Қазақстан Республикасының машина жасау кешенін дамытудың 2000-2003
жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 ж. 5 қыркүйектегі № 1347 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 16.03.01 ж. № 353; 20.05.03 ж. № 462;
27.06.03 ж. № 623 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл Бағдарламаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 наурыздағы № 367 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының машина жасау кешенін дамытудың 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ.Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 1347 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Индустрия
және сауда министрлігі
Қазақстан Республикасы Экономика министрлігінің
"Экономикалық зерттеулер институты" РМК
Қазақстан Республикасының машина жасау кешенін
дамытудың 2000-2003 жылдарға арналған
Бағдарламасы
ҚР Үкіметінің 16.03.01 ж. № 353; 20.05.03 ж. № 462 (бұрынғы ред. қара) қаулыларымен бағдарлама өзгертілді
Паспорты
Атауы Қазақстан Республикасының машина жасау
кешенін дамытудың 2000-2003 жылдарға
арналған бағдарламасы
Бағдарламаны "Қазақстан Республикасы Президентінің
әзірлеу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000
жылғы 9 ақпандағы кеңейтілген
мәжілісінде айтылған тапсырмаларын
орындау жөніндегі іс-шаралардың
жоспарын бекіту туралы" Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы
6 наурыздағы № 367 қаулысы
Негізгі Қазақстан Республикасының Индустрия және
әзірлеушілер сауда министрлігі, Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрлігінің "Экономикалық зерттеулер
институты" РМК, "Машина жасау"
салааралық ғылыми-технологиялық
орталығы" РМКК, Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда министрлігінің "Машина
жасауды болжау жөніндегі ғылыми-зерттеу
орталығы" РМКК және Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігінің "Қазақстан
Республикасының Аграрлық зерттеулер
ұлттық академиялық орталығы" РМКК
Бағдарламаның Ішкі өндірісті кеңейту және өндірістік-
мақсаты техникалық мақсаттағы бәсекеге қабілетті
өнімдер шығару, ел экономикасын қажетті
машиналармен, жабдықтармен және қосалқы
бөлшектермен, кепілдендірілген және
кепілденгеннен кейінгі сервистік қызмет
көрсетумен қамтамасыз ету, импортты
алмастыру және экспорттың мүмкіндіктерін
арттыру
Бағдарламаның Бағдарламаның мақсатына сәйкес мынадай
міндеттері міндеттерді:
- өндірістің базалық салаларының
қажетіне, оларға қажетті өнімдердің
номенклатурасын игерудің техникалық
экономикалық орындылығына талдау
жасаудың негізінде республикада
машина жасаудың дамуын болжауды;
- басымдықты салалар үшін машина жасау
өнімдерін шығару жөніндегі
технологиялық тізбектердің кешенін
құруды;
- машина жасау ұйымдарын (бұдан әрі -
машина жасау кәсіпорындары)
диверсификациялауды және қайта
бейіндеуді;
- Бағдарламаны ғылыми, ғылыми-техникалық
және кадрмен қамтамасыз етуді;
- машина жасау жөніндегі ақпараттық орта
қалыптастыруды;
- машина жасау өнімдерін тұтыну мен
өткізудің маркетингін;
- отандық тауар өндірушілерді қорғауды
қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық
базаны жетілдіруді;
- шетелдік және отындық инвесторларды
тартуды шешу көзделіп отыр.
Бағдарламаның - машина жасауды дамытудың
іс-шаралары қаржы-несиелік негізгі және
инвестициялық қолдау;
- машина жасауды дамытуды инновациялық
қолдау;
- мақсатты республикалық, аймақтық,
салааралық, салалық, ғылыми-техникалық
бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу;
- машина жасауды нормативтік-құқықтық
қамтамасыз ету;
- машина жасау кешенінің инфрақұрылымын
дамыту;
- ұлттық машина жасаудың ТМД елдері
экономикасына және әлемдік шаруашылық
байланыстар жүйесіне ықпалдасуы.
Қаржыландыру көлемi - Бағдарламаны iске асыруға арналған қаржылық
мен көздерi шығындар республикалық бюджет есебiнен
көзделедi, жыл сайынғы көлем тиiстi қаржы
жылына арналған республикалық бюджеттi
қалыптастыру кезiнде нақтыланады және
2001-2003 жылдарға 8 344 мың теңгенi
құрайды, оның iшіндe жылдар бойынша: 2001
жылға - 3 000 мың теңге, 2002 жылға - 5 344
мың теңге.
Іске асыру Бағдарламаны іске асыру 2000-2003
жылдар кезеңіне белгіленген
Кiрiспе
Қазақстан Республикасының машина жасау кешенiн дамытудың 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 9 ақпандағы кеңейтiлген мәжілісінде айтылған тапсырмаларын орындау жөніндегі iс-шаралардың жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы наурыздағы № 367 қаулысына сәйкес әзiрлендi.
Республиканың машина жасау кәсiпорындарының жұмысы үшiн қолайлы жағдай жасау бөлiгiнде Жаңа өнеркәсiптiк саясатты iс жүзiнде iске асыру Бағдарламаны әзiрлеу үшiн уәждеме болды.
Бағдарламаны әзiрлеу кезiнде Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейiнгi кезеңге арналған даму стратегиясында белгiленген елдiң экономикалық дамуының ұзақ мерзiмдiк басымдылықтары, сондай-ақ "1999-2003 жылдарға арналған мемлекеттік өнеркәсiптiк саясаттың негiзгi бағыттары" мен "Ауыл шаруашылығы өндiрiсi мен онымен аралас салаларды дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарында белгiленген өнеркәсiптiк саясаттың негiзгi мiндеттерi ескерiлдi.
Бағдарлама машина жасау кешенiн республиканың өзiнiң техникалық және пайдалану көрсетілімдерi бойынша ең үздiк шетелдiк баламдардан қалыспайтын жоғары технологиялық техникаға қажетiнiң кемiнде 60-70%-ын қамтамасыз ететiн өнеркәсiптiң жетекшi көп салалы секторына айналдырудың және қатаң нарықтық жағдайда бәсекелестiк қабiлеттi өнiмдердi басымдықпен шығару арқылы Қазақстанның машина жасауын сауда-экономикалық байланыстардың әлемдiк шаруашылықтық жүйесiне ықпалдастырудың ұзақ мерзiмдi стратегиясының (15-20 жыл) бiрiншi кезеңi ретiнде әзiрлендi.
Бағдарламаны, бiрiншiден, құлдырауды жеңудiң, өндiрiс көлемдерi мен өнiмдердi сатуды арттырудың, оның сапалық деңгейi мен бәсекелестiк қабiлеттілігiн көтерудiң есебiнен жұмыс iстеп тұрған машина жасау кәсiпорындарының жұмысын тұрақтандыру және жеделдетiлген дамыту Бағдарламасы ретiнде, екiншiден, машиналар мен жабдықтардың кейбір принциптi жаңа түрлерiн республикада әзiрленген, өнеркәсiптiк игеруi аталған Бағдарлама мерзiмдерiнiң аяқталуынан тыс шамаланып отырған басқа да өнiмдердi игерудiң (жобалау-конструкторлық әзiрлеу мен тәжiрибелiк шығару сатысындағы) бастапқы кезеңiнiң Бағдарламасы ретiнде қарастырған жөн.
1. Қазақстанның машина жасау кешенiнiң жалпы
сипаттамасы мен қазiргi жағдайы
КСРО халық шаруашылығы кешенiнiң құрамында Қазақстанға негiзiнен iрi өнеркәсiптiк және ауыл шаруашылығы шикiзатын өндiрушi рөлi бөлiнген болатын. Машина жасауды дамытуға тиiстi көңiл бөлiнбедi - республиканың машина жасау өнiмдерiне қажеттi негiзiнен Ресейден, Украинадан, Белоруссиядан және Одақтың басқа да аймақтарынан әкелудiң есебiнен қамтамасыз етiлiп отырды. Сонымен бiрге, қазақстандық заводтардың өнiмдерi, ең алдымен металл өңдеу, жинақтаушы және т.б. бұйымдар түпкiлiктi өнiмдi шығаратын және республикадан тысқары жерлердегі заводтарға берiлдi.
Одақ ыдырағаннан кейiн шаруашылық байланыстардың бұзылуы және дағдарыстық құбылыстардың артуы жағдайында Қазақстанның машина жасау кешенiнiң дамуы толық тоқтады.
Машина жасау өндiрiсi қуаттарының қысқаруы, оның жұмысының техникалық-экономикалық көрсеткiштерiнiң нашарлауы (1-кесте) басталды және әлi күнге дейiн жалғасуда.
1-кесте
Машина жасау саласындағы өндiрiстiң нақты көлемiнiң индекстерi
(1985 жыл = 100%)
Жылдар | 1990 | 1991 | 1992 | 1993 | 1994 | 1995 | 1996 | 1997 | 1998 | 1999 |
Машина жасау | 110,7 | 113,4 | 94,9 | 81,0 | 50,9 | 36,8 | 34,4 | 25,7 | 19,8 | 18,9 |
Өнеркәсіптің салалық құрылымындағы машина жасау үлесі айтарлықтай
өзгерді (2-кесте.).
2-кесте
Базалық салалар бойынша өнеркәсіптің құрылымы:
Жылдар | Отын- энерге- тикалық кешен, % | Тау-кен металлур- гиялық кешені, % | Машина жасау, % | Химия өнеркәсібі % | Жеңіл өнеркәсібі % | Тамақ өнеркәсібі, % |
1990 1995 1996 1997 1998 1998 | 20,5 28,4 46,5 47,7 48,3 50,8 | 16,5 26,9 22,5 25,7 26,3 28,1 | 15,9 7,3 7,1 5,0 3,7 2,7 | 6,5 23,8 3,6 2,1 1,4 1,3 | 18,3 2,4 3,3 2,1 1,5 1,7 | 22,3 11,2 17,0 17,4 18,8 15,4 |
Салада жұмыс істейтіндердің саны, олардың республика өнеркәсібіндегі
өнеркәсіптік өндірістік қызметшілердің жалпы санындағы үлесі айтарлықтай
қысқарды (3-кесте).
3-кесте
Машина жасау кәсіпорындарындағы өнеркәсіптік өндірістік
қызметшілердің саны
Көрсеткiштер атауы | 1990 | 1991 | 1992 | 1993 | 1994 | 1995 |
Өнеркәсiптiк өндiрiстiк қызметшiлердiң саны, мың адам өткен жылға қарағанда %-бен 1990 жылға қарағанда %-бен ҚР өнеркәсiбi ӨӨЖ-iң жалпы санына %-бен | 387.2 - 100 28.5 | 342.8 88.5 88.5 24.8 | 326.2 95.2 84.2 24.1 | 272 83.4 70.2 22.8 | 234 86.0 60.4 20.9 | 202.3 86.5 52.2 19.7 |
таблицаның жалғасы
1996 | 1997 | 1998 | 1999 |
176.1 87.0 45.5 19.2 | 139.7 73.9 36.1 17.4 | 90.2 64.6 23.3 11.9 | 67.0 74.2 17.3 10.9 |
Дерек көзі: Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі
1990 жылғы 3902-ге қарағанда 1999 жылдың ортасына қарай республикада
1862 машина жасау бейiніндегі кәсiпорын қалды. Қазiргi уақытта барлық
машина жасау кәсiпорындарының тек 5,4% - түпкiлiктi өнiмдердi