Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы жетілдірудің
1999-2005 жылдарға арналған бағарламасы туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 жылғы 19 қарашадағы № 1180 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 29.06.00 ж. № 974; 27.08.01 ж. № 1108; 20.12.01 ж.
№ 1666; 29.12.02 ж. № 1434 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 37 Қаулысымен күші жойылды
Бұрынғы редакцияларды қара
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998-2000 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 ақпандағы № 119 қаулысына сәйкес және халықаралық ережелер мен стандарттардың талаптарын ескере отырып Қазақстанның мемлекеттік статистикасын одан әрі жүйелі реформалау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы жетілдірудің 1999-2005 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жыл сайын республикалық бюджетте Бағдарламаны іске асыруға қажетті қаражат көздейтін болсын.
3. Министрліктер мен ведомстволар Бағдарламада көзделген шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1998 жылғы 19 қарашадағы № 1180 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы
жетілдірудің 1999-2005 жылдарға арналған
Бағдарламасы
ҚР Үкіметінің 29.06.00 ж. № 974; 20.12.01 ж. № 1666 қаулыларымен бағдарлама мәтініне өзгерістер енгізілді
ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1434 қаулысымен "Мазмұны" деген бөлім алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1434 қаулысымен бөлiммен толықтырылды
1. Бағдарламаның паспорты
Атауы Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика.
сын жетiлдiрудiң 1999-2005 жылдарға арналған
бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама)
Әзiрлеу үшiн "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998-2000 негiздеме жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын iске
асыру жөніндегі шаралар жоспары туралы" Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 19 ақпандағы N
119 қаулысы
Бағдарламаның Елiмiздiң басқару органдарының, iскер топтар мен мақсаты жұртшылықтың басқа елдердiң тиiстi ақпаратымен
халықаралық деңгейде салыстыратындай елiмiздiң,
аймақтардың, экономика салалары мен секторларының
әлеуметтiк-экономикалық дамуы туралы объективтi
статистикалық ақпаратқа деген қажеттерiн неғұрлым
толық қанағаттандыру үшiн Қазақстанның мемлекеттік
статистикасын жүйелi реформалау
Бағдарламаның Ұлттық статистикалық жiктемелер жүйесiн енгізу; мiндеттерi статистикалық тiркелiмдердi дамыту;
статистикалық байқау әдiстерiн жетiлдiру және
кәсiпорындардың статистикасына көшу;
макроэкономикалық және салалық статистиканың
көрсеткiштерi жүйесi мен әдiснамасын жетiлдiру;
Қазақстан мен оның аймақтарының әлеуметтiк-эконо.
микалық дамуын кешендi талдауды жетiлдiру;
жаңа ақпараттық технологияларды енгізу және
бiрыңғай ақпараттық статистикалық ресурстарды
қалыптастыру;
статистикалық деректердi жариялау мен тарату
жүйесiн жетiлдiру;
статистика саласындағы кадрларға үздiксiз кәсiптiк
білім беру жүйесiн жетiлдiру;
статистика саласындағы халықаралық ынтымақтастық;
Қаржыландыру Осы Бағдарламаны iске асыру Республикалық
көздерi бюджеттiң қаражаты, халықаралық ұйымдардың
гранттары мен заемдары есебiнен жүзеге асырылады
Іске асыру 1999-2005 жылдар мерзімі
ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1434 қаулысымен кiрiспенің тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Кіріспе
Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы жетілдірудің 1999-2005 жылдарға арналған бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999-2005 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар жоспары туралы" 1998 жылға 19 ақпандағы № 119 қаулысына (7.2.4 тармақ) сәйкес әзірленді.
Қазақстанда қоғамдық-саяси құрылысты реформалау, экономиканы рыноктық қарым-қатынастарға бейімдеу ресми статистиканы да реформалауды қажет етті. Осы мақсатта республикамызда 1992 және 1996 жылдары статистиканы жетілдірудің екі бағдарламасы қабылданды. Бірінші бағдарламаны жүзеге асыру барысында ұлттық статистикалық жүйе қалыптасты, ол тәуелсіз мемлекеттің мәртебесіне сай келді, онда статистиканың жаңа бөлімдері пайда болды: атап айтқанда, сыртқы экономикалық байланыстар, төлем балансы, бағалар, үй шаруашылығы. Екінші бағдарламаны жүзеге асыру экономикалық қызмет түрлерінің халықаралық жіктемелерін және статистикалық ақпаратты әзірлеген кезде өнімдер мен көрсетілген қызметтердің жіктемелерін пайдалануға, статистикалық регистрді қалыптастырып статистикалық байқаудың іріктеу әдістері мен кәсіпорындардың статистикасына көшуді бастауға мүмкіндік берді.
Қазіргі кезде қоғамда басқару және дұрыс шешімдер қабылдау үшін ақпараттың маңызы тіпті артып отыр. Адамзаттық өркениет индустриялық экономикадан ақпараттық экономикаға көшу дәуірін бастан кешіп отыр. Егер индустриялық экономика аса мол табиғи, машиналар мен адамдар ресурсын пайдалану есебінен туындап, дамыса, жаңадан дами бастаған экономика дәстүрлі ресурстарды емес, ақпараттың зор шығынын талап етіп отыр.
Үкімет өзінің 1998-2000 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасының шегінде 1998 жылдан бастап "Стратегия - 2030: бүкіл қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатын жақсарту" - Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді Стратегиясын іске асыруға кіріседі.
Үш жылдық стратегиялық жоспарларды республика мен оның аймақтарының деңгейінде жүзеге асыру мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдарды тиісінше кешенді ақпараттандыруды, мемлекеттік басқарудың бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыруды жүзеге асыру көзделіп отыр. Мемлекеттік статистика бірыңғай ақпараттық ресурстардың ұйытқысы болуға тиісті.
ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1434 қаулысымен 1 бөлімнің тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау
Қазақстанның қоғамдық-саяси құрылысының өзгеруі мен оның экономикасының рыноктық қарым-қатынастарға бейімделуі, сондай-ақ ел экономикасының дүниежүзілік қауымдастыққа етене ұштасуы мемлекеттік статистиканы реформалауды қажет етті. Ол Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 29 желтоқсандағы № 1098 қаулысымен бекітілген Статистиканы, бастапқы және бухгалтерлік есеп алуды қайта құру жөніндегі мемлекеттік бағдарламасын қабылдаған кезден басталды.
Осы Бағдарламаның негізінде 1993-1996 жылдары экономиканың нақты секторында қаржы және банк салаларында халықаралық деңгейде салыстыратындай ұлттық статистиканы қалыптастыру жөніндегі алғашқы қадамдар жасалды. Сондай-ақ БҰҰ-ның Шоттар Жүйесіне (ҰШЖ) көшу, ҰШЖ-ның схемасы бойынша салааралық баланстарды әзірлеу, қаржы және банк статистикасын реформалау үшін негіз қалаған шаралар кешені жүзеге асты. Республика үшін статистиканың жаңа, атап айтқанда: сыртқы экономикалық байланыстар, төлем балансы, баға, үй шаруашылығы бөлімдері жасалды. Халықаралық талаптарға сәйкес статистиканың басқа салалары да реформалана басталды.
Статистиканы қайта құру:
жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) есептерін және басқа макроэкономикалық көрсеткіштер енгізуге;
республиканың төлем балансының методологиясын игеруге және жасауға;
Экономиканың барлық негізгі секторларындағы бағалар мен тарифтер жөнінде жүйе жасап, халықтың күнкөріс деңгейінің өзгеруін терең талдау үшін бағалар статистикасын дамыта бастауға;
сыртқы экономикалық қызметтің, соның ішінде кедендік статистиканы игеріп, кеңейтуге;
қаржы, банк және ақша статистикасының көрсеткіштерін жүйелеу жөніндегі жұмысты бастауға;
жаңа рыноктық құрылымдар: шағын кәсіпорындар, кооперативтер, шаруашылық серіктестіктер, фермер және шаруа қожалықтары қызметін статистикалық бақылауды енгізуге;
Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргізуші және басқа субъектілерінің Мемлекеттік регистрін статистиканы зерттеудің іріктеу әдістеріне көшу үшін пәрменді құрал ретінде жасауға;
ауыл шаруашылығы статистикасы бойынша тәжірибе ретінде алғашқы іріктеп зерттеу жүргізуге;
отбасы бюджетін статистикалық бақылау жүйесін халықтың күнкөріс деңгейін сипаттайтын ақпараттық аса маңызды көзі ретінде жетілдіруге;
үлкен электр есептеу машиналарын (ЭЕМ) жеке компьютерлерге ауысуға мүмкіндік берді.
Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде тәуелсіз мемлекеттің мәртебесіне сәйкес келетін ұлттық статистика қалыптасты.
Экономиканың нақты секторында мемлекеттік статистиканы одан әрі жетілдіру мақсатында халықаралық практика таныған әдістер мен методологияны, сондай-ақ деректерді өңдеу мен жариялаудың осы заманғы ақпараттық-технологиялық құралдарын енгізу негізінде 1996 жылы Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы жетілдірудің 1996-1998 жылдарға арналған екінші бағдарламасы қабылданды. Ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылға 8-қазандағы № 1244 қаулысымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөніндегі іс-қимыл бағдарламасына сәйкес бекітілген.
Статистиканы реформалаудың екінші кезеңінде мынадай негізгі нәтижелерге қол жетті:
1993 жылғы БҰҰ-ның ҰШЖ методологиясы негізінде ұлттық есепшілдік жүйесі жасалды және салалық статистикаларды реформалау басталды;
бухгалтерлік есепке алудың жаңа жүйесінің жүргізілуіне байланысты қаржы және ақша-кредит статистикасының нысандары қайта қаралды;
шаруашылық жүргізуші және өзге де субъектілердің Мемлекеттік регистрі Әкімшілік регистрге қайта құрылған, соның негізінде статистикалық регистр қалыптаса бастады;
статистикалық ақпаратты әзірлеген кезде экономикалық қызмет түрлерінің халықаралық жіктемелерін және өнімдер мен қызметтердің жіктемелерін пайдалану басталды;
ауыл шаруашылығы статистикасының үлгісінде статистикалық бақылаудың іріктеу әдістеріне көшу, сондай-ақ шағын кәсіпорындардың үлгісінде кәсіпорындар статистикасына көшу басталды;
статистика органдарын есептеу техникасымен және телекоммуникациялардың осы заманғы құралдарымен техникалық қайта жарақтандыру жұмысы жүргізілді және республиканың статистикалық органдарында ақпараттық ресурстарды қалыптастыру ісін автоматтандыру жұмысы басталды.
Тұтастай алғанда, осыдан бұрынғы жылдары статистиканы реформалау ресурстардың басымдылығы, оларды аса маңызды іргелі бағыттарға барынша шоғырландыру принципі бойынша жүзеге асып келді, мұның өзі дүниежүзілік статистикалық қауымдастыққа етене ұштасуымызға зор мүмкіндік берді. Халықаралық ұйымдармен (Еврастатпен, БҰҰ-мен ЕЭК-нің, ХВҚ-тың статистикалық бөлімдерімен, Дүниежүзілік банкпен, ОЭСР, ЮНЕСКО-мен) Германияның, Нидерландтардың, Францияның және басқа елдердің статистикалық қызметтермен ұдайы өзара байланысты жасау және жан-жақты ынтымақтасып жұмыс істеу зор маңызға ие болды, мұндағы басты мақсат - Қазақстанның статистика мамандарына халықаралық стандарттарға көшуге, мамандар даярлауға жәрдемдесу. Сонымен бірге ұлттық статагенттік барлық халықаралық ұйымдарға жыл сайын еліміздің әлеуметтік-экономикалық және демографиялық жағдайы туралы 40-тан астам сұрақтар бойынша ақпарат береді. Осы жұмыстың нәтижесінде Қазақстан Республикасының статистикалық деректері "Демографиялық жылнама", "Халықаралық қаржы статистикасы", "Өнеркәсіп жөніндегі халықаралық сұрақнама", т.с.с. халықаралық жарияланымдарға енді.
ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1434 қаулысымен 1.2 бөлімше өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистикасын жетілдірудің үшінші Бағдарламасының мақсаты - еліміздің басқару органдарының, іскер қауымдар мен жұртшылықтың басқа елдердің тиісті ақпаратымен халықаралық деңгейде салыстыратындай еліміздің, аймақтардың, экономика салалары мен секторларының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы объективтік статистикалық ақпаратқа деген қажеттерін неғұрлым толық қанағаттандыру үшін Қазақстанның мемлекеттік статистикасын жүйелік реформалау.
Бағдарламаның мiндеттері:
халықаралық деңгейде қабылданған классификациялар жүйесін енгізу;
статистикалық қызметті ұйымдастырудың негізгі құрал-сайманы ретінде регистрді дамыту;
статистикалық бақылау әдістерін жетілдіру және кәсіпорындардың статистикасына көшу;
нақты, сыртқы, мемлекеттік, қаржы және әлеуметтік секторларда макроэкономикалық және салалық статистиканың көрсеткіштері мен методологиясы жүйесін жетілдіру;
Қазақстан мен оның аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуын кешенді талдауды жетілдіру;
жаңа ақпараттық технологияларды енгізу және классификациялардың автоматтандырылған банкі, регистрлер, деректердің ұштасып-бөлінген базалары енетін бірыңғай ақпараттық статистикалық ресурстарын қалыптастыру; статистикалық деректерді жариялау және тарату жүйесін жетілдіру;
статистика мен ақпараттық технологиялар саласындағы кадрларға үздіксіз кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіру;
статистика саласында халықаралық ынтымақтастық орнату.
ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1434 қаулысымен 1.3. "1999-2005 жылдарға арналған статистиканы одан әрі жетілдірудің негізіне алынған осы заманғы статистиканың негізгі халықаралық стандарттары мен принциптері" бөлімше алып тасталды (бұр. ред. қара)
5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары
мен тетiктерi
ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1434 қаулысымен тақырып жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5.1.Статистиканың халықаралық стандарттарын енгізу
5.1.1. Халықаралық деңгейде қабылданған жіктемелермен
үйлескен ұлттық статистикалық жіктемелер жүйесін енгізу
Істің хал-жайы. Статистикалық стандарттардың ішінде деректерді жіктемелеу стандарты маңызды орын алады. Бұрынғы бүкілодақтық жіктемелер нарықтық экономика ерекшелігін көрсете алмады және статистикалық деректерді халықаралық деңгеймен салыстыруды қамтамасыз ете алмады. Үкіметтің 1997 жылғы 15-шілдеде қабылдаған № 1113 "Қазақстан жіктеудің және кодтаудың халықаралық жүйесіне көшуі туралы" қаулысы етуге тиісті. Олардың қатарына бірінші кезекте салалық жіктеме: БҰҰ-ның (МСОК, ISIС), экономикалық қызметінің барлық түрлерін халықаралық Еуропа қоғамдастығының ЕС (КДЕС, NACE) экономикалық қызметтегі жалпы салалық жіктемелеу негізінде ТМД-да экономикалық қызметтердің (ЭҚЖК) статистикасында 1998 жылдың қаңтарында іске асырыла бастады.
Екінші маңызды жіктемеге өнімдер мен қызмет көрсетуді жіктемелеу жатады: БҰҰ-ның (КОП,СРС) негізгі өнімдерін жіктемелеу, Еуропа қоғамдастығының (КПЕС, СРА) қызмет түрлері бойынша өнімдерді статистикалық жіктемелеу, сондай-ақ оны толықтыратын өңдеу өнеркәсібі салалары өнімдері бойынша (ПРОДКОМ, РRОDКОМ). Европа қоғамдастарының жаңа статистикалық номенклатуралары. Қазақстан 1998 жылдың қаңтарынан бастап осы жіктемелерді пайдалана бастады.
Сыртқы сауда статистикасында 1994 жылы кеден статистикасына көшу сәтінен бастап тауарларды кодтау үшін тауарларды суреттеп жазу және кодтаудың халықаралық үйлесімді жүйесіне (ҰЖ) негізделген сыртқы экономикалық қызметтің барлық түрлерінің тауар номенклатурасы (ЭҚТ ТН) қабылданды.
Мақсаты. Статистиканың кейбір салаларында халықаралық жіктемеге көшу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру, республикалық деңгейде жіктемелердің ұлттық болжамдарын әзірлеу және бекіту.
Негізгі шаралар. Бірінші кезеңде (1998-1999 жылдары) - Еуропалық қоғамдастықтың халықаралық статистикалық жіктемелерін (ПАСЕ, СРН, РRОDКОМ), екінші кезеңде (2000-2005 жылдары) басқа жіктемелерін (білім, денсаулық сақтау, еңбек, экология және басқалар) енгізу жоспарлануда.
Басқа да жалпы жүйелік статистикалық жіктемелерді: меншік түрлері, ұйымдастыру-хұқық нысандары, аумақтар, кәсіпорынның шағындылығы, өндірістің көлемі және басқаларды жетілдіру және енгізу жөніндегі жұмыстар жалғастырылады.
5.1.2. Регистрлерді статистикалық қызметті
ұйымдастырудың негізгі құралы ретінде дамыту
Істің хал-жайы. Халықаралық стандарттар бүгінгі статистиканың міндетті маңызды белгісі ретінде регистрлерді анықтайды. Регистрлерді жасаудың басты мақсаты - экономикалық процеске қатысатын барлық өлшем бірліктерінің толық және актуальды тізбесін жасау және олардың қызметі мен дамуына сапалы байқауды қамтамасыз ету.
Қазақстанның мемлекеттік статистика жүйесінде күні бүгінге дейін статистика мақсатына қолданылатын сапалы регистрлері болған жоқ. Статистика тек жекелеген салалық каталогтерге негізделіп келді. Шаруашылық жүргізетін және басқа да субъектілердің мемлекеттік регистрде қолданып жүрген ақпараттары (ШСМР, бұдан былай әкімшілік регистр) қазіргі күн талабына жеткіліксіз болды, бұл регистрдің басқа ведомстволардағы регистрлермен өзара іс-қимыл механизмі іске қосылмады. Регистрлерде "демографиялық" процесс бірлігі туралы (бөліну, бірігу, қазіргі құрамнан жаңа бірліктердің бөлінуі т.с.с.) толық ақпараттар болмады.
Қазіргі уақытта статистика регистрінің жүйесі заңды тұлғалардың барлық түрлерін, олардың филиалдары мен өкілдерінің есебін алу үшін әкімшілік регистрін, фермерлерден басқа жеке кәсіпкерлердің есебі үшін жеке кәсіпкерлік регистрін, фермерлерді қосқанда ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің есебі үшін ауыл шаруашылық регистрін біріктіреді.
Қолданылып жүрген әкімшілік регистрі 1998 жылы елеулі өзгертілді, оның негізінде жасалған статистикалық регистр іске асырыла бастады. Мұның өзі 1999 жылдың басынан бастап барлық статистикалық байқауды осы регистрлердің негізінде жүргізуге мүмкіндік береді, сондай-ақ есеп беретін кәсіпорындардың каталогін қалыптастыру тәртібін ғана емес, сонымен бірге статистикалық байқау нәтижелерін бағалауды қосқанда, басқа да жұмыстарды өзгертуге мүмкіндік береді.
Мақсаты. Статистикалық байқаудың бүгінгі әдістеріне көшуді қамтамасыз ететін статистикалық регистрлер жүйесін жасау.
Негізгі шаралар. 1999-2000 жылдары кәсіпорындар тобының, кәсіпорындардың, жергілікті мекемелердің, әкімшілік регистрдегі және жеке меншік кәсіпкерлерінің реестріндегі заңды тұлғалардың статистикалық регистрінде ұсынылатын статистикалық бірлік негізінде регистрлер базасын өзгерту қажет.
Регистрлерді жүргізу тәртібі жетілдірілетін болады, олардың әдістемелік базасы мен негізгі белгілері жетілдіріледі, ал статистикалық регистр Еуропалық қоғамдастық қабылдаған "Регистрлерді жүргізу жөніндегі басшылыққа" сәйкестендіріледі.
Экономиканың барлық салаларының кәсіпорындары үшін қызметтердің негізгі түрлерін анықтау әдістемесін әзірлеу және енгізу жоспарлануда.
2001 жылы кәсіпорындарға "демографияларды" енгізуді бастау көзделуге, ал одан кейін 2005 жылға дейін регистрлерді ұйымдастыру және пайдалану әдістемесін кезең-кезеңмен одан әрі жетілдіру көзделуде. Қазір регистрлер 15 аумақтың бөлікшелерінде жүргізілуде және бір республикалық базасы бар, бірақ 2005 жылдың аяғында регистрлерді базаларға бөлінген деректер тәртібімен жүргізуге көшу жоспарлануда.
Жыл сайын арнаулы анкетаның жылдық статистикалық есеп беру қорытындыларының, сондай-ақ әкімшілік деректерінің (басқа ведомстволар мен олардың регистрлері) негізінде регистрлер күн талабына сәйкестене түседі. ең соңында, ғылыми негізделген статистикалық көрсеткіштерді есептегенде кеңінен пайдаланылады.
Регистрлерді жария етудің негізгі көзі 5-10 жылда бір рет жүргізілетін салалық санақтар болуға тиіс, олардың нәтижелері, сондай-ақ санақ аралығындағы кезеңде статистикалық көрсеткіштердің негізделген есептеулерін жүргізу үшін база ретінде пайдаланылатын болады. Регистрлер негізінде уақытқа бөлінген іріктеу байқаулары мен зерттеулерін жүргізуге пайдаланылатын көп мақсаттық, көп кезеңдік дайындау көзделуде.
5.1.3. Статистикалық байқаудың әдістерін жетілдіру
және кәсіпорындардың статистикасына көшу
Істің хал-жайы. Өтпелі кезеңдегі міндеттердің күрделі де көп жақтылығы, статистикалық көрсеткіштер жүйесін құрудың методологиялық принциптері мен әдістемелік тәсілдерін жасауда да, сондай-ақ статистикалық байқауларды ұйымдастыру мен алынған ақпараттарды өңдеуде де көп шаралылықты (көп қырлылықты) талап етеді.
Мемлекеттік статистикалық байқаудың жаппай есепке алуға және есеп беруге негізделген қазіргі жүйесі қолданылып жүрген статистикалық дәстүрлі әдістердің көмегімен экономиканың әр түрлі секторлардағы экономикалық қайта құруды объективті сипаттайтын ақпараттарды толық және сапалы жинауды (әсіресе қызметкерлері аз шаруашылық жүргізуші субъектілерден) қамтамасыз ете алмайды.
Мұндай жағдай шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіне статистикалық байқау әдісін жетілдіруді қажет етеді.
Байқаудың жаңа әдісін енгізуге жүйелі қарауды, соның ішінде іріктеп тексерулерді кеңінен негізінде кәсіпорындар статистикасын қамтамасыз етеді, ол рыноктық экономика дамыған барлық елдерде пайдаланылып жүр. Статагенттік бірінші рет ішінара байқауды - ауыл шаруашылығында, экспериментті іріктеп байқауды өнеркәсіпте жүргізуді және кәсіпорындар статистикасын тұтастай ендіруді 1999 жылға жоспарлап отыр.
Мақсаты. Кәсіпорындар статистикасы шегінде статистикалық регистрлер базасында статистикалық байқау объектілерін жаппай және іріктеп байқау әдістерін оңтайлы ұштастыру жүйесіне көшіру.
Негізгі шаралар. Ірі және орташа кәсіпорындар көрсеткіштердің оңтайлы құрылымы жаппай есеппен және оларды жинау мен қорытудың жиі кезеңділігімен, ал қызметкерлері аз шаруашылық жүргізуші субъектілер олардың экономикалық қызметі бойынша негізгі көрсеткіштерінің азғантай санының ішінара есебімен қамтылатын болады.
Алдағы кезеңде халық санағын ауыл шаруашылығындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің бітпеген құрылысты, тауарлар және жұмысшы күші рыногын , т.с.с. қосқанда біржолғы санақ пен есеп жүргізетін статистикалық тәжірибені және халықаралық деңгейде мойындалған методологиялық тәсілді пайдаланумен үнемі жүргізілетін (5-10 жылда бір рет) статистикалық есеп жүргізу мен есеп берудің негізі болады.
Бұл республиканың экономикасы мен әлеуметтік салада болып жатқан әр түрлі жағдайларды неғұрлым толық және объективті зерттеуге мүмкіндік береді. Салалық статистикадан кәсіпорындар статистикасына көшуді қамтамасыз ету үшін әр түрлі әдістемелік материалдарды әзірлеп, енгізу іске асырылады.
Кәсіпорындар статистикасын енгізу:
статистикалық есептерді жинақтаудың жаңа схемасына әзірлеуді;
статистикалық есеп берудің жаңа нысандарын;
барлық есеп берулерді әзірлегенде регистрлерді пайдалануды;
зерттеудің іріктеп байқау әдістерін кеңінен қолдануды;
статистикалық есеп жүргізуді ұйымдастыру үшін бірліктердің жаңа түрлерін енгізуді көздейді.
Кәсіпорындар статистиканың бірінші кезеңінде байқау бірліктерінің статистикасында түрді сақтағанда қолданылатын есеп берулерді жинаудың жеңілдетілген схемасы мен нысандардың шектелген жиынтығы негізінде жүргізілетін болады. Келесі кезеңде бұл бағдарлама күрделенеді, көрсеткіштер мен нысандар жүйесі жыл сайын жетілдірілетін болады.