Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Шағын кәсіпкерлікті
дамыту жөніндегі комиссия туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 ж. 6 шілдедегі № 935 Қаулысы
(ҚР Үкіметінің 15.02.00 ж. № 252; 19.03.01 ж. № 355;
28.08.01 ж. № 1116; 19.12.01 ж. № 1654; 01.02.02
ж. № 153 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасының 07.08.02 ж. № 833 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 1998 жылғы 31 желтоқсандағы Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссия туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссияның құрамы бекітілсін.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері бір ай мерзімде шағын кәсіпкерлікті дамыту жөнінде комиссиялар құрсын және олардың ережесін бекітсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | Н. Балғымбаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1999 жылғы 6 шiлдедегi
№ 935 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Yкіметінің жанындағы
Шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегі комиссия туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегі комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Комиссия өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы консультациялық-кеңесшi органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша құрылатын жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметi мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
2. Комиссияның мiндеттерi
3. Қазақстан Республикасының "Шағын кәсіпкерлiктi мемлекеттік қолдау туралы" Заңын iске асыру жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыруға жәрдемдесу.
4. Заңдарда белгіленген тәртiппен кәсіпкерлердiң мүдделерiн бiлдiру, заңды құқықтарын қорғау және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының жобаларын қабылдау, (дайындау) кезiнде олардың пiкiрлерiн ескеру.
5. Кәсiпкерлердiң қоғамдық бiрлестiктерiнiң конструктивтi бастамаларын қолдау, әр кәсiпкердiң экономикалық дамыған мемлекет құрудағы және республика азаматтарының әл-ауқатын арттырудағы белсендi өмірлiк позицияларын насихаттау.
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шағын кәсiпкерлiктi дамыту мәселелерi жөніндегі қаулыларын бастамашылықты дайындау және оларды сараптауға қатысу.
7. Шағын кәсiпкерлiктi қолдау және қорғау жөніндегі мақсатты бағдарламалар мен жобаларды әзiрлеуге, үйлестiруге және iске асыруға жәрдемдесу.
3. Комиссияның құрамы
ҚР Үкіметінің 15.02.00 ж. № 252 қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 19.03.01 ж. № 355 қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда
8. Комиссияға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары басшылық жасайды.
ҚР Үкіметінің 15.02.00 ж. № 252 қаулысымен 9-тармақ алынып тасталды
9. алынып тасталды
ҚР Үкіметінің 15.02.00 ж. № 252 қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 01.02.02 ж. № 153 қаулысымен 10-тармақ толықтырылды
10. Комиссияның жеке құрамын Комиссияның жұмыс органының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Комиссияның құрамына мемлекеттік органдардан мемлекеттік органның бiрiншi басшысының орынбасары деңгейiнде мәртебесi бар өкiлдер енгiзiледi, қоғамдық бiрлестiктерден шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн саны кемiнде үштен бiрiн құрайтын республикалық қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi енгiзiледi.
ҚР Үкіметінің 15.02.00 ж. № 252 қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда
11. Комиссияның жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігіне жүктеледі.
12. Комиссияның шешiмi ашық дауыс беру жолымен қарапайым көпшiлiк дауыспен қабылданады және, егер оған Комиссия мүшелерi жалпы санының көпшiлiк дауысы берiлсе қабылданған деп есептеледi. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешiм қабылданған болып саналады.
ҚР Үкіметінің 15.02.00 ж. № 252 қаулысымен 13-тармақ өзгертілді
13. Комиссияның шешiмiне Комиссияның төрағасы қол қояды.
14. Комиссия мүшелерiнiң, оны бiлдiрген жағдайда, жазбаша түрде мазмұндалуы және Комиссия отырысының хаттамасына қоса берiлуi тиiс ерекше пiкiрге құқығы бар.
ҚР Үкіметінің 15.02.00 ж. № 252 қаулысымен 15-тармақ өзгертілді
15. Комиссияның жұмыс органы:
Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныс дайындайды;
Комиссия шешiмдерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi және бақылайды;
Комиссияның мүшелерi мен оның қызметiне тартылған мамандардың жұмысын үйлестiредi.
4. Комиссия қызметiнiң негізгі бағыттары
16. Комиссия өзiнiң мiндеттерiне сәйкес:
шағын бизнестiң салалық, кәсiби және аумақтық одақтарымен, ассоциацияларымен және шағын бизнес бiрлестiктерiмен, басқа да кәсiпкерлік құрылымдармен өзара iс-қимыл жасайды;
келісілген шешiмдердi пысықтау және шағын бизнес саласындағы мемлекеттік саясатты жетiлдiру үшiн уәкiлетті мемлекеттік органмен, сондай-ақ шағын кәсіпкерлiкті қолдауды жүзеге асыратын басқа да мемлекеттік органдармен тұрақты өзара iс-қимылды жүзеге асырады;
департаменттермен, комитеттермен, басқармалармен және атқарушы өкiметтің басқа да аумақтық органдарымен өзара iс қимылды жүзеге асырады. Осы мақсатта оларға тиiстi органдар мен ұйымдардың өкiлдерiн шақыра отырып, Комиссияның бiрлескен тақырыптық отырыстарын ұйымдастырады;
заңдарда белгiленген тәртiппен шағын кәсіпкерлiктің өкiлдерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі шешiмдерiнiң жобасын дайындауға, шағын кәсiпорындарға, шағын бизнес саласындағы кәсiпкерлердiң одақтарына, бiрлестiктерiне, ассоциацияларына ұйымдастырушылық, қаржылық, материалдық-техникалық көмектер көрсету жөніндегі iс-шараларды әзiрлеуге тартады;
заңдарда белгiленген тәртiппен шағын кәсiпкерлiктiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын бастамашылдықты дайындау мен сараптауды жүзеге асырады;
шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың мемлекеттік, аумақтық және салалық бағдарламаларын әзiрлеуге, оларды үйлестiрудi және iске асыруды қамтамасыз етуге қатысады;
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң, олардың бiрлестiктерiнің, одақтарының, ассоциацияларының оларды iске асыруға қатысуымен, аймақтардың өзектi әлеуметтiк-экономикалық проблемаларын шешуге бағытталған бағдарламаларды әзiрлеуге қатысады;
шағын кәсiпкерлiк саласындағы жобалар мен бағдарламаларға сараптама жүргiзедi және оларды қаржыландыру мен iске асыруға ұсыным жасайды.
5. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру
ҚР Үкіметінің 19.03.01 ж. № 355 қаулысымен 17-тармақ өзгертілді
17. Комиссия өз қызметiн жүзеге асыру үшiн:
заңдарда белгіленген тәртiппен Комиссияның жұмысы үшiн ғалымдардың, беделдi кәсіпкерлердiң, басқару органдары өкiлдерiнiң және басқа да мамандардың қатарынан сарапшылар мен консультанттарды тартады;
уақытша және тұрақты iстейтiн сараптамашылар мен жұмыс топтарын ұйымдастырады;
белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiнен және өкiметтiң атқарушы органдарынан қажеттi ақпараттар, талдаулық, анықтамалық-статистикалық материалдар, сондай-ақ ведомстволық және нормативтiк құқықтық-актiлер алады;
жергілікті атқарушы органдар жанындағы Шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссияның қызметін үйлестіреді.
18. Комиссия өзiнiң жұмысын реттейтiн iшкi құжаттарды дербес қабылдайды.
ҚР Үкіметінің 15.02.00 ж. № 252 қаулысымен 19-тармақ алынып тасталды
19. алынып тасталды
20. Комиссияның отырысын қажеттілiгiне қарай, бiрақ кемiнде тоқсанына бiр рет Комиссияның төрағасы шақырады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
6 шілдедегі № 935 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 15.02.00 ж № 252 қаулысымен қосымша жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 19.03.01 ж. № 355 қаулысымен қосымша жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 28.08.01 ж. № 1116 қаулысымен құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінің 19.12.01 ж. № 1654 қаулысымен құрам өзгертілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы
Шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссияның
құрамы
Мәсімов - Қазақстан Республикасы Премьер-
Кәрім Қажымқанұлы Министрінің орынбасары, төраға
Досаев - Қазақстан Республикасы Табиғи
Ерболат Асқарбекұлы монополияларды реттеу, бәсекелестікті
қорғау және шағын бизнесті қолдау
жөніндегі агенттігінің төрағасы
Мейрамбеков - "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры"
Теміржан Қадырбекұлы ЖАҚ басқармасының төрағасы
(келісім бойынша)
Коржова - Қазақстан Республикасының Қаржы
Наталья Артемовна вице-министрі
Нефедов - Қазақстан Республикасының Энергетика
Петр Петрович және минералдық ресурстар
вице-министрі
Нұрқиянов - Қазақстан Республикасының Ауыл
Төлеухан Мұратқанұлы шаруашылығы вице-министрі
Толқаншынов - Қазақстан Республикасының Әділет
Әнуар Құрманбайұлы вице-министрі
Өмірбаев - Қазақстан Республикасының Еңбек
Әділхан Әбдірахманұлы және әлеуметтік қорғау вице-министрі
Мұхамеджанов - Қазақстан Республикасының Қаржы
Бектас Ғафурұлы министрлігі Мемлекеттік сатып алу
жөніндегі комитетінің төрағасы
Белоног - Қазақстан Республикасы Денсаулық
Анатолий Александрович сақтау ісі жөніндегі агенттігі
төрағасының орынбасары, Қазақстан
Республикасының бас Мемлекеттік
санитарлық дәрігері
Елшібеков - Қазақстан Республикасының
Серікбек Кеңесбекұлы Мемлекеттік кіріс министрлігі
Әкімшіліктендіру департаментінің
директоры
Нәубетова - Қазақстан Республикасы Министрінің
Рашида Аронқызы - Қазақстан Республикасының
Президенті жанындағы Отбасы және
әйелдер істері жөніндегі Ұлттық
комиссиясы төрағасы хатшылығының
сектор меңгерушісі
Абт - Қарағанды облысы кәсіпкерлер
Николай Викторович қауымдастығының президенті
(келісім бойынша)
Әділбеков - Ақмола облысы әкімінің орынбасары
Дәурен Зәкенұлы
Бессонов - Қазақстан Республикасы Жиһаз және
Евгений Анатольевич ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары
қауымдастығының вице-президенті
(келісім бойынша)
Бижкенова - Астана қаласындағы адвокаттар
Раушан Ермекқызы алқасының "Шағын бизнес адвокатурасы"
заң кеңесінің меңгерушісі
(келісім бойынша)
Казанцев - Астана қаласы кәсіпкерлерінің
Павел Олегович құқықтарын қорғау жөніндегі
қауымдастығының президенті
(келісім бойынша)
Кәкімжанова - техникалық ынтымақтастық
Жарқын Әулиеханқызы жөніндегі (GTZ) неміс қоғамы
өкілінің орынбасары, Қазақстандағы
шағын және орта кәсіпкерлікті
қолдаудың аймақтық жобасының
үйлестірушісі (келісім бойынша)
Касумов - Қазақстан фермерлер "ҚазАгро"
Борис Ибрагимович ұлттық федерациясының президенті
(келісім бойынша)
Захаров - Алматы кәсіпкерлері
Андрей Михайлович қауымдастығының вице-президенті
(келісім бойынша)
Смагин - Қазақстанның Рыноктар және
Алексей Петрович кәсіпкерлер қауымдастығының вице-президенті
(келісім бойынша)
Мамин - Қазақстан Республикасының
Асқар Ұзақбайұлы Көлік және коммуникациялар
вице-министрі
Мұртазаев - Қазақстан Республикасының
Мұрат Арзаұлы Экономика және сауда
вице-министрі
Кононова - Қазақстан Республикасының
Татьяна Ильинична Сауда-өнеркәсіп палатасы одағының
вице-президенті (келісім бойынша)
Тоқаев - "Шағын кәсіпкерлік жөніндегі
Әкбар Қуанышбайұлы республикалық ақпараттық-көрме
орталығы" жабық акционерлік
қоғамының президенті (келісім
бойынша)
Доскенов - Кәсіпкерлердің Орталық Қазақстан
Талғат Қазкенұлы қауымдастығының президенті
(келісім бойынша)
Резван - "Алматы қаласы қоғамдық
Василий Александрович тамақтандыру және қызмет көрсетулер саласы
кәсіпорындарының комитеті" қоғамдық
бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)