Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 6 шiлдедегi № 935
қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 1 ақпандағы № 153 қаулысы
Қазақстан Республикасының 07.08.02 ж. № 833 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөніндегі комиссияның жұмысын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 6 шiлдедегi № 935 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 34, 298-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөніндегі комиссия туралы ереже:
10-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Комиссияның құрамына мемлекеттік органдардан мемлекеттік органның бiрiншi басшысының орынбасары деңгейiнде мәртебесi бар өкiлдер енгiзiледi, қоғамдық бiрлестiктерден шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн саны кемiнде үштен бiрiн құрайтын республикалық қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi енгiзiледi.";
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |