Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 наурыздагы № 421
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 11 қазандағы № 1109 қаулысы
ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1118 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы істері жөніндегі комитеті туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 наурыздағы № 421 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 16, 164-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы істері жөніндегі комитеті туралы ережеде:
9-тармақта:
1), 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Қазақстан Республикасының басшылығы үшін Тәуелсіз Мемлекеттердің Достастығы (бұдан әрі - ТМД) елдерімен екі жақты және көп жақты қатынастарда және ТМД, Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (бұдан әрі ЕурАзЭҚ), Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт (бұдан әрі - ҰҚШ), Орталық Азия Ынтымақтастығы Ұйымы (бұдан әрі - ОАЫ), Түркі тілдес Мемлекеттердің Мәдениет Министрлерінің Тұрақты Кеңесі (бұдан әрі - ТҮРКІСОЙ), Аралды Құтқару Халықаралық Қоры (бұдан әрі - АҚХҚ) (бұдан әрі - интеграциялық бірлестіктер) шеңберінде Қазақстан Республикасының сыртқы саяси стратегиясы жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
2) ТМД елдерімен екі жақты және көп жақты ынтымақтастық саласында және интеграциялық бірлестіктерде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары қызметінің тиімділігін және үйлестірілген қызметін қамтамасыз ету;";
3) тармақшадағы "ТМД шеңберіндегі Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын мемлекетаралық шарттар мен келісімдердің" деген сөздер "Қазақстан Республикасы ТМД елдерімен жөне интеграциялық бірлестіктер шеңберінде жасасқан, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) терроризмге, сепаратизмге, экстремизмге, заңсыз көші-қонға және заңсыз есірткі айналымына қарсы өрекет жасау жөніндегі интеграциялық бірлестіктерге қатысушы мемлекеттермен ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу;";
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
"6-1) қоршаған ортаны қорғау, трансшекаралық су ресурстарын ұтымды пайдалану саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асыруға жәрдемдесу;";
10-тармақта:
1) тармақшада:
"ұсынымдар" деген сөздің алдынан "Қазақстан Республикасының басшылығына" деген сөздермен толықтырылсын;
"ТМД елдерімен" деген сөздерден кейін "және интеграциялық бірлестіктер шеңберінде" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) интеграциялық бірлестіктер шеңберінде іс-шаралар өткізудің және өткізілетін іс-шараларға Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өкілдері қатысуының орындылығы туралы ұсыныстарды әзірлейді;";
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) Қазақстан Республикасының интеграциялық бірлестіктерге қатысушы мемлекеттермен халықаралық шарттар жасасуы жөнінде келіссөздер жүргізеді;";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) интеграциялық бірлестіктердің жарғылық органдарының мәжілістеріне Қазақстан Республикасының ұстанымы бойынша ұсыныстар әзірлейді;";
4) тармақшада "КО, ОАЭҚ, ХАҚҚ жарғылық органдарымен және басқа аймақтық халықаралық ұйымдармен" деген сөздер "интеграциялық бірлестіктердің жарғылық органдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақшадағы "сапарларды" деген сөзден кейін "және интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі кездесулерді" деген сөздермен толықтырылсын;
11-тармақта:
1) тармақшадағы "ТМД, КО және ОАЭҚ" деген аббревиатуралар "интеграциялық бірлестіктердің" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшада "ТМД елдерімен ынтымақтастықтың" деген сөздер "интеграциялық бірлестіктерге қатысушы мемлекеттермен екі жақты және көп жақты ынтымақтастықтың" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы "ТМД шеңберінде қабылданған шарттар мен келісімдердің" деген сөздер ", интеграциялық бірлестіктерге қатысушы мемлекеттер жасасқан халықаралық шарттардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы "ТМД, КО және ОАЭҚ" деген аббревиатуралар "интеграциялық бірлестіктер" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы "ТМД проблемалары" деген сөздер "Комитеттің құзыретіне жататын проблемалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
15, 16, 17-тармақтардағы "Төраға", "Комитет Төрағасының", "Комитеттің Төрағасы" деген сездер тиісінше "вице-министр-төраға", "вице-министрдің - Комитет төрағасының", "вице-министр Комитеттің төрағасы" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |