Қазiргi уақытта ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар ғаламдық сипатқа ие және әртүрлі елдер ғалымдарының күш-жiгерiн талап етедi. Осыған байланысты, интеллектуалдық меншiк құқығын бөлудi ескере отырып, ғылыми-техникалық ақпарат алмасу және пайдалану айрықша мәнге ие болады.
13. Қорытынды
Тұжырымдамада алға тартылған ережелердi жүзеге асыру үшiн, Қазақстан Республикасының "Ғылым туралы" жаңа Заңын және "Ғылым" мемлекеттік бағдарламасын қабылдау қажет. Заңды қолдану және "Ғылым" мемлекеттік бағдарламасын iске асыру нәтижесiнде Тұжырымдамада бекітілген мемлекеттік ғылыми-техникалық саясаттың мақсаттары мен қағидаттары өмiрге енгізiлетiн; отандық ғылымды елдiң экономикалық әлеуетiн арттыруға ықпал ететiн, оның әлеуметтiк-экономикалық және рухани дамуының аса маңызды факторына айналдыру үшiн жағдай жасалатын болады.