Тұрғындардың жекелеген санаттарын науқастарының түрлерi бойынша
дәрi-дәрмекпен және балаларға арналған және шипалы тағамдық арнаулы
азық-түлiкпен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 мамырдағы № 674 Қаулысы
(ҚР Үкіметінің 18.10.00 ж. № 1555; 21.04.04 ж. № 443
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2005.27.08. № 889 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 21.04.04 ж. № 443 қаулыcымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред. қара)
Қазақстан Республикасының ?кіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Тұрғындардың жекелеген санаттарын науқастарының түрлерi бойынша дәрi-дәрмекпен және балаларға арналған және шипалы тағамдық арнаулы азық-түлiкпен қамтамасыз етудiң ережесi бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 18.10.00 ж. № 1555; 21.04.04 ж. № 443 қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiне денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетiн науқастар түрлерінің және амбулаториялық емдеу кезiнде дәрi-дәрмек пен балаларға арналған және шипалы тағамдық арнаулы азық-түлiк тегiн босатылатын халықтың жекелеген санаттарының тiзбесiн толықтыру құқығы берiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мынадай кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын:
1) СССР Министрлер Советі мен ВЦСПС-тің "Чернобыль атом электр станциясындағы аварияның зардаптарын жою жөніндегі жұмыстарға қатысқан адамдарға медициналық қызмет көрсетудi және әлеуметтiк қамсыздандыруды жақсарту шаралары туралы" 1990 жылғы 31 наурыздағы № 325 қаулысын жүзеге асыру туралы Қазақ ССР Министрлер Советi мен Қазақ Республикалық Кәсiптiк Одақтар Советiнiң 1990 жылғы 17 мамырдағы № 197 қаулысы (Қаз.КСР-iнiң ҚЖ, 1990 ж., № 4, 82-құжат).
2) "Дәрi-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдардың барлық түрлерiнiң бөлшек сауда бағаларын ырықтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 4 қарашадағы № 939 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1992 ж., № 44, 645-құжат).
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 29 сәуірдегі № 527 қаулысымен бекітілген "Азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiктер беру мен министрлiктерге, мемлекеттік комитеттерге, орталық, жергiлiктi атқарушы органдарға және басқа да заңды тұлғаларға оларға байланысты шығындарды өтеудiң тәртібінiң" 8-бөлiмi (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 18, 155-құжат).
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2000 жылғы 5 мамырдағы
№ 674 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 21.04.04 ж. № 443 қаулысымен Ереже өзгертілді (бұр.ред. қара)
Тұрғындардың жекелеген санаттарын
науқастарының түрлерi бойынша дәрi-дәрмекпен
және балаларға арналған және шипалы тағамдық
арнаулы азық-түлiкпен қамтамасыз етудiң
ЕРЕЖЕСI
ҚР Үкіметінің 21.04.04 ж. № 443 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
1. Осы ереже тұрғындардың жекелеген санаттарын науқастарының түрлерi бойынша дәрi-дәрмекпен және балаларға арналған және шипалы тағамдық арнаулы азық-түлiкпен (бұдан әрi - дәрi-дәрмек және арнаулы тағам) қамтамасыз етудiң тәртібін белгiлейдi.
ҚР Үкіметінің 21.04.04 ж. № 443 қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
2. Дәрi-дәрмекпен және арнаулы азық-түлiкпен тегiн қамтамасыз ету үшiн мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамада белгiленген тәртіппен азаматтарға, олардың тұрғылықты жерi бойынша дәрілік көмектің қол жетiмділiгiн қамтамасыз ету қажеттігін ескере отырып, дәрi-дәрмек пен балаларға арналған және шипалы тағамдық арнаулы азық-түлiктi бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлғаларды (бұдан әрi берушi) таңдау жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 21.04.04 ж. № 443 қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда(бұр.ред. қара)
3. Дәрi-дәрмек пен арнаулы азық-түлiктi тегiн босатуды амбулаториялық-емханалық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрi - медициналық ұйымдар) дәрiгерлерiнiң рецептерi бойынша берушілер жүзеге асырады.
4. Жабдықтаушылар арнаулы тiркеу журналында 3-қосымшаға сәйкес тұрғындардың жекелеген санаттарына дәрi-дәрмектер мен арнаулы тағамды беру рецепттерiнiң есебiн жүргiзедi. Дәрi-дәрмектер мен арнаулы тағамды босатумен байланысты шығыстар жабдықтаушыға мемлекеттік сатып алулар туралы шартпен белгiленген баға бойынша өтеледi.
ҚР Үкіметінің 21.04.04 ж. № 443 қаулысымен 5-тармақ алып тасталды (бұр.ред. қара)
5. алынып тасталды
6. Рецепт бланкалары Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын қорғау саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкiлетті орталық атқарушы органның бұйрығымен бекітілген нысан бойынша, рецепттер бланкiлерiн есепке алудың арнаулы кiтабында (бұдан әрi - есеп кiтабы) тiркеледi. Есепке алу кiтабын медициналық ұйымның жауапты адамы жүргiзедi. Берiлген рецепт бланкiлерiн есепке алу кiтабының беттерi нөмiрленуi, баулануы, қағаз пломбамен бекітілуi, мөрмен расталуы және медициналық ұйымның бiрiншi басшысының немесе жеке медициналық тәжiрибемен шұғылданатын адамның қолы қойылуы тиiс.
ҚР Үкіметінің 2004.04.21. № 443 қаулысымен 7-тармақ өзгерілді (бұр.ред. қара)
7. Тұрғындардың жекелеген санаттарына дәрi-дәрмектер мен арнаулы тағамды босатуға берiлетiн рецепт, Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын қорғау саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілеттi орталық атқарушы органның бұйрығымен бекітілген нысандағы бланкiде, бiр данада жазылады.
Онда дәрi-дәрмектiң немесе арнаулы тағамның бiр атауын ғана жазуға рұқсат етiледi.
Науқастың жағдайына қарай дәрiгер дәрi-дәрмектiң бiр немесе бiрнеше түрiн жазады.
Рецепт бланкiсінде денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарымен өткiзiлген конкурстың қорытындылары бойынша дәрi-дәрмектер мен арнаулы тағамды жеткiзу және босату шартын жасасқан жабдықтаушының мекен жайы қосымша көрсетiледi.
8. Дәрiгер жазылған рецептiні амбулаториялық науқастың медициналық картасына және жазылған рецепттердi тiркеу журналына тiркеуi тиiс. Берiлген рецепттiң түбiртегi медициналық ұйымда немесе жеке медициналық тәжiрибемен шұғылданатын адамда қалады.
Жазылған рецепттердi тiркеу журналын журналды жүргiзуге жауапты адам жүргiзедi, оның беттерi нөмiрленуi, баулануы, қағаз пломбамен бекітілуi, мөрмен расталуы және медициналық ұйымның бiрiншi басшысының немесе жеке медициналық тәжiрибемен шұғылданатын адамның қолы қойылуы тиiс.
ҚР Үкіметінің 2004.04.21. № 443 қаулысымен 9-тармақ өзгерілді (бұр.ред. қара)
9. Рецепттердiң қолданылу мерзiмi, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орталық атқарушы органымен бекітілген дәрi-дәрмектер мен медициналық бағыттағы бұйымдарды сату ережелерiмен белгiленедi. Жабдықтаушыда рецептте көрсетiлген дәрi-дәрмек немесе арнаулы тағам болмағанда, рецепттiң қолданылу мерзiмi бiткен соң, науқас бұрын жазылған рецепттi қайтарады және қажет болған жағдайда емдеушi дәрiгердiң тағайындауы бойынша, осы дәрi-дәрмектер мен арнаулы тағамға жаңа рецепт алады.
Жазылған рецепттердi есепке алу журналының тиiстi бағанында, науқастың рецепттi қайтарғандығы туралы, қайтарылу себебi көрсетiлiп, белгi соғылады. Қайтарылған рецепттер тігiледi және берiлген рецепттердiң есебi үшiн жауапты адамда сақталады.
10. Дәрiгер дәрi-дәрмектер мен арнаулы тағамды тегiн босатуға жазып берген рецепттiң негiздiлiгi мен дұрыстығына жауапты болады.
11. Денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары дәрi-дәрмектер мен арнаулы тағамға рецепттер берудiң белгiленген тәртібінiң сақталуына бақылауды жүзеге асырады.
12. Жабдықтаушылармен шартта көрсетiлген мерзiмде, дәрi-дәрмектер мен арнаулы тағамды босатуға қабылданған рецепттердiң жиынтық тiзiлiмi осы ереженiң 4-қосымшасына сәйкес 2 данада жасалады, олардың бiреуi жабдықтаушыда қалады да, екiншiсi денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына ұсынылады.
ҚР Үкіметінің 2004.04.21. № 443 қаулысымен 13-тармақ өзгерілді (бұр.ред. қара)
13. Дәрi-дәрмекпен және арнаулы азық-түлiкпен қамтамасыз етуге бағытталған бюджеттік қаражаттарды пайдалану туралы есептi денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң бұйрығымен бекітілген нысан бойынша жергіліктi атқарушы органдарға ұсынады. Көрсетiлген есепке тегiн босатылған дәрi-дәрмектер мен арнаулы тағам бойынша рецепттердiң жиынтық тiзiлiмi берiледi.
ҚР Үкіметінің 21.04.04 ж. № 443 қаулысымен 1,2-қосымшалар алынып тасталды (бұр.ред. қара)
Тұрғындардың жекелеген
санаттарын науқастарының түрлерi
бойынша дәрi-дәрмекпен және
балаларға арналған және шипалы тағамдық
арнаулы азық-түлiкпен қамтамасыз етудiң
ережесiне 3-қосымша
Дәрі-дәрмекті және балалардың арнаулы және
шипалы тағамын тегін босату бойынша рецептерді
тіркеу журналы
Айы, күні | Рецеп- тің N | Дәрінің құны | Науқас түрі | Рецепті жаз- ған медици- налық ұйым- ның атауы | Науқас- тың тегі, аты-жөні мен ме- кен-жайы | қолдары |
Алған адам- ның | Босатқан адамның |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Тұрғындардың жекелеген
санаттарын науқастарының түрлерi
бойынша дәрi-дәрмекпен және
балаларға арналған және шипалы тағамдық
арнаулы азық-түлiкпен қамтамасыз етудiң
ережесiне 4-қосымша
Тегін босатылған дәрі-дәрмек және балалардың
арнаулы және шипалы тағамы бойынша рецептердің
жиынтық тізілімі
(жабдықтаушы бойынша_____)
| Рецептердің NN | Босатылған дәрі- дәрмектердің жалпы құны | Рецепті жазған медицина ұйымының атауы |
1 | 2 | 3 | 4 |
М.О. Құрастырушы:
Басқарушы: 2000 ж. "___"__________