Акционерлік қоғамдардың акциялары қосымша эмиссиясының мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4
мамырдағы № 656 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды
"Акционерлік қоғамдардың акциялары қосымша эмиссиясының жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 7 маусымдағы № 707 қаулысын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша берешегi, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттiң алдында кез-келген басқа да берешектерi бар акционерлік қоғамдар акцияларының қосымша эмиссиясын шығару тұрғысында сот органдарына жүгiнудiң тәртiбі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi және жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 4 мамырдағы
№ 656 қаулысымен
бекітілген
Салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша
берешегi, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттiң алдында кез-келген басқа да
берешектерi бар акционерлік қоғамдар акцияларының қосымша
эмиссиясын шығару тұрғысында сот органдарына жүгiнудiң
тәртiбі
Осы Тәртiп "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша берешектерi, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттiң алдында кез-келген басқа да берешектерi бар акционерлік қоғамдар акцияларының қосымша эмиссиясын шығару тұрғысында сот органдарына жүгiнудiң тәртібін белгілейдi.
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі, егер қоғамның (бұдан әрi - борышкер) салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттің алдындағы кез-келген басқа да берешектерi бойынша мерзiмi үш айдан астам кешiктiрілген берешегi мен мемлекеттік бюджет пен мемлекеттік бюджеттiң есебiнен қаржыландырылатын ұйымдардың мерзiмi кешiктiрiлген берешегiнiң арасындағы айырмашылық қоғамның шығарылған (төленген) жарғылық капиталы мөлшерiнiң кемiнде үштен екiсiн құраған жағдайда, акционерлік қоғамның (банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын банктер мен ұйымдардан басқа) акцияларының қосымша эмиссиясын шығаруы тұрғысында сот органдарына жүгiнуге құқықты.
Осы Тәртiпте мемлекеттік бюджеттiң алдындағы кез-келген басқа да берешектер ретiнде акционерлік қоғамдардың:
бюджеттік несиелендiрумен байланысты қатынастардан;
шарттық қатынастардан;
сот шешімдерінен;
мемлекет кепiлдiк берген заемның мiндеттемелерiнен;
мемлекеттік бюджет тiкелей кредитор болатын, ал акционерлік қоғам тiкелей дебитор болып табылатын өзге де қатынастардан пайда болатын кредиторлық берешегi ұғылады.
2. Борышкер акцияларының қосымша эмиссиясын шығару тұрғысында сот органдарына жүгiну туралы шешiм, егер онда осы Тәртiптің 1-тармағына сәйкес осындай жүгiну үшiн негiз болып табылатын мерзiмi кешiктiрілген берешегi бар екендiгi анықталса, салық заңдарына сәйкес оны кешендi тексерудiң нәтижелерi бойынша қабылданады.
Шешім акционерлік қоғамда осы Тәртіптің 1-тармағы талаптарына жауап беретін мерзімі кешіктірілген берешегі барлығы туралы расталған ақпараттың негізінде де қабылдануы мүмкін.
Бұл ретте, мүдделi тұлғалар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігіне қажетті растайтын құжаттарды ұсынады.
3. Борышкердiң акциялардың қосымша эмиссиясын шығаруы тұрғысында сот органдарына жүгiну туралы шешiм қабылдау кезiнде акциялардың соңғы эмиссиясын орналастырудың нәтижелерi, акциялардың бағалы қағаздар рыногындағы ағымдағы баға кесiлулерi туралы деректер, сондай-ақ акцияларды орналастырудың нәтижесiне әсер етуге қабiлеттi өзге де жалпы қол жетiмдi ақпараттар ескерілуi тиiс. Мұндай деректер болмаған жағдайда борышкердiң қаржы-шаруашылық қызметiнiң жағдайы (өнiмi сұранысқа ие жұмыс істеп тұрған өндiрiсiнiң, қызметтiң басқа да түсiмдi түрлерi болуы) назарға алынады.
4. Борышкердiң акцияларының қосымша эмиссиясын шығаруы тұрғысында сот органдарына жүгiну туралы шешiмдi (бұдан әрi - шешiм), шешiмнiң көшiрмесiн тапсыру не тапсырысты почтамен жiберу жолымен борышкердi бiр мезгiлде хабардар ете отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі қабылдайды, ол туралы түбiртектi қоса беру арқылы шешiмге белгi жасалады.
Бұл ретте, көшiрменi борышкерге қолын қойғызып тапсырған күн, ал тапсырыс почтамен жiберілген жағдайда шешiмнiң көшiрмесi алынғаннан кейiнгi күн - құлақтандыру алынған күн болып табылады. Егер мерзiмнiң соңғы күнi демалыс немесе мереке күнiне дөп келсе, мерзiм демалыс немесе мереке күнiнен кейiнгi бiрiншi жұмыс күнiнiң соңында аяқталады.
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі борышкер хабарлама алған күннен бастап 30 күн өткеннен кейiн, егер мерзiмi кешiктiрiлген берешектi ол толық көлемде өтемесе не мерзiмi кешiктiрiлген берешектi көрсетiлген мерзiмде өтеу мақсатында шығарылған жарғылық капиталдың мөлшерiн ұлғайту туралы шешiм қабылданбаса, бiр уақытта өз есебiнен бұқаралық ақпарат құралдарында мұндай акцияларды сатып алуға мүдделi тұлғаларға акциялардың саны мен олардың бағаларын көрсете отырып, алдын ала өтiнiм берудi ұсына отырып акциялардың ұйғарылып отырған қосымша эмиссиялары туралы хабарландыру жариялау арқылы борышкердiң акциялардың қосымша эмиссиясын шығаруы тұрғысында сотқа талап-арыз беруге құқылы. Егер, осындай хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында алғашқы жарияланған күннен бастап 30 күннiң iшiнде акциялардың қосымша эмиссиясын сатып алуға алдын ала өтiнiмдер берiлмесе не берiлген өтiнiмдердiң көлемi (сатуға ұйғарылған акциялардың саны мен олардың бағаларының негiзiнде есептелген) қоғамның мерзiмi кешiктiрiлген берешегiнiң үштен бiрiнен азды құраған жағдайда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі талап-арыз беруден бас тарту сот органдарына хабарлайды.
Қосымша
N_______ ________
(күні)
Салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер,
сондай-ақ мемлекеттік бюджеттiң алдында кез-келген басқа да
берешектерi бар акционерлік қоғамдар акцияларының қосымша
эмиссиясын шығару тұрғысында сот органдарына жүгіну туралы
ШЕШIМ
"Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10
шiлдедегi Заңының 40-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының
мемлекеттік кiрiс министрлігі мына тұлғада
_____________________________________________________________________
(лауазымы, аты-жөні)
_____________________________________________________________________
_____________________________ теңге сомасына
_____________________________________________________________________
(акционерлік қоғамның атауы, заңды мекен-жайы, басшының аты-жөні, СТН)
_____________________________________________________________________
акционерлік қоғамы акцияларының қосымша эмиссия шығару тұрғысына сот органдарына жүгiнудi шештi.
Қоғамның мерзiмі 3 айдан астам мөлшерде кешiктiрілген берешегі мынаны құрады:
салықтар және басқа да бюджетке төленетiн төлемдер бойынша -
_____________________ теңге
мемлекеттік бюджеттің алдындағы басқа да берешектер бойынша -
_____________________ теңге.
Мемлекеттік бюджет пен мемлекеттік бюджеттiң есебiнен
қаржыландырылатын ұйымдардың қоғамның алдындағы мерзiмi кешiктiрiлген
берешегiнiң мөлшерi _______________________ теңгені құрайды.
Қоғамның шығарылған (төленген) жарғылық капиталының мөлшері
_______________ теңгені құрайды.
___________________
(қолы, аты-жөні)
М.О.
Осы шешімнің көшірмесін алдым*: ___________________
(қолы)
___________________________________________________
(акционерлік қоғам өкілінің аты-жөні, күні)
_______________________
* Шешімнің көшірмесі тапсырысты почтамен жіберілген жағдайда, түбіртегі қоса тіркеле отырып, осы туралы белгі қойылады.