Поиск 
<< Назад
Далее >>
Два документа рядом (откл)
Сохранить(документ)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Справка документа
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы жетілдірудің 1999-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 қарашадағы № 1180 қаулысы (ҚР Үкіметінің 29.06.00 ж. № 974; 27.08.01 ж. № 1108; 20.12.01 ж. № 1666; 29.12.02 ж. № 1434 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)

  • Показать изменения

Мақсаты. Кәсіпорындар мен ұйымдар қаржысының жайы, олардың өнім өндіру мен өткізуге жұмсаған шығындары туралы нақты мәлімет алу. Негізгі қорлар бойынша баланстық таблицаларды талдау мен жариялау оларды құру әдістерін жетілдіру.

  • Показать изменения

Негізгі шаралар. Жаңа Бағдарлама шегінде кәсіпорындардың қаржы статистикасының, сондай-ақ негізгі қорлар статистикасының қаржылық көрсеткіштерін халықаралық қаржы стандарттарына сәйкес одан әрі жетілдіру көзделуде. Республика облыстарының кәсіпорындары мен ұйымдары арасындағы өзара есеп айырысу жайы туралы ақпарат алу үшін "Республика кәсіпорындарының өз ара есеп айырысу жайы туралы" бөлім жүргізілетін болады.

  • Показать изменения

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы қызметін жаппай және іріктеу әдістерін ұштастыру негізінде статистикалық бақылаудың әдістерін одан әрі жетілдіре беру көзделген. Мәселен, сеніп басқаруға берілген кәсіпорындар жөніндегі деректерді жинап, өңдеу белгіленді. Меншік нысандарының, қызметтің шағындылығы мен түрлерінің халықаралық жіктемелеріне бұдан былай көшпекші. Жеткілікті мөлшерде толық ақпарат алу үшін кәсіпорындардың қаржы статистикасы жөнінде деректер базаларын қалыптастыру қажеттігі туындайды. Негізгі қорлардың ақпараттық базасын, саны мен қозғалысы туралы ақпаратты жинау мен өңдеу әдістерін одан әрі жетілдіру көзделуде.

  • Показать изменения

5.2.2. Сыртқы сектор статистикасы

  • Показать изменения

5.2.2.1. Сыртқы сауда статистикасы

  • Показать изменения

Істің хал-жайы. 1994 жылға дейін республикамыздағы сыртқы сауда жөніндегі деректер шашыранды сипатта болды. Алайда 1994 жылдан бастап сыртқы сауда жөніндегі ақпаратты жинаумен қатар статистикалық мақсат үшін жүк кеден декларацияларын (ЖКД) статистикалық есеп беру негізінде өңдеу басталды, сөйтіп сыртқы сауда статистикасы бойынша бірыңғай ақпараттық база қалыптаса бастады.

  • Показать изменения

1995 жылдан бастап кәсіпорындардың есеп беруі тоқтатылып, барлық ақпарат кедендік статистиканың деректеріне сүйенетін болды. "ТМД-ге қатысушы мемлекеттердің сыртқы саудасы кедендік статистиканың бірыңғай методологиясы" қабылданып, іске қосылды, ТМД елдері үшін халықаралық деңгейде қабылданған тауарлар мен қызметтердің үйлесімді жүйесімен (ҮЖ) 6 белгі деңгейінде салыстырылатын Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы (СЭҚТН) және АҚШ доллармен бірыңғай құндық баға пайдаланыла басталды. 1998 жылдың қаңтарынан бері Қазақстанда ТДМ-інің СЭҚТН-і қолданылып жүр.

  • Показать изменения

Қазіргі кезеңде сыртқы сауда статистикасы бойынша басты проблема ақпараттың анықтығы мен оны қамтудың толықтығын қамтамасыз ету. Біріншіден, кедендік статистика жөніндегі деректер шоғырланбалы негізде қалыптасады және оларда бір айда рәсімделген, ал басқа кезеңнің жинағына енгізілген декларациялардың ауыспалы қалдықтары болады. Екіншіден, кедендік статистиканың көлеміне ұйымдаспаған сауда шегінде ауысып жүрген тауарлар кірмейді.

  • Показать изменения

Бұдан басқа, ауысып жүрген тауарлар құндық бағалары бойынша да зор қиындықтар бар, экспорт пен импорттық орта бағаларының деңгейін бақылауды ұйымдастыру қажеттігі пайда болды.

  • Показать изменения

Мақсаты. Сыртқы сауда статистикасын одан әрі жетілдіру, сыртқы сауда жөніндегі деректердің анықтылығы мен толықтығын жақсарту. Кедендік одақтың шегінде сыртқы сауда жөніндегі ақпаратпен қамтамасыз ету, статистикалық деректердің динамикалық қатарларын құру.

  • Показать изменения

Негізгі шаралар. Сыртқы сауда статистикасында статистикалық деректерді жинау, өңдеу мен сақтау процесін одан әрі жетілдіру, келіп түсетін ақпараттың дұрыстығы мен толықтығын бақылауды күшейту жоспарланған.

  • Показать изменения

Кеден органдары кеден қызметінің бірыңғай автоматтандырылған жүйесін енгізгеннен кейін ЖКД-ні жинау мен өңдеудің жаңа технологиясына көшу жоспарланып отыр, ол сыртқы сауда жөніндегі шығатын ақпаратты "таза" айлар негізінде табыс етуге мүмкіндік береді.

  • Показать изменения

Барлық сыртқы сауда операцияларын толық қамтуды қамтамасыз ету үшін Кеден комитетінің мамандары жеке тұлғалар таситын тауарлар мен көлік құралдары жөніндегі ақпаратты қажетті статистикалық деректерді дайындап алып, есептеу мен өңдеудің автоматтандырылған жүйесін енгізуді белгіледі. Сыртқы сауда статистикасы жөнінде алынатын деректердің сапасын арттыру мақсатында "айналық" статистика негізінде екі жақты салыстырулар жүргізу жұмыстарын жалғастыру жоспарланған. Алғашқы кезеңде бұл жұмысқа Орта Азия мемлекеттерінің статистикалық қызметі қатыстырылады, одан кейін қатысушы елдердің ауқымы ұлғаяды.

  • Показать изменения

Сонымен қатар кеден комитетінің құрылымында арнаулы бөлімше құру жоспарланды, оның міндеті - кеден шекарасы арқылы өту үшін ресімделуге берілетін бақылау бағалық база қалыптастыру.

  • Показать изменения

1995 жылдан бастап барлық тауарлар мен елдердің сыртқы саудасы жөніндегі ақпарат бар. Осыған байланысты тауарлардың экспорты (импорты) жөніндегі қолда бар деректерді тәртіптеп, пайдалануға қолайлы динамикалық хабарлар түрінде табыс ету жоспарланды. Олар кейіннен үнемі өзгеріп, жаңаратын болды.

ҚР Үкіметінің 29.06.00 ж. № 974; 29.12.02 ж. № 1434 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2.2.2.2.-бөлімше өзгертілді

  • Показать изменения

5.2.2.2. Төлем балансы статистикасы

  • Показать изменения

Істің хал-жайы. 1992 жылғы шілде айынан бастап республикамызда ХВҚ-ның Статистика басқармасы мамандарының техникалық жәрдемімен төлем балансын жасау жүйесін енгізу жұмысы басталды. 1993 жылы ХВҚ миссиясы ұсынған деректерді жинауға арналған сауалнамалардың макеттері негізінде республикамыздың Статмемкомы төлем балансы жөнінде статистикалық есеп беру нысандарын енгізді. Осы уақыттан бастап Статмемком төлем балансын тоқсан сайын жасауды қолға алды. 1994 жылдан бері төлем балансын жасау ХВҚ-ның "Төлем балансы жөнінде басшылық" жинағының 5-басылымына сәйкес іске асуда.

  • Показать изменения

1997 жылғы екінші тоқсаннан бері Үкіметтің 1997 жылғы 25-сәуірдегі № 659 қаулысымен жиынтық төлем балансын қалыптастыру Қазақстанның Ұлттық банкіне берілді. Статагенттік сол кезден бастап үкіметтің осы қаулысына сәйкес жинау, өңдеу және жинақтау статистикалық органдарға жүктелген статьялар бойынша Ұлттық банкке деректер беріп келеді.

  • Показать изменения

Мақсаты. Сыртқы экономикалық операцияларды іске асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілерді барынша мол қамту, ақпараттың сапасын арттыру үшін арнаулы бір мезгілдік зерттеулер жасау.

