1. Қазақстан Республикасының лауазымды адамына немесе азаматына мемлекеттік құпияларға рұқсат етуден бас тартуға:
оны соттың әрекетке қабілетсіз, әрекетке қабілеті шектеулі деп тануы, онда заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған қасақана қылмыс жасағаны үшін соттылығының болуы;
денсаулық сақтау саласындағы өкілеттікті жүзеге асырушы мемлекеттік орган бекіткен тізбеге сәйкес онда мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді пайдалану арқылы жұмыстар жүргізу үшін медициналық тұрғыдан қарсы дәлелдемелердің болуы;
оның өзінің шетелде тұрақты тұруы және оның басқа мемлекетте тұрақты тұруға кету үшін құжаттарды ресімдеуі;
тексеру шараларының нәтижесінде ресімделуші адамның Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін іс-әрекеттерінің анықталуы;
Қазақстан Республикасы лауазымды адамының және (немесе) азаматының Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында белгіленген шектеулерді қабылдамауы;
лауазымды адам немесе мемлекеттік қызметші активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсырмаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін алғаш рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайды қоспағанда, мемлекеттік құпияларға рұқсат ету ресімделгенге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылуы;
сыбайлас жемқорлық қылмыс жасауы;
ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін онда сотталғандығының болуы немесе Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылуы;
қылмыстық топ құрамында қылмыс жасауы;
азаматтың тексеру шараларынан жалтаруы;
осы Заңның 31-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің екінші абзацында көзделген талаптарды сақтамауы;
осы тармақта көрсетілген мәліметтерді ұсынбауы немесе бұрмалауы негіз болып табылады.
2. Лауазымды адамға немесе азаматқа мемлекеттік құпияларға рұқсат етуден бас тарту туралы шешімді жеке тәртіппен тексеру шараларының нәтижелерін ескере отырып, мемлекеттік органның немесе ұйымның басшысы қабылдайды.
2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Лауазымды адамның немесе азаматтың бұл шешімге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқығы бар.
31-бап. Қазақстан Республикасының лауазымды адамына немесе азаматына мемлекеттік құпияларға рұқсат етуді тоқтату шарттары
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.07.12. № 222-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасының лауазымды адамына немесе азаматына мемлекеттік құпияларға рұқсат ету ұйым басшысының шешімі бойынша:
оның өзіне алған мемлекеттік құпияларды қорғауға байланысты мемлекеттік құпияларға рұқсат ету туралы шартта көзделген міндеттемелерді бұзуы;
осы Заңның 30-бабына сәйкес лауазымды адамға немесе азаматқа мемлекеттік құпияларға рұқсат етуден бас тарту үшін негіз болып табылатын мән-жайлардың пайда болуы жағдайларында тоқтатылады.
Қазақстан Республикасының лауазымды адамы немесе азаматы осындай тоқтату орын алғаннан кейін бес жыл өткен соң бас тартуға негіздер болмаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік құпияларға қайтадан жіберілуге құқылы.
2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Лауазымды адамға немесе азаматқа мемлекеттік құпияларға рұқсат етуді тоқтату әкімшіліктің бастамасы бойынша онымен еңбек шартын, келісімшартты бұзу, оны лауазымнан шеттету немесе жұмыстан шығару үшін қосымша негіздеме болып табылады.
3. Мемлекеттік құпияларға рұқсат етудің тоқтатылуы лауазымды адамды немесе азаматты мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді жарияламау жөніндегі олар алған міндеттемелерден босатпайды.
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Ұйым басшысының лауазымды адамға немесе азаматқа мемлекеттік құпияларға рұқсат етуді тоқтату және осының негізінде онымен еңбек шартын, келісімшартты бұзу, оны лауазымнан шеттету немесе жұмыстан шығару туралы шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 32-бап өзгертілді
32-бап. Рұқсат етуді ресімдеу кезеңінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларға рұқсат етілген немесе бұрын рұқсат етілген лауазымды адамның немесе азаматының құқықтарын шектеу
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларға рұқсат етілген немесе бұрын рұқсат етілген лауазымды адамы немесе азаматы өзінің құқықтары жөнінен уақытша шектелуі мүмкін.
Шектеу:
мемлекеттік құпияларға рұқсат ету туралы шартта көзделген мерзімге Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге (оның ішінде тұрақты тұрғылықты жерге) шығу құқығына;
мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтері бар жаңалықтар мен өнертабыстарын пайдалану және мұндай мәліметтерді тарату құқығына;
мемлекеттік құпияларға рұқсат етуді ресімдеу кезеңінде тексеру шаралары жүргізілген кезде жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқығына қатысты болуы мүмкін.
33-бап. Қазақстан Республикасының лауазымды адамына немесе азаматына мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерге рұқсат ету
1. Қазақстан Республикасының лауазымды адамына немесе азаматына мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерге рұқсат етуді ұйымдастыру мемлекеттік органның немесе ұйымның басшысына, сондай-ақ олардың мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі құрылымдық бөлімшелеріне жүктеледі. Лауазымды адамға немесе азаматқа мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерге рұқсат ету тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
2. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары лауазымды адам немесе азамат мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтермен өздерінің лауазымдық (қызметтік) міндеттерін орындауы үшін қажет болатын және сондай көлемде ғана танысатын жағдай жасау үшін дербес жауапты болады.
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Еңбек шарты, келісімшарт бұзылған, жұмыстан шығарылған (отставкаға кеткен) немесе мемлекеттік құпияларға рұқсат етуге қатысы жоқ лауазымға ауысқан кезде Қазақстан Республикасының лауазымды адамына немесе азаматына мемлекеттік құпияларға рұқсат ету тоқтатылады.
34-бап. Мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді пайдалану арқылы жүргізілетін жұмыстарға рұқсат беру
Ұйымдардың мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді пайдалануға, мемлекеттік құпияларды қорғау құралдарын жасауға, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғау жөнінде шаралар өткізумен және (немесе) қызмет көрсетумен байланысты қызметі Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен оның органдары беретін рұқсат негізінде жүзеге асырылады.
Рұқсат ұйымдарға арнаулы сараптама жасаудың және олардың басшыларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен жүзеге асырылатын аттестаттаудың нәтижелері негізінде беріледі.
35-бап. Мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді қорғау құралдарын сертификаттау
Мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді қорғау құралдарының Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен берілетін, олардың тиісті құпиялылық дәрежесіндегі мәліметтерді қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес келетіндігін куәландыратын сертификаты болуға тиіс.
36-бап. Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі шараларды қаржыландыру
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік мекемелердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен, ал қалған ұйымдарда - мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға байланысты жұмыстарды орындау кезінде олардың негізгі қызметінен алынатын қаражаттың есебінен жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі шараларды жүргізуге бөлінетін қаржы қаражатының жұмсалуына бақылау жасауды мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары, жұмыстардың тапсырысшылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің арнайы уәкілдік берілген өкілдері жүзеге асырады. Егер бұл бақылауды жүзеге асыру мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерге рұқсат етілуге байланысты болса, аталған адамдардың тиісті құпиялылық дәрежесіндегі мәліметтерге рұқсаты болуға тиіс.
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 37-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
37-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік
2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік құпиялар туралы заңдарды бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдары, азаматтары, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап береді.
2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Азаматтардың, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың осы Заңның қолданылу аясындағы құқықтары мен мүдделерін қорғау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
38-бап. Халықаралық шарттар және Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау
Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Қазақстан Республикасының