Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 25 ақпандағы № 173 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 26.03.99 ж. № 307; 29.04.99 ж. № 512; 02.08.99 ж. N
1093; 25.08.99 ж. № 1241; 21.09.99 ж. № 1433; 28.11.00 ж. № 1773;
27.02.01 ж. № 283; 23.11.01 ж. № 1508; 23.07.02 ж. № 819
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 06.09.02 ж. № 981 қаулысымен осы қаулының күші жойылды
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093; 28.11.00 ж. № 1773; 27.02.01 ж. № 283 қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі туралы ереже;
2) алынып тасталды
3) алынып тасталды
4) алынып тасталды
5) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті туралы ереже;
6) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитетінің құрылымы;
7)-8) алынып тасталды
ҚР Үкіметінің 21.09.99 ж. № 1433 қаулысымен 2-тармақ алынып тасталды
2. алынып тасталды
ҚР Үкіметінің 26.03.99 ж. № 307; 02.08.99 ж. № 1093; 25.08.99 ж. № 1241 қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігіне министрдің 6 орынбасарын (вице-министрлер), оның ішінде бір бірінші орынбасарын ұстауға рұқсат етілсін.
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылданған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру жөнінде белгіленген тәртіппен ұсыныс енгізсін.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қосымшаға сәйкес кейбір шешімдерінің күші жойылған деп танылсын.
6. Осы қаулы оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
25 ақпандағы
№ 173 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік кіріс министрлігі туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093; 27.02.01 ж. № 283; 23.11.01 ж. № 1508 қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді және толықтырылды
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) мемлекеттік кірістердің түсімдерін қамтамасыз ету саласында Министрліктің құзыретіне жатқызылған басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген шектерде - салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Министрлiктiң мынадай ведомстволары болады: Кеден комитеті, Алкоголь өнiмiн өндiрудi және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетi, Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет.
2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді
3. Министрлік мемлекеттік мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.
Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді.
Егер Министрлікке заңдарға сәйкес өкілеттік берілген болса, онда оның азаматтық-құқықтық қатынастарға мемлекет атынан тарап ретінде қатысуға құқығы бар.
ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді
4. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен бұйрықтар шығарады, олардың Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міндетті күші бар.
ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының ?кіметi бекiтедi.
6. Министрліктің заңды мекен-жайы:
Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 50.
ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда
7. Министрлiктiң толық атауы - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлiгі" мемлекеттік мекемесi.
ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда
8. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтайшы құжаты болып табылады;
9. Министрліктің қызметін қаржыландыру тек мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылады.
Министрліктің өз функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға кіруге құқығы жоқ.
Министрлікке заң актілерімен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру жөнінде құқықтары берілген жағдайда, мұндай қызметтен алынған кіріс, мемлекеттік бюджеттің кірісіне аударылады.
2. Министрліктің функциялары, негізгі міндеттері
мен құқықтары
10. Министрліктің негізгі функциялары мыналар болып табылады:
салықтардың, кедендік және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің ("Байқоңыр" кешенін пайдаланғаны үшін жалдау ақысынан, республикалық мемлекеттік мүлікті жалға беру мен сатудан, мемлекеттік меншіктегі объектілерді жекешелендіруден, капиталмен жүргізілген операциялардан түскен түсімдерден басқа) түсуін көздейтін заңдардың сақталуына бақылау жасау;
мемлекеттік бюджетке кіріс түсіру саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын айқындауға қатысу;
салықтар, алымдар, кедендік және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер төлеушілерді есепке алудың автоматтандырылған жүйелерін жасау;
мемлекеттік кіріс жөніндегі мемлекеттік есептерді жинаудың нысандары мен әдістерін жетілдіру;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бірлесіп бюджеттің кіріс бөлігін болжауға қатысу;
салық және кеден саясатының, салық әкімшілігін жүргізудің әдістемесін жасау;
салық салу және кеден ісі салаларындағы заңдарды қолдану тәжірибесін талдау және қорыту;
ынтымақтастықтың экономикалық қырлары бар халықаралық шарттар мен келісімдердің жобаларын әзірлеуге қатысу;
салықтар, кедендік және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуі мәселелері жөнінде, сондай-ақ алкоголь өнімін өндіру мен оның айналымы саласында халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық;
тауарлардың кедендік құнын белгілеудің дұрыстығын бақылау жүйесін ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетін тауарларға қатысты экономикалық саясат шараларын әзірлеуге қатысу;
алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасында лотереялар ұйымдастыру мен өткізуге және өз құзыретіне жатқызылған өзге де қызмет түрлерін заңдарда белгіленген тәртіппен лицензиялауды жүзеге асыру;
кеден ісін ұйымдастыру және жетілдіру;
кеден ісін ұйымдастыру мен жетілдіруі алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымын бақылау мәселелерінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың және басқа да мемлекеттік органдардың қызметін салааралық үйлестіру;
салықтар, кедендік және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешекті мәжбүрлеп алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
салықтық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін өз құзыретінің шегінде орындау;
салықтар, кедендік және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөнінде заңды және жеке тұлғалардың түсініспеушіліктері мен талап-арыздарын қарау;
салықтар, кедендік және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер мәселелері бойынша заңды және жеке тұлғаларды оқыту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
мемлекет қатысатын мемлекеттік кәсіпорындар мен шаруашылық серіктестіктерін қайта ұйымдастыру мен таратуды жүргізу.
11. Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады.
Қазақстан Республикасының фискальдық саясатын қалыптастыруға қатысу және осы саясатты іске асыру;
өз құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
салықтардың, алымдардың, кедендік және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету;
алкоголь өнімін ендіруге және оның айналымына мемлекеттік бақылау жасау;
Қазақстан Республикасының экономикасын халықаралық экономикалық кеңістікке кіріктіру мақсатында халықаралық ынтымақтастық.
12. Министрлік өзіне жүктелген негізгі міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру кезінде мыналарға құқықтары бар:
Министрліктің негізгі міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға қажетті ақпаратты заңдарда белгіленген тәртіппен сұрату және алу;
өз құзыретінің шегінде Министрліктің құрылымына кіретін ведомстволар мен олардың аумақтық органдарына, өзге де мемлекеттік органдарға, заңды және жеке тұлғаларға міндетті орындауы үшін нұсқаулар беру;
салық салу, кедендік және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер мәселелері бойынша өз құзыретінің шегінде нормативтік құқықтық актілер шығару;
заңдарға сәйкес заңды және жеке тұлғаларға салықтарды, кедендік және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөнінде мерзімін ұзарту, бөліп төлеуге рұқсат беру;
Министрлікке Қазақстан Республикасының заңдарымен берілген басқа да құқықтар.
3. Министрліктің мүлкі
13. Министрліктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптасады және негізгі қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Министрліктің балансында көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.
14. Министрлікке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
15. Министрліктің өзіне бекітіліп берілген мүлікті өз бетінше иеліктен алуға немесе оған өзге тәсілмен билік жүргізуге құқығы жоқ.
Министрлікке заңдарда белгіленген жағдайлар мен шекте мүлікке билік жасау құқығы берілуі мүмкін.
4. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
16. Министрлікті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
Министрдің өзінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.
17. Министр Министрліктің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауап береді.
ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен 18-тармақ өзгертілді
18. Осы мақсатта Министр:
орынбасарлары мен Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің міндеттері мен өкілеттіктерін бөледі;
заңдарға сәйкес Министрлік жүйесіндегі қызметкерлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады (Министр бекітетін лауазымдар номенклатурасына сәйкес);
Министрлік жүйесіндегі қызметкерлерге заңдарда белгіленген тәртіппен тәртіптік жаза қолданылады;
Министрліктің актілеріне қол қояды;
Министрлiктiң құрылымын және Министрліктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
Министрлікті мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда білдіреді;
заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 27.02.01 ж. № 283 қаулысымен 19-тармақ өзгертілді
19. Министрдің бірінші орынбасары Министрліктің Кеден комитеті қызметін үйлестіреді, өзіне Министр жүктеген басқа да міндеттерді жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен 20-тармақ жаңа редакцияда
20. Министрлiктiң Министрдiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын Алқасы болады. Алқаның сандық және жеке құрамын Министр бекiтедi.
5. Министрлікті қайта құру және тарату
21. Министрлікті қайта құру және тарату заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің құрылымы күшін жойды
ҚР Үкіметінің 27.02.01 ж. № 283 қаулысымен ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің Салық полициясы комитеті туралы ереже күшін жойды
ҚР Үкіметінің 27.02.01 ж. № 283 қаулысымен ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Салық полициясы комитетінің құрылымы күшін жойды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
25 ақпандағы
№ 173 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің
Кеден комитеті туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігі құзыретiнiң шегiнде арнайы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ кеден iсi саласындағы салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді
3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банкте шоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді.
Егер Комитетке заңдарға сәйкес өкілеттік берілген болса, онда оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапынан білдіруге құқығы бар.
ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді
4. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен бұйрықтар шығарады, олардың Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міндетті орындалу күші бар.
ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді
5. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
6. Комитеттің заңды мекен-жайы:
Астана қаласы, Пушкин көшесі, 166.
ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда
7. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Кеден комитетi" мемлекеттік мекемесi.
ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда
8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтайшы құжаты болып табылады.
9. Комитеттің қызметін қаржыландыру тек мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылады.
Комитеттің кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға кіруге құқығы жоқ.
Егер Комитетке заң актілерімен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджеттік кірісіне аударылады.
2. Комитеттің функциялары, негізгі
міндеттері мен құқықтары
10. Комитеттің негізгі функциялары мыналар болып табылады:
Қазақстан Республикасының кеден саясатын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге қатысу;
Қазақстан Республикасының кеден саясатын жүзеге асырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру тетіктерін әзірлеуге қатысу, олардың іске асырылуын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасында кеден қызметін дамыту бағдарламасын әзірлеу және іске асыру;
кеден ісі туралы заңдардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға белгіленген тәртіппен қатысу;
өндіріп алу кеден органдарына жүктелген, кеден баждары мен салықтардың ставкалары мен оларды қолдану тетігі туралы белгіленген тәртіппен ұсыныстар енгізу;
лицензиялауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты экономикалық саясат шараларын әзірлеуге қатысу;
тауарлардың кеден құнының дұрыс белгіленуіне бақылау жасау жүйесін ұйымдастыру;
өндіріп алу Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген, кеден баждары мен салықтардың республикалық бюджетке уақытылы және толық енгізілуін қамтамасыз ету;
тауарлар мен көлік құралдары Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілген кезде кеден режимдерінің тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету;
кеден бақылауын жүзеге асыруды және тауарлар мен көлік құралдарын ресімдеуді ұйымдастыру, оларды жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау;
өз бетімен және құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып кедендік бақылау аймағы режимінің сақталуын бақылауды қамтамасыз ету, кедендік инфрақұрылым объектілерін күзету жүйесін ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының кеден шекарасын күзету жөнінде басқа да шараларды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігімен бірлесе отырып, тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізуге рұқсат беру тәртібін әзірлеуге және соны орындауға қатысу;
стратегиялық және Қазақстан Республикасы үшін өмірлік маңызы бар басқа да материалдардың, сондай-ақ мәдени құндылықтардың әкетілуін бақылауды жүзеге асыру;
өз құзыретінің шегінде және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес валюталық бақылауды жүзеге асыру;
кеден органдарының мемлекеттік қауіпсіздікті, табиғи ортаны, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау, республикаға әкелінетін тауарларды тұтынушылардың мүдделерін қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыруға қатысуын қамтамасыз ету;
контрабандаға және кеден ісі саласындағы өзге де қылмыстарға қарсы күрес жүргізуді ұйымдастыру;
кеден ережелерін бұзушылықпен байланысты жұмысты жүзеге асыру;
халықаралық терроршылдыққа қарсы күреске жәрдемдесу және Қазақстан Республикасының әуежайларында халықаралық азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласудың жолын кесу;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес контрабанда туралы кеден ісі саласындағы өзге де қылмыстар туралы істер бойынша іс жүргізген, жедел-іздестіру қызметін жүргізген, кеден ережелерін бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізген кезде және оларды қараған кезде Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарының заңдарды сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын жүргізу;
Қазақстан Республикасы кеден органдарының және олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, заңсыз іс-әрекеттеріне немесе әрекетсіздіктеріне арыздардың дер кезінде және әділ қаралуын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының кеден ісінің жай-күйі мен оны дамыту жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;
Қазақстан Республикасының кеден ісі мәселелері жөніндегі халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысу, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіп бойынша оларды жасасу жөнінде келіссөздер жүргізу, олардың орындалуын қамтамасыз ету;
кеден ісі мәселелерімен айналысатын халықаралық ұйымдардың қызметіне өз құзыретінің шегінде қатысу;
Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінің кеден ісіне қатысты бөлігінде орындалуын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасындағы және шет мемлекеттердегі кеден ісі туралы заңдардың қолданылу тәжірибесін қорыту және талдау, оның ішінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
кеден ісі бойынша мамандар даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды, кеден зертханаларында, басқа да ведомстволық бағынысты ұйымдарда жұмыс істеу үшін мамандар даярлауды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігіне кеден органдары қызметінің барлық бағыттары бойынша ақпарат беру;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің шешімдерінің негізінде кеден басқармаларын, кедендерді, кеден бекеттерін, кеден зертханаларын, қызметі Қазақстан Республикасы кеден органдарының міндеттерін шешуге жәрдемдесетін құрылыс-пайдалану және өзге де ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату;
өз жүйесінде ғылыми-зерттеу ұйымдарының, оқу орындарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы кеден органдары жүйесінің мүлкін басқаруды жүзеге асыру;
кеден органдары жүйесінің лауазымды адамдарын құқықтық және әлеуметтік қорғау шараларын іске асыруға жәрдемдесу;
өзіне Қазақстан Республикасының заңдарында жүктелген басқа да функцияларды орындау.
11. Комитеттің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
Қазақстан Республикасының кеден саясатын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
өз құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасының аумағында біртұтас кеден саясатын қамтамасыз ету;
өз құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігі мен мүдделерін қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының экономикасы дамуының басымдықтарына сүйене отырып кедендік реттеуді ұйымдастыру және жетілдіру;
орындалуына бақылау жасау кеден органдарына жүктелген кеден заңдарының сақталуын қамтамасыз ету;
кеден мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастыққа қатысу.
12. Комитет өзіне жүктелген негізгі міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру кезінде мынадай құқықтарды иеленеді;
өз құзыретінің шегінде кеден режимдерін құқықтық реттеудің ерекшеліктерін айқындау;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігіне жеке тұлғалардың тауарларды алып жүруінің оңайлатылған, жеңілдікті тәртібін орнату жөнінде ұсыныс енгізу;
белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды адамдардан, азаматтардан өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті құжаттары мен мәліметтерді сұрату және алу;
заңдарда белгіленген тәртіппен баспа қызметін жүзеге асыру;
белгіленген тәртіппен өнімнің (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) мемлекеттік тапсырысшысы функцияларын орындау;
кеден ісі мәселелері бойынша үйлестіруші сараптық кеңестер мен жұмыс топтарын құру;
өз құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасында да, одан тыс жерлерде де мемлекеттік органдармен, өзге де ұйымдармен, сондай-ақ лауазымды адамдармен және азаматтармен өзара іс-қимыл жасау;
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
3. Комитеттің мүлкі
13. Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Комитеттің мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен қалыптасады және негізгі қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Комитет балансында көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.
14. Комитетке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
15. Комитеттің өзіне бекітіліп берілген мүлікті иеліктен алуға немесе оған өзге де тәсілмен билік жасауға құқығы жоқ.
Комитетке мүлікке билік жасау құқығы заңдарда белгіленген жағдай мен тәртіпте берілуі мүмкін.
4. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
ҚР Үкіметінің 29.04.99 ж. № 512; 23.07.02 ж. № 819 қаулыларымен 16-тармақ өзгертілді
16. Комитетті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
Төрағаның Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төрт орынбасары болады.
17. Төраға Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауап береді.
18. Осы мақсаттарда Төраға:
өзінің орынбасары мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының өкілеттіктері мен міндеттерін белгілейді;
заңдарға және Төраға бекітетін лауазымдар номенклатурасына сәйкес Комитет жүйесіндегі қызметкерлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
заңдарда белгіленген тәртіппен Комитет қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
Комитеттің бұйрықтарына қол қояды;
Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
Комитетті мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда білдіреді;
Заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
19. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
25 ақпандағы
№ 173 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс
министрлігі Кеден комитетінің
құрылымы
Басшылық
Кедендік кіріс басқармасы
Кедендік бақылау басқармасы
Контрабандаға және кеден ережелерін бұзушылыққа қарсы күрес
жөніндегі басқарма
Энергия ресурстарына кедендік бақылауды ұйымдастыру
басқармасы
Ұйымдастыру-талдау басқармасы
Кадр басқармасы
Қаржы-шаруашылық басқармасы
Кеден күзету мен режимі басқармасы
Жүктерді алып жүру жөніндегі бөлім
Құқықтық қамтамасыз ету бөлімі
Кеңсе
ҚР Үкіметінің 28.11.00 ж. № 1773 қаулысымен ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің Алкоголь өнімін өндіруді және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитеті туралы ереже күшін жойды