Негізгі шаралар. 1999 жылдың техникалық қайта жарақтандырудың бірінші кезеңін аяқтау көзделуде, оның негізгі қорытындысы - барлық облыстық статистика басқармаларында ЛВС-ның пайдаланыла басталуы және агенттіктің орталық аппаратындағы әрбір жұмыс орнын жеке компьютермен жабдықтау болмақ.
Жаңа ақпараттық технологияларға көшуді қамтамасыз ету үшін мынадай шаралар жүзеге асырылады:
деректерді "клиент-сервер" технологиясы бойынша өңдеуге көшу;
Интернет пен Интранет технологияларын енгізу;
деректерді интеллектуалдық талдау технологияларын игеру.
Мемлекеттік статистиканың техникалық базасын одан әрі дамыту үшін статистиканы техникалық және бағдарламалық-технологиялық қайта жарақтандырудың екінші кезең жөніндегі жоба 2002-2005 жылдары іске асуға тиіс.
Статистиканы бағдарламалық-технологиялық қайта жарақтандырудың осындай шараларын 1999-2005 жылдарда статистика қызметін жүргізетін басқа да орталық атқарушы органдар мен ведомстволар жүргізуге тиісті.
5.3.2. Ақпаратты жинаудың, берудің, өңдеу мен табыс
етудің тындырымды технологиясын енгізу
Статагенттіктің деректерін берудің қазіргі жүйесі тиянақталмаған. Ол ескірген бағдарламалық қамтамасыз етудің көмегімен ұйымдастырылған, байланыстың коммутаторлық желілерін пайдалану салдарынан онда іркілістер болып тұрады. Сондықтан облыс - орталық буынында деректерді берудің жаңа жүйесі жасалмақшы. Осының нәтижесінде 2000-2001 жылдары статистикалық ақпаратты жинаудың, берудің, өңдеудің, қордалау мен табыс етудің тындырымды технологиясына көшу мүмкін болады.
Ақпаратты өңдеудің қағазсыз технологиясына көшу үшін мына шаралар жүзеге асырылады:
"аудан-облыс" буынында деректерді берудің жүйесін ұйымдастыру;
статистикалық есеп берудің ақпаратты сканерлік оқуға мүмкіндік беретін нысандарын енгізу;
есеп берулерді телекоммуникация желілері бойынша жинау нысанына көшу.
5.3.3. Бірыңғай ақпараттық статистикалық ресурстарды
қалыптастыру
Мемлекеттік статистика жүйесіне статистикалық ақпаратты тындырымды электрондық өңдеуді қамтамасыз ететін жаңа ақпараттық технологияны енгізу статистика қызметінің саласында бірыңғай ақпараттық ресурстар жасауға мүмкіндік береді.
Нормативтік-анықтамалық ақпараттың бірыңғай қоры құрылады, оған жіктемелердің автоматтандырылған банкі, әкімшілік және статистикалық регистрлер, жеке кәсіпкерлер реестрі, сондай-ақ статистикалық көрсеткіштердің каталогы (жіктемесі) енеді.
Нормативтік-анықтамалық ақпараттың бірыңғай қоры негізінде деректердің интеграцияланып, республиканың статистика салалары мен облыстары бойынша бөлінген базалары республикалық және аймақтық деңгейлерде жасалмақшы. Деректерді сенімді сақтау мен басқаруды, оның барлық функциялық кешендерінің толассыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін бөлінген деректер базаларының әкімдер қызметі жұмыс істей бастайды.
Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу және бірыңғай ақпараттық статистикалық ресурстарды жасау статистикалық ақпаратты пайдаланатын еліміздің басқару органдарын, іскер топтары мен жұртшылыққа телекоммуникациялық қызмет көрсетуді дамытуға мүмкіндік береді.
5.4. Статистикалық деректерді жариялау мен тарату
жүйесін жетілдіру
Барлық деңгейдегі пайдаланушыларды сапалы әрі қажетті статистикалық ақпаратпен толық қанағаттандыруды қамтамасыз ету мақсатында Статагенттік таяу уақытта полиграфиялық базаны осы заманғы жабдықтармен, байланыс құралдарымен және осы мақсатқа қажетті басқа да құрал-саймандармен одан әрі қайта жарақтандыруды және баспа қызметін жетілдіруді жоспарлап отыр.
Бұл статистикалық деректерді табыс етудің нысандарын түрлендіруге (графиктер, чистограммалар, таблицалар), жарияланымдардың дизайны мен безендірілуін жақсартуға мүмкіндік береді.
1999 жылы Статагенттіктің жарияланымдардың ұлғайтылған жүйесін (сериясын) ұлттық деңгейде бекіту, ал одан кейін статистикалық көрсеткіштер каталогы мен нормативтік-анықтамалық ақпараттың бірыңғай жүйесі негізінде деректердің интеграцияланған статистикалық базасын енгізуді есепке алып, оларды жыл сайын қайта қарап отыру жоспарлануда.
1999 жылдан бастап, ал одан кейін жыл сайын Статагенттіктің жарияланымдар жүйесін (сериясын) жетілдіру және барлық деңгейдегі пайдаланушыларды сапалы әрі рыноктық жағдайға бейімделген статистикалық ақпаратпен жабдықтау мақсатында маркетингтік зерттеулер жүргізу және статистикалық деректерді пайдаланушылармен конференциялар өткізу ұйғарылды, пайдаланушылардың каталогын жасау белгіленді.
Жаңа статистикалық ақпаратты пайдаланушылардың көпшілігі оны түсінуін қамтамасыз ету үшін статистикалық анықтамалықтарда статистикалық терминдердің түсіндірмелерін, сондай-ақ көрсеткіштердің есебін алу методологиясын жариялау көзделуде.
Статагенттіктің жарияланымдар тарату жүйесін ұлғайту және республика экономикасының даму үрдісін басқа елдермен салыстырып, талдау үшін 1999 жылдан бастап пайдаланушыларға статистикалық ақпаратты электронды және басқа байланыс құралдары, атап айтқанда, Интернет арқылы беруді енгізу белгіленді, мұның өзінде халықаралық ұйымдармен және басқа елдердің статоргандарымен өзара ақпарат алмасу қамтамасыз етіледі.
Республикалық жарияланымдардың сапасын жақсарту мақсатында ТМД, Еуропалық Одақ елдерінің Жапонияның және басқаларының статистикалық анықтамалар жасау жөніндегі тәжірибесін жете зерттеп, пайдалану көзделуде.
5.5. Статистика және ақпараттық технологиялар
саласындағы кадрларға үздіксіз кәсіптік білім беру
жүйесін жетілдіру
Рыноктық экономикаға көшу және статистикалық деректердің көрсеткіштер жүйесі, олардың есебін алу методологиясы, оларды жинау, өңдеу, тарату мен талдау жөніндегі статистиканы тиісінше реформалау статистика мен ақпараттық технологиялар саласындағы кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың осы заманғы жүйесін жасауды қажет етеді.
"Статистика" мамандығы бойынша арнаулы жоғары, орта және бастауыш кәсіптік білім берудің мемлекеттік білім стандартын әзірлеу осы міндетті шешудің аса маңызды шарасы болып табылады. Осының негізінде бірыңғай оқу жоспарлары мен бағдарламалары әзірленіп, енгізілуге, оқу-әдістеме әдебиеті басылып шығарылуға тиіс.
Статистика саласындағы кадрлар, сондай-ақ барлық деңгейдегі оқу орындарының оқытушылары даярлануы мен қайта даярлануы қамтамасыз етілуге тиіс. Статистикалық деректерді пайдаланушылар үшін оқу курстарын ұйымдастырудың маңызы аз емес.
5.6. Статистика саласында халықаралық ынтымақтастық
Істің хал-жайы. Еуростат, БҰҰ-ның статбөлімдері және УЭК-і, ХВҚ сияқты ұлттық статистикалық қызметтермен, Дүниежүзілік банкпен, ОЭСР-мен, ЮНЕСКОмен, Германияның, Нидерландтардың, Түркияның, Францияның статқызметтерімен, АҚШ-тың Ауыл шаруашылығы мемлекеттік департаментімен және басқа халықаралық ұйымдармен, ұлттық статистикалық қызметтермен тұрақты әрі жан-жақты ынтымақтастық орнату республиканың статистикасын реформалауда статистикалық көрсеткіштердің жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру зор маңызға ие болады. Ынтымақтастықтың басты мақсаты - Қазақстанның статистика қызметкерлерінің халықаралық стандарттарға көшуіне жәрдемдесу.
Халықаралық ынтымақтасу шеңберінде Еуростат статистика саласында іске асырып жатқан ТАСИС бағдарламасының рөлі ерекше. ТАСИС бағдарламасы бойынша көмек көрсету 1992 жылы басталды, бұл жұмыстың барысында жүйенің мамандарын оқытуда елеулі көмек көрсетілді, компьютер жабдықтары орнатылды, семинарлар өткізіліп, тәжірибе алмасылды, басқа да консультациялық көмек көрсетілді, сондай-ақ едәуір көлемде методологиялық материалдар берілді. 1994 жылдан бастап кәсіпорындар статистикасы проблемалары, кәсіпорындар регистрі және сыртқы сауда статистикасы бойынша жобалар жүргізу ынтымақтастықтың негізгі бағытына айналды, бұлармен алдағы уақытта да жұмыс жүргізіле береді.
Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға мүше болуы олардың сұрақнамалары мен сұраныстарына жауаптар түрінде олардың атына статистикалық ақпараттар беру міндетін жүктейді. Бірнеше жылдар бойы біз халықаралық ұйымдардың атына республиканың әлеуметтік-экономикалық және демографиялық жағдайының түрлі көрсеткіштері бойынша сұрақтарына жауап беріп келеміз. БҰҰ-ның және БҰҰ ЕЭК-тің статбөлімдерінің ХВҚ, Дүниежүзілік банк, ОЭСР, ЮНЕСКО, ФАО, Дамудың Азия банкі мен басқаларының атына жыл сайын 40-тан астам сұрақнама табыс етіледі. Қазақстан Республикасының статистикалық деректерінің халықаралық жарияланымдарға енуі - осы жұмыстың нәтижесі.
Мақсаты. Халықаралық ұйымдар мен басқа да елдердің ұлттық статистикалық қызметтерінің бізге техникалық көмек беруін қамтамасыз ету. Негізгі шаралар. Мемлекеттік статистика жүйесін серпінді реформалау қажеттілігін ескере отырып, басқа елдердің ұлттық статистикалық қызметтерімен статистиканың методологиясы және практикасы саласында пәрменді тәжірибе алмасу жүзеге асырылмақ.
Алдағы кезеңде халықаралық ұйымдардың тарапынан статистиканы жетілдірудің жекелеген жобаларын жүзеге асыру, атап айтқанда, халықаралық статистикалық нормалар мен стандарттарды енгізу жөнінде техникалық көмек алудың маңызы зор.
ТАСИС бағдарламасы бойынша бұрын әзірленіп, бекітілген және "Қазақстанның ресми статистикасын реформалау. 1-бөлім" жобасы шегінде 1997 жылы ТАСИС-тің ұлттық бюджетінен қаржыланатын мынадай шағын жобалар жөнінде Статагенттік пен Еуростаттың ынтымақтастығы 1999 жылы және одан кейінгі жылдарда да жалғаса береді:
қызмет көрсету статистикасы;
инвестициялар статистикасы;
халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздық саласындағы статистикалық жүйені енгізу;
статистикалық ақпаратты жариялау қызметі және оны тарату.
1998-1999 жылдары ТАСИС-тің ұлттық бюджетінен қаржыланатын осы жобаның 2-бөлімі бойынша мынадай шағын жобалар көзделген:
деректердің бөлінген базасын Қазақстан Республикасының статистика жүйесіне енгізу;
деректерді статистикалық талдаудың әдістерін үйрету;
географиялық ақпараттық жүйелерді енгізу.
