанның кәсiпшiлiк су айдындарының
биоресурстарын болжау әдiстерiн әзiрлеудi;
- марал және ара шаруашылықтарының
экологиялық таза өнiмдерiн өндiру, оларды
қайта өңдеу мен сақтау жөнiнде ұсыныстар
берудi;
- мал ауруларын есепке алудың автоматтандырылған
ақпараттық жүйесiн, мал ауруларын анықтаудың
экспресс-әдiстерiн жасауды;
- мал дәрiгерлiк жаңа дәрi-дәрмек өндiру
технологиялары мен инфекциялық ауруларға
қарсы күрес бағдарламасын әзiрлеудi;
- ауыл шаруашылығы шикiзатын кешендi қайта
өңдеуге арналған технологиялар мен машиналар
жүйесiн әзiрлеудi;
- азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiнiң
сапасы мен қауiпсiздiгiн бақылаудың бүгiнгi
аналитикалық және нормативтiк-әдiстемелiк
базасын жасауды қамтамасыз етуге мүмкiндiк
бередi.
1. Кіріспе
Агроөнекәсiп кешенiнiң ең басты ерекшелiгi оның негiзiнде биоәлеуетi Қазақстанда географиялық белгi бойынша өте сараланған, молығып отыратын табиғи ресурстарды iс жүзiнде игеру мен пайдаланудың жатқандығында болып табылады. Топырақ, су, өсiмдiктердiң, жануарлар мен микроорганизмдердiң гендiк ресурстарының саны халықтың өскелең қажетiн өтеудi қамтамасыз ету үшiн ауыл шаруашылығы мен тамақ өнiмдерi өндiрiсi тiрек ететін негiздi құрайды. Осы ресурстарды сақтау және тиiмдi пайдалану елiмiздiң азық-түлiк қауiпсiздiгi мен ел экономикасының аграрлық секторының тұрлаулы дамуын қамтамасыз етуде шешушi маңызға ие.
Нақ осы себептен де аграрлық зерттеулердiң басым бағыттарын таңдау және агроөнеркәсiп кешенiн /АӨК/ келесi бес жылға ғылыми қамтамасыз ету бағдарламасының жобасын түзу кезiнде экономиканың аграрлық секторының бүгiнгi жай-күйi мен ерекшелiктерi ескерiлдi.
Соңғы жылдары АӨК-тiң күллi салаларын қамтыған дағдарыстық ахуалдың салдарынан ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң құлдырауы қатерлi сипат алып, ресурстық әлеуетiмiзде күйреу процестерi тереңдедi, агроқұралымдардың қаржылық жай-күйi және ауыл мен тұтастай алғанда елдегi халықтың әлеуметтiк жағдайы нашарлады.
Агроөнеркәсiп кешеніндегі қолда бар ғылыми, технологиялық және техникалық әзiрлемелер болашаққа, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн интенсивтi жүргiзуге бағдарланған. Ол орасан зор материалдық-техникалық және қаржы шығындарына тiреледi. Қазiргi таңда мұндай мүмкiндiктер болмаған ретте, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзудiң ғылыми-техникалық, техникалық және ұйымдық-экономикалық саясатына елеулi өзгерістер енгізу қажет.
2. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
1996-2000 жылдарға арналған "АӨК-тi ғылыми қамтамасыз ету" республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламасын iске асыру шеңберiнде мемлекеттік сорт сынағына ауыл шаруашылығы дақылдарының 128 сорты мен будандары жiберiлiп, жергiлiктi селекцияның 52 сорты аудандастырылды.
Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығының /ҰААЗО/ ғылыми мекемелерiнiң тәжiрибе шаруашылықтары жыл сайын дәндi дақылдардың 25,0 мың тонна таңдаулы тұқымдарын өндiрiп, сатады. Мұның өзi елiмiздiң қажеттiгiнiң 80%-iн құрайды. Соңғы 2 жылда олар 652 бас асыл тұқымды iрi қара, сондай 1543 бас қой мен 115 бас жылқы, сондай-ақ 3,9 млн. дана таңдаулы тауық жұмыртқасын сатты.
Қойдың үш жаңа тұқымын өсiрiп шығару жөніндегі жұмыстар аяқталды: қазақтың еттi-майлы қойының етiнiң сапасы алуан реңктi және түстi қаракөл қойының аса бағалы елтiрiлiк қасиетiмен ұштасатын елтiрiлi-еттi-майлы атырау құйрықты қойының тұқымы; тiрiлей салмағы бойынша қазақтың еттi-жүндi қойының стандартынан 10-15%, жүн қырқымы бойынша 15-20% асып түсетiн, жүнi айқын жылтыр әрi шайыры ақ, ақжайық кроссбредтi қойының тұқымы; тиiмдiлiгi жөнiнен қазақтың бастапқы құйрықты қойынан 35-40% асып түсетiн, ашық сұр және ақшыл жүндi сарыарқа қылшық жүнді құйрықты қойының тұқымы.
Тiрiлей салмағы бойынша айғырлары 480-550 кг, биелерi 435-490 кг тартатын, тәулiгiне 11-18 кг сүт сауылатын еттi-сүттi Мұғалжар жылқы тұқымы шығарылды, мұның өзi өнiмдiлiк қасиетi жөнiнен бұрынғы мал тұқымынан 35-42% жоғары.
Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң, жануарлар мен микроорганизмдердiң тектiк қорын сақтау және ұтымды пайдалану, олардың деректер банкiн құру жөніндегі жұмыстар басталды. Институттар жанынан қой шаруашылығы, қаракөл шаруашылығы, түйе және құс шаруашылықтары бойынша селекциялық орталықтар құрылды.
Өсiмдiк және мал шаруашылықтарындағы технологиялық процестердi механикаландыру үшiн 30 машина, жабдықтар мен технологиялар жасалып, сынақтан өткiзiлiп, толығымен өндiрiске жiберуге ұсынылды.
Отандық шикiзаттың негiзiнде жаңа құрама жем және тамақ өнiмдерiн алудың тиiмдi технологиялары әзiрленiп, өндiрiске енгiзiлдi. Тамақ өнiмдерi мен шикiзаттың негiзгi түрлерiнiң халықаралық талаптарға сай Қазақстан Республикасының 42 стандарты әзiрленiп, бекітілдi.
Алайда ауыл шаруашылығында қалыптасқан экономикалық жағдай ғылымдағы жетiстiктердi жер ресурстарын толық ауқымда жүйелi пайдалануға мүмкiндiк бермейдi. Мұның өзi оларға антропогендiк салмақтың артуына әкеп соғады. Бұл экологиялық тұрлаусыздыққа, топырақ бетiнiң интенсивтi тозу процесiне және шөлейттенуге әрi соның салдарынан алынатын ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiнiң сапасы мен бәсекелестiк қабiлеттiлiгiнiң төмендеуiне алып келедi.
Қазiргi кезде республиканың 66%-ке жуық аумағы шөлейттенуге бейiм. Су және жел эрозиясына ықтимал бейiм топырақ бетi тиiсiнше 5,6 және 18,7 млн. гектар болады, ал ауыр металдармен және радиоактивтi заттармен ластанған жерлер шамамен 21,5 млн. гектарды құрайды.
Топырақтың қара шiрiк қабатының жойылу процесi де интенсивтi жүрiп жатыр. Соңғы 30-40 жылдың iшiнде топырақтың егiстiк қабатындағы қара шiрiк құрамы елеулi азайды.
Бұдан өзге, егiншiлiк мәдениетiнiң күрт төмендеуi салдарынан қауiптi зиянкестер мен аурулардың iрi ошақтары пайда болды, олар ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымына, алынатын өнiм сапасына елеулi зиян келтiруде.
Қалыптасқан экономикалық және экологиялық жағдай егiншiлiктiң бүгiнгi жүйесiн, оны жүргiзудiң баламалы нұсқаларын iздестiру жолымен жетiлдiруге жаңа көзқарасты талап етедi. Бұл ретте республиканың топырақ және биоклиматтық әлеуетiн дұрыс пайдаланыла отырып, еңбек ресурстары мен қаражат мейлiнше аз жұмсалып, бәсекеге қабiлеттi өнiмдi барынша мол өндiрудi қамтамасыз ететiн жүйелер мен технологиялардың басым маңызы болмақ.
Қазақстан алда да астық өндiрiсiнiң басымдығын және тиiсiнше осы саланың тұрақтылығы мен тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету жөніндегі зерттеулердi сақтайды. Алайда осымен қатар 2001-2005 жылдары iшкi және сыртқы рыноктар қажеттiгiне қарай, техникалық, майлы, жемшөп, жемiс-жидек, дәрiлiк дақылдар мен картоп өсiрiле отырып, астық өндiрiсiн диверсификациялау мәселелерiн де шешу мiндетi де алда тұр.
Ауыл шаруашылығы мен қайта өңдеу салаларының алдында тұрған мiндеттер және аграрлардың соңғы жылдары алған зерттеу нәтижелерi, сондай-ақ сабақтас ғылым салаларындағы iргелi зерттеулердiң ең жаңа жетiстiктерi ескерiле отырып, аграрлық зерттеулердiң таяу 5 жылдағы басым бағыттары айқындалды.
3. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Бағдарламаның мақсаты мен мұраты Қазақстан аймақтарының табиғи ресурстарын ұтымды пайдалану, сондай-ақ ауылдағы әлеуметтiк-экономикалық реформаларды ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету жөнiнде ғылыми негiзделген ұсынымдар мен ұсыныстар әзiрлеп, өндiрiске енгізу негiзiнде тамақ өнiмдерiмен және елдiң азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшiн мыналар әзiрленетiн болды:
елдiң азық-түлiк тәуелсiздiгi мен ауыл тұрғындарының тұрмыс деңгейiн көтерудi қамтамасыз ететiн агроөнеркәсiп өндiрiсiн дамытудың экономикалық тетiгi;
сапасы мен құны жөнiнен бәсекеге қабiлеттi барынша мол өнiм алуды, сондай-ақ топырақ құнарлылығы мен айналадағы ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру технологияларының, машиналар мен жабдықтардың қолда барын жетiлдiру және табиғи-климаттық жағдайларға бейiмделген жаңаларын жасау негiзiнде өсiмдiк шаруашылығын аймақтар бойынша диверсификациялау жөнiнде ғылыми негiзделген ұсыныстар;
малдың тұқымдық аудандастырылуын нақтылау оларды құнарлы азықпен қамтамасыз ету, малды күтiп-бағу мен жем беруге арналған технологияларды, машиналар мен жабдықтарды жетiлдiру, ветеринариялық қамтамасыз ету, мал шаруашылығы өнiмдерiн өңдеу және сақтау негiзiнде мал шаруашылығы өнiмдерiн өндiрудi ұлғайту жөніндегі ғылыми негiзделген ұсыныстар.
4. Бағдарламаны іске асырудың
негізгі бағыттары мен тетігі
4.1. Жұмыстардың негiзгi бағыттары
4.1.1. АӨК экономикасы мен ұйымдастыру саласында:
жер ресурстарын пайдаланудың аймақтық ерекшелiктерiн, өндiрiстiң интеграциялануы мен кооперациялануын ескере отырып, шаруашылық жүргiзудiң түрлi нысандарының оңтайлы үлгілерiн әзiрлеу;
аймақтық және аймақаралық агроазық-түлiк жүйелерiн құру, ауыл шаруашылығының экспорттық әлеуетi мен бәсекелестiк қабiлетiн арттыру;
аграрлық экономиканың баға, салық, кредит, сақтандыру реттеушiлерiнiң тетiгi мен АӨК-тi мемлекеттік қолдаудың тұрлаулы жүйесiнiң жұмыс iстеу тетiгiн әзiрлеу;
аймақтық ерекшелiктердi ескере отырып, 2010 жылға дейiн АӨК-тi дамыту және ауыл адамдарының тұрмыс деңгейiн көтеру тұжырымдамасын әзiрлеу;
4.1.2. Егiншілік және өсiмдiк шаруашылығы саласында:
жер ресурстарын ұтымды пайдалануды, топырақты жел, су және ирригациялық эрозиядан қорғауды және топырақтың құнарлылығын сақтап, арттыруды, егiн шығымдылығының тұрақтылығын, егiстiктердiң оңтайлы фитосанитариялық жай-күйiн және өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң жоғары сапасын қамтамасыз ететiн экологиялық-бейiмдеушi ландшафт жүйелерiн әзiрлеу жемшөп алқаптарын, далалық жүйелерiн ұтымды пайдалану жүйелерiн әзiрлеу;
аймақтардың биоклиматтық әлеуетiн, нарық пен айналадағы ортаны қорғаудың талаптарын ескере отырып, өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiн өндiруге, қайта өңдеуге және сақтауға арналған технологиялардың, машиналар мен жабдықтардың қолда барын жетілдiру және жаңаларын жасап шығару.
4.1.3. Орман шаруашылығы саласында:
Қазақстанның түрлi табиғи аймақтарында ландшафтық негiзде орман шаруашылығын жүргiзу мен қорғаныштық ағаш өсiру жөнiнде ғылыми негiзделген ұсыныстар әзiрлеу ормандарды аурулар мен зиянкестерден қорғау жөнiнде тиімдi химия-биологиялық алдын алу әдiстерiн iздестiру ағаш және бұталы орман өсiмдiктерiнiң жойылып бара жатқан, сондай-ақ сирек түрлерiн өскiндi әрi шағын өскiндi көбейтудiң тиiмдi биотехнологиялық әдiстерiн енгізу.
4.1.4. Су шаруашылығы саласында:
аймақтар бойынша суармалы жерлердiң мелиорациялық тәртібін оңтайландыру;
су ресурстары мен гидроқұрылыстарды ұтымды пайдаланудың техника-технологиялық құралдарын әзiрлеу;
сарқынды сулардың сапасын жақсарту және егiн шаруашылығының суармалы желiлерiне пайдалану тәсілдерiн әзiрлеу;
су, еңбек және энергия ресурстарын үнемдеу мақсатында суару жұмыстарын автоматтандыру.
4.1.5. Мал шаруашылығы мен мал дәрiгерлiгi саласында:
малды, құс пен балықты күтiп-бағу, жемдеу және ветеринариялық қамтамасыз ету технологияларының негiзiнде мал шаруашылығы өнiмдерiн өндiрудi ұлғайту жөнiнде аймақтық ғылыми негiзделген ұсынымдар әзiрлеу;
шаруа (фермер) қожалықтарында қаракөл шаруашылығын жүргiзудiң ерекшелiктерi ескерiле отырып, елтiрi, терi шикiзатын өндiру мен қайта өңдеудiң технологиялық қырларын жетiлдiру;
отандық шикiзат ресурстарын пайдалана отырып, құс өсiрудiң интенсивтi, ресурс сақтайтын технологияларын әзiрлеу;
елдiң балық қорларын ұтымды пайдалануға мүмкiндiк беретiн кәсiпшiлiк су айдындарының биоресурстарын болжау әдiстерiн әзiрлеу;
марал өсiру мен ара өсiрудiң экологиялық таза өнiмдерiн өндiру, қайта өңдеу, сақтау және пайдалану проблемаларын шешу;
мал ауруларын есепке алудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн, ауруды анықтаудың экспресс-әдiстерiн, жаңа ветеринариялық дәрi-дәрмектер өндiру технологияларын әзiрлеу.
4.1.6. Ауыл шаруашылығы өндiрiсiн механикаландыру саласында:
өсiмдiк шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнiмдерiн өндiруге кететiн шығынды қысқартуға және айналадағы ортаны қорғауды қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн аймақтық технологиялар мен машиналар жүйесiн әзiрлеу;
көпфункциялы топырақ өңдейтiн және егiс егетiн машиналар, тiркеме жаткалар, астық жинайтын комбайндар мен дербес дән тазартатын модульдер әзiрлеу, жасап шығару және сынақтан өткізу;
жемшөп өсiру, жинау және дайындауға арналған машиналар кешенiн,
көкөнiс дақылдарын өсiруге арналған құрама агрегаттар, сондай-ақ фермерлiк
шаруашылықтар үшiн шағын механизация құралдарын әзiрлеу;
өсiмдiк шаруашылығын диверсификациялауға байланысты көзделiп отырған, майлы, жарма және басқа да дақылдарды егiп-жинауға арналған, қолда бар техниканы агротехникалық бағалау, жаңа машиналар жасау және адаптерлер мен машиналар сатып алу жөнiнде ұсыныстар жасау немесе оларды республика зауыттарында шығаруды ұйымдастыру.