Шетелдің ұқсас бұйымдарының құны | Қазақстан Республикасының ішкі рыногын иемдену, % (1998 ж.) |
Бұйым бірлігінің бағасы | қазақстандық өнім | импорттаушы елдің импорттық өнімдері |
доллармен | Қазақстандық бұйымдар- дың бағасына қарағанда %-пен |
5 | 6 | 7 | 8 |
900-1000 | 78.2-76.9% | 57% | 43% - РФ |
30-35 | 60-87.5% | 0% | 100% - РФ |
350-500 | 77.7-111% | 10% | 90% - РФ, Украина, АҚШ |
240000- 280000 | 200-233% | 40.8% | 59.2%-Финляндия, АҚШ, Швеция |
125000 | 160.2% | 0% | 100% -//- |
240500 | 377.5% | 0% | 100% -//- |
11.9 18.43 1.42 | 68.4% 67.05 95.3% | 13.3% 23.2% | 86.7% - РФ 76.8% - РФ, Беларусь |
9.86 | 82.1% | 10% | 90% РФ, Франция, Германия |
89.0 92.0 | 59.3% 70,2% | 20% | 80% - РФ |
1808.0 2200.0 | 57.4% 53.6% | 0% 0% | 100% - РФ |
2017 2017 | 118.6% 118.6% | 0% 0% | 100% - РФ 100% - РФ |
20.0 27.18 | 65% 58.9% | 0% 0% | 100% - РФ |
46922 21600 | 37.5% 39.2% | 0% 0% | 100% - РФ |
152.0 304.0 417.0 217.0 250.0 | 69.0% 65.9% 130.6% 156.7% 147.7% | 0% 0% 15% 0% 0% | 100% - РФ |
22.72 35.45 | 100.0% 86.7% | 15% | 85% - РФ |
3000- 4000 | 175-268% | 100% | 0% |
2200.0 780.0 62.0 1232.0 | 47.7% 50.6% 45.0% 45.0% | мәлімет жоқ | мәлімет жоқ |
3490.0 | 90.6% | мәлімет жоқ | мәлімет жоқ |
9000.0 | 85.7% | 61.0% | 39.0% - РФ |
280.0 | 98.2% | 60.0% | 40.0% - РФ |
678-1400 | 110-116% | 14.2% | 85-8 - РФ, Әзірбайжан |
| 7.0% | 93.0% РФ, Германия |
| 3.0% | 97.0% РФ, Германия |
Қазақстандық машина жасау өнiмiнiң едәуiр мөлшердегi бәсекелiк
қабiлетсiздiгi оны жетiлдiрудiң төмен қарқынымен немесе мүлде жоқтығымен
түсiндiрiледi. Шығарылатын өнiм үлгiлерiнiң көпшiлiгi өндiрiске кеңес
уақытында жiберiлген, техникалық және пайдалану көрсеткiштерi, дизайны,
сенiмдiлiгi мен ұзақтығы, қызмет көрсетуге жайлылығы бойынша шетелдiк
ұқсас өнiмдерден елеулi ығысады. Сол себептен де, мысалы, фин,
американдық немесе шведтiк өндiрiстiң кен өндiру машиналары бағасының
едәуiр қымбаттығына (2-4 есе) қарамастан, "Востокмашзауыт" АҚ шығаратын
осы мақсаттағы техниканы қазақстандық рыноктан толықтай ығыстырып
шығарды.
90-жылдардың басталуынан берi машина жасау өндiрiсiнiң инфрақұрылымы
толық дерлiк жойылды - бiрнеше ондаған жобалау,
конструкторлық-технологиялық және ғылыми-зерттеу институттары, оның
iшiнде жоғары біліктi ұйымдар санатына жататындары да, жабылды. Көптеген
қатардағы орталықтар, бюролар мен басқа да сертификаттау, стандарттау
және норманы бақылау, кадрлар даярлау және олардың біліктiлiгiн көтеру,
тәжiрибелiк-экспериментальдық базалар және т.б. объектiлерi таратылды.
Мұнымен бiр мезгiлде, жоғары оқу орындарында, ғылыми-зерттеу
институттарында, қалған жобалау және басқа ұйымдарында штаттарды
қысқарту, кадрларды жасарту және жаңарту жөніндегі көптеген науқандар
өткiзiле бастады. Жағдай, сондай-ақ жұмысшыларды жұмыстан шығарумен
ұласқан жаппай сипат алған кәсiпорындардың уақытша және толық тоқтауымен
(1993-1994 жж. машина жасау кешенi зауыттарының 40-45 % дейiнi бiр
мезгiлде) шиеленiстi.
Жұмысшылар мен орта буын мамандарын даярлауды жүзеге асыратын
көптеген оқу орындары жабылды, жоғары бiлімнiң машина жасау
мамандықтарының номенклатурасы мен сақталып қалған мамандықтар бойынша
оқуға қабылдау жоспары қысқарды.
Осының барлығының салдарынан республика машина жасау
ғылыми-техникалық әлеуетiнiң едәуiр бөлiгiнен айырылды, осы саланың
жоғары біліктi мамандары мен жұмысшыларының едәуiр бөлiгi елiмiздi тастап
кеттi.
Машина жасау өндiрiсiнiң техникалық және технологиялық деңгейiне,
оны жаңғыртуға және техникалық-экономикалық көрсеткiштерiн арттыруға
жекелеген кәсіпорындардағы және жалпы елiмiз бойынша өнертапқыштық және
рационализаторлық қызмет жағдайы көп әсер етедi.
Республикадағы өнертапқыштықты патенттеу және авторлық құқықты
қорғау мәселелерi осы мақсаттағыларға ұқсас бұрынғы мекемелердiң
негiзiнде құрылған, бiрақ өзiнiң қызметiн ақылы көрсететiн "Казпатент"
АҚ-ның қарамағына берiлдi.
Өтiнiш берушi (өнер табыс авторы - заңды немесе жеке тұлға) өтiнiмдi
қабылдау және алдын ала жасау, патенттi ресiмдеу және беру үшiн, патент
алдын күшiнде ұстап тұру үшiн жыл сайын 5 жыл бойы, бұдан кейiн -
патенттi ресiмдеу және беру үшiн және 20 жыл бойы жыл сайын, - оны
күшiнде ұстап тұру үшiн "Казпатент" АҚ-на төлем жасайды.
Халықтың басым көпшiлiгi, оның iшiнде техникалық зиялы қауым
кiрiстерi төмен санатқа жатқызылғанда, ал кәсiпорындар мен ұйымдар
негiзiнен төлеуге қабiлетсiз жағдайда, патенттеудiң ақылы қызмет
көрсетуiн енгізу өнертапқыштық қызметтi толық тоқтатумен ғана емес,
мемлекеттiң өзiнiң заңды және жеке тұлғаларының авторлық құқықтарын
жоғалтуымен де уақытылы емес және қауiптi.
Отандық машина жасау өндiрiсiн дамыту және оның ғылыми-техникалық
деңгейiн көтеру мүддесiнде мемлекет патенттiк құжаттаманы ресiмдеу және
оны құқықтық қорғау жөніндегі барлық шығындарды өзiне алып қана қоймай,
өнертапқыштық қызметтi көтермелеудiң, қазiргі заманғы
материалдық-техникалық жабдықтармен жабдықталған патенттiк-техникалық
ұйымдар желісін кеңейтудiң тиiмдi шараларын енгізуге тиiстi.
Қазiргi жұмыс iстеп тұрған қазақстандық кәсiпорындардың көпшiлiгi
үшiн бәсекелесуге қабiлеттi машина жасау өнiмiн өндiрудi өз бетiмен игеру
бүгiнгі күнi iс жүзiнде шешiлмейдi.
Мәселе қолда бар өндiрiстiк қуаттарды жұмыс iстейтiндей қалыпта
ұстап тұру және бұрын игерiлген өнiмдi үздiксiз шығаруды қамтамасыз ету
үшiн олардың қажеттi айналым қаражаттарының жоқтығында ғана болып тұрған
жоқ.
Проблема едәуiр күрделi және оны шешу үшiн тек машина жасау
кешенiнiң кәсiпорындары мен инфрақұрылымын түпкiлiктi қайта жаңғыртуды,
дүние жүзiнiң жетекшi фирмаларымен ең жетiлдiрiлген және қазiргi заманғы
технологиялар трансфертiмен бiрлескен кәсiпорындар мен өндiрiстердi құру
жолына көшiрудi жүзеге асыру да жеткiлiксiз. Ол үшiн металл мен металдан
жасалған бұйымдардың жоғары сапалы және әртүрлi, бүгiнгi заманғы
полимерлi, тоқыма, резина техникалық, оптикалық және басқа да
материалдармен және бұйымдармен, энергия тасымалдаушылармен және т.б.
бәсекелесуге қабiлеттi өнiм шығару үшiн қажеттi жаңғыртылатын машина
жасау өндiрiсiнiң мұқтаждықтарын қамтамасыз ету мақсатында өнеркәсiптiң
сабақтас салаларында қайта құруды бiр мезгiлде жүргiзу керек.
Бұл, өз кезегiнде, өнеркәсiптің машина жасау және аралас салаларын
жоғары біліктi мамандармен және жұмысшылармен, ғылыми-техникалық және
жобалау-конструкторлық әзiрленiмдердiң сапасына қойылатын талаптардың
мүлде жаңа жоғары деңгейiн, сондай-ақ олардың құқықтық қорғалуын шұғыл
қамтамасыз етудi, өнiмнiң жаңа түрлерiн және т.б. шығару кезiнде бөтен
әзiрленiмдердi пайдалануға арналған лицензиялар сатып алуды талап етедi.
Машина жасау сияқты барлық өнеркәсiп өндiрiсiн көтеру үшiн де
республика айрылған ғылыми-техникалық және кадрлық әлеуетін қалпына
келтiрiп қана қоймай, елеулi көбейту мiндетiн шұғыл шешу қажет.
Жалпы, Қазақстанның машина жасау кешенiнiң қазiргi жағдайына баға
берудiң нәтижесi мынаған саяды:
1. Қазiргi уақытта машина жасау кешенiнiң үлесiне
өнеркәсіптiк-өндiрiстiк негiзгi қорлардың кемiнде 5%, өндiрiстiк
мақсаттағы негiзгi капиталға кететiн инвестициялар көлемiнен барлығы 0,6%
және жыл сайын енгiзiлетiн ӨӨНҚ құнынан 0,86%, өнеркәсiптiк-өндiрiстiк
қызметшiлерi жалпы санының 11% жуығы, өндiрiлетiн өнiмнiң жалпы көлемiнiң
4%-нан кемi келедi.
2. Машина жасау кешенiнiң барлық түрлерi бойынша дерлiк негiзгi
қорлардың тозу дәрежесi 44-45%, оның iшiнде активтi бөлiгiнiкi 80-90%-ға
жетті. Көптеген кәсiпорындарда негiзгi қорларды жаңарту коэффициентi
1-3%, ал олардың шығып қалу коэффициентi 9,6%-ға дейiн құрайды. Осының
салдарынан ӨӨНҚ құны соңғы бiрнеше жылда жыл сайын 7-8% қысқаруда.
Мұнымен бiрге, кәсiпорындардың көпшiлiгiнiң қолда бар өндiрiстiк
қуаттарды пайдалануы шығарылатын өнiмге деген сұранымға төлем жасау
қабылетiнің төмен болуына байланысты өндiрiстiң көптеген түрлерi бойынша
10-15%-нан аспай отыр.
3. Соңғы 8-9 жылда машина жасау кәсiпорындарының саны 2 еседен
астамға қысқарды. Машина жасау кәсiпорындарының жалпы санында машина
жасау өнiмiнiң түпкiлiктi түрлерiн шығаратын зауыттар тек қана 5,4 %
құрайды. Бұл ретте олардың әрқайсысы дерлiк - өз өндiрiсiнiң саласында
монополист.
4. Республикада машина жасау өнiмiнiң үлесiне экспорттың жалпы
көлемiнiң 3%-ға жуығы және импорттың 41%-дан астамы келедi.
5. Машина жасау 1997 жылдан бастап залалды болып табылады.
Залалдылық деңгейi 1997 жылғы 0,8%-дан 1999 жылдың 1-тоқсанында 12 %-ға
дейiн жеттi.
6. Машина жасау өнiмiнiң республикалық iшкi рыногында қазақстандық
өндiрiс бұйымдарының үлесi 15% құрайды, елдiң қажеттерiнiң қалған 85%
шетелдiк (негiзiнен ресейлiк) жеткiзiлiмдер есебiнен жабылады.
7. Қазақстандық өндiрiстiң машина жасау өнiмiнiң ұқсас шетелдiк
бұйымдармен салыстырғандағы бәсекелiк қабiлетсiздiгiнiң негiзгi себептерi
- өз кезегiнде республика кәсiпорындарының көпшiлiгіндегі қолданылып
жүрген ескi өндiрiс технологияларының жетiлдiрiлмеуi, импортталатын
жинақтаушы материалдарды, энергия көздерiн және т.б. шектен тыс
пайдаланудың жоғары үлесiнен туындаған оның неғұрлым жоғары құны және
төмен сапасы. Бұдан басқа, отандық зауыт бұйымдарының басым бөлiгi
моральдық ескiрген және техникалық әрi пайдалану көрсеткiштерi бойынша
шетелдiк ұқсас бұйымдардан әлдеқайда артта қалып отыр.
8. Қазiргi уақытта Қазақстанның машина жасауында iс жүзiнде дамудың,
шығаратын өнiмiнiң техникалық деңгейi мен бәсекелiк қабiлетiн көтерудiң
өзiндiк iшкi көздерi жоқ толыққанды өндiрiстiк инфрақұрылымы мен қазiргі
заманғы ғылыми-техникалық базасы жоқ. Кадрлық әлеует ысырабы жалғасуда.
2. Қазақстанның машина жасауын дамытудың жалпы тұжырымдамасы
Машина жасау саласының даму деңгейi, елдiң және халықаралық қоғамдастық экономикасындағы оның рөлi мемлекеттiң индустриалдық қуаты мен ғылыми-техникалық жетiстiктерiнiң, оның дүниежүзiлiк шаруашылық кешеніндегі орнының негiзгi көрсеткiшi болып табылады.
Өңдеушi және қайта өңдеушi салалардың мұқтаждықтарына нұқсан келтiрумен кен өндiрушi өнеркәсiпке бағдарланған өнеркәсiптiк саясатты одан әрi жалғастыра беру экономикалық көзқарас тұрғысынан алғанда, келешегi жоқ және елдiң болашағы үшiн ең ауыр зардаптарымен қауiптi.
Таяудағы 5-7 жыл iшiнде мыналарды:
- сапа деңгейi мен құндық параметрлерi бойынша ең жақсы шетелдiк үлгiлерден кем түспейтiн машина жасау мен өзге де ғылымды қажетсiнетiн өнiмнiң түпкiлiктi түрлерiнiң номенклатурасы мен шығару көлемiн едәуiр ұлғайту;
- қазақстандық кәсiпорындарға машина жасау өнiмiнің жоғалтып алған ішкі рыногын импортты тарифтiк және тарифтiк емес реттеу есебiнен ғана емес, тауар және қызмет көрсетудiң салауатты рыноктық бәсекесi, отандық өндiрiстi қолданылып жүрген заңнама шеңберiнде терiс пиғылды бәсекеден қорғау нәтижесiнде қайтару;
- біліктi жұмысшы кадрларды сақтай және ұдайы арттыра отырып, қалпына келтiрiлетiн немесе жаңадан құрылатын жұмыс орындарын көбейту;
- республикада, атап айтқанда, ғылыми-техникалық сараптау, аккредитациялау, сертификаттау, стандарттау, ақпарат және т.б. орталықтар желісі сияқты объектiлер кiретiн машина жасау өндiрiсiнiң дамыған инфрақұрылымын құру;
- отандық машина жасаудың интеллектуалдық әлеуетін жоспарлы түрде арттыру оның сапа бойынша дүниежүзiлiк стандарттар талаптарына сай жаңа технологиялар мен ғылымды көп қажетсiнетiн өнiм шығаруға көшуiне қажеттi қазiргi заманғы ғылыми-техникалық, конструкторлық-технологиялық және ақпараттық база қалыптастыруды қамтамасыз ету үшiн қазiрдiң өзiнде, елдiң экономикалық бағытын кен өндiрушi салаларды басым дамыту саясатынан өңдеушi және қайта өңдеушi өнеркәсiптiң өндiрiстiк және ғылыми-техникалық әлеуетiн, бiрiншi кезекте, машина жасауды интенсивтi арттыру жолына түсуге шешушi бетбұрыс жасауды бастау қажет. Жоғарыда аталған мiндеттердiң бүкiл кешенiн табысты шешу елдiң әлеуметтiк-экономикалық деңгейiнiң одан әрi артуының, оның индустриалды дамыған елдер қатарына тең құқықты әрiптес ретiнде бiртiндеп кiрудiң негiзiн қалауға мүмкiндiк бередi.
Мұнымен бiрге, жалпы әлеуметтiк-экономикалық жағдайды, инвестициялық ахуалды, түрлi қаржыландыру көздерiнiң есебiнен қаражатты тарту мүмкiндiктерiн ескере отырып, республиканың машина жасау кешенiн қолдау мен көтеру болашағына нақты баға беруге тура келедi.
Машина жасау кешенiнiң ұзақ мерзiмдi стратегиясын iске асырудың бiрiншi сатысында жеткiлiктi мөлшерде шағын және нақты басымдықтар бөлiнiп алынуы тиiс. Бiр жағынан, өте қысқа мерзiм iшiнде саланы сақтап қалуды және аяғынан тiк тұрғызуды қамтамасыз ететiн сала мен өндiрiстiң нүктелерiн және бағыттарын анықтау қажет, екiншi жағынан, оның қайта өркендеуi мен жедел дамуы үшiн бүкiл өнеркәсiптiк өндiрiстiң шешушi түйiнi ретiнде республиканың бүкiл экономикасын техникалық қайта жарақтаудың және жаңғыртудың негiздерiн құрайтын база жасау қажет.
3. Бағдарламаның мақсаттары, мiндеттерi мен басымдықтары
Қазақстан Республикасының машина жасау кешенiн дамытудың 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасының негiзгi мақсаты iшкi өндiрiстi кеңейту және өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы бәсекелесуге қабiлеттi өнiм шығару, елдiң экономикасын қажеттi машиналармен, жабдықтармен және қосалқы бөлшектермен, кепiлдендiрiлген және кепiлден кейiнгi сервистiк қызметпен қамтамасыз ету, импортты алмастыру және экспорт үшiн мүмкiндiктердi ұлғайту.