Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінің тәуелсiз Мемлекеттер
Достастығы iстерi жөніндегі комитетi туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 ж. 21 наурыздағы № 421 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 09.02.01 ж. № 214; 11.10.02 ж. № 1109
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1118 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы шеңберiндегі екi жақты және көп жақты ынтымақтастығы мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы, iстер министрлiгінiң үйлестiрушiлiк рөлiн күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі үшiн бекітілген штат саны лимитiнiң шегiнде Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінің Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы iстерi жөніндегі комитетi құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінің Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы істері жөніндегi комитетi туралы ереже бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 09.02.01 ж. № 214 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн.
1)
2) "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 21 қазандағы № 1578 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 49, 472-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі (Сыртқыiсминi) туралы ережеде:
1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінің ведомствосы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы iстерi жөніндегі комитетi бар".
4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі осы қаулыдан туындайтын барлық қажеттi шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастан күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ.Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2000 жылғы 21 наурыздағы № 421
қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң Тауелсiз
Мемлекеттер Достастығы iстерi жөнiндегі комитетi туралы
ЕРЕЖЕ
1.Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы iстерi жөніндегі комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі құзыретiнiң шегiнде арнайы атқарушылық функцияларды және Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы (бұдан әрi - ТМД) елдерiмен ынтымақтастықты ведомствоаралық үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
2. Комитет өзiнiң кызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен ?кіметінiң актілерін, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзiнiң атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрi, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi болады.
4. Комитеттiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
5. Комитеттiң заңды мекен-жайы:
473000, Астана қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 10.
6. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң Тэуелсiз Мемлекеттер Достастығы iстерi жөніндегi комитетi" мемлекеттік мекемесi.
7. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
8. Комитеттің қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен ғана жүзеге асырылады.
Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлермен Комитеттiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Комитетке заң актілерімен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру жөнiнде құқық берiлген жағдайда, мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Комитеттiң негізгі мiндеттерi, функциялары және құқықтары
ҚР Үкіметінің 11.10.02 ж. № 1109 қаулысымен 9-тармақ өзгертілді
9. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi:
1) Қазақстан Республикасының басшылығы үшін Тәуелсіз Мемлекеттердің Достастығы (бұдан әрі - ТМД) елдерімен екі жақты және көп жақты қатынастарда және ТМД, Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (бұдан әрі ЕурАзЭҚ), Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт (бұдан әрі - ҰҚШ), Орталық Азия Ынтымақтастығы Ұйымы (бұдан әрі - ОАЫ), Түркі тілдес Мемлекеттердің Мәдениет Министрлерінің Тұрақты Кеңесі (бұдан әрі - ТҮРКІСОЙ), Аралды Құтқару Халықаралық Қоры (бұдан әрі - АҚХҚ) (бұдан әрі - интеграциялық бірлестіктер) шеңберінде Қазақстан Республикасының сыртқы саяси стратегиясы жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
2) ТМД елдерімен екі жақты және көп жақты ынтымақтастық саласында және интеграциялық бірлестіктерде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары қызметінің тиімділігін және үйлестірілген қызметін қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасы ТМД елдерімен жөне интеграциялық бірлестіктер шеңберінде жасасқан, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың орындалуына жалпы бақылауды жүзеге асыру;
4) ТМД елдеріндегі саяси және экономикалық жағдайды зерделеу;
5) мемлекеттік органдарды сыртқы және iшкi саясатты жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпаратпен қамтамасыз ету;
5-1) терроризмге, сепаратизмге, экстремизмге, заңсыз көші-қонға және заңсыз есірткі айналымына қарсы өрекет жасау жөніндегі интеграциялық бірлестіктерге қатысушы мемлекеттермен ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу;
6) ТМД елдерiмен экономикалық, сауда және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыруға жәрдемдесу болып табылады;
6-1) қоршаған ортаны қорғау, трансшекаралық су ресурстарын ұтымды пайдалану саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асыруға жәрдемдесу.
ҚР Үкіметінің 11.10.02 ж. № 1109 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді
10. Комитет заңдарда белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Қазақстан Республикасының ТМД елдерiмен және интеграциялық бірлестіктер шеңберінде ынтымақтастығын дамытудың неғұрлым перспективалы және басымдықты бағыттарын айқындау жөнiнде Қазақстан Республикасының басшылығына ұсынымдар мен ұсыныстар енгiзедi;
1-1) интеграциялық бірлестіктер шеңберінде іс-шаралар өткізудің және өткізілетін іс-шараларға Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өкілдері қатысуының орындылығы туралы ұсыныстарды әзірлейді;
2) ТМД мемлекеттерінің сыртқы және iшкi саясатының, экономикалық дамуының түрлi аспектілерi бойынша талдамалық, ақпараттық және анықтамалық материалдарды дайындайды;
2-1) Қазақстан Республикасының интеграциялық бірлестіктерге қатысушы мемлекеттермен халықаралық шарттар жасасуы жөнінде келіссөздер жүргізеді;
3) интеграциялық бірлестіктердің жарғылық органдарының мәжілістеріне Қазақстан Республикасының ұстанымы бойынша ұсыныстар әзірлейді;
4) ТМД, интеграциялық бірлестіктердің жарғылық органдарымен тұрақты жұмыс бабындағы байланыстарды ұстап тұрады;
5) бiрлескен жобаларды, келісімдер мен уағдаластықтарды iске асыру қажеттi ақпарат пен құжаттамаларды алмасу жөнiнде Қазақстан Республикасының ТМД елдеріндегі елшіліктерiмен, сондай-ақ ТМД мемлекеттерiнiң Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкiлдiктерiмен тұрақты байланысты жүзеге асырады;
6) ТМД елдерiнде Қазақстан Республикасының сыртқы және iшкi саясаты қоғамдық, әлеуметтiк-экономикалық және мәдени өмiрi туралы ақпарат таратуға жәрдемдеседi;
7) ТМД елдерiмен жоғары және биiк деңгейдегі сапарларды және интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі кездесулерді әзiрлеуге және өткiзуге қатысады;
8) ТМД елдерiмен ынтымақтастық жөніндегі үкiметаралық комиссиялардың жұмысын үйлестiредi, қомиссиялардың кезектi мәжілістерiн өткiзудi қамтамасыз етедi, мәжілістердiң қорытынды хаттамаларын дайындайды және белгіленген уағдаластықтардың iске асуына бақылау жасауды жүзеге асырады;
9) ТМД елдерiмен Қазақстанның мемлекеттік шекарасын делимитациялау жөніндегі келiссөздердi әзiрлеуге және өткiзуге қатысады.
ҚР Үкіметінің 11.10.02 ж. № 1109 қаулысымен 11-тармақ өзгертілді
11. Комитеттiң заңдарда белгiленген тәртiппен және құзыретiнiң шегінде:
1) Қазақстан Республикасының министрлiктерiнен, ведомстволарынан және агенттiктерінен, жергiлiктi атқарушы органдары мен шетелдiк мекемелерiнен, интеграциялық бірлестіктердің институттарынан ТМД шеңберіндегі екi жақты және көп жақты ынтымақтастыққа қатысты анықтамалық және өзге де материалдарды сұратуға және алуға, сондай-ақ аталған органдар мен ұйымдарға белгiленген тәртiппен қажеттi ақпаратты беруге;
2) Комитеттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды әзiрлеу үшiн тиiстi мамандарды тартуға; Қазақстан Республикасының интеграциялық бірлестіктерге қатысушы мемлекеттермен екі жақты және көп жақты ынтымақтастықтың проблемалық мәселелерi бойынша тұжырымдамалық позициясын әзiрлеу жөніндегі сарапшылардың қатысуымен уақытша жұмыс топтарын құруға;
3) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын, интеграциялық бірлестіктерге қатысушы мемлекеттер жасасқан халықаралық шарттардың орындалуына кедергі келтiретiн Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, ведомстволарының, агенттiктерінiң және жергiлiктi атқарушы органдарының нормативтiк құқықтық актілерінiң қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ұсыныс енгізуге;
4) Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі басшылығының тапсырмасы бойынша Достастық елдерiнiң сыртқы саяси және басқа да ведомстволарының және интеграциялық бірлестіктер институттарының делегацияларымен, аталған органдар мен ұйымдардың жұмыс топтарымен Комитеттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша келiссөздер жүргізуге;
5) Комитеттің құзыретіне жататын проблемалар жөніндегі республикалық және халықаралық конференцияларға, семинарларға, кеңестерге қатысуға;
6) Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң басшылығына кадр мәселесi жөнінде, оның iшiнде Комитеттің кызметкерлерiн қайта даярлау және біліктiлiгiн көтеру оларды қызметке тағайындау және қызметтен босату, дипломатиялық дәрежелер беру, материалдық және өзге де көтермелеу жөнiнде ұсыныстар енгiзуге құқығы бар.
3. Комитеттің мүлкі
12. Комитеттің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкi болады.
13. Комитетке бекітілiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
14. Комитеттiң өзiне бекітілiп берiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
Комитетке заңдарда белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.
4. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
ҚР Үкіметінің 11.10.02 ж. № 1109 қаулысымен 15-тармақ өзгертілді
15. Комитетті Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Yкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын вице-министр-төраға басқарады.
Вице-министрдің - Комитет төрағасының өзiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады.
ҚР Үкіметінің 11.10.02 ж. № 1109 қаулысымен 16-тармақ өзгертілді
16. Вице-министр Комитеттің төрағасы Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды әрi Комитетке жүктелген тапсырмалардың орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауапкершiлiкте болады.
ҚР Үкіметінің 11.10.02 ж. № 1109 қаулысымен 17-тармақ өзгертілді
17. Осы мақсатта вице-министр Комитеттің төрағасы заңдарда белгiленген тәртiппен:
1) өзiнiң орынбасары мен Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгiлейдi;
2) Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң басшылығымен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен штат саны лимитiнiң шегiнде Комитеттiң құрылымын айқындайды;
3) Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң басшылығына Комитеттің қызметкерлерiн қызметке тағайындау және қызметтен босату жөнiнде ұсыныс енгізедi;
4) Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінің басшылығына Комитеттiң қызметкерлерiн көтермелеу және оларға тәртiптiк жаза қолдану туралы ұсыныс енгізедi;
5) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттiң атынан өкiлдiк етедi;
6) Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң нұсқауы бойынша басқа да тапсырмаларды орындайды.
5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату
18. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.