1999 жылы Германияның техникалық көмек көрсетуі шегінде оның Федералдық статистика басқармасымен мына бағыттар бойынша ынтымақтасу жалғасын таба береді:
бағалар статистикасы (құрылыстың бағалар статистикасы саласында);
еңбек рыногы статистикасы (жалақы статистикасы);
ұйымдастыруды дамыту.
Қазақстан Республикасының Статагенттігі статистикалық ақпаратты халықаралық ұйымдарға заң бойынша өзіне жүктелген міндеттемелер мен Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкес беріп отырады.
ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1434 қаулысымен 6-бөлім өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Қажетті ресурстар және оларды
қаржыландыру көздерi
Бағдарламаның шараларын қаржыландыру республикалық бюджеттің қаржысы, халықаралық ұйымдар тарапынан статистиканы жетілдіру жөніндегі жекелеген жобаларды жүзеге асыруға техникалық көмек қаржысы, сондай-ақ өзге де қаржыландыру көздіктері есебінен жүргізіледі.
Бағдарламаны орындау үшін 1999-2005 жылдары шамамен сомасы 40-50 миллион АҚШ долларындай болатын қаржыны игеру талап етіледі. Шығындардың шамамен 40%-і ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарын жүргізуге, консультациялық қызмет көрсету мен мамандарды оқытуға, 45%-і- техникалық және телекоммуникациялық, бағдарламалық-технологиялық қамтамасыз ету және ақпараттық ресурстарды қорғау құрал-саймандарын дамытуға байланысты болады, ал 15%-ін өзге де ағымдағы шығыстар мен халықаралық ынтымақтастықтың шығындары құрайды. Талап етілетін қаржы республикалық бюджеттің табыс бөлігіне байланысты әр жылға жеке қаралады.
Бағдарламаны iске асыруға республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемi 2002 жылы 10 миллион теңге мөлшерiнде, 2003 жылы 1232,502 миллион теңге мөлшерiнде көзделген.
6.2. Бағдарламаны іске асыру тетігі
Бас тапсырыс беруші - Қазақстан Республикасының Үкіметі, Бас мердігер - Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі. Оған елімізде мемлекеттік статистиканы реформалау жұмысын үйлестіру Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік статистика туралы" Заңына сәйкес жүктелген.
Бағдарламаны iске асыруға негiзгi атқарушылар ретiнде Статагенттiкпен қатар осы қаулының қосымшасына сәйкес басқа да мемлекеттік органдар қатысады.
Бағдарламаны жүзеге асыру тетігіне мыналар енеді:
Бағдарламада көзделген жұмыстардың жоспарлануын, жүзеге асуын және орындалуын бақылауды қамтамасыз ететін ұйымдастыру шаралары;
Қазақстанның мемлекеттік статистикасын халықаралық практикада қабылданған есепке алу мен статистика жүйесіне көшуге мүмкіндік беретін методологиялық шаралар;
мемлекеттік статистика органдарының техникалық және бағдарламалық-технологиялық базасын модернизациялауды, ақпаратты қорғаудың талаптарын сақтай отырып, республикалық және аймақтық деңгейде ақпараттық жүйе жасауды қамтамасыз ететін техникалық шаралар.
Бас мердігер жыл сайын бірінші тоқсанда осының алдындағы кезеңде мемлекеттік статистиканы жетілдіруде жеткен нәтижелерді қарап, ағымдағы жылға жоспарланған шараларды есепке алып, қаржыландыру көздіктерін көрсетіп, кезекті жылға арналған Бағдарламаны жүзеге асыру шаралары Жоспарының жобасын басқа да орындаушыларды қатыстырып қарайды, бұл жобаны ол Бас тапсырыс берушіге табыс етеді.
Әр жылдың екінші тоқсанында Бағдарламаның Бас тапсырыс берушісі республикалық бюджет қаржысы есебінен орындалатын шаралар Жоспарындағы бағдарламалық жұмыстар тізбесін нақтылап, олар бойынша шығындардың жоғары шегін белгілейді. Қажетті ретте Бас Тапсырыс беруші жекелеген бағдарламалық шараларды жүзеге асыру мерзімдерін өзгерту немесе ұзарту туралы ұсыныс енгізеді.
Жыл сайын үшінші тоқсанда Бас мердігер мен орындаушылар Бас тапсырыс беруші белгілеген бағдарламалық жұмыстар тізбесі бойынша республикалық бюджет қаржылары есебінен кезекті жылға арналған Бағдарламаны қаржыландырудың талап етілетін мөлшерін негіздеуді Республикалық бюджет комиссиясына табыс етеді.
Бас мердігер мен Бағдарламаны Үйлестіруші - Қазақстан Республикасының Статагенттігі Бағдарламаның ағымдағы ісін басқарады. Орындаушылар өздерінің бағдарламалық шараларды орындауы туралы Жұмыстардың үйлестірушісі алдында есеп береді. Үйлестіруші Бағдарламаның іске асу барысы туралы Бас тапсырыс берушіні жыл сайын хабардар етіп отырады.
ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1434 қаулысымен 7-бөліммен толықтырылды
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
Бағдарламада қойылған негiзгi мiндеттердi шешу Бағдарламаны iске асыру барысында оң нәтижелерге қол жеткізудi көздейдi, олар елiмiздiң басқару органдарының, iскер топтар мен жұртшылықтың елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуы туралы объективтi статистикалық ақпаратқа деген қажеттерiн неғұрлым толық қанағаттандыруда көрiнуi тиiс.
Статистикалық тiркелiмдердi, статистикалық байқаулардың жiктемелерi мен әдiстерiнiң жүйесiн жетiлдiру елiмiздегi нақты сектордың дамуы туралы салыстырмалы әрi сапалы деректердiң тиiмдi өндiрiлуiн қамтамасыз ететiн кәсiпорындар статистикасына көшуге қажеттi жағдайлар жасайды.
Барлық статистика салаларының әдiснамасын жетiлдiру жөніндегі iс-шаралар кешенiн iске асыру Қазақстан туралы статистикалық ақпараттың сапасын көтерiп оның халықаралық деңгейде салыстырмалылығын қамтамасыз етедi.
Мемлекеттік статистика жүйесiне статистикалық ақпаратты толассыз электрондық өңдеудi қамтамасыз ететiн жаңа ақпараттық технологияларды енгізу статистикалық деректер өндiрiсiнiң жеделдiгi мен тиiмдiлiгiн арттырады.
Ақпаратты кодтау саласындағы осы заманғы халықаралық статистикалық стандарттарды енгізу, сондай-ақ ақпаратты тарату жүйелерiн жетiлдiру бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi қалыптастыруға зор үлес қосады.
Статистиктерге үздiксiз кәсiптiк білім беру жүйесiн қалыптастыру тек осы бағдарламаны iске асыруды қамтамасыз етiп қана қоймайды, сонымен бiрге елiмiздегi статистикалық қызметтi одан әрi дамыту мен жетiлдiруге потенциал жасайды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
статистиканы жетілдірудің 1999-2005
жылдарға арналған бағдарламасына
Қосымша
ҚР Үкіметінің 29.06.00 ж. № 974; 27.08.01 ж. № 1108; 20.12.01 ж. № 1666 қаулыларымен қосымша өзгертілді; ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1434 қаулысымен қосымша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара )
Бағдарламаны Iске асыру жөніндегі шаралар жоспары
────────┬─────────────────┬─────────┬─────────┬──────┬────────┬─────
Рет. │ │ Аяқталу │ Жауапты │Орын. │Болжал. ├Қар.
тік │ Шаралар │ нысаны │ орын. │далу │ды шы. │жы.
N │ │ │ даушы │мерзі.│ғындар │лан.
│ │ │ │мі │(млн. │дыру
│ │ │ │ │теңге) │
────────┼─────────────────┼─────────┼─────────┼──────┼────────┼─────
1 │ 2 │ 3 │ 4 │ 5 │ 6 │ 7
────────┴─────────────────┴─────────┴─────────┴──────┴────────┴─────
1. 1. Статистиканың
халықаралық
стандарттарын
енгізу
1.1. 1.1. Халықаралық
деңгейде қабыл.
