- экспорттың құрылымын сапалық өзгерту, тауар импортының көлемiн жоғары технологияларды енгізу есебiнен көлемiн қысқарту, iшкi рынокты қорғау және машина жасауға инвестицияны арттыру;
- дамушы машина жасау кәсiпорындарында жаңа жұмыс орнын құру жолымен әлеуметтiк жағдайды жақсарту;
- дүниежүзiлiк рынок коньюктурасынан, демпингтік бағалар мен қазiргi барларынан әлдеқайда жоғары бағалар бойынша машина жасау өнiмдерiнiң импортынан Қазақстан Республикасының экономикалық тәуелсiздiгiн нығайту;
- өндiрiстiң бұдан әрi өсуiнiң ғылыми қамтамасыз етiлуiн инвестициялау.
2003 жылға мынадай негiзгi көрсеткiштер болжанып отыр.
- өндiрiс көлемі 1995 жылғы деңгейге дейiнгi қалпына келедi және 40 млрд. теңгеден астамды құрайды;
- жұмыс iстеушiлер саны 2 есеге көбейедi және 1998 жылғы 101 мың адамға қарағанда 202 мың адамды құрайды;
- ай сайынғы орташа жалақы 1998 жылғы деңгейден (11201 теңге) 1,5 есеге көтерiледi және 16800 теңгенi құрайды;
- өндiрiстiң рентабелдiлiгi 20 % құрайды, мұның өзi 2003 жылдан бастап "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Заңда көзделген салықтарды кешiктiрмей төлеуге, машина жасау кәсiпорындарының бюджет бойынша бұрынғы қарыздарын кезең-кезеңiмен өтеуге кiрiсуге мүмкiндiк бередi.
Машина жасау кешенi республиканың және басқа елдер экономикасының iшкi саласы сияқты, сабақтас саларында да дамыған кооперациялық байланыстары неғұрлым еңбектi және ғылымды қажетсiнетiн саласы болып табылады. Машина жасау кәсiпорындарында жұмыс iстейтiн бiр адамға сабақтас салалардың кәсiпорындарында 5-6 жұмыс iстеушiден келедi. Сондықтан, Бағдарламаны iске асырудың мультипликативтiк әсерi машина жасау саласында күтiлген нәтижелерден 2-3 есе асады.
2000-2003 жылдары саланың ғылыми-техникалық және ақпараттық инфрақұрылымын белгiлi дәрежеде қалпына келтiру көзделуде, бұл ғылыми-техникалық және зерттеушiлiк құрылымдар - "Машина жасау" МҰТО-ғы мен Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң МО ҒЗО-ың, "Астана-Технопарк" ААҚ-ын, ғылыми-зерттеушiлiк, жобалау ұйымдары мен тәжiрибе-констукторлық бюроларды, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң инженерлiк институттарын, ЖОО-ң ғылыми бөлiмшелерiн, сондай-ақ шетелдiк және отандық оқу және консалтингтiк фирмаларын мынадай мақсаттарға:
- машина жасау, құрылыс, металл өңдеу, жөндеу және сервистiк қызмет көрсету кәсiпорындарының өнiмдерiне (техника, жабдықтар, қосалқы бөлшектер, халық тұтынатын тауарлар және т.б.); рыноктың қажеттерiн айқындау;
- мәлiметтердiң компьютерлiк дерек қорында болуы тиiс ақпаратты жинау, өңдеу және сату жөніндегі орталық құру;
- кейiн мемлекетаралық жүйеге шығып рынокта қолда бар ақпаратты сату үшiн республикалық компьютерлiк жүйе құру;
- Қазақстан Республикасының машина жасау кешенi үшiн жетекшi ғылыми-техникалық, инженерлiк және басқару кадрларын даярлау және қайта даярлауда өнiмдi пайдалануға мүмкiндiк бередi.
ҚР Үкіметінің 20.05.03 ж. № 462 қаулысымен 6-1-бөліммен толықтырылды
6-1. Қаржыландырудың қажеттi көлемi мен көздерi.
Бағдарламаны қаржыландыру технологиялық сипаттағы қолданбалы ғылыми зерттеулерге арналған республикалық бюджетте көзделетiн қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады. Бағдарламаны 2001-2003 жылдарға арналған республикалық бюджеттен қаржыландырудың қажеттi көлемi 8 344 мың теңгенi құрайды, оның iшiнде жылдар бойынша: 2001 жылға - 3 000 мың теңге, 2002 жылға - 5 344 мың теңге, 2003 жылға - 0. Жыл сайынғы көлем тиiстi бюджеттік бағдарлама бойынша республикалық бюджетте көзделетiн көлемге сәйкес нақтыланады.
