ҚР Үкіметінің 28.11.00 ж. № 1773 қаулысымен ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің Алкоголь өнімін өндіруді және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетінің құрылымы күшін жойды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 25 ақпандағы
№ 173 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
күші жойылған кейбір шешімдерінің
Тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кеден комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 18 желтоқсандағы № 1792 қаулысы.
2. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық полициясы комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 22 мамырдағы № 465 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 жыл, № 15, 132-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Алкогольді өнімдерді өндіруге және олардың айналымына мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитетінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 23 қыркүйектегі № 934 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 жыл, № 34, 304-құжат) 1-3-тармақтары.
4. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Қаржы министрлігі Кеден комитетінің жекелеген мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 6 қазандағы № 1004 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 жыл, № 35, 320-құжат) 8-тармағы.
5. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 20 қазандағы № 1070 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 жыл, № 37, 338-құжат) 1, 3-тармақтары, 2-тармағының екінші абзацы.