данған жіктеме.
лермен үйлескен
ұлттық статисти.
ка жіктемелері.
нің жүйесін
енгізу
1.1.1. 1. Мемлекеттік Әдістемелік Стат. 1999
статистика сала. ұсыныстар, агенттік
сына (NACE, статесепті.
СРА, PRODCOM) ліктің
негізгі халық. нысандары
аралық статис.
тикалық жiктеу.
лердi енгізу
1.1.2. 2. Экономикалық Жіктегіштер Стат. 1999-
қызметтiң және агенттік 2003
өнiмдер мен қыз.
мет көрсету
түрлері жiктеу.
лердiң ұлттық
болжамдарын
әзірлеу және
енгізу
1.1.3. 3. Mеншiк, ұйым. Жіктегіштер Стат. үнемі
дастыру-құқық. агенттік
тық нысандарын,
аумақтық, кәсiп.
орынның шағын.
дылығы, өндiрiс
көлемi және
басқа нысанда.
рының жiктегiш.
терiн жетiлдiру
1.1.4 4. Халықаралық Әдістемелік Стат. 1999-
басқа да жiк. ұсыныстар агенттік 2005
теулердi (ден. пен басқа
саулық сақтау, ведом.
білім, еңбек, стволар
экология және
басқа) енгізу
1.2. 1.2. Тiркелiм.
дердi статисти.
калық қызметті
ұйымдастырудағы
негiзгi құрал
ретiнде дамыту
1.2.1. 1. Әкiмшiлiк Тіркелімдер. Стат. 1999
тiркелiмдi, ста. ді жүргізу агенттік
тистикалық тiрке. процедурасы
лiмдi, жеке жөніндегі
меншiк кәсiпкер. нұсқамалар
лер тiзiлiмдерiн
және ауыл шаруа.
шылығы тiркелiмiн
жүргiзу процеду.
расын жетiлдiру
1.2.2. 2. Кәсiпорынның Әдістеме Стат. 1999
экономикалық агенттік
қызметiнiң негiз.
гi түрiн анықтау.
дың әдiстемесiн
әзiрлеу
1.2.3. 3. Статистикада Тіркелімдер. Стат. 1999-
тiркелiмдердiң өз ді жүргізу агенттік 2000
ара әрекеттестi. жөніндегі
гiн қамтамасыз құжаттама
ету үшiн ереже.
лер мен бағдар.
лама құралдарын
әзiрлеу
1.2.4. 4. Ішiнара байқау Әдістемелік Стат. 1999-
жүргiзгенде тiр. ұсыныстар агенттік 2000
келiмдердi пайда.
ланудың тәртібін
әзiрлеу және
енгізу
1.2.5. 5. Статистикалық Жергілікті Стат. 1999- 2002- РБ
тiркелiмдi бірліктерді агенттік 2002 5,0
Еуропастаттың статистика.
"Тiркелiмдердi лық тірке.
жүргiзу жөніндегі лімге қосу
басшылыққа" сәй.
кес келтiру
1.2.6. 6. Құрылымдық Тіркелімдер. Стат. 1999- 2002- РБ
iлгерi басушылық. ді жүргізу агенттік 2002 5,0
ты көрсету үшiн жөніндегі
кәсiпорындар нұсқамалар
"демографиясын"
жүргiзу
1.2.7. 7. Статистикадағы Басқа ведом. Стат. 1999-
тiркелiмдердi стволармен агенттік 2005
жүргiзу және ақпараттық пен
жаңғырту үшiн әрекеттестік басқа
ведомтсволық туралы келі. ведом.
әкiмшiлiк тiрке. сім шарттар стволар
мелерiн пайдалану
1.2.8. 8. Тiркелiмдердi Тіркелімдер. Стат. 1999-
деректердiң ді жүргізу агенттік 2005
бөлiнген базалары жөніндегі
режимiнде жүргi. құжаттар
зуге көшу
сондай-ақ тiрке.