Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы N
882 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 7 ақпандағы № 177 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2004 ж. 20 мамырдағы № 565 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Шаруашылық серіктестіктерінде мемлекеттің атынан акциялардың мемлекеттік пакеттеріне және мемлекеттік қатысудың үлестеріне иелік ету және пайдалану құқықтарын жүзеге асырудың жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы № 882 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 29, 285-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
1. "Министрліктер мен агенттіктер шаруашылық серіктестіктерінде мемлекеттің атынан акциялардың мемлекеттік пакеттеріне және мемлекеттік қатысудың үлестеріне иелік ету және пайдалану құқықтарын жүзеге асыру кезінде:";
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) қосымшаға сәйкес Комитетке ақпарат беруді қамтамасыз етсін";
осы қаулыға қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын;
2) 2-тармақ "салалық министрліктер" деген сөздерден кейін "(өзге де мемлекеттік органдар)" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы
7 ақпандағы № 177
қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
29 маусымдағы № 882
қаулысына қосымша
Министрліктер мен агенттіктердің Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру
комитетіне ақпарат беруінің
кестесі
N | Ақпарат | Беру мерзімдері |
1. Акционерлік қоғамдардың (шаруашылық серіктес. жыл сайын, жиналыс өткі.
тіктерінің) акционерлері (қатысушылары) жалпы зілгеннен кейін 5 күннің
жиналыстарының шешімдері ішінде
2. Тексеру комиссияларының қорытындылары жыл сайын, тексеру өткі.
зілгеннен кейін 5 күннің
ішінде
3. Аудит жүргізудің нәтижелері жыл сайын, аудит жүргі.
зілгеннен кейін 5 күн.
нің ішінде
4. Акционерлік қоғамдардың (шаруашылық серіктес. өткізілуіне орай, жина.
тіктерінің) акционерлері (қатысушылары) ке. лыс өткізілгеннен кейін
зектен тыс жалпы жиналыстарының шешімдері 5 күннің ішінде
5. Директорлар кеңесі отырысының шешімі өткізілуіне орай, отыр.
ыстан кейін 7 күннің
ішінде
6. Соттың шешімі (айқындамасы) (олар болған жағ. соттың шешімін (айқында.
дайда) масын) алғаннан кейін 3
күннің ішінде
7. Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне (мемле. тоқсан сайын, келесі ай.
кеттің қатысу үлесіне) дивидендтерді (табыс. дың 5-күніне дейін
ты) аудару туралы мәлімет
8. Акционерлік қоғамдардың (шаруашылық серіктес. шарттарға қол қойылған.
тіктерінің) өздері жасайтын ірі мәмілелердің нан кейін 5 күннің
барлық түрлері бойынша шарттардың көшірмелері ішінде
9. Акционерлік қоғамдардың (шаруашылық серіктес. жарты жылдық, жыл аяқтал.
тіктерінің) қаржы-шаруашылық қызметі туралы ғаннан кейін 45 күннің
жедел есептілік ішінде