Экономиканың барлық секторлары бойынша объективті экономикалықстатистикалық ақпарат алу мақсатында экономикалық-математикалық әдістерді кеңінен пайдалану, әсіресе іріктеп зерттеу қорытындылары бойынша статистикалық көрсеткіштерді әртүрлі есептеу мен есептеуге дейінгілерін жүргізу көзделуде.
5.2. Макроэкономикалық және салалық статистиканың
көрсеткіштер жүйесі мен методологиясын
жетілдіру
5.2.1. Нақты сектор статистикасы
ҚР Үкіметінің 29.06.00 ж. № 974 қаулысымен 2.2.1.1.тармақшасының 3-абзацынан сөйлем алынып тасталды
5.2.1.1. Ұлттық есепшілік жүйесі
Істің хал-жайы. Қазақстан 1993-1997 жылдары экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының (ЭЫДҰ) техникалық көмегімен рыноктық экономика елдеріне БҰҰ-ның ұсынысына сәйкес халық шаруашылығы балансынан (ХШБ) Ұлттық Шоттар Жүйесіне (ҰШЖ) көшуді негізінен іске асырады. Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) мен Дүние жүзілік банк миссиясының берген бағасы бойынша Қазақстан кәзіргі кезде 1993 жылғы Ұлттық Шоттар Жүйесінің (ҰШЖ) методологиясын енгізудің 4-5 кезеңінде (ұлттық шоттар бойынша секретариатаралық топтың ҰШЖ-ны енгізу жөніндегі БҰҰ-ның статистика комиссиясының тапсыруы бойынша дайындалған ұсыныстарында 6 кезең қаралған) тұр. Қазіргі уақытта барлық ағымдағы шоттар және капиталмен операция жасайтын шоттар тобының біріншісі қордалану шоты құрылды. Қаржы шотын құру жөніндегі жұмыстар басталды. Методология игеруді және "өзге дүниелер" шоты бойынша есептесу іске асырылды. 1993 жылдан бастап өндіріс әдісі бойынша жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) есебі тоқсан сайын, ал 1995 жылдан бастап соңғы пайдалану әдісі бойынша жүргізіліп келеді. 1994 жылдан бастап Ұлттық Шоттар Жүйесінің қысқа схемасы бойынша салааралық баланс таблицасын (шығару - шығындар таблицасы) құру іске асырылуда. Тауарлар ағыны әдісін ("ресурстар - пайдалану" таблицасын) игеру жөніндегі жұмыстар басталды. Жалпы ішкі өнімнің (маусымдық құбылу есебі) тоқсандық есептерін үйлестіру жөніндегі жұмыстар анықталды. 1990 жыл мен 1996 жыл аралығындағы кезеңде халықаралық сарапшылардың ескертпелерін ескере отырып, бірыңғай методология бойынша Ұлттық Шоттар Жүйесі көрсеткіштерін қайта есептеу нәтижелерінен тұратын "Қазақстан Ұлттық Шоттары" деген арнаулы статистикалық жинақ басылып шықты.
Мақсаты. Ұлттық шоттар жүйесінің ағымдағы шоттары бойынша есептеуді онан әрі жетілдіруді қамтамасыз ету, қордаланудың өзге шоттары мен ұлттық шоттар жүйесінің балансы таблицаларын құру методологиясын игеру, экономика секторлары бойынша шоттардың өз ара байланысты жүйесін қалыптастыру.
Негізгі шаралар. Қордаланудың өзге шоттарының (қаржы шотының, қайта бағалау шотының және активтегі басқа да өзгерістер шотының) және Ұлттық Шоттар Жүйесіндегі баланс таблицасын құру мен методологиясын игеру жөніндегі шаралар қаралуда, мұның өзі еліміздің статистикалық практикасына 1993 жылғы Ұлттық Шоттар Жүйесі методологиясын енгізуді аяқтауға мүмкіндік береді. Игерілген шоттарын есептеуді онан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру, сондай-ақ "ресурстар - пайдалану" (тауарлар ағымының әдісі) таблицасын практикаға енгізу жоспарлануда.
5.2.1.2. Экономиканың аграрлық секторы статистикасы
Істің хал-жайы. Республикадағы ауыл шаруашылығын реформалау, экономиканың аграрлық секторы статистикасына сәйкесті реформалаумен жалғасты: ауыл шаруашылық тауарын өндірушілердің статистикалық регистрлерін жасаумен, салаларды байқаудың жаңа әдістерін практикалық қызметте бақылап, зерттеуді ендірумен, жаңа ұйымдастырылған ауыл шаруашылық құрылымдар қызметін бағалау үшін жаңа методологияларды және құрал-саймандарды дайындап енгізумен жалғасты.
Қазіргі кезде тауар өндірушілердің көптеген санының жұмыс істеу жағдайында және сапасы төмен (дұрыстығы) есеп беру ақпараттарын уақтылы бермеуінен ауыл шаруашылық құрылымдардың қызметіне ішінара байқау әдісін онан әрі кеңейту қажет. Статистикалық деректер мен методологиялардың халықаралық стандартпен салыстырмалылығын қамтамасыз ету үшін статистикалық көрсеткіштерді, есеп беру нысандарын (байқау анкеттерін), регистрлерді және жіктемені жетілдіруді қажет етеді. Статистикалық ақпаратты жинау, дайындау және жариялау мерзімдерін қысқарту үшін жаңа ақпараттық технологияны енгізу қажет.
Мақсаты. Еліміздің статоргандарының практикалық қызметіне ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы салалары статистикасында өнімдер мен қызмет көрсетудің халықаралық жіктемелермен үйлесімдік номенклатурасын дайындау және енгізу, ішінара байқау әдісінің негізі есебінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің статистикалық регистрлерін жасауды аяқтау, дүниежүзілік ауыл шаруашылық санақ шеңберінде ауыл шаруашылық санағын өткізу.
Негізгі шаралар. Ауыл шаруашылығы статистикасында 1999 жылдан бастап статистикалық жұмыстың көптеген түрі бойынша ішінара байқау әдісін енгізу көзделуде. Ішінара байқау әдісін ұйымдастыру және өткізу үшін аудандық (қалалық) статистика бөлімдерінде есепшілер (интервьюші) жүйесін құру белгіленіп отыр, ал келесі жылдары оны үнемі жетілдіру мен орнықтыру қамтамасыз етіледі.
1999 жылы дүниежүзілік ауыл шаруашылығы санағының бағдарламасына сәйкес елімізде 2005 ауыл шаруашылық санағын ұйымдастыру және өткізу жөнінде нормативтік-құқықтық және басқа да құжаттарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына дайындап, ұсыну көзделіп отыр. Ауыл шаруашылығы санағын өткізу үшін оны ұйымдастыру жоспары мен құрал-саймандық, әдістемелік оқу құралдары және басқа да материалдар дайындалатын болады. 2004-2005 жылдары елімізде ауыл шаруашылығы санағын ұйымдастыру және өткізу жөнінде, жұмыстары жүргізілетін болады.
2001-2005 жылдары саланың статистикалық қызметін жетілдіру, статистикалық ақпаратты талдау және жариялау, ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығының салалық статистикасында, статистикалық жұмыстарды ұйымдастыруға және өткізуге қатысатын қызметкерлердің кәсіптік деңгейін үнемі көтеруді онан әрі жалғастыру көзделді.
5.2.1.3. Экономиканың индустрия секторы статистикасы
Істің хал-жайы. Өнеркәсіптің статистикасын реформалау шеңберінде, мұнан әрі ішінара байқау әдісіне көшуге, кәсіпорындар статистикасына көшу үшін негіз қалайтын, сондай-ақ Қазақстан бойынша деректерді халықаралық ұйымдары басып шығарған басқа елдер деректерімен салыстыруды қамтамасыз ететін шаралар кешені іске асырылды.
Соңғы екі жылда әкімшілік регистрінде жазылған өнеркәсіп кәсіпорындары жөніндегі ақпараттарды күн талабына сай келтіру жөнінде жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ай сайынғы негізде өндіріс көлемі жөнінде көрсеткіштерді (құндық және заттай), сонымен бірге, қаржы және еңбек жөнінде негізгі көрсеткіштерді біріктіретін, республикалық деңгейде бірыңғай ақпаратты базаны қалыптастыратын, республикалық ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының мониторингі іске асырылады.
1994 жылдан бастап Ұлттық шоттар жүйесі талабына сәйкес үй шаруашылығы секторларының өндіретін, өнеркәсіптің бес саласы бойынша өнімдер құны өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлеміне қосылады және есептеулер жүргізіледі. Жалпы ішкі өнімдер есебі үшін ай сайын өнеркәсіптің негізгі салалары (заводтың ішкі айналымы, аяқталмаған өндіріс, тапсырыс берушінің шикізаты, үй шаруашылығы секторының көлемі) шамасында жалпы өнім шығаруға дейінгі тауар өнімін қайта есептеу жүргізіледі.
Экономикалық қызмет түрлерінің жіктемелері (ЭҚЖК) және өнімдер мен қызмет көрсетумен (ЕҚӨК) үйлесімді халықаралық стандартқа көшу шеңберінде ай сайынғы есеп беру үшін номенклатура әзірлемеуді, өнеркәсіп өндірісінің жылдық қорытындысын қалыптау үшін номенклатура дайындалуда.
Мақсаты. Өнеркәсіп өнімдері көлемін және нақты индекстерді есептеу көлеміндегі өлшеу бөлігінің методологиясын жетілдіруді қамтамасыз ету, өнеркәсіп өнімдерінің салалық номенклатурасын дайындау, халықаралық стандарттар талабына сәйкес энергетиканың, құрылымның және энергетикалық баланстарды жіктемелеудің статистикалық көрсеткіштер жүйесін дайындау.
Негізгі шаралар. Таяу уақытта өнеркәсіп өнімдеріне ұлттық салалық номенклатура дайындалды және тауарлардың алфавиттік тізімі жасалады. Кәсіпорындар статистикасына көшу және статистикалық есеп беру нысандары мен көрсеткіштер жүйелерін жетілдіру, өнеркәсіп өндірісімен шұғылданатын статистикалық байқау бірлігін жүйелеуді іске асыру жоспарлануда. Өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметіндегі негізгі экономикалық көрсеткіштердің бірыңғай ақпараттық базасын құру және оны жүргізу жөніндегі жұмыстар онан әрі жалғастырылатын болады.
Ұлттық шоттар жүйесінің талабына сәйкес және өнеркәсіп өндірісі бойынша құндық деректердің толық халықаралық салыстырмалығын қамтамасыз ету мақсатында, жеке және ұйымдастырылмаған қызметі қоса алғанда, есептегенге дейінгіні қамтамасыз еткендегі есептеулер индекстерінің нақты көлемін және өнеркәсіп өнімдерінің жалпы өнім шығару әдістемесін жетілдіру көзделіп отыр.
Энергияның коммерциялық емес көздерін пайдалануды кеңейтуге байланысты (үй шаруашылығы мен ұйымды өзі қамтамасыз ететін тіркелмеген энергия көздері), есептеу мен есеп беру жүйесін жетілдіру бөлігіндегі статистикалық түйінді мәселелерді, сондай-ақ энергетика статистикасын қамтуды шешу қажет. Осы мақсатта 1999-2002 жылдары халықаралық энергетика саласының практикасын зерттеу көзделіп отыр, соның негізінде энергетикалық баланстың құрылымы мен жіктемесін дайындап, оларды жасауға кірісу.
5.2.1.4. Экономиканың қызмет көрсету салалары
статистикасы
Істің хал-жайы. Республиканың мемлекеттік статистикасын жетілдірудің бұдан бұрынғы бағдарламасы шеңберінде ішкі сауда, қызмет көрсету, көлік және байланыс салаларында халықаралық практика мойындаған әдістер мен методологияларды, сондай-ақ деректерді өңдеу мен таратудың қазіргі ақпараттық технологиялық құралдарын енгізу жолымен экономиканың осы секторлары статистикасын жетілдіруге бағытталған жұмыстар жүргізілді.
Ұсақ кәсіпорындарды ішінара тексеру есебінен толықтырылатын кәсіпорындардың кейбір түрлерін жаппай статистикалық есептеу жолымен ақпарат алуға негізделген, сондай-ақ тауар айналымы көлемін есептегенге дейін сараптау, өз қызметін заңды тұлға құрамай-ақ іске асыратын шаруашылық жүргізушінің қызметін көрсететін статистикалық байқаудың құрастырылған әдістерін дайындау және іске асыру ерекше күрделі міндет болып табылады. Статистикалық байқаудың мұндай нысаны соңғы екі жыл ішінде барлық жердегі бөлшек сауда, қызмет көрсету, көлік кәсіпорындарында іске асырылуда, ол кеңейтілген және сенімді ақпараттар алуға мүмкіндік береді.
Сауда, қызмет көрсету және көлік салаларында шаруашылық жүргізуші субъектілердің статистикасын (кәсіпорындар статистикасы) құру жөнінде қалыптасып келе жатқан рынок жүйесіндегі әртүрлі үлгідегі кәсіпорындардың қызметін статистикалық жан-жақты бейнелеуді қамтамасыз ететін көрсеткіштер мен статистикалық байқаудың біріктірілген түрлеріне көшуді іске асыру жұмыстары басталды.
Сауда және қызмет көрсету статистикасы бойынша N10-сауда нысаны және № 1-қызмет көрсету нысаны жаңа статистикалық нысандар экономикалық қызметтің барлық түрлерінің (ЭҚЖК) жіктемелерін (жіктеменің Еуропалық варианты) енгізуді ескеріп құрылған.
Көрсетілген нысандарды статистикалық есеп беруге енгізу, кәсіпорындардың негізгі және қосымша түрлері қызметін орындалған жұмыс және көрсетілген қызмет көлемдерін байқап отыруға мүмкіндік береді. Бұл есеп берулер саланы сипаттайтын салалық таза көрсеткіштермен бірге басқа сала кәсіпорындарының (жұмыс істейтіндердің құрамы мен саны, еңбекақының көлемі, жалпы кіріс, шығыстар, инвестициялар т.б.) көрсеткіштерімен салыстырғанда кәсіпорын қызметінің экономикалық нәтижесін көрсететін көрсеткіштерді алуға мүмкіндік береді.
Мұндай есеп берулерді енгізуге байланысты республикадағы қазір жұмыс істеп тұрған шаруашылық жүргізуші субъектілер туралы толық және кең салыстырмалы ақпараттар алудан басқа есеп беретін кәсіпорынның ақпараттық жүгі тәртіпке келтіріледі және азаятын болады.
1998 жылдан бастап көліктер бойынша есеп беру жолдары жүйеге келтірілді: көліктің әрбір түрі бойынша статистикалық есеп берудің түрлі нысандарының орнына көліктердің барлық түрлері үшін көрсеткіштері анықталған жүйеге келтірілген айлық есеп беретін № 1-көлік нысаны енгізілді. Көліктердің әрбір түріне сәйкесті көрсеткіштер есеп беру үлгісіне қосымша ретінде тоқсанына бір рет жинақталатын болады.
Мақсаты: Дүниежүзілік статистика практикасында қабылданған методологияларға толық сәйкес тәртіптелген кезеңділікпен, әдістермен деректерді жинау, статистикалық есеп беру нысандары көрсеткіштерінің жүйесін онан әрі жетілдіру.
Негізгі шаралар. Қызмет көрсету секторы салаларының статистика шеңберінде (ішкі сауда, көлік, байланыс, басқа да рыноктық қызмет көрсетулер) кәсіпорынды және қызмет түрі бойынша мамандандыру талаптарын ескерген оның саласын, жалпы экономикалық нәтижелерді, осы кезең ішіндегі конъюнктура талаптарын және аумақтық талаптарды сипаттайтын ақпараттарды алу проблемасын шешуге бағытталған шаралар кешенін жүргізу жоспарлануда.
Көрсетілген талаптар бір уақытта бірден орындалмайды (есеп беру мен анкеттеудің бірыңғай нысандары бойынша) есеп беру және анкет нысандары бірін-бірі толықтыратын балансталған және жақсы хабардар өзгермелі жүйені құру қажеттілігі болғандықтан оның негізгі сипаттарын төмендегі түрде ұсынуға болады.
Сауда нүктелерініҢ, қонақүйлерінің, қоғамдық тамақтану орындары мен қызмет көрсету кәсіпорындарының санағы жаппай есеп орындары бола тұра, айналым, жұмыспен қамту және кәсіпорынның қуаты бойынша деректер сияқты аздаған маңызды көрсеткіштердің есебіне көңіл бөлуге тура келеді. Олардың нәтижесін аймақтық белгісі мен мамандандырылған белгісі бойынша бөлімшелердің толық табыс етуі мүмкін және сайып келгенде, аймақтық статистика деректеріне деген қажеттілікті қанағаттандырады. Санақтар айлық (тоқсандық) статистика, жылдық және қосымша тексерулер үшін сұрыптауды және есептеуді негізгі мерзіміне сәйкес ұсына отырып, кәсіпорындардың статистикалық регистрінің қажеттілігі сияқты маңызды міндетті орындайды.
Экономиканың кейбір секторларының экономикалық даму процесінде болып жатқан өзгерістердің жылма-жыл жан-жақты қамтылған бейнесін беретін жылдық репрезентивтік зерттеулер сауданың, қонақүй шаруашылықтарының, қоғамдық тамақтану және қызмет көрсету саласының есеп беруінде жаңа жүйенің негізін құрайды.
Жылына бір рет өткізілетін қосымша зерттеу тауарлар ассортиментінің әртүрлі жүйелердегі қолда барын және тауарлар құрылымы мен тауарлардың түсу және сатылу жолдарын зерттеуге қызмет етуге тиісті. Қосымша тексерудің қорытындылары республика экономикасындағы рыноктық өзгерістерге талдау жасайтын шын мәніндегі негіз болып саналады. Тауарлар ассортименті мен қызмет көрсетуді талдау ең алдымен ассортименттің кеңдігі мен тереңдігі, сондай-ақ сатып алу рыногы мен сату рыногындағы болып жатқан эволюциялық нәтижелерден, қызмет көрсетудің кейбір түрлеріне сұраныстың өзгерістері туралы мағлұмат береді.
Көтерме және бөлшек сауданы, қонақ үй шаруашылығын, қоғамдық тамақтану мен қызмет көрсету саласындағы ай сайынғы тексеру ең алдымен конъюнктуралық талдау мақсатына қызмет етеді. Сондықтан олар тек жалпы айналым мен жұмыспен қамту жөніндегі деректер күн тәртібіне сай ақпараттар беріп тұруға тиіс.
Есеп берудің жаңа жүйесімен елдің хабардарлығы айтарлықтай өрістейді, өйткені басқа тексерулерден алынған көрсеткіштер мен деректерді байланыстыру саладағы болып жатқан жағдайлардан дифференциалды кестелер жасауға мүмкіндік береді. Бұл жүйе ақпарат жинаудың салалық түрінен кәсіпорын статистикасына біртіндеп көшуге жағдай жасайды.
5.2.1.5. Құрылыс және инвестициялар статистикасы
Істің хал-жайы. Құрылыс және инвестициялар статистикасын реформалау шегінде еліміздегі пайдаланушылардың ақпаратқа деген қажетін белгілі бір шамада қанағаттандыратын шаралар кешені жүзеге асырылды. Мұның өзінде статистиканың осы тауарларын құрудың жалпы методологиялық әдістері, статистикалық көрсеткіштер жүйелері, ағындар схемалары, ақпаратты жинау мен өңдеу технологиясын рыноктық экономика елдерінің зерттеген тәжірибесі есепке алынып, қайта қаралды.
Қазақстанның табиғи ресурстарын игеру шаралары бойынша жер астының байлықтарын пайдаланушыларға берілетін лицензиялар мен байланыстардың есебін жүргізуде, үлкен маңызы бар сенімді де анық деректер алатын лицензиялық міндеттерінің орындалуына тиімді бақылауды іске асырудың мүмкіндігі бар. Осы мақсатта Республикада № 1-4 ЛКУ жаңартылған нысан бойынша жерді пайдаланушылардың лицензиялық және келісім шарт талаптарын орындауларына мониторинг жүргізілуде. Жер астын пайдаланудағы нақты инвестициялардың толық есебін жүргізу үшін қаржылық міндеттемелердің құрылымын талдайтын статистикалық есеп беру нысандарының деректерін одан әрі жетілдіру қажет.
Қазақстан Республикасының "Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы" Заңы қабылданғаннан кейін Қазақстан Республикасы экономикасының басым секторларына тікелей салынған отандық және шет елдік инвестициялардың есебін жүргізу қажеттігі туды. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінде Қазақстан экономикасының басым секторларындағы инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша № 1-ИП нысаны жөнінде инвесторлардың әр тоқсан сайын есебін жинау және қорыту жұмыстары басталды.
Құрылыс кешенін реформалау меншік мөлшері, нысандары әр түрлі құрылыс ұйымдарының көбеюіне әкеп соқты, ал мұның өзі есептік деректерді жинауды қиындатты. Сондықтан байқаудың жаппай әдісінен іріктеу әдісіне іріктеу әдісіне көшу керек болды. Бұл үшін соңғы екі жылда құрылыс ұйымдарына қатысты статистикалық регистрді жасап, іске қосу жұмысы жүргізілді.
Құрылысты жаппай салу есептері мен нақты көлем индексінің есебін жүргізудің методологиялық құрал-сайманы, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің инвестициялық қызметін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі ҰШЖ-ның талаптарына сәйкес әзірленіп, өндіріске енгізілді.
Мақсаты. Кәсіпорындар статистикасының халықаралық деңгейде салыстырылатын шегінде құрылыс және инвестиция қызметінің статистикалық көрсеткіштерінің жүйесін одан әрі жетілдіруді, негізделген есептер жүйесімен толыққан жаппай және іріктеп байқау негізінде статистикалық байқаудың осы заманғы әдістерін қолдануды; статистикалық ақпаратты талдау мен жариялауды жетілдіруді және инвестициялар бойынша деректер базаларын қалыптастыруды қамтамасыз ету.
Негізгі шаралар. Инвестициялар статистикасының көрсеткіштерін қадағалау жөнінде халықаралық деңгейде салыстыруға болатын методологияны енгізу мақсатында "Инвестициялар статистикасының" техникалық көмегін алу жөніндегі жоба TACIS бағдарламасының шегінде Еуростатпен бірлесіп әзірленді. Бұл жобаның шегінде мынадай проблемаларды шешу ұйғарылды: инвестициялар статистикасы көрсеткіштерінің СНС-тың мүдделеріне сай келетін жүйесін анықтау; байқаудың статистикалық бірліктерін анықтау және оларды есепке алуды ұйымдастыру; байқау бірліктерін қамтудың толықтығын іріктеу шекараларына сәйкес қамтамасыз ету; көрсеткіштерді байқау бірліктерінің толық санына дейін есептеу методологиясын әзірлеу.
Инвестициялар статистикасының басты міндеті - шаруашылық жүргізуші субъектілердің инвестициялық қызметін сипаттайтын статистикалық көрсеткіштер жүйесін ұлттық шоттар жүйесіне сәйкес қайта қарау.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің инвестициялық қызметін статистикалық бақылау әдістері негізделген есептер жүйесімен толыққан жаппай және іріктеу әдістерін ұштастыру негізінде жетілдірілетін болады, сондай-ақ деректерді жинау мен өңдеудің жаңа технологиялары енгізілмекші. Құрылыс өндірісінің статистикасында көрсеткіштер жүйесі жетілдіріліп, құрылыс ұйымдарының қызметін статистикалық бақылаудың осы заманғы әдістері енгізілетін болады. Мемлекеттік қаржы есебінен қаржыландыру іске асырылатын құрылыс объектілеріне жүргізілген мердігерлік тендерлерді, сондай-ақ мемлекеттік кепілдікті қамтамасыз ететін кредиттерді сипаттайтын статистикалық көрсеткіштер жүйесі ендірілетін болады. Халықаралық сарапшылардың ұсыныстары мен басқа елдердің тәжірибесін зерттеуді есепке алып, жалпы құрылыс өнімін есептеу әдістерін жетілдіруді жүзеге асыру қолға алынбақшы.
5.2.1.6. Бағалар статистикасы
Істің хал-жайы. Республикамызда 1991 жылдан бастап статистиканың жаңа саласы - бағалар статистикасы пайда болды. Экономиканың барлық негізгі секторларындағы бағалар индекстерінің есептерін реттейтін методологиялық және нұсқамалық материалдар пакеті қысқа мерзім ішінде әзірленді. Өнеркәсіп өнімін өндірушілердің және тұтыну бағаларының индекстерін құру тәртібі МВФ-ның сараптауынан өтіп, халықаралық ұсыныстарға сай деп танылды.
1996-1998 жылдары бағалар статистикасында есеп айырысуларды ұлғайту жұмысы жүргізілді. Өнеркәсіп кәсіпорындары технологиялық процесс үшін сатып алатын өндірістік ресурстарға арналған бағаның өзгеруін сипаттайтын көрсеткіштер, сондай-ақ халықтың жекелеген топтарына арналған тұтыну бағаларының индекстері әзірленді. Облыстар бойынша ауыл шаруашылығы өнімі бағаларының айлық индекстер сериясы, кезеңдік статистикалық деректері негізінде экспорт және импорт өнімдерінің бағалар индекстері алынды.
Мақсаты. Бағалар статистикасының көрсеткіштерін дүние жүзілік практикада қабылданған методологиялық әдістерге толық сәйкес құруды одан әрі жетілдіру.
Негізгі шаралар. Экономиканың секторларында бағалар өзгерісін бағалаудың дәлдігін арттыру жөніндегі шаралар кешенін, оларды байқау әдістерін жетілдіру және жүзеге асатын есептер арқылы жүзеге асыру жоспарланады.
Бағалар индекстерін халықаралық аналогтер мен классификаторға бейімдеу мақсатында олардың кейбіреулері қайта қаралып, ұлғайтылады. Маусымдық тұтыну бағалары индексінің ықпалына түспейтін олардың есебі қарастырылмақшы.
Өндірістік сипаттағы қызметтер өндірушілердің бағалар индексін толықтырады. Құрылыс өндірісінде "компоненттерді құрау" әдісімен бағалар индексінің есебіне көшу ұйғарылды. Орман шаруашылығы мен ағаш дайындау өнімдерінің бағалар индекстері, экспорт және импорт өнімінің барлық өту жолдарын есепке алып, оның бағалар индекстері жасалатын болады. Бұдан басқа, экономиканың базалық салаларындағы шығындардың құрылымын және оның экономиканың өндірістік және тұтыну секторларындағы бағалардың деңгейі мен динамикасына ықпалын зерттеу мақсатында бір мезгілде зерттеу жүргізу жоспарланып отыр.
5.2.1.7. Еңбек және еңбекпен қамту статистикасы
Істің хал-жайы. 1993-1995 жылдары еңбек және еңбекпен қамту статистикасында реформалаудың бастапқы кезеңі жүзеге асты, ол көрсеткіштер жүйесінде елеулі өзгерістер мен тиісті халықаралық ұсыныстар мен стандарттарға сүйенетін методологиялық әдістерге қол жеткізді. Сондай-ақ экономикалық қайта құруды объективті түрде сипаттайтын ақпаратты жинау қамтамасыз етілді.
1996-1998 жылдары басты назар ақпарат жинаудың қолданылып жүрген салалық принципінен кәсіпорындар статистикасына бірте-бірте көшуге аударылды. Статистикалық деректердің халықаралық салыстырмалылығын қамтамасыз ету мақсатында экономикалық қызмет түрлерінің жаңа салалық классификациясына (ОКЭД) көшу жүзеге асты.
Мақсаты. Еңбек рыногы мен жалақы мәселелері жөнінде кезеңдік іріктеп зерттеуге көшуді жүзеге асыру.
Негізгі шаралар. Еңбек және еңбекпен қамту статистикасында көрсеткіштер жүйесін статистикалық есеп беру нысандарын, статистикалық бақылау әдістерін жетілдіру ісі одан әрі жүргізіле береді.
Бағдарламаның шегінде статистикалық байқау практикасына жұмыспен қамту және жұмыссыздық проблемалары жөнінде халықты (үй шаруашылықтарын) іріктеп зерттеу енгізілмекші.
Сондай-ақ мынадай зерттеулер жүргізу жоспарланды:
экономикалық қызметтің жекелеген түрлеріндегі негізгі мамандықтар мен лауазымдар бойынша қызметкерлердің саны және жалақысы туралы;
экономикалық қызметтің кейбір негізгі түрлері бойынша жұмысшы күшіне кететін шығындардың құны туралы.
Еңбек ресурстарының баланс есебінің әдістемесін одан әрі жетілдіру жұмысы бұдан былай да жалғасады.
5.2.1.8. Кәсіпорындардың қаржы статистикасы
Істің хал-жайы. Мемлекеттік статистиканы жетілдірудің осыдан бұрынғы бағдарламасын жүзеге асыру барысында бухгалтерлік есепке алудың жаңа жүйесін енгізу нәтижесінде статистикалық есеп берудің бұрынғы нысандары қайта қаралды (мемлекеттік статистикалық есеп берудің 4 нысаны негізінде жүйеленген № 1- ПФ нысаны, өнім өндіру мен өткізу шығындары жөніндегі есеп берудің 2-нысаны негізінде - бір № 5 нысаны әзірленді, негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің саны мен қозғалысы туралы есеп беру нысаны жетілдірілді), сондай-ақ құнды қағаздар рыногының өскелең роліне және мемлекеттік басқару органдары мен кәсіпорындардың құнды қағаздармен жасаған операциялардың кірістерін есепке алу қажеттігіне байланысты 1997 жылғы 1-тоқсанның есебінен бастап құнды қағаздар операциялары жөнінде жаңа статистикалық есеп беру енгізілді.