ҚР Үкіметінің 16.03.01 ж. № 353 қаулысымен 7-бөлім өзгертілді; ҚР Үкіметінің 20.05.03 ж. № 462 қаулысымен 7-бөлім жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара)
7. Қазақстан Республикасының машина жасау кешенін дамытудың 2000-2003
жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с № | Іс-шара | Аяқталу нысаны | Орындауға жауаптылар | Орын- далу мерзі- мі | Болжа- нып отырған шығыс- тар | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. Қолайлы экономикалық орта құру |
1. 2. 3. | | 2000 жылғы қыркүйек 2000 жылдың ішінде 2000- 2003 жылдар | - - - | - - - |
2. Мемлекеттiң қорғаныс және жұмылдыру қажеттіліктерін, сондай-ақ ұлттық компаниялардың мұқтаждарын қамтамасыз ету және отандық өнімді кемсіту фактілерін болдырмау |
1. | Тендер өткізу жөнiн- дегi комиссияға сала- лық министрліктердiң тұрақты өкiлдерiн енгізу арқылы рес- публикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік сатып алу бойынша тендер- лердi жүргiзудi бақылау жүйесiн жетілдіру | | МСА | 2000 жылғы қыркүйек | - | - |
3. Машина жасау өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін өндірістерді сертификаттау мен сапаны бақылауды дамыту |
1. 2. | | ЭИСМ ИСМ | | - - |
4. Кәсiпкерлерге машина жасау өндірістерінің жұмыс істеп тұрғандарын қалпына келтіруге және жаңасын ұйымдастыруға техникалық көмек көрсету |
1. 2. 3. 4. | Iшкi және сыртқы рынок- тардың конъюнктурасын зерттеудiң маркетингтiк орталықтарын құру және кәсiпорындарға олардың тауарларын осы рыноктар- ға жылжытуда қызметтер көрceту тетiгiн әзiрлеу Франчайзингтiк қызметтер көрсету рыногын, оның аспектiлерi мен сыйым- дылығын, сондай-ақ олар- ды қолдану тетiктерiн зерделеу Жоғарғы технологиялық өнiм өндiрiсiнде фран- чайзингтi дамыту жөнiнде кәсiпорындарға ұсынымдар, франчайзингтiк оқу-кон- сультация орталығын құру жөнінде ұсыныстар дайын- дау, Қазақстан рыногында жұмыс iстеуге мүдделілiк танытатын жетекшi фран- чайзингтiк компанияларды тарта отырып, франчайзинг бойынша өңiрлiк семинарлар өткізу "Астана-технопарк" көрме орталығының (Астана қаласы базасында тұрақты жұмыс iстейтiн ауыл шаруашылығы техникасының көрмесiн құру | | - - - - | - - - - |
5. Қайтадан құрылатын және дамушы өндірістерді техникалық және технологиялық жарақтандыру |
1. | Лизинг берушi лизингке беру үшiн сатып алуы мүмкiн машина жасау жабдықтарының, оның iшiнде республика кә- сiпорындарында пайда- ланылмайтынын және бар тізбесiн анықтау | Жабдық- тардың тізбесі | ЭИСМ, "Машина жасауды болжамдау жөніндегі ғылыми- зерттеу орталығы" РМҚК | 2001 жылғы қаңтар | - | - |
6. Бағдарламаны ғылыми-техникалық қамтамасыз ету |
1. | "Машина жасаудың және тиiмдiлiгi жоғары машиналар мен жабдық- тарды құрудың 2001-2005 жылдарға арналған ғылыми- техникалық проблемалары" республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдар- ламаны әзiрлеу | | ЭИСМ, АШМ, ККМ | | - |
7. Инвестициялар және қосымша қаржы қаражатын тарту үшін жағдайлар жасау |
1. | Инвестицияларды сақтан- дыру экономиканың нақты секторының жобаларына кредит беру жөнiнде бiрiншi кезекте, қаржы- лық лизингтi пайдаланып франчайзинг қағидатында жабдықтар мен технология- лар жеткiзiлiмi нысанында ұйымдастыру сызбасын әзiрлеу | | ЭМ, ЭИСМ, Инвестиция- лар жөніндегі агенттігі | | - |
8. Екінші деңгейдегі банктермен жұмысты жетілдіру және олардың импорт алмастырушы және экспортқа бағдарланған дайындығы жоғары дәрежедегі өнім өндіру жөніндегі жобаларды басымдықпен кредиттеу бағытындағы мүдделерін арттыру |
1. 2. | | Екінші деңгейдегі банктерге ұсыныс Қазақстан Республика- сының Үкіметіне ұсыныс | ЭИСМ ЭИСМ, ЭМ, ҚарМ | 2000 жылғы қыркүйек 2000 жылғы қазан | - - | - - |
9. Қазақстан Республикасының машина жасау кешенін дамытудың салалық және кіші салалық бағдарламаларын әзірлеу |
1. | | Нормативтік құқықтық кесімдердің жобалары | ИСМ 2000- 2003 жылдар | Барлығы - 8 344 мың теңге, оның ішінде жылдар бойынша: 2000 - 0; 2001 жыл - 3 000 мың теңге 2002 - 5 344 мың теңге; 2003 - көздел- меген | Рес- пуб- ли- ка- лық бюд- жет | |