Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 мамырдағы № 674
қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы 18 қазандағы № 1555 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.27.08. № 889 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. "Тұрғындардың жекелеген санаттарын науқастарының түрлерi бойынша дәрi-дәрмекпен және балаларға арналған және шипалы тағамдық арнаулы азық-түлiкпен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 мамырдағы № 674 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 21, 236-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
2-тармақ "көзделген" деген сөзден кейiн "науқастардың түрлерiн," деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі