Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 шілдедегі № 1156 қаулысы
ҚР Үкіметінiң 2013 жылғы 5 тамыздағы № 796 Қаулысымен күші жойылды
«Нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру жөніндегі жұмыстарды жақсарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 4 қарашадағы № 1654 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
1) «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білiм және спорт министрлігі» бөлiмiнiң атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгi»;
реттiк нөмiрлерi 9-35, 9-36, 9-37, 9-38, 9-39, 9-41, 9-42, 9-43, 9-44, 9-45, 9-47, 9-49 9-51, 9-52, 9-53, 9-54, 9-55, 9-56, 9-57, 9-58, 9-59, 9-60, 9-61, 9-62, 9-63, 9-65 - жолдар алынып тасталсын;
2) «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі» бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 470-141 - 470-155 - жолдармен толықтырылсын:
«470-141 «П. Чайковский атындағы Алматы қаласы
Алматы музыка колледжi»
қазыналық кәсiпорны
470-142 «А. Селезнев атындағы Алматы қаласы
Алматы хореографиялық
училищесi» қазыналық кәсiпорны
470-143 «О. Таңсықбаев атындағы Алматы қаласы
Алматы безендiру-қолданбалы
өнер колледжi» қазыналық
кәсiпорны
470-144 «Ы. Алтынсарин атындағы Алматы қаласы
қазақ білім академиясы»
қазыналық кәсiпорны
470-145 «Қазақ ұлттық музыка Астана қаласы
академиясы» қазыналық кәсiпорны
470-146 «Ж. Елебеков атындағы Алматы қаласы
республикалық эстрада-цирк
колледжi» қазыналық кәсiпорны
470-147 «Республикалық Алматы қаласы
көркемсурет колледжi» қазыналық
кәсiпорны
470-148 «Республикалық оқушылар Алматы қаласы
сарайы» қазыналық кәсiпорны
470-149 «Дарын» республикалық Алматы қаласы
ғылыми-практикалық орталығы»
қазыналық кәсiпорны
470-150 «Республикалық білім беру Алматы қаласы
жүйесiнiң басшы және ғылыми-
педагог қызметкерлерiнiң
біліктiлiгiн арттыру институты»
қазыналық кәсiпорны
470-151 «Республикалық білім Алматы қаласы
берудi ақпараттандыру ғылыми-
әдiстемелiк орталығы» қазыналық
кәсiпорны
470-152 «Қазақ мемлекеттік спорт Алматы қаласы
және туризм академиясы»
қазыналық кәсiпорны
470-153 «Ақмола қаржы-экономикалық Астана қаласы
колледжi» қазыналық кәсiпорны
470-154 «Семей қаржы-экономикалық
колледжі» қазыналық кәсiпорны Семей қаласы
470-155 «Қазбілімжабдық»
өндiрiстiк-коммерциялық
бiрлестiгi (шаруашылық жүргiзу
құқығында) Алматы қаласы»;
реттiк нөмiрi 470-106-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«470-106 «Шәкәрiм атындағы
Семей мемлекеттік университетi»
қазыналық кәсiпорны Семей қаласы»;
реттiк нөмiрi 470-114-жолдағы 2-баған «Қазақ» деген сөздiң алдынан «Мұхамеджан Тынышбаев атындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
реттiк нөмiрi 470-115-жолдағы 2-баған «Қазақ» деген сөздiң алдынан «Тұрар Рыскұлов атындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
реттiк нөмiрi 470-123-жолдағы 2-баған «Қазақ» деген сөздiң алдында «Қаныш Сәтпаев атындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
3) мынадай мазмұндағы бөлiммен және реттiк нөмiрлерi 517 және 517-1 - 517-7, 518 және 519 жолдармен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының туризм және спорт жөніндегі агенттiгi
517 «Биiк таудағы «Медеу» спорт Алматы қаласы
кешенi» қазыналық кәсiпорны
517-1 «Штаттық ұлттық командалар Алматы қаласы
және спорт резервi дирекциясы»
қазыналық кәсiпорны
517-2 «Республикалық спорттың Алматы қаласы
бұқаралық түрлерiнен жоғары
спорттық шеберлiк мектебi»
қазыналық кәсiпорны
517-3 «Спорттың ойын және қысқы Алматы қаласы
түрлерi бойынша республикалық
жоғары спорттық шеберлiк мектебi»
қазыналық кәсiпорны
517-4 «Республикалық спорттың Алматы қаласы
қолданбалы түрлерi бойынша жоғары
спорттық шеберлiк мектебi»
қазыналық кәсiпорны
517-5 «Су спортының түрлерi Алматы қаласы
бойынша олимпиадалық резервтiң
республикалық мамандандырылған
балалар және жасөспiрiмдер мектебi»
қазыналық кәсiпорны
517-6 «Республикалық спорт Алматы қаласы
колледжi» қазыналық кәсiпорны
517-7 «Бутаковка» оқу-спорттық Алматы қаласы
базасы» қазыналық кәсiпорны «Бутаковка» шатқалы
518 «Спорт & ks» газетiнiң Алматы қаласы
редакциясы» қазыналық кәсiпорны
519 «Қазинтерспорт» қазыналық Алматы қаласы».
кәсiпорны
2. «Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдарды басқаруды жетiлдiрудiң жекелеген мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 13 мамырдағы № 706 қаулысына Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзетiн өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі