Қазақстан Республикасында Әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық
іс-қимылдар жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
19 шілдедегі № 999 қаулысы
(2006.09.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2006.29.06. № 600 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстанда әйелдердің жағдайын жақсарту, әйелдердің жағдайы жөніндегі IV Бүкіл дүниежүзілік конференцияның (Пекин, 1995 ж.) іс-қимылдар тұғырнамасын іске асыру мақсатында:
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасында Әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық іс-қимылдар жоспары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасында Әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі іс-қимылдардың ұлттық жоспарын белгіленген тәртіппен Біріккен Ұлттар Ұйымының Әйелдердің жағдайы жөніндегі комиссиясына жіберсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Н. Балғымбаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 19 шілдедегі
№ 999 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасында
Әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі
іс-қимылдардың ұлттық жоспары
Кіріспе
Қазақстан Республикасы - өзінің негізгі мақсат-мұраты қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігі үшін экономикалық даму, мемлекет өміріндегі толғақты мәселелерді демократиялық жолмен шешу деп жариялаған, жас, егемен мемлекет.
Нарықтық қатынастарға көшуге байланысты Қазақстан халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту жөнінде Үкімет қабылдаған шаралар ойдағыдай нәтижелер бермеді.
Жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім азайды, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі кеміді, жұмыссыздық ұлғайды, халықта баланың тууы азайып, өлім көбейіп кетті, көші-қон құбылысы үдей түсті, соның салдарынан республика тұрғындарының саны кеміді.
Елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту үшін "Қазақстан 2030" ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламасы қабылданды. Ұзақ мерзімді басымдықтар ретінде мыналар айқындалады:
шетелдік инвестициялардың және ішкі қорлардың жоғары деңгейімен қатар ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу,
Қазақстанның экономикалық ресурстарын тиімді пайдалану;
Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты;
осы заманғы инфрақұрылымды дамыту және басқалар.
1999 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанда 8038 мың әйел болды, бұл халықтың жалпы санының 51,4 процентін құрайды. Әйелдердің еңбекке қабілетті жасқа дейінгісі - 29,8%, еңбекке жарамды жастағысы 53,7%, еңбекке жарамды жастан асқаны - 16,5%. Әйелдердің 56%-і қалалар мен қала төңірегінде тұрады. 1997 жылы әйелдердің орташа өмір сүруінің ұзақтығы 70,2 жыл болды, бұл еркектерге қарағанда 11,2 жыл ұзақ (59 жыл). Ұлттық іс-қимылдар жоспарын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы мен әйелдер істері жөніндегі Ұлттық комиссия БҰҰ ұсынған нұсқаға сәйкес, қоғамдық ұйымдардың және халықаралық ұйымдардың қатысуымен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жасады.
Стратегиялық мақсат - "Қазақстан - 2030" ұзақ мерзімді даму стратегиясына сәйкес әйелдердің қоғамдық-саяси өмірдегі белсенділігі мен ролін арттыру және әйелдердің жағдайын жақсарту үшін мүмкіндіктер жасау және пәрменді тетіктер дайындау.
А. Әйелдер және кедейлік
Нарыққа көшу, өндірістің құлдырауы, бүкіл шаруашылықты жүргізу жүйесінің қайта құрылымдалуы, адамдардың кәсіпкерлік тәжірибесі және бастапқы капиталы болмауы, әлеуметтік кепілдіктер жүйесінің өзгеруі республика халқының едәуір бөлігінің тіршілік дәрежесі төмендеуіне әкеліп соқтырды.
Салық түсімдері есебінен өмір сүріп келген және, көбінесе, кәсіпорындардың меншігі болып табылатын бүкіл әлеуметтік сала аса қиын қаржы тапшылығына ұшырады.
Ең алдымен, көп балалы аналар мен асыраушысынан айрылған отбасылар, зейнеткерлер мен мүгедектердің үлкен бөлігі, жұмыссыздар, сондай-ақ жалақысын дер кезінде алмайтын қызметкерлер, еңбегіне ақы аз төленетін бюджеттік ұйымдардың өкілдері, жұмысқа қабілетсіз жастар кедейлердің арасына тап болды. Бұл ретте қалалықтарға қарағанда, ауыл халқы кедейірек тұрады.
Халықтың кірісінің негізгі көзі жалақы болып отыр.
Орташа айлық жалақы 1998 жылы 9682 теңгені (124 АҚШ долларын) құрады. Әйел еңбегі басым секторларда (білім беру, денсаулық сақтау, қызмет көрсету салаларында) республикадағы ресми орташа жалақыдан үштен бір еседен астам төмен. Күнкөрістің ең азы айына 3,3 мың теңге жағдайында, ел бойынша орташа алғанда жан басына шаққандағы ақшалай табыс айына 3 мың теңгеге жуық қана болды. Аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қолдау үшін Үкімет белгілі дәрежеде шаралар қолдануда. Мәселен, 1999 жылға дейін балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек жәрдемақылардың мынадай бес түрі бойынша көрсетіліп келді:
бірыңғай;
7 жасқа дейінгі төрт және одан көп баласы бар, жұмыс істемейтін, көпбалалы аналарға;
адамның шалдыққан иммунтапшылығы вирусын жұқтырған балаларға немесе СПИД-пен ауыратындарға;
қысқа мерзімді әскери қызметшілердің балаларына;
үйде тәрбиеленетін және оқу оқитын, мүгедек балаларға.
Бұл ретте бірыңғай жәрдемақы аз қамтылған отбасыларына ғана тағайындалып келді, жәрдемақылардың қалған бөлігі халықтың неғұрлым әлеуметтік-осал санаттарына олардың кірістеріне қарамастан беріліп отырды.
1998 жылы балаларға арналған жәрдемақыны жан басына шаққандағы орташа айлық жиынтық кірісі екі есептік көрсеткіштен аспаған отбасылары алды. Бұл көрсеткіш зейнетақыларды, жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін пайдаланылады және жыл сайын республикалық бюджет туралы заңда бекітіліп отырады. Өткен жылы оның мөлшері 645 теңгені (8,2 АҚШ долларын) құрады. Бірыңғай жәрдемақымен 923,2 мың бала қамтылып, жәрдемақының барлық түрлерін алатындардың 98%-ін құрады.
Одан басқа, тұрғын үй жәрдемақылары тұрғын үйді ұстаудың және коммуналдық қызметтерді тұтынудың ақысына жұмсаған шығындары іс жүзінде жиынтық жүзінде жиынтық табысының 30 процентінен асып кеткен, аз қамтылған отбасыларына төленді.
1999 жылдан бастап жәрдемақылар атаулы көмекпен ауыстырылды, ол балалы отбасыларына, адамның тууы мен өлуі жағдайларында, сондай-ақ тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметті тұтынуға ақы төлеу үшін берілетін болады.
Әлеуметтік көмек жергілікті бюджеттерден қаржыландырылады. Жергілікті бюджеттерді қалыптастыру үшін де, жұмсау үшін де жауаптылықта болатын жергілікті атқарушы өкімет органдары әкімшілер ретінде әрекет етеді. Отбасының атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждылық шегінің мөлшері әкімдердің шешімдерімен айқындалады.
Қазақстанда кедейлікті азайту үшін айқындаушы кезең жұмыс орындары жасалуын және жалақы ұлғайтылуын қамтамасыз ететін ауқымды да тұрақты өркендеу болуы тиіс.
Халықтың кірісі саясатында негізгі міндет еңбекке ақы төлеу, оның ішінде жалақының ең аз мөлшерін күнкөрістің ең аз мөлшеріне дейін біртіндеп жеткізу, барлық ақшалай кірістердің жариялылығын ынталандыру және мемлекеттік мекемелер қызметшілердің еңбегіне ақы төлеудің жалпы деңгейін көтеру жолымен оны ұлғайту болып табылады. Әлдеқандай себептермен жұмыс таба алмай жүрген еңбекке жарамды тұрғындар шағын несиемен кеңінен қамтылатын болады.
А. бөлімі бойынша іс-шаралар жоспары. Әйелдер мен кедейлік
Рет N | Мақсаты және міндеттері | Нақты іс-әрекеттер | Аяқтау нысаны |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 2 3 | Елдің әлеуметтік-эконо- микалық жағдайы жақса- руына қарай отбасы мен әйелдерді әлеуметтік қорғау жүйесін жетілді- ру Аз қамтылған және әлеу- меттік қысым көрген әйелдерді қолдау Мекен-жайлы адамгерші- лік көмек | "Әлеуметтік қамсыздандыру- дың ең аз нормалары туралы ХЕҰ-ның N 102 конвенциясы- на қосылу Отбасына қолдау жөнінде бағдарлама қабылдау Қоғамдағы мүгедектерді сауықтыру және интегра- циялау бағдарламасын әзірлеу Әйелдер, жас өспірімдер мен балалар үшін әлеумет- тік бейімделу орталықтарын құру Аз қамтылған отбасылары үшін балалар бақшаларын ұйымдастыру Аз қамтылған отбасыларына адамгершілік көмектердің жеткізілуін үйлестіру | Конвенцияға қосылу Қазақстан Респуб- ликасы Үкіметінің қаулысы Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Әкімдердің шешімдері Әкімдердің шешімдері Үкіметтің қаулысы |
таблицаның жалғасы
Жауапты атқарушылар | Атқару мерзiмi | Қаржыландыру көздерi |
5 | 6 | 7 |
Еңбекәлеуметмин, ІІМ, Отба- сы және әйелдер iстерi жөніндегі ұлттық комиссия КДА, Отбасы және әйелдер iстерi жөніндегі ұлттық комиссия, облыстардың, Астана және Алматы қалала- рының әкiмдерi Еңбекәлеуметмин, облыстар- дың, Астана және Алматы ққ. әкiмдерi Облыстардың, Астана және Алматы ққ. әкiмдерi Облыстардың, Астана және Алматы ққ. әкiмдерi, ІІМ, қоғамдық бiрлестiктер (келісім бойынша) Отбасы және әйелдер iстерi жөніндегі ұлттық комиссия, Еңбекәлеуметмин, ІІМ, Денбілімспортмин | 2005 ж. 2005 ж. 1999 ж. 2005 ж. 2005 ж. 2002 ж. | Жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты шегiнде, халықаралық ұйымдардың гранттары мен инвестициялары Жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты шегiнде, халықаралық ұйымдардың гранттары мен инвестициялары Халықаралық ұйымдар, заңды және жеке тұлғалар |
Б. Әйелдердің білімі және оларды оқыту
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, барлық азаматтарға, олардың жынысына қарамастан, мемлекеттік оқу орындарында орта білім алуына кепілдік беріледі. Қазақстан азаматтарының конкурстық негізде мемлекеттік оқу орындарында жоғары білім алуға құқығы бар. Білім беру мемлекеттің бақылауында болады, мемлекет оның міндетті стандарттарын белгілеп отырады.
Қазақстан Республикасының конституциясына сәйкес барлық азаматтарға, олардың жынысына қарамастан, мемлекеттік оқу орындарында міндетті орта білім алу қамтамасыз етіледі. Қазақстанның азаматтарының конкурстық негізде мемлекеттік оқу орындарында тегін жоғары білім алуға мемлекет құқығы бар. Білім беру мемлекеттің бақылауында болады, мемлекет оның міндетті стандарттарын белгілеп отырады.
Қазақстанда білімді әйелдер еркектерден көбірек. Жоғары және орта арнаулы білімі бар мамандардың арасында олар 62%-ті құрайды.
Білім беру жүйесінде жұмыс істейтін әйелдердің зиялылық өресі жоғары (77%). Соған қарамастан, 16 облыстық және қалалық оқу басқармалары бастықтарының арасында 7 ғана әйел бар (44%). Жоғары оқу орындарындағы басшылардың арасында әйелдердің проценті өте төмен. 51 мемлекеттік жоғары оқу орнының арасында екеуінің ғана ректоры әйел (4%).
Жоғары білімді мемлекеттік білім гранттары немесе несиелері арқылы да алуға болады. Бұл жағдайда ең алдымен кедей отбасыларының балалары мен ауылды жерлерде оқығандар қиыншылық көруде. Аз қамтылған отбасыларында қыздардың білім алуына жете көңіл бөлінбейді.
Балабақшаларда сәбилерді ұстаудың ақысы көтеріле түсуде. 1991 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі балалар торабы 80%-ке дерлік қысқарды.
Білім беру саласындағы негізгі міндеттер: қаржылық ресурстарды, әсіресе ауылдық мектептер үшін үнемді пайдалану, дәріс берудің әдістемелерін жетілдіру, аз қамтылған отбасылары балаларының білім алуына жол берілуін қамтамасыз етуге көбірек көңіл бөлу, мүгедек балаларды кәдімгі мектептерге тарту болып табылады.
Б. бөлімі бойынша іс-шаралардың жоспары.
Әйелдердің білімі және оларды оқыту
Рет N | Мақсаты және міндеттері | Нақты іс-әрекет | Аяқтау нысаны |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 2 | Халыққа гендерлік (әлеуметтік-құқықтық) білім беру Әйелдердің экономика- лық, құқықтық және кә- сіби сауаттылығын арттыру | Жыныстық ғұрыптарды жою мақсатында жаңа оқулық- тарды шығару кезінде ген- дерге байланысты көзқарас- ты енгізу Жоғары және орта оқу орын- дары жүйесінде гендер пәндерін енгізу Еңбекке тәрбиелеу, оқыту және даярлау мәселелері жөнінде тернинг орталық- тарын құру Жұмыссыздардың арасынан әйелдерді нарықтық эконо- микаға қажетті дағдылар мен білімдерге үйрету Әйелдерді, оның ішінде жұмыссыздарды, олардың біліктілігі мен өзін өзі жұмыспен қамтуын арттыру мақсатында компьютерлік білім алуын және жаңа технологияларға қол жет- кізуін қамтамасыз ету | Министрдің бұйрықтары Орталықтар құру Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес |
таблицаның жалғасы