"2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының
Заңын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 7 желтоқсан № 1872
"2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 1999 жылғы 11 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының 2000 жылға арналған республикалық бюджеті: 1-қосымшаға сәйкес кірістері бойынша - 291 529 747 мың теңге, алынған ресми трансферттер бойынша 52 037 336 мың теңге, өтелімі бойынша 3 947 607 мың теңге, шығыстар бойынша - 380 870 318 мың теңге, несиелендіру бойынша - 29 034 146 мың теңге, республикалық бюджет тапшылығының шекті мөлшері - 62 389 774 мың теңге немесе жалпы ішкі өнімнің 2,7 проценті мөлшеріне атқаруға қабылдансын.
Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.11.17. № 1733
қаулысымен.
2. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 107-бабының 4-тармағына сәйкес 2000 жылға арналған жер салығының базалық ставкаға коэффициенті 1,81 мөлшерінде белгіленсін.
3. 2000 жылы "Өнімдерді бөлу туралы" келісім-шарттар бойынша алынатын өнімдерді бөлу жөніндегі Қазақстан Республикасының үлесі, Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнының мердігерлік учаскесінен өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімге сәйкес республикалық бюджетке - 90 %, жергілікті бюджетке - 10 % есепке алынатын Батыс Қазақстан облысынан басқа, республикалық бюджетке 100 % мөлшерінде есепке алынады деп белгіленсін.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.11.17. № 1733
қаулысымен.
4. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бірлесе отырып "Байқоңыр" кешені объектілерін пайдаланғаны үшін жалгерлік ақының республикалық бюджетке түсуін қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылдағаннан кейін әрекет ете бастаған актілерімен бекітілген мемлекеттік органдардың штаттық санының лимитіне сүйене отырып айқындалған, мемлекеттік органдардың - республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің әкімшілік шығыстары, соңғы 1-қосымшаға сай бекітілсін.
6. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) өздеріне жүктелген міндеттер мен функцияларға және бюджет заңдарына сәйкес қаржыландырудың ерекше тәртібін ескере отырып, ұлттық қауіпсіздік органдарын ұстауға арналған бағдарламалар бойынша бөлінетін қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етсін.
7. Республикалық бюджетке түсетін нақты түсімдерге сүйене отырып кезең-кезеңмен қаржыландырылатын республикалық бюджеттік бағдарламалардың және кіші бағдарламалардың тізбесі 2-қосымшаға сәйкес мынадай тәртіппен бекітілсін:
бірінші кезеңде (2000 жылдың 1 сәуірінен бастап) бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру 2000 жылдың бірінші тоқсанында іс жүзінде түскен жылдық соманың 20 процентінен кем емес көлемде жүргізіледі;
екінші кезеңде (2000 жылдың 1 шілдесінен бастап) 2000 жылдың бірінші жартыжылдығында іс жүзінде түскен жылдық соманың 45 процентінен кем емес көлемде жүргізіледі;
үшінші кезеңде (2000 жылдың 1 қазанынан бастап) 2000 жылдың 9 айында іс жүзінде түскен жылдық соманың 72 процентінен кем емес көлемде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 2000 жылдың 1 ақпанына дейін мерзімде көрсетілген республикалық бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландырудың тәртібі туралы Ережені әзірлесін және белгіленген тәртіппен бекітсін.
8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
1999 жылдың 6 желтоқсанына дейін мерзімде мемлекеттік сыртқы заемдардың қаражаты есебінен қаржыландырылатын инвестициялық бағдарламаларға, зейнетақы бағдарламаларына және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларға және арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларға бағытталған қаражатты қоспағанда, қаражаттарды жұмсауға арналған айлық лимиттерді республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне хабарласын;
1999 жылдың 6 желтоқсанына дейін мерзімде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне олардың іс жүзінде жинақталған борышын ескере отырып, "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген, жергілікті атқарушы органдар бойынша қарыз алудың жиынтық лимиттері шегінде жергілікті атқарушы органдардың қарыз алу лимитін хабарласын;
2000 жылдың 1 сәуірге дейін мерзімде осы мақсаттар үшін тиісті қаржы жылында республикалық бюджетте көзделген қаражаттан Үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борышқа қызмет көрсетудің және өтеудің тәртібі туралы ережені әзірлесін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізсін;
республикалық бюджетке аумақтар бөлінісінде ай сайынғы түсімдердің болжамын және жергілікті бюджеттерге түсімдерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігіне хабарлап тұрсын;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігімен және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен бірлесе отырып 2000 жылдың 30 қаңтарына дейін республикалық бюджет қаражаты есебінен орындалатын ұйымдардың міндеттемелері бойынша өткен жылдар үшін жинақталған кредиторлық берешектерді шаруашылық жүргізуші субъектілердің республикалық бюджетке төлемдері бойынша берешектерін жабу жолымен өтеу бойынша есептемелерді жүргізудің тәртібін, сондай-ақ осы есептемеге қатысатын субъектілерді айқындайтын Ережені әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізсін;
мүдделі министрліктермен бірлесе отырып 2000 жылдың 10 ақпанына дейін мерзімде 1999 жылы республикалық бюджеттен қаржыландырылған мемлекеттік мекемелердің кредиторлық берешектерін, республикалық бюджеттен жүзеге асырылатын жалақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдерді өтеудің тәртібі туралы Ережені әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізсін;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен бірлесе отырып мемлекеттік тапсырысты орындау шеңберінде қазыналық кәсіпорындармен жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеудің Ережесін әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізсін.
9. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері:
1999 жылдың 11 желтоқсанына дейін мерзімде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі хабарлаған лимиттердің шегінде айлар мен ерекшеліктер (жазылымдар) бойынша бөлінген қаражатты бөлу жөніндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тапсырсын;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бірлесе отырып 2000 жылы республикалық бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) 3-қосымшаға сәйкес нысанда қаржыландыруды жүзеге асырсын;
2000 жылдың 15 қаңтарына дейін республикалық бюджет қаражаты есебінен орындалатын мемлекеттік тапсырыс туралы Ережені белгіленген тәртіпте әзірлесін және бекітсін;
тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алу туралы заңды қатаң басшылыққа алсын және бюджеттік қаражаттың оңтайлы жұмсалуын, адал бәсекелестікті, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу процесіндегі жариялылықты қамтамасыз етсін;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігіне Мемлекеттік сатып алу бойынша өткізілген конкурстар туралы және олардың қорытындылары туралы ақпаратты, оларды орталықтандырылған түрде жариялау үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі белгілеген тәртіппен және нысандарда ұсынсын;
бөлінетін қаражаттың толық игерілуін және мақсатқа сай пайдаланылуын қамтамасыз етсін.
Ескерту. 9-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.11.17. № 1733
қаулысымен.
10. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2000 жылдың 15 қаңтарына дейін бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілерді бюджеттік заңдарға сәйкес келтіру мақсатында 2000 жылға арналған республикалық бюджетте:
автокөлік құралдарын жалға алуға жұмсалатын шығыстарды қоса алғанда шетелдік іссапарларға және халықаралық келіссөздерге;
өкілдік шығыстарға арналған қаражатты пайдаланудың Ережесін әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізсін.
11. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі:
айлық мерзімде, заңдарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының және бұрынғы КСРО-ның жоғары наградаларына ие болған адамдарды әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша "Қазақстан Республикасындағы арнайы мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізсін;
мыналарды:
1999 жылдың 6 желтоқсанына дейін мерзімде Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін көтерудің тәртібі туралы ережені;
2000 жылдың 1 қаңтарына дейін мерзімде Жер асты ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайы өте ауыр жұмыстарда істейтін адамдарға мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау және төлеу тәртібі туралы ережені әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын;
әлеуметтік төлемдердің толық және уақытылы төленуін қамтамасыз етсін.
Ескерту. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.11.17. № 1733
қаулысымен.
12. Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар министрлігі 2000 жылдың 20 қаңтарына дейін мерзімде Кеме жүретін су жолдарын пайдалану үшін ақы алудың ережесін әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізсін.
13. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі 2000 жылдың 1 ақпанына дейін мерзімде Жергілікті атқарушы органдар тартатын заемдардың қаражаты есебінен несиелендірілетін және қаржыландырылатын аймақтық инвестициялық бағдарламаларды Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісудің рәсімі бойынша ережені әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметіне енгізсін.
14. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі 2000 жылдың 15 ақпанына дейін мерзімде 57 "Табиғатты қорғау объектілерін салуға және қайта құруға қатысу" бағдарламасы бойынша көзделген Басымдықты табиғат қорғау объектілерінің тізбесі бойынша іс шараларды іске асыруға 200 млн. теңге сомасындағы қаржыны 1-қосымшаға сәйкес бөлу жөніндегі ұсынысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізсін.
15. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі 2000 жылдың 10 қаңтарына дейін мерзімде мыналарды:
2000 жылға арналған медициналық жәрдемнің тегін кепілдікті көлемін;
республика азаматтарын шет елде емделуге жіберудің ережесін;
азаматтардың жекелеген санатын аурудың түрлері бойынша дәрі-дәрмек құралдарымен және арнайы балалар және емдік дәм-тағам өнімдерімен қамтамасыз етудің ережесін;
амбулаторлық-емханалық және стационарлық ұйымдарда өздеріне дәрігерлік көмек көрсеткені үшін азаматтардан түсетін қоса ақыны белгілеу ережесін әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізсін.
16. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Әділет министрлігі, Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі мен Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (келісім бойынша) 2000 жылдың 1 ақпанына дейін мерзімде Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес білім берудің мемлекеттік мекемелері, санитарлық-эпидемиологиялық мекемелер, сот сараптамасы органдары, туберкулез мекемелері, психоневрологиялық мекемелер, Қазақ республикалық лепрозорийі, ойлау қабілеті төмен балаларға арналған интернат үйлері мен психоневрологиялық интернаттар, мемлекеттік табиғат парктері, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері ұсынған тауарларды сатудан және қызметтер көрсетуден алынатын қаражатты пайдалану ережесін әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізсін.
17. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бірлесіп 2000 жылдың 15 ақпанына дейін мерзімде ұзақ мерзімді кезеңге арналған Қорғаныс өнеркәсібін дамытудың және конверсиялаудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға республикалық бюджетте көзделген 100 млн. теңге сомасындағы қаражатты бөлу жөніндегі ұсынысты Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
18. Облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне:
2000 жылға арналған жергілікті бюджеттің бағдарламалары мен кіші бағдарламаларының тізбесін оларды қаржыландырудың нысандарын анықтай отырып бекіту;
жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне "Мемлекеттік сатып алу туралы" 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы негізінде және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Ережелерге сәйкес келетін Жергілікті бюджеттер есебінен орындалатын мемлекеттік тапсырыс туралы ережені әзірлеуді және бекітуді тапсыру ұсынылсын.
19. Облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне:
2000 жылдың 1 ақпанына дейін жергілікті бюджеттерге түсімдердің ай сайынғы сомасын, белгіленген тәртіппен, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тапсырсын;
2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап, ай сайын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне облыстар мен Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінің атқарылуы туралы есепті Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгілеген тәртіппен және нысанда тапсыру;
жергілікті атқарушы органдарға 2000 жылға белгіленген қарыз алу лимиттерінен тыс жергілікті бюджеттерге қарыз алуға жол бермеу;
1999 жылдың 15 желтоқсанына дейін республикалық бюджеттің алдындағы жергілікті бюджеттердің бұрын алынған бюджеттік несиелерінің (қарыздарының) берешегін өтеудің ай сайынғы кестесін жасау және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің келісіміне енгізу;
көрсетілген берешектің жоғарыда аталған кестеге қатаң сәйкестікте өтелуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
20. Орталық атқарушы органдар 2000 жылдың 10 қаңтарына дейін мерзімде Қазақстан Республикасының бұрын қабылдаған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
21. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 1872 қаулысына 1-ші қосымша
ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.12.24. № 1970
қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.02.12. № 227
қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.02.28. № 306
қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.13. № 381
қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.28. № 451
қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.05.16. № 734
қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.07.08. № 1035
қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.07.08. № 1036
қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.08.03. № 1181
қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.08.17. № 1271
қаулысымен.
Ескерту. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.10.12. № 1523
қаулысымен.
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.11.17. № 1733
қаулысымен.
Ескерту. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.12.21. № 1873
қаулысымен.
Ескерту. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.12.29. № 1955
қаулысымен.
_________________________________________________________________________
|Санат Атауы | Сомасы
| Сынып |
| Ішкі сынып |
| Ерекшелік |
|_______________________________________________________________|_________
| 1 | 2 | 3
|________|______________________________________________________|_________
| |I. Кірістер |291529747
|1 |Салық түсімдері |237726174
| 1 |Кірістерге салынатын табыс салығы | 61266777
| 1 |Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы | 60111391
| 1 |Резидент заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы | 46392057
| 2 |Резидент емес заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы | 2034359
| 3 |Резидент заңды тұлғалардан алынатын төлем көзінен | 2487435
| |ұсталатын табыс салығы |
| 4 |Резидент емес заңды тұлғалардан алынатын төлем көзінен| 9197540
| |ұсталатын табыс салығы |
| 2 |Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы | 1155386
| 1 |Жеке тұлғалардан алынатын төлем көзінен ұсталатын | 1133807
| |табыс салығы |
| 2 |Кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын жеке тұлғалардан | 21579
| |алынатын табыс салығы |
| 3 |Әлеуметтік салық | 19844886
| 1 |Әлеуметтік салық | 19844886
| 1 |Заңды тұлғалар 26 және 25,5 процент ставка бойынша, | 19844886
| |сондай-ақ шаруа (фермер) қожалықтарынан басқа, |
| |патентсіз кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын жеке |
| |тұлғалар төлейтін әлеуметтік салық |
| 4 |Меншікке салынатын салықтар | 742797
| 1 |Мүлікке салынатын салықтар | 411905
| 1 |Заңды тұлғалардың мүлкіне салынатын салықтар | 383150
| 2 |Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықтар | 28755
| 2 |Бағалы қағаздардың эмиссиясын тіркеу үшін және | 141531
| |мемлекеттік тіркеуге жатпайтын акциялар эмиссияларына |
| |ұлттық бірдейлендіру нөмірін бергені үшін алым |
| 1 |Бағалы қағаздардың эмиссиясын тіркеу үшін және | 141531
| |мемлекеттік тіркеуге жатпайтын акциялар эмиссияларына |
| |ұлттық бірдейлендіру нөмірін бергені үшін алым |
| 3 |Жер салығы | 115300
| 1 |Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын жер | 750
| |салығы |
| 2 |Елді мекендердің жерлеріне салынатын жер салығы | 4000
| 3 |Өнеркәсіп, байланыс, көлік және өзге де | 110550
| |ауылшаруашылық емес мақсаттағы жерлерге салынатын |
| |жер салығы |
| 4 |Көлік құралдарына салынатын салық | 74061
| 1 |Заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық | 36739
| 2 |Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық | 37322
| 5 |Тауарларға, жұмыстарға және қызмет көрсетулерге |136731477
| |салынатын ішкі салықтар |
| 1 |Қосылған құнға салынатын салық |102290988
| 1 |Ішкі өндіріс тауарларына, жұмыстар мен қызмет көрсету.| 65597488
| |лерге салынатын қосылған құн салығы |
| 2 |Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін | 36693500
| |тауарларға салынатын қосылған құн салығы |
| 2 |Акциздер | 17186642
| 1 |Спирттің барлық түрлері | 1156005
| 2 |Арақ | 2584995
| 3 |Ликер-арақ бұйымдары | 785950
| 4 |Шараптар | 112065
| 5 |Коньяктар | 8535
| 6 |Шампан шараптары | 7410
| 7 |Сыра | 289172
| 8 |Күшейтілген сусындар, күшейтілген шырындар мен | 107400
| |бальзамдар |
| 9 |Бекіре және албырт балықтар, бекіре және албырт | 76600
| |балықтың уылдырығы, бекіре және албырт балықтар мен |
| |олардың уылдырығынан дайындалған жеңсік тағамдар |
| 10|Темекі бұйымдары | 2302526
| 16|Импортталатын тауарлар | 1066598
| 18|Шарап материалдары | 27300
| 19|Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) | 1000000
| 20|Дизель отыны | 170000
| 23|Құмар ойындар бизнесі | 7500
| 28|Электр энергиясы | 1493235
| 29|Газ конденсатын қоса алғанда шикі мұнай | 925691
| 30|Мұнай өңдейтін зауыттарда сатылатын бензин | 3500000
| 31|Бөлшек саудада сатылатын бензин | 429610
| 32|Мұнай өңдейтін зауыттарда сатылатын дизель отыны | 1050996
| 33|Бөлшек саудада сатылатын дизель отыны | 85054
| 3 |Табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін | 16115432
| |түсетін түсімдер |
| 3 |Суға төлем | 1285
| 5 |Бонустар | 692890
| 6 |Роялтилер | 12613135
| 8 |Жасалған келісім-шарттар бойынша өнімдер бөлу | 1981000
| |жөніндегі Қазақстан Республикасының үлесі |
| 9 |Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық | 729190
| |құралдар мен жоғары жиілік құрылғыларын пайдалануға |
| |беруге байланысты төлемдерді қоса алғанда, Қазақстан |
| |Республикасының радиожиілік ресурстарын пайдалану |
| |ақысы |
| 11|Жануарлар дүниесін пайдалану ақысы | 97932
| 4 |Кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені үшін | 1138415
| |алынатын алым |
| 1 |Кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын жеке тұлғаларды | 3887
| |тіркегені үшін алынатын алым |
| 2 |Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін | 53276
| |лицензиялық алым |
| 3 |Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын | 9519
| |алым |
| 4 |Аукциондық сатудан алынатын алым | 113
| 5 |Базарларда тауар сату құқығы үшін алым | 70570
| 6 |Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік | 1001050
| |құралдарының жүргені үшін алынатын алымдар |
| 6 |Халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға салынатын | 16800932
| |салықтар |
| 1 |Кеден төлемдері | 12684932
| 1 |Импорттық кеден баждары | 12599932
| 2 |Әкетілетін тауарларға кеден баждары | 85000
| 2 |Халықаралық сауда мен операцияларға салынатын басқа да| 4116000
| |салықтар |
| 1 |Кедендік бақылауды және кедендік рәсімдерді жүзеге | 4066000
| |асырудан түсетін түсімдер |
| 2 |Отандық тауар өндірушілерді қорғау шаралары ретінде | 50000
| |салынатын баждар |
| 7 |Басқа да салықтар | 2339305
| 1 |Басқа да салықтар | 2339305
| 1 |Берешектің республикалық бюджетке түсімі | 2339305
|2 |Салыққа жатпайтын түсімдер | 30594979
| 1 |Кәсіпкерлік қызмет пен меншіктен түсетін кірістер | 8937099
| 1 |Ведомстволық кәсіпорындардың тауарлар өткізу мен | 55700
| |қызметтер көрсетуді пайдамен жүргізуден түскен іс |
| |жүзіндегі табысы |
| 1 |Мемлекеттік кәсіпорындар пайдасының үлесі | 55700
| 2 |Заңды тұлғалардан және қаржы мекемелерінен түсетін | 8851399
| |салыққа жатпайтын түсімдер |
| 1 |Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің кірісінен | 3201905
| |алынатын түсімдер |
| 2 |Қазақстан Республикасы Үкіметінің депозиттері бойынша | 1275000
| |алынған сыйақылар (мүдделер) |
| 3 |Мемлекет меншігі болып табылатын акциялардың пакетіне | 1142200
| |дивидендтерден түсетін түсімдер |
| 4 |Мемлекеттік сыртқы займдарды екінші деңгейдегі банктер| 100000
| |шоттарында орналастырудан түсетін сыйақылар (мүдделер)|
| 5 |Тәркіленген, иесіз мүліктерді, қымбат металдар мен | 235316
| |шетел валютасы түріндегі көмбелер мен олжаларды, |
| |сондай-ақ Азаматтық кодексте көзделген жағдайларды |
| |қоспағанда, мемлекетке мұрагерлік құқық бойынша өткен |
| |мүліктерді сатудан алынатын түсімдер |
| 6 |Республика ішіндегі берілген кредиттер үшін алынатын | 616691