  • Показать изменения

Негізгі шаралар. Төлем балансы статистикасының саласындағы басым міндеті - төлем балансы жөніндегі деректерді жинау, өңдеу және тарату методологиясы мен процедурасын жетілдіру.

  • Показать изменения

Өз қызметінің құрамында сыртқы экономикалық операциялары бар шаруашылық жүргізуші субъектілердің барынша толық қамтылуын бірінші кезекте қамтамасыз ету. Осындай шаруашылық жүргізуші субъектілердің реестрін жүйелі түрде жариялау жоспарда бар.

  • Показать изменения

Төлем балансындағы ақпараттың сапасын арттыру үшін мыналарды бір мезгілде зерттеу жоспарланған:

  • Показать изменения

- мигранттарды - әкелетін немесе әкететін капиталдың мөлшерін анықтау үшін;

  • Показать изменения

- тынымсыз тасымалдаушыларды - кедендік статистикаға ілінбеген экспорттың (импорттың), олардың тауарлық және елдік құрылымын анықтау үшін;

  • Показать изменения

- халықаралық туризм қызметінің саласын.

  • Показать изменения

Зерттеу бағдарламасы елдер бойынша қосымша мәліметтер есебінен жыл сайын ұлғаятын болады.

  • Показать изменения

Сыртқы сауда статистикасында қызметтер мен елдерді жіктемелеуде неғұрлым тәптіштеп бөлуді қамтамасыз ету, сондай-ақ негізгі әріптес елдер бойынша төлем балансының баптарын қалыптастыруға кірісу жоспарланады.

  • Показать изменения

1998 жылғы бiрiншi тоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi банк секторы бойынша, 2001 жылғы бiрiншi тоқсаннан бастап экономиканың барлық секторлары бойынша халықаралық инвестициялық позицияны қалыптастырады.

ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1434 қаулысымен 2.2.2.3.-бөлімше өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

5.2.2.3. Сыртқы борыш статистикасы

  • Показать изменения

Iстiң жай-күйi. 1994 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстанның Ұлттық Банкiмен және Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттiгiмен бiрлесiп, мемлекет кепiлдiк берген сыртқы борыштың (шетелдiк кредиттердi пайдалану және өтеу туралы тоқсандық есептілік (11-ОБ нысаны)), сондай-ақ мемлекеттік сыртқы борыштың және оған қызмет көрсетудiң (14-ПБ нысаны бойынша ресми шетелдiк қарыздар жөніндегі тоқсандық есептілік) мемлекеттік статистикалық есебiн ұйымдастырып, қамтамасыз етiп келедi.

  • Показать изменения

1999 жылдың ортасында сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асыратын кәсiпорындар, соның iшiнде бiрлескен және шетелдiк кәсiпорындар мен шетелдiк кәсiпорындардың филиалдары үшiн № 1-ПБ "Резидент еместерге қойылатын қаржылық талаптар және олардың алдындағы мiндеттемелер туралы есеп" мемлекеттік статистикалық есептілігiнiң нысаны бекітілген, оны жинауды және өңдеудi Ұлттық Банк жүргiзедi. Бұдан басқа, Ұлттық Банк валюталық заңнама шеңберiнде капиталдың қозғалысына байланысты, Қазақстан Республикасына 100 мың АҚШ долларының баламасынан асатын сомадағы мүлiктiң (қаражаттың) түсуiн көздейтiн валюталық операцияларды тipкеудi жүргізеді.

  • Показать изменения

Алынған ақпарат негiзiнде мемлекет кепiлдiк берген және мемлекет кепiлдiк бермеген мемлекеттік сыртқы борыштың жай-күйi мен қызмет көрсетiлуiне талдау, сондай-ақ елiмiздiң жалпы сыртқы борышын бағалау қамтамасыз етiледi.

  • Показать изменения

Мемлекеттің кепілдігі жоқ сыртқы борышты бағалау үшін кәсіпорындардың (ұйымдардың) өз ара есеп айырысуларының жайы туралы статистикалық есеп беру (Қазақстан кәсіпорындарының резидент еместерге кредиттік берешегі) пайдаланылады.

  • Показать изменения

Мақсаты. Сыртқы қарызды қамтудың толықтығын, бағалаудың дәлдігін және талдаудың тереңдігін қамтамасыз ету мақсатында қарыз алушылардың барлық категориялары үшін, кәсіпорындардың кредиттік берешегі жөніндегі есебін қоса, статистикалық есебінің нысандарын одан әрі жетілдіру; сыртқы қарыздар жөніндегі деректер базасын жүргізу және сыртқы борыштар жөніндегі статистикалық ақпаратты ұдайы жариялап отыру.

  • Показать изменения

Негізгі шаралар. Мемлекеттік мониторинг пен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекет кепілдік берген сыртқы борыш мемлекеттік емес сыртқы борыш, мониторинг жүйелерін Қазақстан Республикасының статистикалық органдар жүйесі мен өз ара іс-әрекетте интеграциялау іске асатын болады.

  • Показать изменения

Коммуникация құралдарын, есептеу және ұйымдық техниканы пайдаланып, есептік деректерді жинау және өңдеу технологиясы жетілдіре береді.

  • Показать изменения

Сыртқы борыш статистикасында мыналарды жүзеге асыру жоспарланған:

  • Показать изменения

- сыртқы қарыздардың есебін алу мен мониторингін жетілдіру үшін нормативтік базаны бұдан былай да әзірлеп беру;

  • Показать изменения

- статистикалық есеп берулердің көрсеткіштері мен нысандарын жетілдіру;

  • Показать изменения

- түсетін ақпараттың дұрыстығы мен толықтығын бақылауды күшейту;

  • Показать изменения

- сыртқы борышты мониторинг және талдау DMFAS - 5.0 компьютерлік жүйесін енгізу (Қаржымині, Ұлттық банк, Эксимбанк - Қазақстан).

ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1434 қаулысымен 5.2.3.1.-бөлімше өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

5.2.3. Мемлекеттік сектор статистикасы

  • Показать изменения

5.2.3.1. Мемлекеттік бюджет статистикасы

  • Показать изменения

Істің хал-жайы. Республикамызда экономикалық реформаларды жүргізу бюджеттік жүйеде де реформа жасау қажеттігін туғызды.

  • Показать изменения

Республикамызда бюджеттік жүйенің реформасы негізгі құжат болып табылатын және бюджеттік жіктеме әзірлеуден басталды, қазір оның негізінде республикалық және жергілікті бюджеттер жасалып, атқарылуда.

  • Показать изменения

1997 жылы ішінде Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының кірістері мен шығыстарының жаңа бюджеттік жіктемесіне көшуді іске асырды. Шығыстар жіктемесінің функциялық ведомстволық және экономикалық құрылымдар бойынша жүргізілді. Бюджет шығыстары жіктемесінің үш түрі де өз ара тығыз байланыста және жіктеменің бір түрінен екіншісіне оп-оңай көшуге болады.

  • Показать изменения

Жаңа бюджеттік жіктеменің артықшылығы - ол бюджетті республикадағы макроэкономикалық жағдаймен, республикада жүріп жатқан ақша-кредит саясатымен және төлем балансымен, яғни макроэкономикалық талдаудың барлық құралдарымен байланыстыруға мүмкіндік береді.

  • Показать изменения

Ақпарат беруді тәртіптеу мақсатында мемлекеттік республикалық және облыстық бюджеттердің орындалуы туралы есептердің жаңа нысандары әзірленді.

  • Показать изменения

1997 жылы бюджеттің орындалуы туралы есеп беруді табыс ету жөнінде әдістемелік нұсқаулар әзірленіп, тұрақты жетiлдiрiледi.

  • Показать изменения

Ақпаратты жинау, өңдеу және беру мерзімдерін қысқарту үшін жаңа ақпараттық технологиялар енгізілді.

  • Показать изменения

Мақсаты. Бюджеттік процестің методологиясын, мемлекеттік қаржы статистикасы бойынша көрсеткіштер жүйесі мен нысандарын халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес жетілдіру, бағдарламалық кешендерді дамыту.

  • Показать изменения

Негізгі шаралар. Қаржы көрсеткіштерінің бірыңғай ақпараттық базасын жасап, жүргізу, жекелеген қаржы көрсеткіштерін есептеу тәртібін жүйелеу, монетарлық шоттармен байланысты жетілдіру жұмыстары жалғасын табады.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінен мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттерінің, ішкі және сыртқы борыштардың орындалуы туралы магниттік және қағазға түсірілген ақпаратты беру тәртібін анықтау мен реттеу жоспарланған.

ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1434 қаулысымен 5.2.4.-бөлімше өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

5.2.4. Қаржы секторы статистикасы

  • Показать изменения

5.2.4.1. Қаржы секторы статистикасы

  • Показать изменения

Істің хал-жайы. Ақша-кредит және қаржы статистикасы қаржы операциялары мен қалдықтары (қордалары) жөніндегі деректерді жүйелік ұйымдастыруға негізделген. Оның методологиясына өз ара байланысты көрсеткіштер, секторлар мен құралдар жіктемесінің анықтаулары жүйелерінің жиынтығы енеді. Мұның өзі қаржыны есепке алу мен есеп беру деректерін дәйекті ұйымдастыруға қол жеткізеді.

  • Показать изменения

Бухгалтерлік баланс ақша-кредит статистикасын жасауға негіз болып табылады. Қазақстанның Ұлттық банкі мен екінші деңгейдегі банктеріндегі бухгалтерлік есепке алу жоспары шоттарының ақша-кредит және қаржы статистикасы жөніндегі басшылығына сәйкес аналитикалық шоттар мен ақша агрегаттарына шоғырланып, жіктеледі.

  • Показать изменения

Ақша-кредит статистикасын жасауды жақсарту мақсатында екiншi деңгейдегi банктерде бухгалтерлiк есепке алу шоттарының Тәптiштелген Жоспары әзiрленiп, бекітілген, ол экономиканың секторлары мен резиденттiктiң белгiсi бойынша шоттарды тәптiштеудi жүргiзуге мүмкiндiк бередi. 2001 жылғы желтоқсаннан бастап ақша-кредит статистикасының талдамалы негiзi тұжырымдамалар мен анықтамаларды көрсетедi, олар тұтастай алғанда ақша-кредит және қаржылық статистикасы жөніндегі Басшылықтың ұсыныстарына сәйкес келедi.

  • Показать изменения

Мақсаты. Есепке алу мен статистиканың халықаралық стандарттарына толық көшу.

  • Показать изменения

Статистикалық методология стандартталған статистикалық жүйені экономикалық саясаттың міндеттерімен, экономикалық саясатқа жауап беретін органдар пайдаланатын индикаторлармен және аралық көрсеткіштермен байланыстыруға, сондай-ақ мемлекеттік реттеу органдарының экономика саясаты құралдарының жиынтығын есепке алуға тиіс.

  • Показать изменения

Негізгі шаралар. Жоғарыда аталған мақсатқа жету үшін мына шараларды іске асыру жоспарланып отыр;

  • Показать изменения

- есепке алу мен статистиканың халықаралық стандарттарына көшуді қамтамасыз ететін қосалқы есептің конвертациясын аяқтау;

  • Показать изменения

- классификациялаудың халықаралық жүйесіне кезең-кезеңмен көшуді және ХВҚ-ға мүше елдердің ақпараттық-статистикалық жүйелерінде қолданылатын экономикалық және әлеуметтік ақпаратты кодтауды жүзеге асыру;

  • Показать изменения

- -қаржылық шолу жасау мақсатында кредиттiк серiктестiктер мен қалған банктік емес қаржылық ұйымдардың шоттарын енгізу есебiнен институционалдық қамтуды ұлғайту;

  • Показать изменения

- Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен Статагенттік арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ету.

ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1434 қаулысымен 5.2.5-бөлімше өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

5.2.5. Әлеуметтік сектор экономикасы

  • Показать изменения

5.2.5.1. Демография статистикасы

  • Показать изменения

Істің хал-жайы. Қазіргі кезде Қазақстанда әзірленіп жатқан халық статистикасы жөніндегі көрсеткіштер жүйесі Мекемеаралық жұмысшы тобы (ЮНИСЕФ, ЮНФПА, ПРООН, БҰҰ секретариатының статистика бөлімі) белгілеген басым көрсеткіштердің тізбесіне негізінен сәйкес келеді.

  • Показать изменения

Қазіргі кезде Статагенттік енгізіп жатқан "Демографиялық есептер" бағдарламалық кешені уақыт аясында халықтың жынысы мен жасы бойынша саны мен құрылымындағы және аймақтар бойынша демографиялық процестерді сипаттайтын ақпарат алуды қамтамасыз етуге тиіс.

  • Показать изменения

Сонымен бірге таяу жылдарда бірқатар проблемалар өз шешімін табуға тиіс. Мәселен, 1989 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) 1993 жылдың 1-қаңтарынан іске қосу ұсынған Аурулар мен денсаулыққа байланысты проблемалардың Х қайта қараудың (МКБ - 10) халықаралық статистикалық жіктемесі Қазақстанда күні бүгінге дейін пайдаланылмай отыр. Қазіргі кезде республикамызда демографиялық статистикада өлімнің себептері жөніндегі деректерді топтастырғанда IX қайта қараудың (МКБ - 9) Ауруларды, жарақаттар мен өлімнің себептерін халықаралық жіктемелеу пайдаланылады. Тірі туғандар мен өлі туғандар жөніндегі негізгі белгілер де осы ұғымдардың халықаралық анықтамаларымен сәйкес келмейді.

  • Показать изменения

Мақсаты. Демографиялық статистиканың көрсеткіштер жүйесін одан әрі жетілдіру, ақпараттық базаны жасап, жетілдіру, мемлекеттік демографиялық саясатты әзірлеу жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін демографиялық ахуалды зерттеу жөнінде іріктеп зерттеу жүргізу, Аурулар мен денсаулыққа байланысты проблемалардың, X қайта қарауға (МКБ - 10) халықаралық статистикалық жіктемесін енгізу.

  • Показать изменения

Негізгі шаралар. ВОЗ-дың, ЮНИСЕФ, ЮНФА, ПРООН мекемеаралық жұмыс тобының, БҰҰ секретариатының статистикалық бөлімінің ұсыныстарына және Қазақстан Республикасының нормативтік актілеріне сәйкес халықтың туу, өлу және көші-қоны көрсеткіштерін толықтыру мен қадағалау одан әрі жүргізіледі. Өлім себептерінің статистикалық көрсеткіштері, Аурулар мен денсаулыққа байланысты проблемалардың, (МКБ-10) халықаралық статистикалық жіктемесіне, X қайта қарауға сәйкес қайта қаралатын болады.

  • Показать изменения

ТАСИС бағдарламасы шегінде халықтың көші-қонын, оның табиғи қозғалысын бақылауды, сондай-ақ іріктеп зерттеуді ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде ынтымақтастықта жұмыс істеледі. Халықтың ұрпақ өсіруге енжарлығы мен көші-қоны себептері жөнінде арнаулы демографиялық іріктеп зерттеу жүргізіледі.

  • Показать изменения

Халықтың Регистрін - тұрғындардың есімдері жазылған және ұдайы толығып отыратын тізбесін әзірлеп, енгізу жүзеге асырылады, бұл тізбе халықты әкімшілік есепке алу мақсатына пайдаланылады және ПЭЕМ-ді қолданып, байқау, кодтау бағдарламасының тіркеу принциптері мен әдістерінің біркелкілігін қамтамасыз ететін халықаралық автоматтандырылған картотекасы түрінде жалғыз құжатнама болып табылады.

  • Показать изменения

5.2.5.2. Әлеуметтік және экология статистикасы

  • Показать изменения

Істің хал-жайы. Әлеуметтік сала мен қоршаған ортаны статистикалық бақылау көп салалы әрі көп қырлы сипатты және ол білімді, ғылымды денсаулық сақтауды, мәдениетті, халықты әлеуметтік қорғауды, хұқық бұзушылық пен экологияны қамтиды. Мұның өзінде деректерді статистика органдары да, салалық министрліктер мен мемлекеттік комитеттер де жинайды.

  • Показать изменения

Статистиканы реформалаудың бұдан бұрынғы бағдарламалардың шегінде әлеуметтік және экологиялық статистикадағы статистикалық көрсеткіштер жүйесін халықаралық талаптарға сәйкес келтіру жұмыстары орындалған еді. Алайда олар бұл салалардағы халықаралық стандарттар мен жіктемелерді енгізудің кешеуілдеуіне байланысты аяқталмай қалды.

  • Показать изменения

Мақсаты. Әлеуметтік және экологиялық статистиканың көрсеткіштер жүйесін, статистикалық бақылау әдістерін, ақпаратты жинау мен өңдеу технологиясын жетілдіру.

  • Показать изменения

Негізгі шаралар. Әлеуметтік және экологиялық статистикада халықаралық салыстыруды қамтамасыз ететін көрсеткіштер жүйесіне көшу ұйғарылды. Атап айтқанда, әлеуметтік статистиканың мына бөлімдері бойынша көрсеткіштер жүйесін, оларды есеп методологиясын әзірлеп, зерттеудің іріктеу әдісіне көшу қажет:

  • Показать изменения

өндірісте жарақат алу, кәсіптік аурулар және соларға байланысты материалдық шығындар;

  • Показать изменения

еңбек ету жағдайы, зиянды және қауіпті жағдайдағы еңбекке төленетін жеңілдіктер мен өтемдер материалдық шығындар мен оған байланыстылар;

  • Показать изменения

өнеркәсіп кәсіпорындарындағы технологиялық инновациялар;

  • Показать изменения

қоршаған ортаны қорғауға арналған шығындар.

  • Показать изменения

Денсаулық сақтау статистикасында статистикалық ақпаратты жинаудың, өңдеу мен берудің жаңа технологиясына (№ 1 - денсаулық нысаны бойынша) көшу, медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын, олардың медициналық препараттармен және тағаммен қамтамасыз етілуін бір мезгілде зерттеу жоспарланып отыр.

  • Показать изменения

Бас прокуратураны, оның аудандық буындарының құқықтық статистика мен ақпараттар орталығының бөлімшелерін толық автоматтандыру мен компьютерлендіруді қамтамасыз ету.

  • Показать изменения

5.2.5.3. Үй шаруашылығы статистикасы

  • Показать изменения

Істің хал-жайы. Үй шаруашылығының статистикасында пайдаланып жүрген зерттеу бағдарламасы негізінен оның ақшалай кірісі мен шығысын ғана есепке алуға жарамды еді. Ақпараттың толықтығын қамтамасыз ету үшін соңғы жылдары жеке қосалқы шаруашылықтан түскен кірісті, тағамдарды ішіп-жеуді, тұрғын үй мен оны көркейтуді, т.с.с. кейбір қосымша зерттеулер енгізілді. Осы көрсеткіштердің жиынтығынан халықтың күн көріс жағдайы мен деңгейі бірте-бірте қалыптасады. Сондай-ақ үй шаруашылығын іріктеп зерттеуді ұйымдастыру әдістерін пайдалануда да проблемалар бар.

  • Показать изменения

Мақсаты. Үй шаруашылығын зерттеудің бір-өкілі шараларынан кешенді бағдарламаларына көшу, таңдаудың репрезентативтігін жақсарту, халықтың күн көріс деңгейін жан-жақты сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін іске қосуға мүмкіндік беретін қолданбалы бағдарламалар пакетін енгізу шараларын іске асыру.

  • Показать изменения

Негізгі шаралар. Күн көріс деңгейін сипаттайтын көрсеткіштердің модельдік құрамы негізінде көрсеткіштердің тиісті жүйелік блогы жасалады. Жұмыспен қамту, білім, қызметтер, т.с.с. салаларға қосымша көрсеткіштерді енгізуге арналған сұрақнама қағаздары қайта қаралады. 1999 жылдан бастап кедейлік жағдайларының мониторингі мен қаншалықты екенін енгізу ұсынылады.

  • Показать изменения

Үй шаруашылықтарының қазіргі жүйесіне жыл сайын ротация жүргізу мақсатында тиісті ұсыныстар әзірленеді. Бұдан былай үй шаруашылықтарының жүйесін қайта қарап, жаңадан жасау көзделуде.

  • Показать изменения

5.2.6. Қазақстан мен оның аймақтарының

  • Показать изменения

әлеуметтік-экономикалық дамуын кешенді талдауды

  • Показать изменения

жетілдіру

  • Показать изменения

Қазақстан мен оның аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуын кешенді талдауды жетілдіру мақсатында жалпы мемлекеттік және аймақтық деңгейлерде күн көріс деңгейінің экономикалық артуы мен өзгеруі проблемаларын зерттеуге мүмкіндік беретін макроэкономикалық көрсеткіштердің жүйесін анықтау жұмысы жүргізілуге тиіс.

  • Показать изменения

Көрсеткіштердің осы жүйесін пайдаланып, талдаудың сапасын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік басқару органдарына мүшкіл халдарды шешу жөнінде шаралар қолдануға жәрдемдесу үшін жекелеген салалар мен аймақтардың дамуындағы көлеңкелі үрдістер мен диспропорцияларды тауып, талдау жасауға мүмкіндік беретін экономикалық-статистикалық әдістер мен моделдер кейінірек пайдаланылуға тиіс.

  • Показать изменения

Әлеуметтік-экономикалық проблемалар мен оларды шешу жолдарын (мысалы, қаржы және төлем күйзелістерін, инвестициялық-құрылымдық қайта құруларды, т.с.с.) талдау әдістерін жасап, жетілдіру көзделуде.

  • Показать изменения

5.3. Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу және

  • Показать изменения

бірыңғай ақпараттық статистикалық ресурстарды

  • Показать изменения

қалыптастыру

  • Показать изменения

5.3.1. Статистика органдарын одан әрі техникалық және

  • Показать изменения

бағдарламалық-технологиялық қайта жарақтандыру

  • Показать изменения

Істің хал-жайы. Соңғы кезде Қазақстан статистикасының жүйесіне есептеу техникасы халықаралық ұйымдар есебінен түсіп жүр, бірақ оның саны жүйенің қажетін қанағаттандырмайды. 1994-96 жылдары ТАСИС-тің жобасы бойынша 29 жеке компьютер келіп түсті, 1995-97 жылдары нақты міндеттерді шешуге МБРР-дың қаржысы есебінен 90-ға жуық компьютер алынды. Қазіргі кезде статистикалық парктің жартысынан астамы-ХТ класындағы РС-інің моральдық ескіріп әбден тозған компьютерлері мен 486 РС IBM типті компьютерлері. Парктің қалған бөлігі - Pentium 60 Мhz-ден Pentium PRO 200 Мhz-ге дейінгі компьютерлер, аз ғана бөлігі - Pentium II компьютерлері.

  • Показать изменения

1998 жылы техникалық және технологиялық база жасаудың бірінші кезеңін жүзеге асыру басталды. Оның көмегімен Статагенттік статистиканы жетілдіру жұмысын нақты жүргізе алады. Оған мына жайттар енеді:

  • Показать изменения

- барлық облыстық статистика басқармаларын аз ғана сервермен және жұмыс станциясымен, 15 жеке компьютермен; жүйелік, офистік және коммуникациялық жабдықтармен (жүйелік принтерлер, сканерлер, факс-модемдер, көшірмелік ақпараттар) жарақтандыру; бағдарламалық қамтамасыз ету (операциялық жүйелер, желілік бағдарламалық өнімдер, СУБД жеке статистикалық әзірлемелер); статистика басқармаларының мамандарын оқыту;

  • Показать изменения

- орталық ақпарат мен оның Ақпарат-есептеу орталығын Intel платформадағы жұмыс стансаларымен және түрлі класты жеке компьютерлермен: желілік, офистік және коммуникациялық жабдықпен (желілік принтер, сканерлер, факс-модемдер), көшірмелік аппараттар, т.с.с) жарақтандыру; бағдарламалық қамтамасыз ету құралдарын (Windows NТ, Windows 95 операциялық жүйелері, желілік бағдарламалық өнімдер, орта класты СУБДЮ, қолданбалы бағдарламаларды әзірлеудің бағдарламалық құралдары, коммуникациялық бағдарламалық өнімдер, жергілікті есептеу жүйелері мен деректердің бөлінген базаларын басқару құралдары, статистикалық бағдарламалық өнімдер) орнату; мамандарды оқыту;

  • Показать изменения

- жергілікті есептеу жүйелерін монтаждау және орнату.

  • Показать изменения

Мақсаты. Қазақстанның мемлекеттік статистика органдарын толық техникалық және бағдарламалық-технологиялық қайта жарақтандыруды іске асыру.


  
1
2
3
4
5
  
8 страниц