Арнайы жер қорын құру және бөлу тәртібін бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 30 қазандағы
№ 1312 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды
"Жер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
Кіріспе өзгерді - ҚР Үкіметiнiң 2001.08.29. № 1123 қаулысымен.
1. Арнайы жер қорын құру және бөлудiң қоса берiлiп отырған Тәртібі бекітілсiн.
2. "Халық депутаттары жергiлiктi Кеңестерiнiң қарамағына беру үшiн пайдаланылмаған және ұтымсыз пайдаланылып жүрген жерлердi жүйелi түрде анықтау тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 4 қарашадағы № 938 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 43, 644-бап) күшiн жойған деп танылсын.
3. Осы қаулы жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1996 жылғы 30 қазандағы № 1312 қаулысымен
Бекiтiлген
Арнайы жер қорын құру және бөлу
ТӘРТIБI
Мәтіндегі "Қазақстан Республикасы Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитетінің", "жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі аудандық комитетіне", "жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі аудандық комитеті" деген сөздер тиісінше "Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органның", "жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органға", "жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметiнiң 2001.08.29. № 1123 қаулысымен.
1. "Жер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы Заңына сәйкес ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлер арасында жердi қайта бөлу мақсатымен арнайы жер қоры құрылады.
1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметiнiң 2001.08.29. № 1123 қаулысымен.
2. Арнайы жер қоры мақсатты пайдаланылмаған және заңдарды бұза отырып пайдаланылған ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердiң, сондай-ақ олардан жер учаскелерiнiң иелерi мен жер пайдаланушылар бас тартқан жерлердiң есебiнен құрылады.
Арнайы жер қорына санитарлық нормалар мен талаптарды қанағаттандыратын, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрудi жай-күйi көтермейтiн жер учаскелерi енгiзiледi.
3. Жер учаскелерiн арнайы жер қорына жатқызу үшiн анықтау жердi түгендеу барысында, сондай-ақ жер заңдарын сақтауға бақылау жасау тәртібімен жұмыстарды жүйелi түрде орындау, жерге орналастыру сызбалары мен жобаларын әзiрлеу, жер кадастры мен жер мониторингiн жүргiзу барысында Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық органдары мен өндiрiстiк бөлiмшелерi жүзеге асырады.
Жердi түгендеу аудандық атқарушы органның өтiнiмi бойынша жүргiзiледi.
4. Мақсатына пайдаланылмаған және заңдарды бұза отырып пайдаланылған жерлердi анықтау, әдеттегiдей, тұтастай әкiмшiлiк аудан немесе ауданның жер пайдаланушылар тобы бойынша жүргiзiледi және мүдделi жер пайдаланушылардың өкiлдерiн қатыстыра отырып Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органның өндiрiстiк бөлiмшелерiнiң мамандары алқапты зерттеу жолымен жүзеге асырады.
5. Жердi алқаптық зерттеудiң нәтижелерi зерттеу жүргiзген мамандар, мүдделi жер пайдаланушылар өкiлдерi қол қойған алқаптық зерттеудiң сызбасымен қоса, актiмен рәсiмделедi және жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органға берiледi.
Бұл құжаттарда мақсатына пайдаланылмаған және заңдарды бұза отырып пайдаланылған жерлердiң орналасқан жерi, алаңы, сапалық жай-күйi, мақсатына пайдаланылмаған немесе заңдарды бұза отырып пайдаланылу себептерi, оларда үйлер мен ғимараттардың болуы және олардың құны көрiнiс табады.
6. Мақсатына пайдаланылмаған және заңдарды бұза отырып пайдаланылған жерлердi анықтау нәтижелерi бойынша жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган:
бұл жерлердi есепке алады;
жер пайдаланушыға жер учаскесiн мақсатына пайдалану немесе заңдарды бұзуды жою қажеттiгiн ескертедi.
7. Жер учаскесiнiң иесi немесе жер пайдаланушылардың жасаған iс-әрекетi олардың меншiк немесе жер пайдалану құқығынан бас тартуды айғақтауды анықтаған жағдайда (көшу, жердi ұзақ уақыт пайдаланбау және басқалары) бұл учаске иесiз мүлiк ретiнде есепке алынады.
8. Заңдарда белгiленген мерзiмнiң бiтуiне қарай, сол мерзiмде жер пайдаланушы жер учаскесiн мақсатына пайдалану жөнiнде қажеттi шаралар қабылдамаса немесе жер учаскесiн пайдалану барысында, сондай-ақ жер учаскесiн есепке алған күннен бастап бір жыл iшiнде иесiз мүлiк ретiндегi заңдарды бұзуды жоймаса не шартты жер үлесіне құқық иесі "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 82-бабының 6-тармағында көзделген шартты (дараландырылған) жер үлесін сатпаса жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органы:
иесiз мүлiк ретiнде есепке алынған жер учаскесiн мемлекеттік меншiкке қайтару жөнiнде:
мақсатына пайдаланылмаған немесе заңдарды бұза отырып пайдаланылған жер учаскелерiн мемлекеттік емес жер пайдаланушылардан алып қою туралы;
мақсатына пайдаланылмаған немесе заңдарды бұза отырып пайдаланылған жер учаскелерiн мемлекеттік жер пайдаланушылардан арнайы жер қорының құрамына енгізу жөнiнде аудандық атқарушы орган шешiмi жобасының материалдарын дайындайды;
заңда белгіленген жағдайларда шартты жер үлесіне құқық иелері өздерінің құқығына билік ету жөніндегі құқықтық өкілеттіктерін жойған кезде, жер учаскелерін арнайы жер қорына есепке алу туралы.
8-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметiнiң 2001.08.29. № 1123 қаулысымен.
9. Мақсатына пайдаланылмаған немесе заңдарды бұза отырып пайдаланылған жер учаскелерiн мемлекеттік емес жер пайдаланушылардан алып қою уәкiлеттi мемлекеттік органның талабы бойынша сот тәртібімен жүргiзiледi.
Соттың шешiмi бойынша бұл учаскелердi алып қою барысында жер пайдалану құқығы азаматтық процессуалдық заңдарда белгiленген тәртiппен жария түрде сатылады.
Сатылмаған жер учаскелерi арнайы жер қорының құрамына енгiзiледi және запастағы жер қорына жатқызылады.
10. Ауданның арнайы жер қорын құру атқарушы органның шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
Мемлекеттік жер пайдаланушылардан мақсатына пайдаланылмаған немесе заңдарды бұза отырып пайдаланылған жер учаскелерiн арнайы жер қорының құрамына енгізу жер заңдарына сәйкес аудандық атқарушы органның бiр жақты шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады.
11. Осы жер учаскелерiн жаңа меншiк иелерi мен жер пайдаланылушыларға бергенге дейiн оларды аудандық атқарушы орган белгiлеген тәртiппен және сол жағдайда бұрынғы мемлекеттік жер пайдаланушылар пайдаланады.
12. Заңнамада белгiленген тәртiппен арнайы жер қорынан жер учаскелерi берiледi.
12-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметiнiң 2001.08.29. № 1123 қаулысымен.
13. Арнайы жер қорынан жер учаскелерi бiрiншi кезекте жерлерi шаруа (фермер) қожалығын жүргiзу үшiн бөлуге жатпайтын ауыл шаруашылығы ұйымдарынан шыққан азаматтарға берiледi.
Арнайы жер қорынан жер учаскелерi қалалар мен поселкелердiң азаматтарына берiлуi мүмкiн.
14. Арнайы жер қорынан жер учаскелерiн беру жерге орналастыру тәртібімен, әдеттегiдей, бiрегей массивпен және жер пайдалануға мүмкiндiктер жасауды ескере отырып жүргiзiледi.
14-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметiнiң 2001.08.29. № 1123 қаулысымен.